Естің негізгі
түрлерінің жіктемесі
- Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.
- Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.
- Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.
- Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан қарапайым түрдегі қозғалыс, бейнелі және эмоционалды елестер жануарда болса, мағыналы ес адамға тән. Сөздік-логикалық ес басқа ес түрлерінің дамуына көмектесіп, олардың жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
- Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандайда бір әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. осы екі арадағы нәтиже сол кездегі қажеттілігімен есте тұрады. Ал көзделген мақсатқа жақындаған сайын алдыңғы нәтиже ұмтылып келесі әрекет ақпаратына орын босатқандай болады.
Есті зерттеудің
ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың
ұмыту қисығы
- .. Ассоциативті теория – негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық). Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г. Эббингауз (1850-1909) қарастырды. Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді. Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады. Естің ассоциативті теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық құрылымды-функционалды байланыстар негізінде уақыт өте ассоциативті теория проблемалармен соқтығысты, олардың біріншісі, адамзат есінің таңдамалығы. Асоциациялар кездейсоқ негізде жасалады, ал ес адам миына келген және сақталған белгілі бірақпаратты таңдайды. ХІХ ғ. аяғында ассоциативті теорияның орнына есті зерттеуші гештальт психология келді. Ес феноменін түсіндірудегі негізгі принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-гештальт «тұтас», «құрылым», «жүйе» деді. Гештальт теориясында материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді. Ассоциативті теория шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды. Ол ақпаратты ұмыту заңын «ұмыту қисығы» түрінде берді, яғни уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін бейнелейді.
- Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік (А. А. Смирнов, П.И. Зинченко) психологиясында естің психологиялық табиғатын зерттеудегі іс-әрекеттік бағыты. Француз ғалымы П. Жане ең алғаш материалды есте қалдыруға, өңдеуге және сақтауға бағдарланған әрекеттер жүйесі ретінде есті қарастырды. Француздық психологиялық мектепте естің адамның іс-әрекетіне тікелей тәуелділігі дәлелденген. Отандық психологтар ырықты мнемикалық іс-әрекеттің күрделі түрін зерттеуді жалғастырды. Онда ес процестері ойлау процестерімен байланысады. А.А. Смирнов пен П.И. Зинченконың (зерттеулері) іс-әрекеттің психологиялық теориясы тұрғысынан жүргізілген зерттеулері адамзаттың мағыналы іс-әрекеті ретінде ес заңдарын ашты, есте қалдырудың қойылған міндетке тәуелділігін және күрделі материалды есте қалдыру тәсілдерін бөліп көрсетті. Мысалы: Смирнов, іс-әрекет ойларға қарағанда есте жақсы қалады, ал әрекеттердің ішінде, әсіресе, кедергілерді жеңумен байланысты болған әрекеттер мықтырақ есте қалады. Ырықты есте қалдыру-есте қалдыру үшін мақсат қою. Көпмәрте қайталау, материалды есте қалдыруға мүмкіндік береді. Алдыға мақсат қойып, жаттауға Смирнов эксперимент өткізді, яғни ол тілді дұрыс білмейтін адамға эксперимент жүргізді. Эксперименттің мәні-мәнсіз буындарды жаттаудан тұрды. Есте қалдыру үшін бірнеше қайталау керек болды. Зерттелуші оны 20,30,40, және 46 рет оқыды, бірақ экспериментаторға оны есте қалдырғандығы жөнінде белгі бермеді. Психолог енді оқығанын жатқа айт дегенде, зерттелуші тілді нашар білмегендіктен эксперименттің мақсатын да дұрыс түсінбей, «қалай?» «мен оны жатқа айтуым керек пе?»-деді. Сосын ол оны қайта 6 рет оқыды, оны қатесіз қайталап берді. Жақсы есте қалдыру үшін мақсат қою керек, яғни материалды қабылдап, түсініп қана қоймай, оны есте қалдырам деу қажет. Ал отандық психолог Зинченко адамның тікелей әрекеті ретінде есте қалдыруға бағытталу (установка) өздігінен есте қалдыру үрдісін эффективті етпейді. Нақтырақ айтсақ ырықсыз есте қалдыру ырықтыдан эффективтірек болуы мүмкін. Зинченконың картинканы ырықсыз есте қалдыру (есте қалдыру керек деген мақсат қоймай) арнайы есте қалдыру керек деген жағдайдан жоғары болды. Осы проблемеға байланысты Смирнов ырықтыға қарағанда ырықсыз есте қалдыру сенімдірек деді, яғни зерттелушілерге 2 фраза берілді: Мысалы, «менің ағам қытайша оқиды», және «қытайша жазып, оқу керек» деген, сосын оны осыған ұқсас ары қарай фраза ойлап табулары керек болды. Фразаларды есте қалдыру талап етілмеді, біраз күн өткеннен кейін зерттелушілерге сол фразаларды есте түсіруді сұрады. Нәтижесінде экспериментатор берген фразадан гөрі олар өздері ойлап тапқан фразалары 3 есе естерінде жақсы қалыпты.
Л.С. Выготскийдің
психика дамуының мәдени –
тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
- Л. С. Выготский естің тарихи дамуын көрсетті, басқаша айтқанда естің филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму кезеңдері. Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын әдіс. Тәсілдердің жақсаруы, естің басқа психикалық процесі және жағдаймен байланысының өзгеруіне тәуелді. Тарихи жағдайлар даму және адам өзінің материалдық және рухани мәдениетінің молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін қолданылатын құралдар күрделене түсті. Құралдар арасындағы ең маңыздысы: сөйлеу, жазу, және ғылыми психикалық прогреске байланысты (компьютер). Сөйлеудің түрлеріне байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша және жазбаша. Ес процесі дами отырып ойлау процесіне жақындай берді. Выготскийдің айтуынша, баланың ойлауы оның есте сақтауына тәуелді, бала үшін ойлану еске түсірумен бірдей. Тек балалық шақта ғана ойлау мен естің арасында қатты байланыс болады. Естің басқа психикалық процесімен байланыстың өзгеруі жасөспірімдік шаққа қарай пайда бола бастайды. Бұл байланыстар балалық шаққа қарағанда керісінше болады. М: егер балалық шақта ойлану үшін еске түсіру қажет болса, ал жасөспірімдік шақта есте сақтау үшін ойлану, түсіну қажет.
Ойлаудың негізгі
түрлері, олардың сипаттамалары.
- Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі. Ойлау процестерінің сатылары. Ойлау-жоғары психикалық процесс болып табылады және арнайы сипаттамаларға ие. Біріншісі, шынайлылықтың жалпылай бейнеленуі, яғни ойлау-шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстардың жалпы бейнесі. Екіншісі, нақтылау-обьективті шындықты тану, яғни заттар мен құбылыстардың қасиетін оған тікелей қатынаспай, жанама түрде білуге болады. Мысалы, ауа-райын білу үшін сыртқа шығуға болады. Ойлаудың тағы бір ерекшелігі ол тану немесе іс-әрекет барысында пайда болады. Міндеттерді шешуімен байланысты. Ойлау процесі проблемді ситуация пайда болғанда ғана көрінеді. Ойлау әдетте сұрақ қоюмен басталады, ол мақсат болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін арнайы ақыл-ой процестері көмектеседі. Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстың миымызда жалпылай сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестетумен тығыз байланысты. Ойлау сезім мүшелері арқылы мәліметтерді өңдейді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады. Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі. Ойлау процестерінің сатылары. Ойлау-жоғары психикалық процесс болып табылады және арнайы сипаттамаларға ие. Біріншісі, шынайлылықтың жалпылай бейнеленуі, яғни ойлау-шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстардың жалпы бейнесі. Екіншісі, нақтылау-обьективті шындықты тану, яғни заттар мен құбылыстардың қасиетін оған тікелей қатынаспай, жанама түрде білуге болады. Мысалы, ауа-райын білу үшін сыртқа шығуға болады. Ойлаудың тағы бір ерекшелігі ол тану немесе іс-әрекет барысында пайда болады. Міндеттерді шешуімен байланысты. Ойлау процесі проблемді ситуация пайда болғанда ғана көрінеді. Ойлау әдетте сұрақ қоюмен басталады, ол мақсат болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін арнайы ақыл-ой процестері көмектеседі. Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстың миымызда жалпылай сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестетумен тығыз байланысты. Ойлау сезім мүшелері арқылы мәліметтерді өңдейді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.
Ойлау танымдық
іс-әрекеттің жоғарғы формасы
ретінде: белгілер, ойлау формалары,
ойлау операциялары
- Ойлаудың бастапқы формасы болып-ұғым – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы ұғым бірыңғай заттар мен құбылыстарды білдіреді. Мысалы: «стол», «Ғимарат». Дара құбылыстар қандайда бір затты білдіреді. Мысалы: «Енесей», «Венера». Шындықтағы заттың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір дегеніміз- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі-ой қорытындылары-ол бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке, бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Ой қорытындысының 3 түрі болады: Дедукциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукциялық- жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы. Аналогиялық- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.
- Ойлаудың негізгі белгісі – түсіну. Түсінудің 2 түрі болады. 1. Тікелей түсіну-жанама ой операциясын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс. 2. Жанама түсіну- бірнеше аралық басқыштардан тұратын ой операцияларын керек ететін, нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Ол сұрақ қоюдан басталады. Ойлау дегеніміз- мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Жанама түсіну жаңа затты құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз.
Ойлау операциялары:
- Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция.
- Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді.
- Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау.
- Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды.
- Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.
Ойлау түрлері:
- 1. Ойлау формасы бойынша үш түрге бөлінеді:
Нақты әрекеттік ойлау;
Нақты бейнелік ойлау;
Абстрактылы логикалық ойлау-ең
негізгі қасиеттері б-ша ойлау.
2. Мәселелерге қатысты
екі түрге бөлінеді:
Теориялық ойлау;
Практикалық ойлау.
3. Анықталуына қатысты екі
түрге бөлінеді:
диструктивті ойлау-логикалық дәлелдеу
арқылы;
интуитивті ойлау- сезімге жүгіну.
4. Оригиналдылығына байланысты
екі түрге бөлінеді:
репродуктивті ойлау-қайта жаңғыртушы
(Мысалы, 2х2=4)
продуктивті ойлау - жасампаз ойлау
(2х Х=4)
Ойлаудың физиологиялық
негізі
- Ойлаудың физиологиялық негізі И.П.Павловтың Жоғары жүйке жүйесі іліміне байланысты түсіндіріледі.
- Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.
- Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.
- Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен<span sty