Шетел тілін оқытудың әдістемесі курсына кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 20:04, реферат

Описание работы

Шет тілін оқытудың әдістемесі өзі жеке ғылым бола тұрып басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде әдістеме үшін негізгі пәндер: тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану. Оларды әдістемеге ұқсас ғылымдар деп атайды.
Әдістеме педагогиканың бөлімі жеке дидактиканың бірі болғандықтан педагогикамен тығыз байланысты. Егер педагогика кез-келген пәнді оқытудың теориясы болса, жеке дидактика педагогиканың нақты пәнді оқытудың (мысалы: шетел тілі) ережелерін пайдаланды. Педагогикадан әдістеме көптеген ұғымдарды және ережелерді алған. Мысалы: принциптер, оқу процесі және оның заңдылықтары, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ұғымдар.

Файлы: 1 файл

реф.docx

— 57.25 Кб (Скачать файл)

Әдістеме термині (грек тілінен аударғанда metodike) яғни белгілі бір пәнді оқытудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әдістеме оқу пәні ретінде болашақ мұғалімге теориялық және практикалық даярлық жасауды үйрететін пән.

Әдістеме курсы келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Оқытудың лингводидактикалық негіздері. Мұнда қарастырылатын әдістеменің мазмұны мен ретінде; оның басқа ғылымдармен байланысы; зерттеу әдістері; оқытудың мақсаты мен міндеттері; принциптері, әдістері, құралдары, ұйымдастыру формалары кіретін жүйе;
  2. Қарым – қатынастың тілдік құралын оқытудың әдістемелік негіздері (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық лингвоелтану);
  3. Қарым – қатынас қызметін (әрекетін) оқытудың әдістемелік негіздері (аудир, сөйлеу, оқу, жазу, жазба тіл, аударма);
  4. Оқыту процесін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету (сабақ жоспарлау, сабақ түрлері, бақылау, сабақтан тыс жұмыс формалары, оқытудың жаңа технологиялары);
  5. Шет тілі оқытушысының профессиограммасының мазмұны және мамандыққа қойылатын талаптар;
  6. Шет тілін оқыту этаптары, деңгейі және профилі;
  7. Шет тілін оқыту әдістемесінің дамуының негізгі этаптары.

Шет тілі оқыту әдістемесі курсының негізгі бөлімдерінен таныса отырып студенттер тілге үйретудің мақсатын (қандай нәтижеге жетеді), мазмұнын (нені үйрету), әдіс – тәсілдерін (қалай үйрету), қолданатын құралдардың (ненің көмегімен) анықтай алады.

    Сонымен әдістеме  курсы пән ретінде оқытушыларда  профессионалдық компетенция (тілді  үйретудің әдіс – тәсілдерімен  танысу, нәтижесінде тілді үйрету  қабілеті) мен оқушыларда коммуникативті  компетенция (оқитын тілді практикалық  қолдану) қалыптастыруды қамтамасыз  етуді көздейді.

    Шет тілі пәнінің ерекшелігі оны оқытудың мақсатының тек қана сол пән туралы білім алу ғана емес сол сияқты әр түрлі тілдік қызметтің дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру   

      Әдістеме 3 түрге бөлінеді:

  • Жалпы әдістеме шет тілін оқытудың нақты жағдайларынан (этаппен, профильмен және ана тілінің ерекшелігімен байланысты) тыс ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттауға арналған.
  • Жалпы әдістеме Н.Д. Гальскова «Современный метод обучения иностранного языка» Колкер «практический метод обучения иностранного языка» оқу құралдарын және А.А. Монтьевтің «Общий метод обучения иностранного языка» хрестоматиясын оқу ұсынылады.
  • Жеке әдістеме нақты жағдайларда шет тілі оқыту мәселелері және оқушының ана тілінің ерекшеліктерін есепке алу. (Мысалы мектеп оқулықтарының авторлары)
  • Арнайы әдістеме Бұл жұмыс түрі оқылатын тілдің кейбір жақтарын (жеке аспектілерін, тілдік қызметі түрлерін, техникалық құралдарды қолдану, бақылау т.б.) оқытуды сипаттайды

    Шет тілі пәні бойынша әдістеме – тілді оқыту заңдылықтары мен ережелері, оны меңгеру жолдары, оқитын тілдің көмегімен тәрбие беру туралы ғылым.

Әдістеме практикалық пән ретінде оқытушының алдына қойған мақсатына жету үшін жұмыс тәсілдері туралы түсінік береді. Бұған оқыту технологиясы немесе жұмысты ғылыми ұйымдастыру ұғымдары сәйкес келеді.

Әдістеме ғылыми пән ретінде педагогика бойынша жеке дидактика – яғни нақты оқу пәнінің оқыту теориясы болып табылады.

 Әдістеме ғылымы шет тілін оқытудың мақсатын мазмұнын, құралдарын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын зерттейді, оқитын тіл елдерінің мәдениетімен таныстырады. Сонымен бірге оқу – тәрбие және тілді меңгеру жолдарын оқу процесінде зерттейді.

  Әдістеме терминінің негізгі мазмұнын құрайтын үш ұғыммен әдістемеге анықтама беруде жиі кездесеміз. Олар тілді оқыту (learning), үйрену (acquisition), меңгеру (skill)

  Оқыту – оқытушы мен оқушының бірігіп қызмет етуі, нәтижесінде жеке тұлғаны, оның білімі мен тәрбиесін дамыту қалыптастырылады. Шет тілін үйрену – оны оқу нәтижесінде немесе практикалық сол тілде сөйлеушілермен қарым – қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Меңгеру процесінде оқушылар меңгерудің әр түрлі стратегияларын қолданады.

    Әдістемеде терминімен  қатар қолданылатын терминдердің  бірі лингводидактика. 1696ж академик Н.М. Шанский тілді оқыту мақсатында сипаттау үшін енгізген.

    Лингводидактиканың нысаны – тілді оқытудың методологиялық негіздері: лингводидактиканың ғылыми статусын, міндетін, пәні мен құрылымын негіздеу (сүйену, обоснование); оның дидактика мен методикамен байланысын зерттеу т.б.

    Әдістеменің ғылыми  жеке пән ретінде қарастырылуы  көп жылдар бойы дау туғызып  келеді.

    Қазіргі әдістемені  шет тілің оқытудың теориясы деген пікір: әдістеме жеке ғылым болып табылады, әдістеме үшін базисті ғылымдардың (лингвистика, педагогика, психология, социология, культурология) мәліметтеріне сүйенеді дейді.

    Бұл пікір мынадай  аргументтерді келтіреді.

  1. Әдістеменің өзінің оқытатын пәні бар. Ол оқытудың әрі мақсаты, әрі құралы.

  1. Әдістеменің өзінің ұғымдық аппараты яғни берілген сала бойынша терминдер жүйесі бар.

  1. Әдістеменің өзінің зерттеу нысанасы бар.

  1. Әдістеменің өзінің зерттеу пәні бар. Ол әдістеме ғылым ретіндегі қалыптасқаннан бергі білімдер жинағы.

 

Шет тілін оқытудың әдістемесі өзі жеке ғылым бола тұрып басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде әдістеме үшін негізгі пәндер: тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану. Оларды әдістемеге ұқсас ғылымдар деп атайды.

Әдістеме педагогиканың бөлімі жеке дидактиканың бірі болғандықтан педагогикамен тығыз байланысты. Егер педагогика кез-келген пәнді оқытудың теориясы болса, жеке дидактика педагогиканың нақты пәнді оқытудың (мысалы: шетел тілі) ережелерін пайдаланды. Педагогикадан әдістеме көптеген ұғымдарды және ережелерді алған. Мысалы: принциптер, оқу процесі және оның заңдылықтары, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ұғымдар.     

Әдістеме үшін тағы бір негізгі ғылым – психология. Психология жанды нәрселердің дамуы мен психикалық қызметтерінің қалыптасуының заңдылықтары. Психологиядан әдістеменің алатыны: тілді меңгерудің ерекшеліктері, оқу процесіндегі оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері, білімді, сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту сипаты. Психологиядан тілді меңгерудің мотивтерін, оқудағы есте сақтау түрлері мен оның ролін алынады. Мотивацияның ішкі және сыртқы түрлері де болады. Әдістеменің психологиямен байланысы әсіресе жалпы және жас ерекшелігі психологиясы, психолингвистика және педагогикалық психологияда көрінеді.

Әдістеме және тіл білімі

 Лингвистика (тіл білімі) – тілдің құрылымы мен қызметінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Тілді оқыту әдістеменің негізі болса, лингвистиканың нысанасы болады.

«Әдіс» ұғымы (грек тілінде –зерттеу жолы) –мақсатқа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Ол әдістеменің негізгі категориясы болумен қатар, оқыту жүйесінің компоненті болып табылады. Әдіс ұғымы қазіргі ғылымда 3 түрлі мағынада қолданылады: жалпыметодологиялық , жалпы дидактикалық және жеке дидактикалық.

1.   Жалпыметодологиялық  әдістердің көмегімен қоршаған ортаны өзіне тән қасиеті мен заңдары арқылы танып білу іске асырылады. Мұндағы негізгі орын грек философы Сократ, Платон, Аристотель, неміс классикалық философтары: Кант, Фихте, Гегельге беріледі. Оқытушы үшін ғылыми танымның формалары мен жолдарын анықтайтын және лингводидактика саласында зерттеу жұмысының методологиялық негіздері ретінде қолданылуын анықтайтын жалпыметодологиялық әдістерді білу маңызды.

2.   Жалпыдидактикалық әдістер. Бұл әдіс барлық пәндерде оқытудың, білімнің, және тәрбиенің мақсатына жету үшін қолданылады. Оған жаңа метерилды түсіндіру, үлгерімді тексеру т.б. жатады. Бұл әдістер универсалды болумен қатар әр пәнде өзіндік ерекшеліктері де болады. Сонымен жалпыдидактикалық әдістер – оқушының білім алу, тәрбие және даму мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың өзара байланысы жолдарының жиынтығы.

3. Жекедидактикалық (жеке әдістемелік) әдістер. Жалпыдидактикалық әдіске қарағанда жекедидактикалық  әдістер нақты бір немесе бірнеше пәннің өзінің ерекшеліктерін сипаттайды. ШТ оқыту әдістемесінде әдіске жекедидактикалық ұғым ретінде 2 жақты анықтама беріледі: 1) әдіс оқытудағы бағыт ретінде. Мұны ШТ оқытудың әдістемесі анықтайды, яғни оқытудың әдісі – оқудағы мақсатты, міндеттер мен мазмұнды іске асыратын және осы кезде қолданылатын тәсілдерді анықтайтын оқыту бағыты; 2) тілдің бір аспектісін оқытудың тәсілі ретінде.

Әдіс  тілді оқытудағы стратегияларды, соның негізіндегі оқытушының оқу әрекетінің тактикасын қарастырады және сабақта оқытудың моделі ретінде іске асырылады. Әдістің оптималдығы туралы белгілі әдіскер П.Хэгбольдт: «Өзінің әдісін ең жақсы ғылыми және тілді меңгерудің қысқа жолы деушілер, барлық ауруды бірден емдейтін дәріні жарнамалаушы дәрігер сияқты немесе жексенбілік газеттегі француз, испан тілдерін 20 сағатта үйретемін» деген жарнаманы еске түсіреді» дейді.

  Ал Л.Н.Толстой «Әдістің  жақсы не жаман түрлері болмайды, оның кемшілігі тек бір әдісті  ғана қолдануында» дейді.

         Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

     Шетел тілдерін  оқыту принциптерінің белгілі  бір классификациясы берілмейді. Бірақ оқытушы өз қызметін  бағыттауда принциптерді әдістеменің  негізгі мазмұнын құрайтын ғылымдардан, соның ішінде дидактика, лингвистика  және психологиядан алады. Бұл  принциптер өзара байланысты  және оқу процесінің қойған  мақсатына жету жолында біртұтас  жүйе құрады. Қазіргі кезеңде  негізгі әдістемелік принцип  ретінде коммуникативтік принцип  саналады.

Дидактикалық принциптер

Лингвистикалық принциптер

Психологиялық принциптер

Жеке әдістемелік принциптер

- Саналылық

- Белсенділік

- Көрнекілік

- Тұрақтылық

- Жеңілдету

- Пәнаралық координация

- Мәдениетаралық байланыс

- Кәсіби компетенттілік

- Жүйелілік

- Концентризм 

-Лингвистикадағы тіл  және сөйлеу деңгейлерін анықтау

- Функционалдық 

- Стилистикалық дифференциация 

- Тілді минимизациялау

- Мотивация

- Сөйлеу дағдылары мен  қабілеттерін қалыптастыру

- Оқушының психологиялық  ерекшеліктерін ескеру

- Адаптациялық 

- Коммуникативтік

- Ана тілді ескеру

- Ауызшаны алға шығару

- Сөйлеу әрекетінің түрлерінің  өзара байланысы

- Кәсіби бағыттау

- Аппроксимация

- Ситуативті- тематикалық  ұйымдастыру

- Тілді меңгеру деңгейін  ескеру


 

Дидактикалық принциптер дидактикадағы білім беру және оқыту теориясының  негізгі бөлімдерін көрсетеді. Дидактикалық принциптерді анықтаған Я.А.Коменский (1592-1670).

Лингвистикалық принциптер әдістеменің базистік ғылымы ретінде тіл біліміне негізделеді.

Жеке әдістемелік принциптер ШТ оқытудың негізгі әдістемелік принципі – коммуникативтік принцип. Бұл принцип бойынша оқыту процесі қарым-қатынастың табиғи немесе соған жақын жағдайда ұйымдастырылады. Бұл принципті іске асыру оқу процесін шынайы коммуникация процесіне жақындату және ол оқушының белсенді шығармашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады. 

 Дидактикалық принциптер дидактикадағы білім беру және оқыту теориясының  негізгі бөлімдерін көрсетеді. Дидактикалық принциптерді анықтаған Я.А.Коменский (1592-1670).

Саналылық принципі дидактикалық приніциптерінің жетекші орнын алады. Бұл принципті қолдану оқушылардың шет тілдік сөйлеудің мазмұнын, сөйлеу тұратын бірліктерді ұғыну және сол бірліктерді қолдану тәсілдерді түсінуді болжайды. Атақты әдіскер Беляев айтқан: дағды мен шеберлік (іскерлік) қалыптасуы тілді меңгеру үдерісін түсіну барысында анағұрлым тез болады.

Белсенділік принципі деп сабақ барысындаға сөйлеу белсенділігін айтады. Бұл оқушы әрекетіндегі психикалық шиеленісті (напряженность) білдіреді, яғни зейін, ойлау, есте сақтау, оқитын тіл тәсілдері негізінде өз ойын құру және тұжжырымдау. Белсенділіктің негізгіздері: мақсат, мотив, ынта және қызығушылық.

Көрнекілік принципі оқытудағы ең маңыздылардың бірі. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Тұрақтылық принципі оқушылар есінде оқу материалын сақталуын және қарым қатынастың түрлі ситуацияларында оны қолдану мүмкіндігін айтады. Мәліметті меңгеру тұрақтылығына сол материалдың түсінуге оңайлығы, икемді баяндау, оқушыларға эмоционалды әсер етуді қамтамасыз ететін, әр түрлі жаттығулар қолдану негізінде жетуге болады.

Жеңілдету принципі, яғни бұл бірінші сабақтан бастап материал  оқушылардың жас және интелектуалды  ерекшеліктеріне сай келуін қарастырады. Ал сол материалды меңгеруі оқушыларға қиындық туғызбау керек.

Пәнаралық координация, бұл түрлі дисциплиналар тақырыптарының байланысуын қарастырады. Мұның мақсаты – қайталануды болдыртпау және тақырыптардың және қоршаған ортаның құбылыстарының оқушының санасында бірыңғай қабылдауын қамтамасыз ету. Коменский жазған: «Өзара байланыста болатынның барлығы, сол байланыспен оқытылу керек»

Мәдениетаралық байланыс оқу тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде, оқытушы сол тәлде сөйлейтін адаммен мәдни аралық байланыста оқушылардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін ұйғаруы.

Информация о работе Шетел тілін оқытудың әдістемесі курсына кіріспе