Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 21:45, реферат
Ойлану, ойлау – оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.
Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады.
ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықтималдығын бағалауды белгілейді;
ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;
ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.
Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлау процесінің сатыларымен өте ұқсас:
1) дайындалу;
2) пісіп жетілу;
3) шабыттану;
4) шынайылығын тексеру.
Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:
- салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
- талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;
- синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;
- абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;
-нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.
Ойлаудың басты белгісі
оның тап сол объективті болмысты
жанамалап, яғни құралдардың көмегімен
бейнелеуінен тұрады. қамтылады. Ойлау
құралдары ретінде алдыңғы
Ұғымның ойлау құралы ретінде
екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде
бекітіліп, көпшілікпен қабылданған мағына
Ойлаудың көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты қамтуға болады.
Әлемдік психолог – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамыту мәселесін А. Н. Леонтев, С. П. Рубинштейн, М. Л. Гуров, Е. Н. Кабанова – Меллер, Г. С. Костюк, Е. О. Зейлингер – Рубинштейн, М. В. Занков, т. б атақты ғалымдар теориялық тұрғыда қалыптастырған. Және де « Логикалық ойлау » ұғымына нақты анықтама берген Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтев, И. А. Гибш сияқты авторлардың пікірлерін жүйелесек, « Логикалық ойлау » дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ұғымдарды, ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Жалпы оқушылардың ойлауын
дамыту мәселесінің практикалық
жағын қарастырған ғалымдар В. Н.
Решетников, Н. Н. Поспелов, В. Ф. Паламорчук,
А. Ф. Обухова, Л. Н. Раев, А. З. Зак, Л. Ф. Тихомирова.
Зерттелген әдебиеттерде оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерін бір жүйеге келтірі отырып, төмендегідей анықтаманы зерттеу жұмысының негізіне ала отырып «Логикалық ойлау қабілетін дамыту» дегеніміз :
· барлық логикалық ойлау операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру:
· Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.
1 Логикалық ойлау операциялары:
- талдау,
- жинақтау,
- салыстыру,
- жалпылау,
- саралау.
2 Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту:
- Әртүрлі болжам, пікір айта білу,
- Мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.
3 Трансформация әрекетін жетілдіру
- заттарды бөліктері арқылы құрастыру,
- объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
Таным теориясы - гносеология
- философиялық пән. Ол дуние танудың жалпы
заңдылықтарын зерттейдi. Адамзат тарихының дамуында қалыптаск:
Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пiкiрлердi, ой қорытындыларын және ойлау заңдарын зерттейдi.
Ұғым - болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәндi және өзiндiк белгi-қасиеттерiн бейнелейтiн ойлау формасы. Мысалы, "адам" деген ұғымның мәні оның өндiрiс құралын жасап шыгаратын қабiлетi бар, дыбысты тiл арқылы сөйлесетiн ақыл иесi екендiгiн бiлдiредi. Ал "емтихан" деген ұғымның мәнici оқушылардың студенттердiң бiлiм деңгейiн анықтап, олардың дәрежесiн тиiстi белгiлермен анықтайтын оқу урдici. ұғымдардың мазмұны пiкiрлер арқылы ашылдыы. ұғымдa нәpce мен оның қасиетбелгiлерi арасындағы байланыстар ашық көрсетiледi. Пiкiрлер eкi турлi тәсiлмен құралады:
а) Тiкелей қабылдау арқылы құралатын пiкiрлер. Мысалы, мына бала сабaқты нашар даярлады жанама жолмен не ой қoрытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пiкiрлер.
б) Жанама жолмен қабылдау арқылы құралатын пікірлер не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.
Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын сөз арқылы шғарамыз.
Дедукция- латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытынсының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытынсының жекеден жалпыға қарай дамып отырған түрі. Ой қорытысының үшінші түрі – тратукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл - дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі –силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.
Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы. Ол-ойлау процессінің өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процессінің қалайша дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процессінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процесстерінде ойлауды дамыту мәселелері – психология, ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау процессі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологи яда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным процессі деп санап, шындықты, ақиқатты әр түрлі әдістер арқылы танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді.
Ойлау дербес процесс. Ойлауды
психологиялық тұрғыдан зерттеу
дегеніміз – оның ішкі, танымдық
құпия мәнін және жемісті болуының
себебін ашып көрсету, яғни психология
детерменизм принципіне сүйене отырып
ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір
адамның өзіндік оәлау
Ойлау процесс інде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз – ой арқылы әрбір оьекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде ақындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі - мидың жоғары бөлігіндегі қозу мен тежеудің өзара байланысы. Ал біріктірудің физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйсініп қосылуы. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді.
Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғаныстарының түр сипатын бейнелейді.
Ойлау әрекетіндегі әр қилы
тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке
адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы
мен қажеттілігіне тәуелді
Психологияда ойлаудағы ниеттің пайда болуы себебінің мынандай екі түрі бар:
1. Арнайы танымдық ойлау. Бұл белгілі тілек мақсатқа сәйкес пайда болады.
2. Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады.
Адам белігілі бір мәселенің түйінін шешу ьарысында түрлі амал – тәсілдерді қолданып, алға қоойған мақсат – міндеттерді орындап шығу үшін ойланып – толғанады. Ойлаудың бұл түрі міндет – мақсатқа сәйкес жүзеге асады.
Сөйлеу мен ойлау
эволюциясы
Өздерінің дауыс ырғақтарымен сөз мәнерлерімен
өз тыңдаушыларында керемет эмоцияларын
қоздыратын музыканттар, әншілер немесе
шешендер баяғы замандарда жартылай адам
қалыпты болған бабаларының бір-бірімен
тайталасу немесе көңілінен шығу үшін
қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін
сезіп те, біліп те жүрген жоқ.
Ч.Дарвин
Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының
көптеген проблемаларының ішінде тіл
эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің
бірі. Австралопитектер, питекантроптар
мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы
өзара қатынас құралдарын анықтайтын
ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ.
Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы
жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде
барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан
біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана
қабылдауымыз керек.
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға
тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай
ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы
алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз
байланысты үрдіс және ол коллективтік
бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын
құрал болып табылады.
Барлық маймылдар, олардың ішінде адам
тәріздестері де вокалданған жануарлар,
олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс.
Бұл вокалдануда дыбыстардың екі түрі
немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады.
Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б.
сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар
әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады).
Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын,
маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары
және олардың эмоционалдық күйлерімен
байланысты дыбыстар.
Бұл айтылған жағдайлардың барлығы негізгі
емес қосымша дәлелдемелер болғанымен,
ертедегі гоминидтердің дыбыс коммуникацияларының
әлсіз де болса алғашқы бастамалары болып
саналатын дыбыстар шығара білгендіктерін
дәлелдейді. Ертедегі гоминидтер аң аулау
кезінде дыбыс шығарып аңды үркіте алмаған.
Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып
келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының
дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып
келе жатқан ойлау үрдісінің барлық функцияларын
жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі
қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі
бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті
түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші
етістіктіктің түбірлері пайда болды.
Сол сияқты, сөздер ғылымда ортақ еңбек
үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі
айтылған дыбыстардан құралған деген
гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша,
алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі
бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда
болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің
басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы
М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай
еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек
үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан
болуы керек.
Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда,
объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ.
Олай болса, зат есімдік түбір, аз мөлшерде
болса да, етістіктік номинациямен қатар
қалыптасуы қажет болды. Лексиканың құрамын
анықтау қиындау – оның гоминидтерде
қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің,
аулаған аңдарының, еңбек құралдарының
аттары, жақын туыстық қатынастарының
аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті
етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін
жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану
нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің
бағытын білдіретін сөздер пайда болуы
мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі
болмауы, түсініктердің кең мағынасын
білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте
тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық
аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер
арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек
білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін
сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің
өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері
пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне
жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей
түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам
түрінің пайда болуына байланысты тілдің
дамуы ең жоғары деңгейіне жетіп, оның
бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы
түзіліп, қалыптасты.
Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір
кездері өте шектеулі болып есептелген
лексиконының мұқият зерттеуден кейін
өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық
аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан
аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден
әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты
да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің
түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін
көптеп кездестіруге болады. Көптеген
қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі
– олардың синтаксистерінің жеткіліксіз
дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің
төмендігін білдіреді деп тұжырымдау
қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған
елдер халықтарының ауызша тілінде жеке
сөз тіркестері жазба тілге қарағанда
өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында
бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы
бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір
жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік
жағдайларында пайдаланатын сөздерінің
жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.
Адамдарда түсінікті сөз сөйлеудің қалыптасуы
адамды жануарлардан ажыратудың негізгі
де шешуші үрдіс болды. Өйткені, сөздің
пайда болуының нәтижесінде жануарларда
жоқ түрлі функцияларды атқаратын адам
миының үлкен жарты шарлары түбегейлі
өзгерді. Бас миының әрбір жарты шарларының
ерекшеленіп мамандануы жөнінде көптеген
ғалымдар, америкалық нейрофизиологтар
Р.У.Спери, Дж.Е.Боген, және М.С.Газзанигалар
қыруар ғылыми жұмыстар жасады. Ең алдымен
адамның сол көзі мидың оң жарты шарымен,
ал оң көзі сол жарты шармен байланысты
екендігі дәлелденді. Осыған қоса сол
жақ жарты шар рационалдық қызметке де
жауап беретіндігі анықталды. Ол есептеу,
сөз сөйлеу, ережелер мен түрлі үрдістерді
есте сақтаумен тікелей байланысты. Оң
жақ жарты шар эмоцияларды басқарады.
Ол дыбыстар, музыка, ерлер мен әйелдер
дауыстарын ажырата білуге мүмкіндік
береді. Осы екі жартышарлардың бірі зақымданған
жағдайларда бұндай адамдардың екеуі
бір-бірінен тіпті өзгеше екі түрлі болмыстағы
индивид болып көрінеді.
Мидың үлкен жартышарларының функционалдық
ерекшеленуі тұқым қуаламайды және адамның
жаңа туылған кезінде байқалмайды. Алайда
кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның
тез сөйлеп үйрену қабілетін қамтамасыз
ететін тұқым қуалайтын механизмдер болуы
мүмкін. Жануарлар миының үлкен жарты
шарларының қабығы функционалдық жағынан
жіктелмеген. Кейбір ғалымдар, адам мен
жануарлар арасында тек сандық ерекшеліктер
ғана бар деп тұжырымдайды. Дегенмен, бұл
пікірді жоққа шығаратын фактілердің
бірі маймылдарды сөйлеуге үйретудің
ешқандай оң нәтиже бермегендігі. Жануарлар
шығаратын түрлі дыбыстар тек қана белгілі
бір хабарды ғана білдіріп, мидың қабық
асты бөлігі арқылы басқарылады. лкен
жарты шарларының қабығы алынып тасталынуы
бұл қасиетке ешқандай әсер етпейді.
Бірақ ғалымдардың көпшілігі адамда сөйлеу
қасиетіне жауап беретін тұқым қуалаушылық
механизмдердің бар екендігі жөніндегі
пікірге қарсы. Бұл түсінікті де, себебі,
тіл- эволюция нәтижесінде пайда болған
және әлеуметтік қарым-қатынастар арқасында
дамыған құбылыс. Оның үстіне, сөйлеу мен
ойлау үрдістері эволюциясының негізгі
факторларының бірі адамның әлеуметтік-еліктеу
қабілеті деп саналады. Еліктеу мен ойлау
қабілетінің негіздері адамның балалық
шағында (5-6 жасында) қалыптасады. Бұдан
кейінгі кезеңдерде қалыптасып біткен
адам баласынан толыққанды қоғам мүшесін
жасау өте қиын. Бұған аңдар арасында өскен
балалар туралы мысалдар дәлел бола алады.
Сәби кездерінде аңдар арасында өскен
балалар (Мауглидің әдеби прототипі), кейіннен
адамзат қоғамында ары қарай тәрбиеленгенмен,
сөйлеуді де, тіпті дұрыс жүруді де үйрене
алмады. Маугли қасқырлардың интеллектуалдық
деңгейінде қалып қояды. Екінші бір адам
баласы (Тарзан) маймылдар арасында өсіп
кейін сөйлеуді де, адам сияқты жүруді
де үйрене алмаған. Сондықтан, адам туралы
қазіргі заманғы мәліметтерге сүйене
отырып, тіл мен ойлаудың негізі адамның
әлеуметтік-еліктеуші қызметі деуге болады.
Тіл қарым-қатынас түрі ретінде адамның
биологиялық эволюциясын жылдамдатқан
шешуші фактор болды. Оның әсері денені
тік ұстау факторынан да маңызды болып
саналады. Тілсіз эволюцияда аса маңызды
жетістіктердің таралуы өте жай болған
болар еді. Барлық әлеуметтік жүйелер
бір – бірімен хабарлау арқылы байланысады.
Тіл жан-жақты байытылған ондаған ғасырлық
тәжірибенің - дін, философия, ғылым, өнер
және де басқа түйсік формаларының шынайы
ағымы болып табылады. Бірақ бұл тәжірибе
барлық тірі жүйелерге тән тұқым қуалаушылық
механизмдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа
берілмейді. Ол - алмасып отырған адам
баласы ұрпақтарының жасаған капиталы
мен өндіргіш күштерінің капиталы ретінде
тұқым қуалау үрдісінде сақталады.
Қазіргі кезде, көпшілік мойындаған көзқарас
бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы тілдің
жағдайы алғашқы қауымдық лингвистикалық
үздіксіздік арқылы сипатталады. Бұндай
жағдай алғашқы қауымдағы төменгі аң аулаушылар,
балық аулаушылар, т.б. қоғамдарында байқалып,
әсіресе Австралия аборигендерінде жақсы
зерттелді. Оларда толып жатқан тілдер
мен олардың варианттары – диалектілер
көп болды. Егер бір-бірінен салыстырмалы
түрде алыс тұрған тілдер бірқатар ерекшеліктері
арқылы ажыратылса, ал көршілес тілдер
өзара түсінушілік жағынан бір-біріне
жақын болды. Бұл жерде ерекше бір спектр
бар сияқты: ондағы бояулар түрліше болғанымен,
дискретті емес, бірі екіншісіне біртіндеп
ауысып отырады. Бұндай жағдай бастапқы
тілдердің жіктелуіне ғана емес, түйісу
аймақтарындағы бір-бірімен өзара әсер
етулеріне байланысты қалыптасты. Бұл
өзара әсерлерде топ аралық байланыстардың
рөлі де ерекше болды.
Алғашқы тілдің негізгі жиынтықтары төмендегідей
болған деген жорамалдар бар. Евразияның,
сондай ақ Солтүстік және Шығыс Африканың
жекелеген аймақтарындағы тілдердің көп
бөлігінің Алдыңғы Азияның орталығының
ностратикалық жиынтығы болды. Азияның
қалған территориясында Шығыс және Оңтүстік
Шығыс Азияның орталық бөлігімен сино
- тибет және аустриялық жиынтықтарын
құрайды деп жорамалдайды; екінші бір
гипотеза бойынша, аустриялық жиынтық
басқа бірнеше жиынтықтардан құралған.
Тропикалық Африкада Ніл мен Нигер аралығындағы
орталықтан құралған конго - сахара немесе
зинджа жиынтығы қалыптасқан. Австралияда
ортақ бағы тілдік жағдай болғаны анықталған,
бірақ оның сыртқы неден көзі құралғаны
ғылымға белгісіз. Америкада кейбір индей
бағы тілдердің көне әлем тіл жиынтықтарымен
байланысы жөнінде пікірлер бар.
Әдетте, тіл бойынша жалпылық, этникалық
жалпылықтармен, яғни ортақ мәдениеттегі
(тілді де есептегенде) адамдар жиынтығымен
байланысты.
Тіл - ұлттың қасиеті, қарым-қатынас құралы.
Бүгінгі таңда үш мыңнан аса тіл бар. Бірақ
техника мен байланыс құралдарының дамуына
байланысты тілдер арасындағы шектер
жіңішкеріп бара жатыр деуге болады. Қазірдің
өзінде әрбір ұлттың тілінде “бөтен”
сөздер өте көп. Ғылыми-техникалық революцияның
жетістіктерімен бірге әлемде жаңа терминдер
көптеп пайда болып, ұлттар арасындағы
сөздік алмасулар көбейіп отыр. Келешектегі
адамзат қоғамында әлемдік цивилизацияда
негізгі болып саналатын ұлттардың тілі
негізінде құралған бір немесе бірнеше
тіл болуы мүмкін. Мүмкін олар ағылшын,
испан, қытай, урду және хинди тілдері
болуы мүмкін.
Ойлау және оның балалық шақта дамуы. Бүгінгі мәселе – ойлау жәнс оның дамуы. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды
белгілі жүйемен іздестіруді шолу жасаумен
бастайық.
Психологияда ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігі бұл лекцияның негізгі мақсаты болуға тиіс. Біздер әр уақьпта бірінші орынға ойлаудың тарихи дамуын қойьш, бұл мәселені ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта және оларды қалайша шешкендіктерін сіздерге
мүмкіндігінше толық баяндап беруді басты міндетім
деп санаймын. Ассоциация психологиясы
осы орайда зор қиындықтарға душар болды: бұл психология тұрғысынан ойлаудың мақсаты мен бағдарының дамуын ғылым тұрғыдан алып баяндап беру оп-оңай мәселе емес-ті. Ассоциациялық байланыстардың мәні бойынша белгілі бір түсінік өзге жағдайларды тудырады. Сондай-ақ мұндай түсініктердің туындауы араластық немесе мезгілдік жағдаяттарға барып ұшырасады. Солай болғанымен де ойлау бағыт-тылығы нендей түсініктердеі пайда болады? дейтін
сауал біздерді ойландыра түседі. Ассоциациялық байланыстардың түсініктерінен туындайтын ой
жүйесін ойлаудың даму жолын қалай түсіндіре аламыз? Адамның ойлауы бойынша алға қойған міндеттерді қалай шешеміз? Ассоциациялық байланыстардың тізбегі арқылы және адамның қарапайым ойлау әрекеттері нәтижесінде қажетті мәселелер түйінін дұрыс шеше аламыз ба? Мұндай сұрақтарға ассоциация психологиясы қосымша ұғым-түсініктерді пайдаланғанымен тәжірибе жүзінде айқын жауап бере алмады.
Дегенмен ассоциацня психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырмысып бақты. Олар ғылымға қажырлылык (латын -тілінде – персеверация – қажырлылық, табандылық) деген ұғымды ендірді. Соның көмегімен ойлау әрекеттерін ассоциация (принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәні мұнадай: ассоциация психологгарының айтуынша біздің санамызда ассоциациялық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлылық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді.
Тәжірибе жү ргізген бірсыпыра авторлар біздерге қажетті болған түсініктерді, атап айтқанда, осындай қажырлы бағытты иісті орнында қолданып, ойымыз бен іс-әрекеітерімізді онан әрі арай өрістетіп отыруға мәжбүрміз дейді.
Информация о работе Ойлау туралы теориялардың психологиялық маңызы