Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 21:45, реферат
Ойлану, ойлау – оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.
Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады.
Осы бағытта ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер О.Зельц еңбектерінің 2-томында баяндалып, Келердің адам тектес маймылдарға жасаған тәжірибелері оның адамның продуктивті ойлауын қарастырған тәжірибе нәтижелерімен ұш-тастырылады. Мұндай бағыттың сырларының бәрі Келлер еңбектерінде жарияланды.
О.Зельц, Бюлер сияқты, вюрцбург мектебінен шыққан және ол бұл мектеп пен құрылым психологиясының қағидаларын қосьш алып, олардың көзқарастарын ойлаудағы биол гиялық теориямен байланыстыра отырып өзара ымыраласты мақсаттарын көздеді.
Балалар психологиясындағы мұндай көзқарас. Бюлер еңбек-терінде кеңінен өрістеді. ол вюрцбург мектебінің ой теориясы душар болған дағдарыстан биологиялық көзқарас пен балалық кезеңді құтқарудың сәті түсті деп қуанышқа бөленді. Құтқарудың бұл жолы Бюлер енбектерінде баяндалып, ол балалардың ойлау әрекеті, ең алдымен, биологиялық тұрғыдан қарастырылып, ол жоғары сатыда тұрған маймылдардың ойлауы мен адам ойлауының тарихи даму ерекшеліктері арасындағы олқылықты толықтыруға себебін тигізді.
Сөйтіп, балалардың ойлау әрекетін сол маймылдар мен адам ойлауының ортасында орын алатын биологиялық дамудың өткелі сияқты деді. Бұл авторлар баланың биологиялық даму ерекшелік-теріне сәйкес оның ойлау әрекетін де осы негізге сүйене отырып түсіндіруді мақсат етті.
Мұндай жайттардың бәрі оғаш болып көрінгенімен, бір жағынан алып қарағаңда, менің пікірімнше, Ж,Пиаженің теория да сол көзқарастың тарихи даму тармағына жатады деп ойлаймын. Ж.Пиаженін теориясы біздерге мәлім. Дегенмеи, бір теория жайында ерекше ескерерлік бір жайт бар. Ол теория өте бай зерттеу нәтижелеріне тіректеліп қана қоймай, оның нәтижелері балалардың ойлауы жайындағы қазіргі ілімге де енген. Сондықтан бұл білімді осы бағьпта енді ғана көтеріліп жүрген өзге де зерттеулермен салыстырып қарағанда, бұл ілімді аяғына дейін жеткізілген зерттеу деп санауға болады.
Пиаже теориясында ойлаудың дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың арақатынасына қатысты идеяны ерекше маңызы бар. Пиаже концепциясы бұл орайда өте қарапайым. Ол З.Фрейдтін психоанализімен және оған жақында Э.Блейлермен бірге, бала ойлауының дамып жетуінің алған басқышы – өз ойынан рахат көріп қанағаттануы. Мұндай прнцип баланың ойында жетекші қызмет атқарады. Сәби кезеңінен бастап бала ойлауы арқылы, Пиаженің айтуынша, оның өзінің жартылай соқыр сезімі биологаялық әрекетімен ұштасьш, одан қалайда рахат табу бағы тында дамиды дейді.
Бала ойлауындағы мұндай сипатты Блейлер аутистихалық ойлау деп атайды. Пиаже бала ойлауының бұл түрін бағытсыз ой дейді (өйткені, баланың жасы өсіп, оның ойының қисынды болудан айырмашылығы тұс көру сипатыңда болып, бала өз тілегін қанағаттандаруды түсінде айқын көруі сияқты болады. Бала ойлауының мұңдай түрлері нағыз мағыналы сипаттан көрі ойының ерікті түрдегі армандау сипатында дамитындығын көрсетеді. Дегенмен, баланың даму процесі үнемі әлеуметтік ортаның жағдайына тәуелді больш отыратындықтан олар өздерінің ойын ересек адамдардың ойлауына тенестіре түсуіге ұмтылып отырады дейді Пиаже. Осы кезде баланы сөйлеуге үйретіп, тілді меңгертеді. Сөйлеу нәтижесінде баланың ойы айқындала түседі. Сөйлесу нәтижесінде баланың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы дамиды. Бала әлеуметгік ортада өзгелердің де ойын түсініп, оларға жауап беруге үйренеді, сөйтіп, оның өзіндік ойы қарым-қатынае жасау нәтижесінде өрістей бермек дейді.
Баланың әлеуметгік оргада қарым-қатынас жасауына ерекше мән беріп, оны Пиаже бейнелі түрде анықтап әлеуметтенуі «жеке меншіктің әлеуметтенуі» скяқты процесс дейді.
Пиаженің бұл пікірін қорыта келе: баланың өзіндік ойлауы биодогиялық дара жан иесі ретінде оның «жеке меншігі» болып саналады да, ол даму процесінде ортанын әсерінен ығыстырылады, жеке меншік ойы ойлау формаларымен алмастырылады. Сөйтіп баланыц өзіндік ойы; түсінде көргендей айкын ойы әлеуметтену салдарынан адамдардың логикалық ойлау сипатына қарай ауысып, бала бұрынғы «жеке меншігінен» айырылады. Оның ойлау әрекеті енді ұғым формасына, қисынды ойлау жүйесіне ауысады дейді. Баланың өзіндік ойының (эгоцентрлік ойының} әлеуметгенген ойлау жүйесіне қарай ойысуы
Пиаженің анықтауынша өту кезеңі деп аталады. Ойлаудын. негізгі еелелерін талдауда Пиаженің көзқарасы міне осындай.
Ойлау психологиясы жайында
негізгі теориялык көзқарастард
Бұл мәселені бір жағынан Платонның идеяларына сүйенген вюрцбург мектебі де шеше алған жоқ. Бұл жәйтті Кюльпе де мойыңдады. Екінші жағынан мәселенің түйінің шешудің мүмкіи еместігін мойындаған бихевиористер ақылдылық дегеннің өзі алдану, оның мәнісі адам әрекетінің бейімделгіштігі ғана, әрбір нәрсенің мәнін шешу бақылап көру мен қателесу деген пікірлермен шектелді. Мұндай мәселені шещуді батыл қолға алған Пиаже болды. Ол Э.Клапаредтің бірсыпыра пікірлерімен санасады да бала ойлауын бір мезгілде ақылды және ақылсыз деп санауға бола ма? деген оғаштықты байқайды.
Пиаже бала ойлауының ақылды және ақылсыз болатындығын қостағанымен, оның себебі жүйелілік пен қисындылыққа бай-ланысты, ол өсіп жетілген сайын ойлауының сипаты жүйеленіп, нәрселер жайындағы ұғымдары қалыптасады дейді.
Бюлер баланың ақыл-ойының дамуынын бастапқы кезеңінен-ақ қарапайым ойлау формалары болады деген идея көтерген-ді. Ол баланың жүйелі ойлауы 3 жаска дейін қалып тасып жетіледі де, бұдан былайғы даму кезеңінде оның ойлауында жаңа қадамдар жасала қоймайды дейді.
Сонымен кейбір мамандар баланың ойлау сипаты ересек адам-дардың ойлауымен қатарласьш қалады деген пікірді қолдаса ал басқа біреулері баланың ойы әлі топас, дамымаған, ол бізбен тең-десе алмайды дейді. Пиаже бұл екі түрлі көзқарасты қатар зерттеп, балалардың ойлауындағы жүйелілік пен қайшылық (логикалық қайшылық) қалайша бірігеді деген жәйтгі анықтауды міндет етіп қойды.
Бала ойлауының жүйелі болуын Пиаже әлеуметгік өмір мен ұштастырады ал, жүйесіз ойлауын ол баланың өзіңдік (ау- тистикалық) ойлауы дейді. Бұл екі жайтқа Пиаженің ілгерідегі қысқаша анықтамасын баяндап бергенбіз. Пиаженің бұл пікірінше бала ойлауының әлеуметтік сипаты сыртқы жағдайға, ортаға байланысты болса, ал жүйесіз ойы баланың өз басына байланысты дейді. Ойлаудың әрекетке айналуы баланың ойыны, суда жүзуімен, үлкен тенниске ойнауымен байланысты деген Уозсонның пікірімен ұштасады. Сөйтіп Пиаженің бала ойлауының сипаты оның ақылымен, іс-әрекетімен байланысты болуы бұл мәселені ғылыми әдіспен зерттеп, бихевиоризмнің тығырынан босатып алады.
Сонымен казіргі буржуазиялық психологияның ойлаудың мән-мағынасы және формалары жайындағы мәселенің тетігін тетігін алмай, тығырыққа тірелу себептерін, түрлі көзқарастардың сыр-сипатына шолу жасап, олардың бағыт-бағдарларын баяндадық.
Енді лекциямыздың екінші бөлімін осы тақырыптың теориялық мәселелерін қамтитын фактілерді талдауға кешейік. Бұл мәселедегі өзекті проблема – қазіргі зерттеулерде балалар ойлауы-ның даму жолдары және мағыналық жағын ащып көрсетіп, олардың ақыл-парасаты мен сөйлеуінің даму ерекшеліктеріне арналады.
Балалар ойының ақылдылығы деген не? Бұл сұрақтың мәні біздің сөз етіп отырған мәселеміздің негізгі мазмұнын ашып беруге тиіс деп санаймын.
Балалар психологиясының кез келген мәселесі әр тарапты, әрі күрделі, сан-салалы. Осы жайтты ескеріп, мен тек бір ғана мәселені бөліп алып, соған баса назар аударған тиімді олар деймін. Бұл мәселе баланың ойлауы мен сөйлеуі және ақыл-парасатқа қатысты мәселелердің бәрі, өздеріңіз байқап отырғандай ойлау мен сөйлеуге келіп тіреледі. Вюрцбург мектебінің бірсыпыра өкілдері ойлауды зерттегенде сөз, сөйлеу мағынаның сыртқы көрінісі немесе сыртқы жамылғысы, олйды сенімді түрде жеткізу құралы ретінде қызмет атқарғанымен, ойлаудың құрылысы мен қызмстінде ешқандай маңызы жоқ деген-ді.
Ал керісінше, бихевиористік мектептің өкілдері: ойлау дегеніміз бұл сөз, өйткені ойлаудан дағдыдан өзге сипаттарды үркітіп жіберіп, сөйлеудің өзі тұтас алғанда ойлау, ол әрекет.Сондыктан да ойлаудың белгілі жағын ғана құрап қоймай, оны толық қамтып отырады дейді.
Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы исихологиялық фактілердегі негізгі мәселе болғандықтан, біз бұл мәселеге баса азар аударайық. Өйткені біз бала сөйлеуінің дамуын мысалдармен іздестіріп көретін болсақ, біраз мәселенің сырын ашамыз. Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден. одан әрі сөз іркестері мен жай сөйлем құраудан түрады да, ал сол сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінулері кері жолмен дамиды.
Бала сөздерді дыбыстап айтып, еөйлем құрайды, оның сөйлемі екі сөзден, одан кейін сөйлемдері үш-төрт сөздерден құралатын болады. Сөйтіп біртіндеп баланың дыбыстан сөйлеуі өсіп, ол бірнеше жыл араға салып, құрмаалас сөйлемдер құрап, оның басыңқы, бағынынқы бөліктерін де игеріп, сөйлеуге әңгімс айтуга төселеді. Сонымен, бала сөйлеуінің дамуы ассоциация психологиясынын қағидасына орай, бала сөйлеуінің даму жолы бөліктен бүтінге қарай өрбіп отыратындығын көреміз.
Балалар психологиясында сөйлеудің мағыналық жағы оның сыртқы бедері делінген догмалық көзқарастың үстем болуы ол психологтар тарапынан жіберілген қате пікір екендігі енді анықталды. Соған орай психология оқулықтарында жіберілген баланың сыртқы болмыс жайындағы елес-түсініктерінің даму оның сөйлеуінің. даму жолымен өрістейді деген бұрынғы психологиялық қағиданың шындыққа сай еместігін көрсетеді. Баланың сөйлеуі жеке сөздерді, зат есімдерді атаудан басталып олар нақты заттарды бідіретіні сияқты, болмысты қабылдау да жеке заттарды қабылдаудан басталады деген-ді. Бұл пікірі қолдаушьшардың бірі болған В.Штерн еді. Қабылдаудағы мұнда ерекшеліктер ол және баска авторлар бұл әйгілі субстанци (заттық) немесе даму процесіндегі заттық саты деп анықталған болатын-ды. Сондай-ак бұл пікірмен қатар бала сөйлеуініңі дамып жетілуіндегі сөйлемнің екі мүшесі болып, ол өз сөзінде баяндауышты қолданады, оңда етістікті меңгереді, одан кейін сапа, қатынас пайда болады деген-ді. Бұл ерекшелікті с авторлар баланың қоршаған ортасы жайындағы түсінігімен бірге сөздін сыртқы бедерін де меңгеретін дәрежеге жетуі деп санады. Штерннің айтуынша баланың кабылдауы мен сөздерді меңгеруінде бұрыннан берілген параллелизмнің бол-атындығы туралы пікірі шындыққа жатпайтынын баса көрсетуіміз керек.
Штерн және басқа авторлардын баланың сөйлеуінде оның логикалық құрылысы мен сөздердің сыртқы жағын меңгеруінде тұрақты айырмашылық болады деген пікірін Ж.Пиаж сөйлеу мен ойлаудың ерекшеліктерін ашып көрсетуге пайдаланады. Пиаженің пікірінше сөйлеу ойдың әлеуметтенуі. Бұл Пиаже үшін негзгі шешуші фактор. Осы фактор арқылы біздің ойымызға логикалық заңдар еніп, олар баланың өзгелермен қарым-қатынасын өрістетеді. Керісінше баланың ойы қисынсыз болып, шындыққа сай келмесе, онда оның ойы сөзсіз жалаң, әрі мағынасыз болғаны.
Сонымен бұл орайда ойлаудың мағыналылыры мен ақыл дылық қасиеті бұл теорияның өзекті мәселесі ретінде қарастырылып, ойлау мен сөйлеудің арақатынасы практикалық маңызды мәселе болып саналады. Бұл мәселенің қандай деңгейде екендігі көптеген зерттеулерде, соның ішінде, орыс тілінде жарияланған еңбектерде де жеткілікті түрде қамтылған.
Мен енді өз зейінімді ойлаудың машнасы мен оның ақылдылық қасиетін қамтып, сөйлеумен байланысты болатын жақтарына аударғым келеді. Бұл мәселені Пиаже балалардың ойлауындағы логикалық ойы мен жүйесіз ойының арасы нәзік қылдай нәрсемен ажырап тұрады деп санаған Бұл мәселе балалар мен ересек адамдар психологаясың тәжірибе арқылы зерттеуде қазіргі кезде көрнекті орын алып отыр. Осыған орай бұл мәселенің мәнін жинақтап баяндау дұрыс болар деп есептеймін. „
Мәселенің басты нәтижесі – сөз арқылы ойлаудың аса күрделі және біртекті құбылыс емес екендігінде. Сөйлеудің атқаратын қызметіне қарай екі жағы бар. Бұл тәжірибе жүзінде дәйектелген. Оның бірі – қазіргі зерттеулерде сөйлеудің физикалық жағы, бұл сөйлеудегі дыбыс шығару немесе дауыстап сөйлеу. Бұл сөйлеудің сыртқы көрінісі. Екінші жағы – сөйлеудің семантикалық немесе мағыналық қасиеті. Бұл ерекшелік сөйлеуде сөздер нендей мағынаны білдіреді, нені көріп білеміз, естіп білетініміз не, оқығаннан не білдік деген сұрақтардың мағыналық жағын құрайды.
Бірсыпыра зерттеулерде сөйлеудің мұндай ерекшеліктері бірден қатарынан пайда болмаған қсиеттер, тағы да бұл қасиеттер бірін-бірі әрлей алмайды.
Зерттеушілер өздерінің ой-пікірін білдіру ниетімен қарапайым мысалдарды қолданады. Мұндай мысалды Пиаже де қолданып былай дейді: баланың ақылды ойлау ағысындағы логикалық басқыштар оның сөйлеу әрекетінің соңында барып жүйеленеді. Оның айтуынша баланың сөйлеуі өзінің логикалық жүйесін реттеуші деген пікірін дәйектей түсіп, егер сөйлеу әрекеті болмаса, оның ойлауы да жүйелі болмас еді дейді. Егер бала өзгелермен сөйлеспей өзімен-өзі тұйықталып қалса онда оның ойының жүйеге түсуі тіптен қиындап кетер еді.
Алайда осы зерттеущілердің пікірлерінде, соның ішінде Штерннің көрсетуінше, балалар сөйлеуінің маңызды түрде дамуы туралы тезистеріне қарсы шығатын кездері бар. Бұл, әрине, ренішті жайт. Психологиялық жағынан келгенде қажырлы ойшыл Штерн мен өзге де мамандар өздері жасаған жүйенің ішінде бадырайып көзге түсетін қайшы пікірлерін байқамады. Штерн өткен жылы Москвада болғанда өзі айтқан «Стол үстіндегі жазу құралының» ақиқаттығына көзі қаншалықты жетіп тұрғанымен, бұл мәселе жайындағы шындықты ұзақ жылдар бойы аңғара алмағанына өкініш білдірген еді.
Штерн баланың алғашқы сөзінің мәні бір ғана зат есімді атау ғана емес, ол бір сөз арқылы түгел сөйлемді билдіреді деген-ді. Сондықтан баланың алғашқы сөздері, ересек адамдардың сөйлеуі сияқты затгарды тануында ғана емес, ол әлдеқайда күрделі немесе бірнеше сөйлемдердін тізбегі болып саналмақ.
А.Валлон көрсеткендей бала айтқан бір сөздің мағынасын ашып көрсететін болсақ, ол бір ғана сөйлем емес, оның ойын білдіретін бірнеше сөйлемдерден құралған жүйе дейді. Валлон зерттеулерің Штерн зертгеулерімен салыстырып қарағанда оның артықшылығы сол, егер Штерн тек өз баласына бақылау жүр-
гізіп, ой түйген болса, ал Валлон және басқа зерттеушілер арнайы тәжірибелер арқылы балалардың алғашқы сөздерінің мағынасын іздестірін білуге айтарлықтай күш жұмсады. Міне, осы аталған жәйттерден туындайтын алғашқы қорытындыны былай деп түйіндеуге болар еді: бала алғашқы сөздерді атаудан бірнеше сөзді қосып айтуды үйренеді, сөздін мағынасын түсінуден сөйлем мағынасын түсінуіне қарай ой өрісі дамиды, сөйлемдердің ішінен сөзді бөлек атап айтуға жаттығатын болады. Өзі атаған сөзде оның білдірмек болған ойының мәні байқалатын болады.
Информация о работе Ойлау туралы теориялардың психологиялық маңызы