Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:14, курсовая работа
Казақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң: жалпы ережелерден басталып, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері, білім беру жүйесін басқару, Білім беру процесін субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері, білім беру экономикасы, білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді қамтиды.
3-5 жаста құрдастарына
құштарлық сезiмi дамиды.Жаңа әзiлдесу
сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді
жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып,
кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу
эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді.
Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш,
таңдану,қызығушылық. тыныштық, қуаныш.
5-6 жаста – мектепке
баратын уақыттың жақындауын сезiнедi:біреулер
үрей сезiмдерi.ал, екіншісінде қуаныш
сезiмдері пайда болады..
Негiзгi эмоциялар:
қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде,
тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк,
жйіркенушiлiк.
Эмоционалды көңіл-күйдің
дамытуы бағдарламада осындай 3 бөлiмнен
тұрады:
.М.ж.д. баланың эмоц
дамуында (театр) сахналаудың әсері.
Эмоциялар, бiр жағынан,
бала күйiнің индикаторлары болып табылады,екіншіден
оның танымдық процесстерi және мiнез-құлық,
логикаларына оның ықыласы, қоршаған ортаны
қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын
анықтауда ықпал етедi.
Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі
мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың
эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл
бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі
болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы
жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада
болуының қоғамға әсері, экономикалық
техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне
орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды,
өзекті мәселе. Сондықтан
мектеп жасына дейінгі
балалардың бойында неғұрлым көбірек
психологиялық көмек көрсетіп, ойындар
ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне
кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік
жасау қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың
эмоциялық күйінде көрінетін жағымды
және агрессия түрлерін ашып көрсетіп
олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ
дегім келеді.
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы
Жас
ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік
тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы
қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті
қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі
мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда
есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды
дағы сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады , десе, француз педагогы
Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай
болып туады, оның үстінде шимайды қалай
салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала
тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең,
ол солай тәрбиеленеді , деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік
жетілу, пісу процесі болып табылады да,
туа біткен және өсе келе бойға сіңген
қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің
бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың
өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен,
сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың
үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық
даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық
процестерде, жеке адамның психикалық
сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында
елеулі өзгерістер болады. Даму барысында
баланың биологиялық индивид ретінде
адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының
мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның
дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және
туа біткен белгілердің жай ғана сандық
көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы
болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада
болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның
дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы
біртұтас процесс.
12
жылдық білім берудің қажеттілігі, бес
жасар балаларды мектепалды даярлықтан
өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім
беретін мектептерде және балалар бақшасында
білім, білімділік бағдармалардың сапасын
арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді
көздейді.
Балаларды мектепке
дайындауда психологиялық өріс-еркіндік,
батылдық, имандылық тәрбиелерін бала
бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан
өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің
төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың
үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен
баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері
көзделеді, өз отанына, отбасына халқының
салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші
міндеті: танымдық даму барысында мына
міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған
өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу,
оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші
міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында
өмірге деген құштарлық мен көркемдік
танымды қалыптастырады.
Төртінші
міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты
өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің
жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін
қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына,
ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану
қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға
дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында үздіксіз білім берудің
бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие
және оқытуда баланың бойында оқу қызметін
меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге,
яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл
бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты
5 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық
саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын
жетілдіру, олардың бойында қарапайым
білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың
алғышарттарын қарай отырып, бастауыш
мектепте білім алуға бірдей бастапқы
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6
жасар балалардың мектепалды даярлығы
отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың
мектепалды даярлық топтарында немесе
жалпы білім беретін мектептердің мектепалды
сыныптарында, мектепке дейінгі шағын
орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы
негізінде жүзеге асады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту.
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты.Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта): 1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы); 2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы; 3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі; 4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы). О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті: 1. Көрнекілікке сүйену; 2. Өткен тәжірибесін қолдану; 3. Ерекше ішкі позицияны қолдану. Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі». С.Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді. Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады: Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар. Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты. Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз.
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам
қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл
баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды,
сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен
ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең
Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі
бес жасқа дейін қаланады.«Бес жасқа дейін
жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл
процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп
Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің
маңызын анық көрсеткен.
Баланың ақыл - ойын
жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке
үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында,
сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Мектеп жасына дейінгі
баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін
де негізгі іс - әрекеті - ойын.
Ойын арқылы бала өзін
қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен,
қарым - қатынастарымен танысады.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың
өміріндегі ойынның атқаратын қызметі
туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің
маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның
маңызы сондай болады - деген; ''
Біз балалардың ойнай
жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық
иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін
байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз
түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі
ғана емес, ересектерге олар тек киімі
бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін
сияқты көрінеді.
Барлап қарасақ балалар
өмірінде де ересектер өміріндегідей
күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін
проблемалар көп және олар балаларды ренжуге,
қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен
күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
- Түрлі - түсті текшелерден
үйді қалай салу керек?
- Ойыншықтарды өзара
қалай бөлісеміз?- деген болмашы сұрақтарды
өздері олар ересектер ше талқылап жатады.
Сонымен мектепке дейінгі
кезең – баланың жеке тұлға болып өзін
- өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек
адамгершілік ақыл – ой және басқа да
қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың
мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада,
отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты.
Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты
дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын
байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін
арттыру.
Баланың ана тілінде
таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі
кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы
педагог К. Д. Ушинский:”Кімде кім баланың
тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен
оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс
“- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс
- әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы,
әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу
іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда
ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды
қолдануы балалардың қиялын шарықтатады.
Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау
қабілеті ұштасады.
Кішкентай балалар тез еліктегіш жан -
жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп
айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге
еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет
оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу
адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға
ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді.
Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда,
ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды
негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.
- Тілді дұрыс меңгеру;
- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін
үйрету және игерген білімдерін қолдана
білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға
үйрету
Осы жобаларды меңгерген
бала мектеп табалдырығын аттауға емін
- еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.
Мектеп ж. д. бала көзбен
көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете
алады. Сондықтан баламен сөйлескенде,
әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп
көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ.
Шығарма мазмұнына немесе балалардың
іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына
арналған көркем суреттер баланың сана
сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді.
Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол
ашады.
Мектеп жасына дейінгі
бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс
қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен
сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда,
оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу
әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе
балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат
құбылысына арналған көркем суреттер
баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге
әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп
тануға жол ашады.
Бала оқыған әңгіме,
ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап
түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің
суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын
ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін
жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда
теледидар арқылы берілетін мультипликациялық
фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған
шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер
қолдану пайдалы.
Балаға диафильм немесе
теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді
көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала
теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар
дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын
ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда
бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы
керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін
айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы
– баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін
қалыптастыру, заман талабына сай ойы
жүйрік етіп тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының
алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің
бірі – білім сапасын арттыру, оның әдістемесін
жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын
дамыту болып табылады.
Заман талабына сай
жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі
бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер,
тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі.
Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың
барлық мектепке дейінгі мекемелерде
қызмет атқаратын мамандар абыроймен
атқарып келеді.
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары
Ойын
- бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты.
Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп
отырған айналасындағы құбылыстар мен
заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.
Белгілі
психолог Е. А. Аркиннің пайымдауынша,
ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын
бірден - бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік
сияқты өз ішінен өсіп жетіледі. Және бұл
үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне
ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының
бірі осындай».
Кезінде К. Д. Ушинский,
В. А. Сухомлинскийлер балабақша тәрбиеленушісі
– балалық үшін оларды тәрбиелейтіндей
орта туғызу, жағдай жасау керектігін
атап көрсеткен болатын.
Оқу мен тәрбиеге байланысты
жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында
С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған
мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда
күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы
мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс
жерлердегі педагогикалық үрдістерді
зерттеуіміз керек».
«Балалардың ойын әрекетін
ұйымдастыруды қалай жақсартуға болады?
Бұл мәселе педагогикалық үрдісте қандай
орын алады?» деген сұрақтарына жауап
іздеп көрелік. Ойын әрекеті балалардың
бағалы өмірінің алғашқы күнінен бастап
– ақ маңызды орын алады. Алайда жақсы,
дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті,
қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын
мектепке дейінгі тәрбиешілердің бірден
- бір көмекшісі болуы керек деген.
Дидактика - термині
гректің «дидактос», яғни үйрететін деген
сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар
оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.
К. Д. Ушинский мектеп
жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін
ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты
көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға
өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете
бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа
қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен
байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде
қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана
ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай
ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер
көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».
Дидактикалық ойын
– оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл
- ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы
әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту –
мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі
ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны
бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда
балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер
баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде
болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді,
сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен
байланысты болса, баланың іс - әрекетімен
іштей қабысып жатса, ондай білімді бала
дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап,
дәмін татып, сан рет байқап көреді. Балабақшада
бала психикасының дамуына ойын әрекеті
шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі
ғалымдар (Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев,Ш.
Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев
т. б) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық
үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны
жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова
да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу,
инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет
және өмірі деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың
айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік
мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне
түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және
өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп
түсіндірген.
Баланың тәрбиесіндегі
мектепке дейінгі мекемелердің, әсіресе
дидактикалық ойындар арқылы баланың
математикалық қабілеттерін оятудың әсерін
Ресей ғалымдары Т. В. Лодкина, А. И. Захаров,
В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова,
Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. Дидактикалық
ойындардың ықпалын баланың сезініп, түйсінуі
және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын
А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева және т. б.
белгілеген. Бір нәрсе жасауға тырысу,
бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ
мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне
өздері қатысуға талпыныс пайда болады.
Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық
бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді
ұстанымын бірте - бірте қалыптастырады.
Дидактикалық ойын
баланың қоршаған дүние туралы түсінігін
кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.Бала
бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі
арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі
алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші
баланың түсінігін дидактикалық ойындар
арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде
түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың
түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер?
Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала
дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты
жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.Әрбір
дидактикалық ойын ойлай білуге баулып,
сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін
қалыптастырады.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің
құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді
жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық
ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың
мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын
ескертуге ерекше назар аударған жөн.
Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу
да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені
танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана
қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Педагогикада дидактикалық ойындарға
былай анықтама беріледі: дидактикалық
ойындар дегеніміз – балаларға белгілі
– бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру мақсатын көздейтін іс -
әрекет.
Дидактикалық ойындардың
мақсаты:
1. Бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдылар жайында түсінік
беру;
2. Бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
3. Бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдыларды тиянақтау
және бекіту;
4. Бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдыларды қайталау
және пысықтау;
5. Бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдыларды тексеру.
Дидактикалық ойынның
міндеті:
1. Баланың қызығушылығын
туғызу;
2. Баланың белсенділігін
арттыру.
Балабақшадағы тәрбиелеу
- оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге
үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті
өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті
іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста
қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше
мән берілген.