Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 10:42, дипломная работа

Описание работы

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі. Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МҮГЕДКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ.
1.1 Мүгедектер және олардың сипаттамасы
II МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1 Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы
2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

мугедектермен алеуметтик жумыс.doc

— 286.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстандағы мүгедекгерді әлеуметтік қолдау

Әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап „Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң” қолданысқа енгізілуі тиіс.

Осы жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерін 10000 теңге етіп белгілей отырып, зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен ілгері оза индексациялау қажет /26/.

Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінеді.

Жоғарыда айтқандай, мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады.

Бұл азаматтарға көмектесу — біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі /27/.

Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан астам адамды қамтиды /28/.

Мынандай жәрдемақылар:

47 мың бірінші топтагы  мүгедектерге — 3 айлық есептік  көрсеткішке (2757 теңгеге) (АЕК — 919 теңге);

193 мыңнан астам екінші  топтағы мүгедектерге — 2,5 айлық  есептік көрсеткішке ұлғайтылады (2297 теңгеге);

125 мыңдай дерлік үшінші  топтағы мүгедектер 2 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған жәрдемақы алады (1838 теңгеге);

50 мыңнан астам 16 жасқа  дейінгі мүгедектер 3 айлық есептік  көрсеткішке ұлғайтылады (2757 теңгеге);

асыраушысынан айрылған 262 мың отбасы бір айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.

Нәтижесінде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50 пайызға жоғарлайды.

Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақының орташа көлемі 20 пайызға, 6500 теңгеге дейін өседі.

Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа да құзырлы мекемелермен біріге отырып, нақты іс - шараларды қарастыруда /29/.

6 сәуірде 2004 жылы Үкімет  мәжілісінде "Мүгедектерді әлеуметтік  қорғау  туралы"заң  жобасы   кеңейтілген комитет отырысында талқыланды. Оның жұмысына қос палатаның депутаттары  мен  еліміздегі  мүгедектер  ұйымдарының  өкілдері, жобаны жасаушылар қатысты.

Алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова заң жобасының тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, талқылауға қатысқан мүгедектер ұйымдары өкілдерінің мүң - мұқтажы тыңдалды /30/.

Республикада әртүрлі санатқа жатқызылған 386 мыңнан аса мүгедек жан бар. Оларды әлеуметтік қорғау мәселелері 1991 жылдан бері төрт қайтара жамап - жасқалған заңмен шешіліп келеді. Заман өзгерді, ғасыр да алмасты. Бүгінгі дейін мүгедектерді әлеуметтік қорғау да аздаған тиын - тебен жәрдемаіды беріп, шамалап протездік - ортопедиялық және сурдотифло құралдарымен, басқа да оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етумен ғана шектеліп қалған жайымыз бар. Бірінші топтағы мүгедек — 7100 теңге, екінші топтағы — 5800 теңге, үшінші топтағы мүгедектер 3300 теңге жәрдемақы алады. 2005 жылдан бастап бірінші топқа үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, екінші топқа — 2,5, үшінші топқа — 2, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне — 15 айлық есептік көрсетьсіш көлемінде қаржы қосылмақ /31/.

Аталған заң жобасының негізгі мақсаты мен міндеті мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғамға жан - жақты араласып отыруына мүмкіндіктер жасау, дербес өмір салтын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, жаны жаралы жандарды кәсіптік даярлау, жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар туғызу да заңда көзделген. Бірінші және екінші топтағылар мен мүгедек балалар үшін орта және жоғары кәсіптік білім беретін ұйымдарға окуға түсу кезінде Үкімет белгілеген санда қабылдау квотасын ұсынады /32/.

Депутаттар алдымен осы заң үшін алыстан ат сабылтып келген мүгедектер қоғамдарының өкілдерін тындады. Олар: "Мүгедектер туралы» жасалып жатқан бұл заң қолданыстағы заңға жеңіл - желпі ғана жүргізілген әрлеу сияқты. Мүгедектерге арналған заңды мүгедектердің өздері араласа отырып жасауы тиіс. Ал біз өзімізге арналған заң жобасымен Парламент қабырғасында танысып отырмыз. Мұнда бүгінгі экономикалық шындық айтылмаған. Заң бізді қорғамасын, бізге дені саулармен араласуға мүмкіндік берсін. Мүгедектің де қоғам мүшесі екенін ескерсін. Заң осы жағдайларға негізделіп жасалса болады еді" — деген өтініштерін айтты /33/.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздегі халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерінде 388700 мүгедек есепте тұр екен, олардың 49100 - і — 16 жасқа дейінгі мүгедек - балалар. Жарымжан адамдарға дәрігерлік - әлеуметтік көмек беретін 73 интернат үйі бар, онда 16500 жалғызбасты қарт мен еңбекке қабілетсіз азаматтар және 2800 мүгедек - бала өмір сүреді. 3160 бала үйінде отырып, өз беттерінше білім алады. Бұл мәліметтерді Пекин қаласында БҰҰ - ның мүгедектер құқығы жөнінде ұйымдастырған семинарына қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Б.Төлегенова өз баяндамасында келтірген. Оның мәліметтеріне қарағанда, елімізде жалғызбасты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін 327 мекеме бар көрінеді. Бұл мекемелер 32700 адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мүгедектер мен ардагерлерге жыл сайын республикалық бюджеттен арнайы бөлініп отырады. Елімізде оларға емдеу - сауықтыру қызметін "Ардагер» пансионаты, Павлодар облысындағы „Мойылды” санаторийі, Батыс Қазақстан облысындағы „Ақжайық” демалыс үйі және Бурабай демалыс аймағындағы "Жеке Батыр» демалыс орны көрсетеді. Қазір елімізде Үкіметтің арнайы қаулысымен "2002 - 2005 жылдарға арналған мүтедектерді жан - жақты қамқорлыққа алу бағдарламасы» жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдауларға қарамастан, мүгедектердің жағдайы ауырлау. Өйткені, елімізде мүгедектердің еңбегін пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. Оларды жұмыспен қамту тым қиынға соғып отыр. Нәтижесінде, олардың қоғам сұраныстарын өтей алмайтын, қауқарсыз топқа айналғаны шындық. Мәселен, соқырлар қоғамының мүшелерін жұмыспен қамтып отырған 30 кәсіпорын жабылса, саңыраулар қоғамына тиесілі 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтап қалған. XX ғасыр   көрсеткендей, кез - келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болып табылады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шешілетін мәселенің үйлесімділігі мен бірдейлігіне қарамастан, олардың ұйымдастырылу әдістері мен дамуының тарихы әр елде, әртүрлі қалыптасқан. Мұндай айырмашылықтар әсіресе, Европа мен Американдық елдерде байқалады.

Европаның басым елдерінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің американдықтарға қарағанда, әлеуметтік саясаттың жүргізілетін бағытын анықтау, жоспарлау, қаржыландыру мемлекеттің жоғарғы деңгейде қатысатындығымен сипатталады. Халықты әлеуметтік қорғаудың европалық моделі соғыстан кейін, күні бүгінге дейін «берекелі мемлекет» концепциясына негізделеді. Оның негізінде адамның «табиғи құқықтары, концепциясы жатыр.

Ал, халыққа әлеуметтік көмек беруде американдық жүйесінде бірінші орында мемлекеттің көмегінде болу және соған арқа сүйеуді дамыту есебімен емес, керісінше өзін - өзі қамсыздандыруға, жеке табысқа қол жеткізуіне бағытталған.

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету - тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның моральдік және материалдық жағдайының өлшеушісі. Әлеуметтік жұмыстың негізгі объектілері, яғни мемлекет тұрғындарының ішінде әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтар мыналар ;

- зейнеткерлер;

- соғыс ардагерлері;

- мүгедек адамдар;

- жалғыз басты қарттар;

- жетім балалар;

- көп балалы отбасылар;

- оқушы жастар, т.б.

Осы аталған топтарға өзіндік ерекшілігі бар жеке - жеке жасалған әлеуметтік бағдарламалар жүйелері және олардың ауқымдылық деңгейінен көптеген мағлұматтар алдық.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарға әлеуметтік көмектің қандай түрлері бар екендігін және оның даму тарихы мен атқаратын қызметтер түрлерімен танысып шықтық.

Енді сөз соңында Қазақстандық Әлеуметтік жұмыстың қазіргі жағдайына қысқаша тоқталып өтейік. Қазіргі кезде елімізде осы соңғы он жыл ішінде әртүлі әлеуметтік қайырымдылық қорлары ашылуда. Олардың іс - әрекеттерінің негізгі бағыттары бойынша, мүгедектерді қорғау, балаларды қорғау, жалғызбасты қарттарды қорғау және зейнеткерлер мен ардагерлерді қорғау т.б. да қайырымдылық ұйымдары жұмыс істеуде.

Елімізге жаңа келіп жатқан әлеуметтік жұмыстың Қазақстандағы болашақ көрінісі өркениетті мемлекеттердің жағдайындағыдай болады деп үміт артамыз.

 

 Қосымша 1

 

Көшеге шығудағы кедергілер және проблеманы шешу жолдары.

 

1 топ

 

Не кедергі етеді

Проблеманы қалай шешуге болады

Баспалдақтар

Көтергіштердің, пандусы бар балкондар (қылтима), құрылысы

Дене бітіміндегі шектеулік

Ақы төленетін көмекшілер, арнайы қызметтер

Қорқыныш және психологиялық тәуелділік

Оңалту (Реаблитациялық) орталықтар, психологиялық қолдау, өзіндік қолдау курстары


 

 

2 топ

 

Не кедергі етеді

Проблеманы калай шешуге болады

Баспалдақтар

Қолайлы пандус, лифт

Баспалдақтардың биіктіктері

Арнайы көтергіштер

Пандустың қолайсыздығы

Сыртқы көмек (қажет болған кезде жеке көмек)

Сыртқы көмектің жоқтығы

Мемлекеттік деңгейде шешу: міндеттеме және бақылау


 

 

Қосымша 2

Жұмысқа орналасудағы кедергілер

 

1 топ

  • Жұмыс орнындағы қол жеткізудің жоқтығы;
  • Қоғамдық транспорттың жоқтығы;
  • Денсаулығының индивидуалдық ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі;
  • Мүгедектігі үшін жұмысқа орналастырудан бас тарту;
  • Заңның жүзеге асырылмауы (орындалмауы);
  • Білікті емес, төменгі ақылы және тұрақсыз жұмыс;
  • Білім алудағы мүмкіндіктің жоқтығы
  • Өзінің құқығын білмеуі;
  • Оларды қоғамның еңбекке қабілетті адам ретінде қабылдануы.

2 топ

  • Қол жеткізу (баспалдақтар);
  • Арнайы транспорттың жоқтығы;
  • Дене бітіміндегі шектеулік;
  • Бәсеке;
  • Білім (жоқтығы);
  • Сыртқы көмекке тәуелділік;
  • Алғашқы (старттық) капиталдың жоқтығы (жеке безнисін 
     жүргізу үшін);
  • Салық салу (жеңілдіктер жоқ);
  • Дискриминация.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Дементьева Н.Ф., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я. Организационно - методологические аспекты деятельности социального работника. В кн.; Социальная работа в учреждениях здравоохранения. — М., 1992, (Департамент проблем семьи, женщин и детей МСЗРФ. Центр общечеловеческих ценностей).
  2. П.Д. Повленко. Основы социальной работы. М.,1998. — 368 с.
  3. П.Д. Повленко. Основы социальной работы. М., 2002 г. С. 115.
  4. Теория социальной работы. М., 1999 г.
  5. Технологии социальной работы. Москва ИНФРА-М., 2001 г.
  6. Социальная работа. № 1. М.,2002.   51-52 с.
  7. Е.В. Черносвитов. Социальная медицина. М., 2000 г. С.
  8. Дементьева Н.Ф., Модестов А.А. Дома - интернаты: от призрения к реабилитации. Красноярск, 1993, 195 с.
  9. Дементьева Н.Ф., Устинова Э.В. Формы и методы медико-социальной реаблитации нетрудоспособных граждан. М., 1991, 135 с. (ЦИЭТИН).
  10. Дементьева Н.Ф., Устинова Э.В. Роль и место социального работника в обслуживании инвалидов и пожилых людей. М.: Институт социальной работы Тюменской области, 1995. — 108 с.
  11. И.В. Межибовская Социально - трудовая реаблитация инвалидов Республике Казахстан (теоретико-правовой аспект). Алматы, 1997 г. 10-121 с.
  12. Маллер А.Р. Ребенок с ограниченными возможностями: Книга для родителей. М.: Педагогика - Пресс, 1996. - с.80.
  13. Маллер А.Р. Новое в оказании помощи детям - инвалидам. //Дефектология . 1996. -№І. - С. 83-85 с.
  14. Н. Григорьев, А.Д. Очерки истории социальной работы на Беларус Мн.: Ротопринт БГПУ им.М. Танка, 1998. - 221 с.
  15. Боровая Л.П. Социально - психологическая помощь семьями, имеющих тяжело больных детей. // Социалъно-педагогическая работа. - 1998. № 6. - с. 59-63.
  16. Социальное обслуживание населения и социальная работа за рубежом.   -   М.,   1994   78   с.   (Институт   социальной   работы ассоциации работников социальных служб).
  17. И. Иманалиев К.И., Думбаев А. Законодательство в отношении инвалидов: обзор и комментарии. Алматы, 2003.
  18. Репринцева  Г.И.  Игротерапия как метод психологической реаблитации детей с ограниченными возможностями. //Вестник психосоциальной  и  коррекционно-реаблитационной  работы.  - 1997. -№1. -с.52-61.
  19. Смирнова Е.Р. Толерантность как принцип отношения к детям с ограниченными возможностями //Вестник психосоциальной и коррекционно-реаблитационной работы. 1997. №2. - с.51-56.
  20. Социальная работа с инвалидами. Под ред. Е.М.Холостовой. М.: Институт социальной работы, 1996. - 210 с.
  21. Целок Д.В. Программа Инклюжен Новая модель социальзации инвалидов в учебных заведениях США Дефектология. - 1996. № 5. - с.106-111.
  22. Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Они ждут нашей помощи. М., Педагогика; 1991. - 160 с.
  23. В.И. Курбатова Социальная работа. "Феникс», 2003 г. Ростов на Дону 2-е изд.
  24. С.В. Тетерский Введение в социальной работы. М., 2003 г. Академ.
  25. Технологии социальной работы: Учебник под общ. Ред. Проф. Е.И.Холостовой - М.: ИНФРА. М.,2001 с.8,344,352.
  26. Алматинское городское общество инвалидов. Сборник статей международного научного - практического семинара Организация центров независимой жизни в Центральной Азии А., 2003 ж.
  27. Сборник выступлений на обучающем семинаре по развитию лидерства среди женщин с ограниченными возможностями в Республике Казахстан. Алматы, 2003.
  28. "Егеменді Қазақстан». Мүгедекке мүсіркеу емес, мүмкіндік қажет. 7 сәуір 2004 ж. 3 бет.
  29. "Жас алаш». № 45. 15 сәуір 2003 ж. 2 бет.
  30. "Егеменді Қазақстан». 20 наурыз 2004 ж. Қазақстан Республикасының Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы.
  31. Закон Республики Казахстан от 16 июня 1997 года № 126-17.
  32. "Казахстанская правдаң Основа будущего нашей страны. // Здоровье детей в Казахстане. 2000 г. 1 июня.
  33. А. Осадчих. «Законодательная основа социальной политики в отношении инвалидовң // Социальная работа . № 1. 2002 г.

 


Информация о работе Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс