Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2015 в 17:05, реферат
Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сананың философиялық концепциясы
2.2 Сананың психологиялық концепциясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің,
адам ойында шындықтың бейнеленуінің
барлық түрлерін қамтитын философиялық
категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың ө
1969 жылы Ю.В.Бромлей мен О.И.Шкаратан этникалық ерекшеліктерді материалдық мәдениет пен көбінесе рухани сала шеңберінде қарастыру қажеттігін бірінші рет атап көрсетті. Бұдан 15 жыл өтісімен Г.В.Старовойтова этникалық ерекшеліктердің рухани мәдениет пен психолингвистикалық салада шоғырлануы ауқымды өріс алып бара жатқанын жазды.
Теориялық ой-пікір этникалықтықтың рухани-мәдени сала төңірегінен іздеу қажеттігін атап өтумен бірге оның түпқазық болып табылатын компонентін ажыратып көрсетті. Бұл ретте атақты философ, социолог, психолог және этнолог И.С.Конның «этникалық өздік сананы этностың ең басты белгісі», – деп сипаттауының маңызы зор болды. Осындай ғылыми пікірді украин ғалымы Виктория Храмова да қолдайды: «Этникалық өздік сана – этностың бірден бір міндетті түрдегі белгісі».
Қазіргі уақытта зерттеушілердің көпшілік тарапынан этникалық ерекшеліктерді негізінен этникалық өздік сананың мазмұнымен байланыстыра қарастыру тиімді және мұнымен этнопсихология шұғылдануы керек деген пікір жиі-жиі айтылуда. Мұндай жағдайда, әсіресе, «этникалық өздік сананы зерттеуді қолға алғанда, – деп жазды И.С.Кон, – қазіргі этнопсихологиялық теория әлеуметтік психологияның тиісті бөлімдерінің (әлеуметтік перцепция, әлеуметтік установкалар, топаралық қатынастар және т.б. теориясы) әдістері мен ұғымдық аппаратын барынша көбірек пайдалануы қажет».
Сонымен этностылықтың квитэссенциясы этникалық өздік сана және оны зерттейтін ғылым этнология мен этнопсихология болып табылатындықтан, этникалық өздік сананы талдауға кіріскенде этникалық ерекшеліктер мен өздік санаға бағышталып жазылған этнолог, психолог, социолог, философ ғалымдардың еңбектеріне жүгінуге тура келеді.
Зерттеушілер этносты қарастырған кезде этникалық өздік сананы елемеуге болмайтынын, оның күллі этникалық ерекшеліктер жүйесінде ең көрнекті орын алатынын қайта-қайта қадап айтуда. Мысалы, А.Чебоксаров этникалық өздік сана-сезімді тіпті этникалық белгілердің қатарына жатқызады. Ал, В.И.Козлов пен Г.В.Шелеповтар этникалық сана-сезімді этнос белгілерінің ішінен бөліп алып бірінші орынға қояды.
Ғалымдардың пікірінше, этникалық жағынан өзін-өзі тану процесі түрлі жолдармен атқарылады екен: 1) танып-білу арқылы; 2) өзін танудың эмоциялық жақтары; 3) басқару арқылы өзін-өзі тану[9]. Этникалық өздігін, өзін танудың бірінші түріне жататын тану, білу (танымдық жағы) адамның бір халыққа, ұлтқа немесе басқа этникалық қауымға жататынын, солардың біріне тәнділігін ұғыну, қоғамдық ахуалды түсіну, о немесе бұл этникалық қауымға тиісті болған дәстүрлерді, оған тән болған қызығушылық, қажеттілік пен жүріс-тұрыс сияқты жәйттерді біліп-тануды қамтиды.
Этникалық өздігін танудың екіншісіне ұлттық мақтаныш, елқорлық, Отанға және өз халқына адалдық, Жер Ана мен табиғат және тағы басқаларға сүйіспеншілік сезімі сияқтылар жатады.
Этникалық өздігін танып-білудің, ақырында, үшінші түріне психологиялық процестердің барлық түрлерін басқарып бағыттау, өзін-өзі бақылауды қамтамасыз етумен байланысты болған барша көңіл-күйлер мен әрекеттер жатады.
Алайда этникалық жағынан өзін-өзі танудың құрылымы сан қырлы болғандықтан, бұл мәселе жөнінде әзірше әр ғалым әр түрлі ой айтып жүр.
Мәселен, Г.В.Шелеповтың пікірінше, этникалық өздікті танудың құрылымына адамдардың тарапынан өзінің белгілі бір этникалық қауымға жататындығын ұғыну, яғни этникалық орталықтану, этникалық тоқырау немесе тұрақтылық, этникалық қарама-қарсылық және этникалық ұнатушылық жатады. Этникалық өздікті танудың бұл белгілері өзара шарттаса келіп, бір-бірінің барлығын-болуын қамтамасыз етеді. Бірақ этникалық өздікті танудың ең маңызды белгісі адамдардың өз этникалық қауымына жататындығын, этникалық тегін ұғыну болып есептелінеді. Мұндай сана, жоғарыда атап өтілгеніндей, халықтың этникалық атауы болып табылатын этнонимде де өз көрінісін табады.
Бағзы бір ғалымдар этникалық өздік сана (этникалық өзін-өзі тану) мен адамның этникалық қауымға жататындығын тану, яғни тектік сана арасына тепе-теңдік белгісін қоюға бейіл тұрады. Мұндай келістердің жетерлік негізі жоқ деп есептейміз. Өйткені, өздігін танып білу ең алдымен адам тарапынан өзінің іс-әрекеті, қызметі, сезімдері мен ой-пікірлері, жүріс-тұрысы, түр-тұрпаты, қадір-қасиеттілігі сияқты жәйттерді танып білуді, сондай-ақ этнос мүшелерінің тұтастай алғандағы өз қауымының іс-әрекеті, мінез-құлқы, жетістігі, этникалық өзіне тәндігі жөніндегі түсінік-тұжырымдарын қамтиды. Мұндай тұжырымдар басқа қауымдардың пікірімен тікелей байланыста қалыптасады. Себебі, олардың бәрі бір қоғамдық ортада өмір сүргендіктен, сол қоғамның негізгі әлеуметтік өзгешеліктерін өздерінің болмысында сақтай алады. Этнос та өздігі мен мендігін осындай жолдармен таниды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, этникалық өздігін тану күрделі құрылым болғандықтан, ғалымдар тарапынан оған берілген анықтамалар да өзінің мазмұны жағынан алуан болып келеді. Мысалы, Ю.В.Бромлейдің пікірінше, этникалық өздік сананың мәні этнос өкілдерінің топтық бірлігін танып білумен бір қатарда туған жер мен ана тілі туралы, осы этнос мәдениеті мен руханиятының өзіне тән ерекшеліктері және бұл қауымға кіретін адамдардың ортақ тегі мен тағдыры жөніндегі жалпылама түсініктерінен құралады.
Басқа бір топ ғалымдар этникалық өздігін тану дегенде кісінің белгілі бір адамдар тобына жататындығын, оның тіл бірлігін, территориялық, экономикалық, мемлекеттік, руханияттық ортақ белгілерін, осы топтың бойынан табылатын қызығушылық пен биік мақсаттардың, діни сенім- нанымдардың ортақтығын мойындауын түсіну керек дейді. Е.А.Яблокова мұны басқашарақ түсіндіреді: ұлттық өзіндік сана-сезім – бұл кісілердің белгілі бір ұлтқа жататындығын, ұлт пен мемлекеттің ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар системасындағы орнын танып-білу. Әлбетте, мұндай пікірдің этникалық өздігін танудан гөрі ұлттық болмысты танып-білуге бағытталған жалпыұлттық өздік сана-сезімге қатысты екендігін айтып өтпекшіміз. С.Т. Калтахчян да ұлттық өздік сана-сезімді сипаттай келіп, оның құрамына этникалық момент те кіреді деп дұрыс бағамдай білген: оған этникалық текті танып-білу, ұлттық құндылықтарға (тіл, туған жер, мәдениет) бейілділік, отанқорлық сезімі және ұлт-азаттық күрестегі жалпыхалықтық мүдделерді танып, түсіну жатады.
Этникалық өздікті танудың мазмұнын М.С.Жүнісов былайша сипаттайды:
1. Осынау ұлттың өмірде бар екендігі идеясы;
2. Осынау ұлтқа жататын
кісілер арасында барша
3. Ұлттың өздігін танып-түсіну арқылы кісілерде қалыптасқан идеологиялық және психологиялық әлеуетке ие болған халықтың атауы (этноним).
Этникалық өздігін тану туралы жоғарыда келтірілген анықтамалардан аңғарғанымыз: этникалық өздік сана – негізінен этникалық ерекшеліктерге қаратылған сана. Біздіңше, тұтастай алғандағы ұлттық өздік сана көбінесе ұлттың саяси-әлеуметтік және рухани мүдделері мен тұтастығының бейнеленуі болып табылады. Теориялық ұлттық сананың өз кезегінде жалпы ұлттық психологияға, этникалық өздікті тануға ететін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде диалектикалық байланыстылықтың барын көруге болады. Мұны В.В.Арутюнян дөп басып айтқан болатын: ұлттың өзіне тәндігі, өз қауымдастық бірлігінің типологиялық белгілері, тарихи және территориялық бірлігі, материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы – бұлардың баршасы ұлттық өздікті танудың негіздері болып табылады.
В.Б.Иорданский этностың өзін-өзі тануы ұзақ мерзімге жалғасатын процестердің нәтижесінде қалыптасатын халықтың ішкі бірлігі, өзіне тәндігі және оның тарихи ұмтылысы, сондай-ақ басқа халықтар арасында тұтқан орны турасындағы түсініктердің ықпалымен мейлінше нығая түседі деп есептейді. Ғалымның, әсіресе, халықтың қоғамдық-таптық және басқа айырмашылықтарының барлығына қарамастан оның ішкі бірлігін танып, білудің нәтижесінде өздік сананың тұғыры биіктей береді деген пікіріне қосылмауға болмайды.
Этникалық танымның негізі, біздің табиғи жаратылысымызбен біте қайнасып, қоса пайда болатын дербес биологиялық бітім емес. Ол – негізінен қоғамдық дамудың жемісі. Әсіресе, тәлім-тәрбие мен этнос турасындағы түсініктердің қордалануының нәтижесі. Этникалық өздік сананың қалыптасуында адамның қай этносқа жататындығын анықтауға мезгейтін нақты этникалық орта (отбасы, ата-аналар, туған-туысқандар, көршілер, төңіректегі кісілер), өмірде аяқ басқан сайын, сәт сайын кездесетін, көрініс беретін этникалық-мәдени дәстүрлер, нақты этникалық-қоғамдық жағдаяттар мен құбылыстар ћәм ұлттылықты орнықтыруға бағыттайтын бұқаралық ақпарат құралдары тәріздес тетіктер маңызды да шешуші рөл атқарады. Мұндай жағдаяттардың орнықтырылуы көп жағдайда ұлттық мемлекет тарапынан қадағаланады және реттеліп отырады.
Этникалық өзін-өзі тану кәсіптік-мамандық, саяси-мемлекеттік, діни, таптық (әлеуметтік), нәсілдік белгілерден ажырамаған күйде қалыптасады. Бірақ этнос өкілдерінің әдеттегі санасында «өзін» және «бөгдені» айшықтайтын бірқатар белгілері мен рәміздері олардың күнделікті тұрмысындағы қимыл-қозғалыстары мен іс-әрекеттерінен айқын көрінуі мүмкін (мысалы, киім, сүндетке отырғызу, жүріс-тұрыс, мәмілелік қатынастар, сөз саптау, сөйлеу мәнері, тұрмыс-салттағы басқа нышандар). Бұл тұрғыда герменевтика, аналитикалық философиямен байланысты «интерпретативтік антропологияның негізін қалаушылардың бірі Клиффорд Гирцтің Явада болып, байқағандары назар аударарлықтай: Ява халқы «адам болу дегеніміз – явалық болу дегенді үзілді-кесілді айтқан еді. Олар кішкентай балалар, сондай-ақ есерсоқтау, дөрекі, жынды және әдепсіз адамдарды әлі явандықтар қатарына қоспайды екен. Ал, явандық этикет жүйесі бойынша әрекет ететіндер… өлеңге, биге және т.б. явандарша эстетикалық қатынасын білдіретіндер, жәй ғана сөйлесу емес, явандарша астарлап, әрбір әлеуметтік жағдайға сәйкес ерекше дауыс ырғағымен сөйлесу, тамақты жәй ғана жеу емес, белгілі бір әдіспен дайындалған тамақтың кейбір түрлерін ұнату және тамақтану барысында дастархан басында қатаң әдепті сақтау сияқты явандық эмоциялар көрініс бергенде ғана, олар адамдар қатарына жатқызылады».
Этносқа тән болған мұндай белгілердің пайда болуы хақындағы Ю.В.Бромлейдің пікіріне қосылуға болады: осы ерекше белгілер алғашқы қауымдық құрылыста-ақ қалыптаса бастаған. Олар ең алдымен магия, тотемизм, анимизм, әулеттік мәресімдер тәріздес діннің көне формаларына қатысты. Бұлардың діни мақсаттарға қаратыла бағытталғанымен этникалық бірдейлікке үндейтін қасиеттерінің болғанын да атап өту керек.
Тайпалық қауымдық топтардың этникалық санасының өзіне тән таманы өз қауымдарын төңіректегі басқа барша қауымдардан жоғары қоюға деген ұмтылысында көрініс тапқан. Ежелден адамдар ерекшеліктерімен мақтануды жөн көріп, өз қоңсыларының жүріс-тұрыстарына ахлақтық жағынан теріс қасиеттер мен ерекшеліктерді таңатын болған, мұның өзі көңіл-күйде оларға қаратылған наразылық сезімдерді оята бастаған. Олар көп жағдайларда басқа халықтармен достық қатынастарда болып немесе олармен некеге отырып, араласып жүрген болса да, белгілі бір мағынада сақтық-наразылық қатынастық сезімдерін сақтап қалып отырған. Олар толық мағынада тек өз қауымына қатысты болған, сонымен бірге «бөгделерден» ажырататын қасиетке еге болған кісілерді ғана өздерінің адамдары деп санайтын-ды.
Ю.В.Бромлей 1986 жылы халықтың тегі турасындағы түсініктің нақты мазмұны этникалық тарихтың түрлі салаларында бірдей көрініс таба бермейді деген пікірді айтқан болатын. Дамудың ең алғашқы кезеңдерінде этнос мүшелерінің бәрінің туысы, түбі бір екендігі (тіпті мификалық тектің де) туралы ұғым басым болса, кейінгі кезеңдерде халық өкілдерінің тарихи тағдыры бірлігі ұғымының салмағы басым түсіп жатады. Ол «Развитие этнического самосознания славянских народов в эпоху раннего средневековья» (М., 1982) атты еңбектің негізінде феодализмнің алғашқы сатыларында этникалық өздік сана аса айқындалып, анықталған еді деген тұжырым жасайды.
Орта ғасырларда діни өздік сананың көрнекті орынға шыққандығы жайлы этнология ғылымында материалдар мен мәліметтер баршылық. Бірақ, бұл жерде мынаны айта кету керек болады: адам баласының жалпы өздік санасының көп қыртысты болып келетіні бар және қилы кезеңдердің белгілі бір ситуациялық жағдайында оның түрлі компоненттерінен бірінің маңыздылығы арта түседі екен. Сонымен қоса халық топтарының ішінде діни тәнділік санасының белең алуы олардың басқа мәдени қауымдастыққа (оның этникалыққа да) жататыны (тәнділігі) турасындағы түсінігін жоққа шығармайды. Мысалы, түріктердің үстемдігі кезінде Оңтүстік Шығыс Еуропада болгарлар, сербтер, гректер өздерін «православтықтар» деп атаған екен, мұның өзі олардың өздерін бірінші кезекте үстемдік етуші мұсылман түріктерге қарсы қоюын білдірген. Бірақ олар өзара қатынаста болған кезде, тіл және бұрынғы кездердегі саяси жағынан дербестігі болғандығы жөніндегі түсініктердің сақталып қалуының нәтижесінде бірін-бірі анық ажырата алған[22].
Этникалық қауымдастықтың структурасы көпсатылы болғандықтан оның өздік санасы да күрделі болып келеді.
Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі.
Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.
Сөйлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады. Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.
Марксизм-ленинизм классиктері сөйлеу мен сананы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын атап көрсеткен болатын. Сөйлеу, сөз — біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің дамуымен шарттас айқындалады» — деп жазған болатын. Совет философы Ю. Қ. Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да. қалыптасады»,— деп атап көрсетті.