Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 10:42, дипломная работа
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі. Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
КІРІСПЕ
І МҮГЕДКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.
1.1 Мүгедектер және олардың сипаттамасы
II МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1 Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы
2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жалпы білім беретін мектептерде оқуға мүмкіндіктері жоқ мүгедек - балалар, психологиялық - медициналық, педагогикалық кең естердің қорытындысы бойынша оқу мен тәрбиені үй жағдайында ала алады. Қазіргі таңда 2270 мүгедек - балалар үйдегі жағдайда білім алуда. Оқуға кеткен шығынының орнын толтыру үшін оларға ай сайын жәрдемақы төленіп тұрады, оның орташа мөлшері 374 теңгені құрайды.
I және II топтағы, жоғарғы және орта арнайы оку орындарын бітірген мүгедек адамдар денсаулығының жағдайына байланысты көп жағдайда жұмысқа орналаса алмай жатады.
Бұрындары дәстүрлі түрде мүгедек адамдар еңбек ететін көптеген кәсіпорындардың жабылып қалған. Олар үшін жаңадан жұмыс орындары ашылмауда. Кәсіпорын әкімшілігі әр түрлі себептермен мүгедек адамдары жұмыстан шығарып жатады, өйткені еңбек рыногында еңбекке қабілетті адамдар жағынан ұсыныстар өте көп екені мәлім.
Мүгедектер үшін бос орындар өте сирек беріледі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын есепке алудың жүйелілігі жоқ. Осыған байланысты мүгедектер үшін оларды есепке алуды ұйымдастыру түріндегі жұмыс орындарының банкін ашу қажет.
Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету шаралары Қазақстан Республикасының 1991 ж. 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғаулары туралы, 1997 ж. 16 маусымындағы "Мүгедектілік бойынша мемлекеттің әлеуметтік жәрдем ақылар туралы” Қазақстан Республикасындағы асыраушысынан айырылу және жасы бойынша, 1999 ж. 5 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттің жәрдем ақылар туралы” заңдармен және басқа да заңдылық актілерімен жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтік көмек беру жәрдемақы протезді - ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киімдермен қамту, арнайы шрифтпен жазылған баспа бұйымдарымен, даусын күшейту аппараттарымен және сигнализаторлармен компенсаторлық техника - құралдарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектері мүгдектілік бойынша мемлекеттен жәрдем ақылар алады. Жалпы аурулар бойынша, еңбектік зақымдану, кәсіби аурулар, бала жасынан мүгедектерге жәрдем ақы кемсідей мөлшерде төленеді.
1999 ж. 1 сәуірінен, басқа жәрдем ақы түрлеріне байланыссыз, 1,2 және 3 топтағы жалпы аурулардан, еңбектік зақымданудан, кәсіби аурулардан, 16 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға, Үлы Отан соғысының мүгедектеріне жатқызылатын тұлғаларға үй - жай (коммуниалдық) қызметтерінің жылу үйді жарықтандыру шығынынан төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдем ақылар төленеді.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар сәйкесінше бюджеттік қорлар есебінен өздерінің қызметтік құзыры шегінде былай белгілейді:
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мүгедектердің айрықша қажеттіктерін қанағаттандыруға және олардың өмірлік деңгейін өз бюджетінің есебінен арттыруға бағытталған басқа да шешімдерді қабылдайды.
Республикаларда қарт адамдар және мүгедектер үшін 15604 орындық 70 интернет - үйлері қызмет атқарады, олардың ішінде 25 интернат - үйлері психоневрологиялық ауруларға арналған, ол 7042 орынға есептелген, және де 17 мүгедек - балалар үшін, ол 2721 орынды.
Қазақстанның мүгедектерге қатысты заңдылығы
Мүгедектерге қатысты заңдылық „Қазақстан Республикасының конституциясының ережесіне” және „Қазақстандағы мүгедектердің әлеуиеттік қорғалуы туралы” (21 маусы 1991 ж.) базалық заңға негізделеді.
Мүгедектердің өмір қызметін қандай да бір саладағы қоғамдық қатынастардын реттеу үшін сәйкесінше арнайы заңдық актілер қабылданған сондай - ақ мүгедектердің ерекше мәртебесі салалық актілерде бейнеленген.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында адамдарды үймен қамту үшін жағдайлар жасалынады. Заңда көрсетілген, үйге мұқтаж болып жүрген адамдар санатына ол, заңмен белгіленген нормаларға сай мемлекеттік үй қорынан қонымды ақыға беріледі. Бұл норма Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 ж. Тұрғын үй қатынастары туралы заңында және Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы заңда өз бейнесін тапқан.
Мүтедектерге, қарт адамдарға, жүрек - қан тамырлары және басқа да ауыр аурулармен ауыратындарға мемлекет үй қорынан берілетін үйлер олардың төменгі этаждардан алу тілегін немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден алу тілектерін ескере отырып беріледі. Мүгедектерге, оңалтудың жеке бағдарламаларына сай ғимараттардың типін, барлық қолайлықтармен жабдықталғанын және түру үшін басқа да қажетті жағдайларды ескере отырып түрған үйді тандауға құқық беріледі.
Халықтын нашар тұратын жанұяларына үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемдерінің, сондай - ақ үйді жалдап тұру (аренда) шығындарының орнын толтыру үшін мемлекеттің тұрғын үй қорынан компенсация (тұрғын үйге деген жәрдем ақы) беріледі. Тұрғын үйдің жәрдем ақысы, адамдардың жекелеген санаттары үшін үйдің және коммуникалдық қызметтердің төлемдерін заңмен белгіленген жеңілдік бойынша төлеумен қатар халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Ал денсаулық сақтау саласында негізгі заңдық акт Қазақстан Республикасының 19 мамыр 1997 ж. „Қазақстандағы адамдардың денсаулығын қорғау туралы” заңы болып табылады.
Мүгедектердің, қазіргі технология негіздерінде жасалынған протезді - ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқықтылығы бар барлық мүгедектер, өкілденген мемлекеттік орган белгілейтін тәртіптерге сай жеңілдік жағдайларында тегін протезді - ортопедиялық бұйымдармен және аяқ - киімдермен қамтамасыз етіледі. // Қазақстан Республикасының 7 маусым 1999 ж. „Білім беру туралы” заңына сәйкес білім беру салаларындағы мемлекеттің саясатының негізгі қағидалары:
1) Білім алудағы Қазақстан Республикасының тең құқылығы.
2) Әрбір азаматтардың интеллектуалды дамуын, психооризиологиялық және индивттік ерекшеліктерін ескере отырып халықтың барлық деңгейлерін білім алудағы бәрінің қол жеткізуі.
Мемлекеттің толығымен немесе ішнара білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық шығындарын өз мойнына алады.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың санатына жататындар:
Денсаулығы жағынан көп уақыт арасында жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында индивидуалды тегін оқыту ұйымдастырылады. Дамуында мүмкіндігі шектеулігі бар азаматтарды білім алу, дамудың бұзылуын коррекциялау және әлеуметтік адаптация үшін жағдайларды мемлекет қамтамасыз етеді.
Әртүрлі бұзылулары бар және дамуы артта қалған балалар үшін және емдік, психологиялық - педагогикалық коррекцияны, диагностиканы қажет ететіндер үшін арнайы ұйымдар құрылады. Оңалту (реаблитациялық) орталықтар, балабақшалары психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңестер.
Қазақстан Республикасының 21 маусым 1991 ж. „Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” заңның Ү-ші бөлімінде мүгедектердің еңбек салаларындағы құқықтары айтылған. Айтып өтейік, мүгедектер дені сау адамдар сияқты барлық құқыққа ие. Ол деген, мүгедектер өз статусын ескере отырып, еңбек заңдылықтарының құқықтарының толық кешенін пайдалана алады.
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Респуликасының 23 қаңтар 2001 ж. заңында, мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында адамдарға мыналарды кепілдейді деп көрсетілген.
Сонымен қатар жұмыспен қамтылуында әрекет ету шараларын қамтамасыз етеді. Мақсаттарының топқа мүгедектер де кіреді.
Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 1999 ж. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" заңында еңбек салаларындағы дискриминацияға тиым салынған.
Қазақстан Республикасының 20 маусым 1997 ж. "Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамту туралы” заңына сәйкес зейнетақыны белгілеу үшін еңбек мерзімін есептеген кезде есепке алынатындары:
Салықтық жеңілдіктер Қазақстан Республика кодексімен салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер. Салықтық кодекс 12 маусым 2001 ж. 209 - ІІ ҚРЗ анықталған.
Мүгедектердің коммерциялдық емес ұйымдарында корпоративтік табыс салықтары бойынша, қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктері бар.
Мүгедектерді 2002 - 2005 ж.ж. оңалту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2001 ж. 1758 қаулысымен белгіленген. Бағдарламалардың басты мақсаты мүгедектерді оңалтудың жүйесін құру, олардың қоғамға жан - жақты кіріктенуіне мүмкіндік бөлу, тәуелсіз өмір сүру үшін жағдайларды қамту, мүгедектердің деңгейін төмендету болып табылады.
Ал балалардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері Қазақтармен ратифицирленген баланың құқығы жөніндегі конвенцияда және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы” 8 тамыз 2002 ж. Заңында көрсетілген, ал мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтық жағдайларының ерекшелігі Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы және Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналы - педагогикалық коррекциясының қолдау туралы 4 шілде 2002 ж. заңмен реттелінеді /11/.
Қызметті технологияландыру әлеуметтік саладағы ең кешенді құбылыстарға жатады. Технологияның көзқарас - қазіргі әлеуметтік қызметтің ажырамас қасиетті бөлігі болып табылады.
Әлеуметтік саладағы технологиялық көзқарастың ерекшелігі, онда қоғам тұтасымен алынады, яғни қоғамдағы жекелеген қатарлары мен топтары, адамдар арақатынасындағы қатынастар немесе олардың ойлары мен сезімдері.
Әлеуметтік технология — бұл, объект және субъектінің қатынастарына емес, айтарлықтай дәрежеде субъект - субъект қатынасына негізделген технологиялық процестің бірден - бір түрі болуы ықтимал. Кәсіби көмек көрсетілетін әлеуметтік процестің қатысушысының әрекетінсіз, индивидтің жанұяның, топтың әрекетінсіз және келісуінсіз әлеуметтік технологияларды қайта құру мүмкін. Осыған байланысты, әрбір индивид өзі үшін және жақындары үшін әлеуметтік технолог болып табылады деп айтуға болады. Ол жүргізілетін қайта құруларға әрекет ете отырып немесе олардан бас тарта отырып, әлеуметтік басқару органдары қызметінің мақсаттары мен қызмет құралдарын бөлісе отырып немесе оған қандай да бір басқа мақсаттар мен қызмет құралдарын қарсы қоя отырып әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік технологияның жүзеге асырылуына қатысады /12/.
Сондықтан да болар, кез келген әлеуметтік технологияда қандай да бір фундамент, маңызды блок болады - әсер ету объектісі болып табылады. Қоғамды тұтасымен және оның құрылымдық элементтерін тұрақты және терең оқып - үйрену. Бұл, біздің қоғамдағы іс - әрекеттер заңдылығын толық, әрі жетік білмеуімізбен емес, сондай - ақ оны құрайтын қоғам мен адамдардың өздері әрдайым өзгеріп тұратындығымен, және де кешегі өте әсерлі және орекеттік болған жайлар бүгінде күлкілі және ескіріп қалған болып көрінетіндігімен түсіңдіріледі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің екінші бір маңызды блогы — процестерді операцияландыру және процедураларының бірлігі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің үшінші блогы - әлеуметтік технологиялардың жоғары субъективтік мазмұны әсер етуді өндіретін тұлғаның және әсер етуді басынан өткеретін тұлғаның мәні. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыспен айналысатын адамдарда тек дана теориялық білім емес, сондай - ақ клиенттермен өзара әрекет етудің амалдары мен дағдырылары болуы қажет.
Әлеуметтік жұмыстың объектілері әр түрлі болып келеді, зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, девианттық бағыттағы жасөспірімдер баспанасыздар, мигранттар, толық емес немесе көп балалы жанұялар және т.б. /13/
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологиялар деәгейін байланысты төменгідей болып бөлінеді: