Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 20:04, реферат
Шет тілін оқытудың әдістемесі өзі жеке ғылым бола тұрып басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде әдістеме үшін негізгі пәндер: тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану. Оларды әдістемеге ұқсас ғылымдар деп атайды.
Әдістеме педагогиканың бөлімі жеке дидактиканың бірі болғандықтан педагогикамен тығыз байланысты. Егер педагогика кез-келген пәнді оқытудың теориясы болса, жеке дидактика педагогиканың нақты пәнді оқытудың (мысалы: шетел тілі) ережелерін пайдаланды. Педагогикадан әдістеме көптеген ұғымдарды және ережелерді алған. Мысалы: принциптер, оқу процесі және оның заңдылықтары, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ұғымдар.