Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2015 в 17:05, реферат
Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сананың философиялық концепциясы
2.2 Сананың психологиялық концепциясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
«Медициналық психология және коммуникативті машықтар» кафедрасы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сананың философиялық концепциясы
2.2 Сананың психологиялық концепциясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар. Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады. Сана айналадағы өмірдің барлық өзара байланысын бейнелейді, әлемнің бейнесі бірдей жүйе ретінде. Сондықтан сана — іс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады. Сана арқылы адам қоршаған әлеммен қарым-қатынас формасы реттеледі. Сана іс-әрекеттің субьективті жағдайларында көрініс табады. Сана адам айналасындағы барлық жағдайларда тиісті болып келеді.
Сананың философиялық концепциясы
Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған.Шамамен 400—200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен.
Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен. Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.
Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы — қазіргі типтегі адамдар — неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.
Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз» .
Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.
Адамның қалыптасуында еңбектің ролі.
К. Маркс пен Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси-хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .
Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді. Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа-саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.
Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.
Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» .
Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.
Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.
Сананың психологиялық концепциясы
Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау.
Сонан соң, сана жайын сөз еткенімізде біз В. И. Лениннің: материяның өзінде санамен принцип жағынан тектес және өз дамуында сананы туғызатын қасиет бар деген сөздерін еске алмай қоймаймыз. Бұл — белгілі бір заттың бейнеленуі, шағылуы, яғни, сыртқы әсерді сезінуі, сол арқылы заттың ішкі жағдайын өзгертуі.
Сана дегеніміз де — шағылу, бейнелену. Айналадағы дүниенің мида шағылып көрінуі. Бірақ кез-келген шағылуды, бейнеленуді біз сана дей алмаймыз. Егер шағылудың табиғаттағы барлық түрлерін күрделі мән алуына қарай бірінен соң бірін тізбектеп қоятын болсақ, онда біз өзінше бір саты жасаймыз оның төменгі баспалдағы өлі табиғатпен ұштасады да, ал ең жоғары баспалдағы дүниенің адам санасында бейнеленуін көрсетеді.
Шындықты бейнелеудің айрықша сипаты бар ерекше түрі ретінде сана қандайда бір аралық сатыларда пайда болады. Бұл сатыны іздегенде ғалымдар болмыстың психикалық шағылу, бейнелену түріне айрықша назар аударады, ал психика тек жоғары сатыдағы тіршілік иелеріне ғана тән.
Ол адамға да тән нәрсе. Олай болса, психика бізді түйсікті жануарлармен біріктіреді ғой. Алайда біз олардың психикасын сана дей аламыз ба? Істің басты түйіні осы мәселеде, оның дұрыс шешімін айту үшін біз санаға не жататынын анықтап алуымыз керек.
Алдымен мынаны дәл ұғынғанымыз жөн: «психика» ұғымының ауқымы «сана» ұғымынан кеңірек. Психикаға енетіннің бәрі бірдей санаға ене бермейді. Кейбір психикалық құбылыстардың санадан тысқары қалатыны мәлім.
Сонымен, біздің санамызға не енеді? Айталық, бұған алдымен ой (ойлау) кіретіні өзінен-өзі түсінікті. Одан кейін санаға ырық — мақсат көздеу, талап-тілек, сол сияқты сезім — әсер алу, ренжу, қайғыру енеді. Ақырында, өзіңнің дүниедегі орныңды түсіну, өзіңнің және өзгенің іс-әрекетін бағалай білу, яғни, кысқасын айтқанда, сезім сананың міндетті элементтері болып табылады.
Сананың құрамды бөліктері осылар. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа
созылған дамуының нәтижесінде пайда
болды. Психикалық және саналы қызметтің
элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс
сигналдарын және ишараны қолданатын
жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін
жануарларда көрініс береді. Бір катар
жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфинд
С.Л. Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; әсерленушілік. Сананың әр актісі тек тану арқылы немесе тек әсерленушілік немесе тек қарым-қатынас арқылы болуы сирек кездеседі; осы үш компонентті жиі қолданады. Бірақ осы компоненттің әрқайсысының көріну дәрежесі әр түрлі. Сондықтан сананың әр актісі осы үш маңызды психологиялық категориясын координат жүйесінің нүктесі ретінде қарастыруға болады. Сананың механизмін талдай келе, ми метафорын жеңу маңызды. Сана жүйе іс-әрекетінің нәтижесі мен өнімі болып табылады, тек ми емес сонымен қатар оған индивид те қоғам да жатады. Сана «мүшенің функциялы суперпозициясы» ретінде болуы тиіс. Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.