Сана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 15:20, реферат

Описание работы

Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау.
Сонан соң, сана жайын сөз еткенімізде біз В. И. Лениннің: материяның өзінде санамен принцип жағынан тектес және өз дамуында сананы туғызатын қасиет бар деген сөздерін еске алмай қоймаймыз. Бұл — белгілі бір заттың бейнеленуі, шағылуы, яғни, сыртқы әсерді сезінуі, сол арқылы заттың ішкі жағдайын өзгертуі.

Файлы: 1 файл

САНА.docx

— 28.24 Кб (Скачать файл)

 Зейіннің түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті.

 Ырықты зейін  деп – адамның белгілі мақсатпен  сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын  айтамыз. Ырықты зейін тек адамға  ғана тән. Зейінді ырықты түрде  ұстауға, жұмыс орнының жағдайы,  жеке адамның психологиялық күйі  әсер етеді.

 Ырықсыз зейін  деп – адам мақсат қоймай-ақ  әсер еткен құбылыстарға назар  аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің  пайда болуына объективті және  субъективті факторлар әсер етеді.  Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер  етуші тітіркендіргіштердің қайшы  келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың  дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті  факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы  тітіркендіргіштердің организмнің  ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам  бір нәрсені күтіп тұрса, онда  назар аударады.

 Үйреншікті зейін.

 Үйреншікті зейін  деп – басында ырықты болып,  кейін әркімге табиғи сіңісіп  кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы. 

 Зейіннің қасиеттері.

1)Зейіннің тұрақтылығы,  оның бір объектіге ұзақ уақыт  сақталуын көрсетеді.

2)Зейіннің алаң  болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан  көрініс береді.

3)Зейіннің аударылуы  деп – бір объектіден екінші  объектіге назар көшіруді айтамыз.  Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы  оның саналы түрде болуында.

4)Зейіннің бөлінуі  адамның кез келген іс-әрекет  үстінде бірнеше объектіге бір  мезгілде зейін аудара алатындығы.

5)Зейіннің көлемі  деп – оның бір уақыт ішінде  қамтитын объектілер санын айтамыз.  Зейіннің көлемі танистоскоп  деп аталады. Прибор арқылы  анықтауға болады. Танис – тез,  скопио – көру деген мағынаны  білдіреді. 
 

 Түйсік

1. Түйсік туралы  түсінік.

2. Түйсіктің физиологиялық  негізі.

3. Түйсіктің топтары.

4. Түйсіктің түрлері  және ерекшеліктері. 

 Түйсік дегеніміз  – дүниедегі заттар мен құбылыстардың  біздің сезім мүшелерімізге тікелей  әсер ету нәтижесінде сол заттар  мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің  миымызда бейнелеуі.

 Физиологиялық  негіз.

 Түйсіктің физиологиялық  негізін Павлов анықтады. Түйсік  сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға  әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп – сыртқы қабылдау  аппоратынан басталып, миға барып  аяқталатын күрделі нерв механизмін  айтамыз. Анализатордың қайсысы  болса да 3 бөліктен тұрады:

1)Сезім мүшелері  немесе рецепторлар.

2)Орталыққа баратын  нервтер.

3)Мидағы нервтер.

 Түйсік пайда  болу үшін бір анализатор ғана  қызмет етеді. Адамның сезім  мүшелері сана жағынан жануарлардан  жоғары тұрады. Өйткені адамның  сезім мүшелері қоғамдық қатынастың  әсерінен еңбек ету нәтижесінде  қалыптасып дамиды.

 Түйсіктің топтары.

 Түйсік 3 топқа  бөлінеді: 1)Экстероцептивтік. 2)Интотоцептивтік. 3)Пропраоцептивтік.

1. Экстероцептивтік  түйсіктер – бұл түйсіктер  организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап  сезу.

2. Интотоцептивтік  түйсікткр – бұл организмнің  ішінде орналасады. Жататындар: дәм  түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық  органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны  ашуы)

3. Пропраоцептивтік  түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының  ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.

 Экстероцептік  түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік  және контонгтік.

 Түйсіктің түрлері. 1. Көру. 2.Есту. 3.Иіс. 4.Дәм. 5.Тері. 6.Қозғалыс. 7.Органикалық. 8.Ауруды түйсіктену.

 Адамдардың түйсіне  алу қабілетін – сезгіштік  деп атайды. Түйсік қарқыны мен  тітіркендіргіш күші арасындағы  тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы  деп аталады. Түйсік табалдырығының 2 түрі бар: 1.төменгі абсолюттік . 2.жоғарғы абсолюттік . Төменгі абсолюттік  табалдырық деп – сәл білінерлік  түйсік туғызытын тітіркендіргіштердің  ең аз күшін айтамыз.

 Жоғарғы абсолюттік  табалдырық деп – тітіркендіргіштердің  туғызатын ең жоғарғы күшін  айтамыз.

 Ерекшеліктері.

1.Адоптация –  «бейімделу»

 Адоптация дегеніміз  – сезім мүшелеріне ұзақ әсер  еткен тітіркендіргішке байланысты  адамдардың түйсігінің бейімделуінін  айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық,  иіс және тері.

2.Синезтезия –  гректің «қосрласқан түйсік».  Синезтезия деп – бір түйсіктің  екінші түйсіктің пайда болуына  әсер етуін айтамыз.

3.Сенсибилизация  латынның «сезгіштік» деген мағынаны  білдіреді. Сенсибилизация деп  – бір түйсіктің екінші түйсіктің  сапасын арттыруын айтамыз.

 Адамның түйсігі  оның жаттығуына, мамандығына байланысты  әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік  сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір  барысында қалыптасады. Жануарлар  түйсігінде сезгіштіктің артығырақ  даму дәрежесі тектік белгі  болып есептеледі.  

 Қабылдау.

1. Қабылдау туралы  түсінік.

2. Қабылдаудың физиологиялық  негізі.

3. Қабылдаудың түрлері  және ерекшеліктері.

4. Кеңістікті және  уақытты қабылдау. 

 Қабылдау дегеніміз  – дүниедегі заттар мен құбылыстардың  біздің сезім мүшелерімізге тікелей  әсер ету нәтижесінде сол заттар  мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің  миымызда бейнелеуі.

 Физиологиялық  негізі.

 Қабылдаудың физиологиялық  негізіне мидың аналитикалы және  синтетикалы қызметі жатады. Өйткені  сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге  анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін  толық анықтай аламыз. Толық анықтау  үшін анализденген затты синтездеу  керек.

 Қабылдау процессінде  бірнеше анализатор қызмет етеді.  Кез келген жаңа затты қабылдау  бұрыннан бар тәжірибеге және  білім негізінде жүзеге асады.  Сондықтан қабылдау процессінде  бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың  кейбіреулері жанданып отырады.

 Қабылдағанда  адам миындағы болып жатқан  процесстерді физиологиялық негіз  деп атайды.

 Қабылдаудың түрлері  түйсіктің түрлеріне ұқсас болып  келеді.

 Ерекшеліктері.

1. Қабылдаудың тұтастығы.  Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз  оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың тұрақтылығы.  Біз өзіміздің тәжірибемізге,  білімімізге байланысты заттар  мен құбылыстарды тұрақты түрде  қабылдаймыз. Қабылдау кезінде  қабылданатын заттар мен құбылыстардың  кейбір белгілері , түрлері, формалары  өзгерсе де біз оларды бұрынғы  қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың таңдамалылығы  . Бізге қабылдау кезінде бірнеше  заттар немесе құбылыстар әсер  етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің  қажеттілігімізге байланысты біреуін  ғана қабылдаймыз. Қабылданған  зат қабылданғанның объектісі  деп аталады. Ал объектіден  тыс қалған заттар қабылданғанның  фоны деп аталады 

4. Аперцепция. Қабылдаудың  тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің  нәтижесіне және мамандыққа тәуелді  болуын аперцепция деп атаймыз.  Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты  және уақытша. Тұрақты түрі - адамның  дүниеге көзқарасын, мамандығына,  іс-әрекетіне және табандылық  көрсетуіне байланысты.

 Уақытша түрі  – адамның қабылдау кезіндегі  көңіл-күйіне және психикалық  қалпына тәуелді болады.

 Аперцепция жеке  адамның қабылдауына белсенділік  сипат береді.

 Қабылдау кезінде  кейде қате қабылдауларда кездеседі  . Мұны психологияда элюзия деп  атайды. Элюзияның ішінен көру  элюзиялары көбірек, жиі кездеседі.  Көру элюзиясы деп – заттардың  алыстығын , түрін, көлемін қате  қабылдау.

 Кеңістікті және  уақытты қабылдау.

 Біз дүниедегі  заттар мен құбылыстарды белгілі  бір уақытта және кеңістікте  қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен  тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте  қабылдау деп – дүниедегі заттар  мен құбылыстардың белгілі бір  орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын  санамызда бейнелеуін айтамыз.  Кеңістіктегі заттарды қабылдау  адам көзінен олардың қаншалықты  қашық немесе жақын екендігіне  байланысты. Қашықта тұрған затқа  адам көз қысып қарайды, бұны  көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда  адам көз қабағын ашып қарайды,  бұны көздің дивергенциясы деп  атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның  қашықтықты бағалауда иіс және  есту түйсіктері үлкен роль  атқарады.

 Уақытша қабылдау.

 Уақыт дегеніміз  – дүниедегі заттардың өзгеріп,  бір қалыптан, екінші қалыпқа  көшіп, ескі заттардың өшіп  жаңа заттардың оның рпнын  басып отыратынын айтамыз. Уақыттың  кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.

 Адамдардың адамды  қабылдауы адам өмірінде үлкен  роль атқарады. Адамның бет әлпетіне  сүйене отырып оның қоршаған  ортаға, оқиғаға қатынасы қандай  екендігін айтуға болады.

 Қимыл-қозғалыс  ерекшеліктері жеке адамның кейбір  қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу  ерекшел іктері де адам туралы  көп мәлімет береді. 
 
 

 Ес.

1. Ес туралы түсінік.

2. Ес теориялары.

3. Естің түрлері. 

4. Ес процесстері.

5. Естің дара ерекшеліктері. 

1. Ес туралы түсінік.

 Ес деген проблемамен  адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасыр- 

 дағы ғалымдар  Аристотель, Платон ес проблемасымен  айналысып, адам баласы пассивтік  жағдайдан активтік жағдайға  өткенде ес көрініс беретінін  анықтады.

 Ес дегеніміз  – бұрын қабылдыған заттар  мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп  және қайта жаңғыртуды айтамыз.

2. Ес теориясы.

I. Психологиялық  теория. Психологиялық теория негізінде  назар не объектіге немесе 

 субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке  элементтерге бөлінеді. Ал кейін  олар санада ассоциация заңына  байланысты қайтадан бірігеді.

 Ассоциацияның  3 түрі бар:

1)Іргелестік –  бір-біріне іргелес жатқан заттар  мен құбылыстардың біреуін қабылдаса  екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.

2)Ұқсастық ассоциация  – бұл ұқсас сипатты екі  құбылысты біріктіреді.

3)Қарама-қарсылық  – бұл қарама-қарсы екі құбылысты  байланыстырады.

II. Физиологиялық  теория. Естің физиологиялық теориясы  Павловтың жоғарғы нерв қызметінің  заңдылықтарымен байланысты. Есте  сақтау бұл нерв системасының  мидың иілімділігіне байланысты  болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін  бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі  жағдайларға байланысты не жақсару  не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің  көрсеткіші бұл ми шарының  қабығында уақытша нерв байланысының  құрылуы, олардың көп уақыт  сақталуы және тез жеңіл түрде  жалдануы болып табылады.

III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері  , нерв клеткалары арқылы өткенде  өзінен кейін физикалық із  қалдырады. Адамның ми қабығында  қозулар тізбек бойымен айналып  жүреді. Іздердің сақталуы қозудың  бір нерв клеткасы екіншісіне  өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен  сипатталады. Осы теория бойынша  шоктык жағдай қозудың шеңбер  арқылы өтуін бұзады. Ол іздің  жоғалуына әкеледі. Ал іздер  тек қозудың өтуіне байланысты  сақталады.

IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық  өзгерістермен байланысты. Есте  сақтау процессі екі сатылы  болады:

1.Нерв системасында  қысқа мерзімді электрохимиялық  реакция пайда болады. Бірақ ол  нерв клеткаларында күшті физиологиялық  өзгерістерді көрсетпейді .

Информация о работе Сана