Мектепке дейінгі балалар психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:14, курсовая работа

Описание работы

Казақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды.

Файлы: 1 файл

А.docx

— 80.91 Кб (Скачать файл)

                                                  Кіріспе 
 
       Казақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған. 
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды. 
     «Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Казақстан Республикасы үкіметінің каулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген. 
       Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мәселелеріне тоқталатын болсақ, ол 23-бапта нақты берілген: 
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 
2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауықтуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады. 
3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару орыындары мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және конституциялық көмек көрсетуді ұйымдастырады. 
4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберіңде жүзеге асырылады. 
      Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады,-деп тұжырымдалған. 
      Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс-шаралар ұйымдастырылуы шарт. 
Атап айтқанда: 
- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру; 
- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту, 
- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін шешетін қарапайым дағдыларын бала санасына орнықтыратын алғашқы білім негіздерін қалауға баса назар аудару; 
- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, өз ойын жинақтай біліп, жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге қызығушылықтарын арттыру, 
- баланың өздігінен дербес іс-әрекет жасау, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын бағдарламалар мазмұнын айқындап, қалыптастыру; 
- мектепалды даярлау топтарында 5-7 жастағы балаларды мектепке даярлау; 
- білім беру жүйесінің басты мідеті - ұлттық сана және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру; 
- педагог-тәрбиешілерді кәсіби шыңдауга қажетті мүмкіндіктерді толық пайдалану. 
       Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт—тілі болуы қажет. Ұлттың тілі кеми бастауы үлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Осы күнге түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түркі балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы, күндерде бір күн түркі балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізгісі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түркі елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы.       Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік - дей келе: 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
Таралған түркі балаларын бауырына 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім, - деп елдің болашағымен астастырып, жаны құрақ ұшып, жүрек жарды сөзін айтқан ұлы Мағжан Жұмабаевтың ойы еңсемізді езер ауыр шындық. 
       Әрине, тіл - әр ұлттың қасиетті белгісі, анасындай асыл, қымбат, аяулы. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз ана тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам, толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады», - деген ой түйеді. 
      Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі. Неғұрлым тілді терең ұғып, терең түсінсең, соғұрлым қоршаған ортаға деген көзқарасыңның молайып адамдарға ілтипатың өсіп отырады. 
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы осы кезде өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді.       Сөйлеу мәдениетінің түп тамыры ертедегі грек және римдіктердің шешендік өнерінде, одан бері қазақ ойшылдарының, данышпандарының, ақын-жырау, билердің туындыларында жатыр. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. 
      Олай болса, балабақшада бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының тарихына үңілсек, баланың сөздің байланыстыра сөйлеуін дамытуда Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, СЛ.Рубенштейн, А.М.Леушина, Т.Тихеева және т.б. зерттеулерді бала тілін дамытуға көмек болатын еңбектер. 
       Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде зерттеулер жүргізіп ғалымдар Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.Мұқанов, Х.Т. Дебелбаева және т.б. еңбектері де назар аудартуға тұрарлық. 
      Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз — сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз. Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, тәжірибелер жасау әрбір тәрбиеші педагогтың атқарар ісі. 
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде қазақ балалар әдебиетінің көркем шығармалар мен ертегілердің, соның ішінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан парасатты, сөзге шешен адамдар туралы естіген, білгендерімізді пайдалансақ нұр үстіне нұр болмақ. 

1.1 Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс

       Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. 
      Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.

Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.

Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым – бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.

Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада лгілі байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың «сағат» ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.

Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне

жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.

Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория—-қолдаған зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В.Штерн бастаған екінші тобы пайда болды.

Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, – дей; Штерн, – біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады.

Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді. ;

Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты «Бұл нс?» деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай?

Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни «Бала тілі» деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.

Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты.

Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.

Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.

Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: *Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі бойынша, шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды.

Заттардың осылайша аталуын олардың қасиеттеріне сай келеді деп санайды. Сәбилік кезеңде бала үнемі заттардың қасиеттеріне сүйенеді. Мұның өзі Валлоннын сәби кейін де бұл шарттылықты түсінбейді, ал сөз жөнінде заттың ажырамас қасиетін сол заттың қасиеттерінің бірі ретіндегі түсінігін ойында сақтап қалады деген тұңғыш рет тың пікір айтты.

Гумбольдтік тіл туралы күлдіргі әңгімелерінде орыс солдатынын судың түрлі тілде әрқилы аталатыны жөнінде терең ойға шомып, судың атауы тек біздің тілде ғана дұрыс аталады, ал басқалардың бәрі суды дұрыс атамайды деп қасарысады. Гумбольдтің бұл әнгімесіңде түйінді мәселе етіп қойып отыруының мәні заттың аты сол нәрсенін өзімен тығыз байланысты екендігін білдіреді.

Осы бағытта жүргізілген тәжірибе жұмыстары сәбилік кезендегі баланың сөздің сырын ұрынуда мұндай жаңалық аша алмайтын-дығын растайды. Штерн теориясының олқылығы жөнінде мынадай жайтты атап өткен жөн: сәби заттың атын ешуақытга сұрамайды, бірақ оның не үшін қолданылатыны немесе оның мағынасы туралы сұрайды.

Штерн теориясындағы басты кемшілік, меніңше, ондағы ойлау жүйесіндегі дәйектеу негізінде жіберілген қате. Бұл жайтты әсірелеп айтсақ, «арба аттын алдына жегіледі»; Істің мәні мынадай: сәбидің тіл туралы жалпы түсінігі қалай пайда болады деудің орнына ол әуел бастан сәбидің өзі шығарған деген түсінікке жол берілді. Мұның өзі тіл адамдардың өзара келісімінен пайда болады деген пікірге тіреледі. Бұл пікірді дөрекі түрде баяндасақ, адамдар «мынаны былай атайық, ананы олай атайық» деп келіскен сияқты. Бұл теорияның кемшілігі неде? ол тілдін мәні тілге дейін болған, тіл туралы және ол беретін пайда болғанға дейін бар деп топшылайды.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалар психологиясы