Шығармашылық психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 10:04, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі – өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.

Файлы: 1 файл

Шыгармашылык психология.doc

— 42.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ

 

“Психология”  пәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық  психология

 

 

Орындаған:

Мурсалимова Н.М.

“Қазақ тілі мен әдебиеті” мам.магистранты

 

Қабылдаған:

Тоқсанбаева Н.Т.

Психолгия ғыл.док., профессор 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

 

Қазіргі кезде ғылымда  тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу  жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі – өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.

Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл  – шығармашылық.

Ізденушілік дағды, оқудың интеллектуалды біліктілігі кейіннен барып зерттеу пәні ретінде арнайы қалыптастырылды. Себебі осыларсыз индивидтің шығармашылық дамуы қиын деп барлық оқыту әдістерін тізіп келіп танымдық ойындар мен проблемалық – ізденушілік әдістер де қажет деген. Оқушылардың ойлау дербестігін дамыту, проблемалық тапсырмаларды өздерінің құрастыруы аса бағалы, өйткені соның арқасында шығармашылық әрекет тәжірібесін меңгеруге ықпал етуге болады.

Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі.

Шығармашылық қиялмен тығыз  байланысты. Қиялдың даму деңгейі  мен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.

Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Суретте, ғылыми әдебиетте көркем өнерде т.б.

Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның  білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мәселесі тек психологтарға ғана қызықты болған жоқ. Неге бір адамдар бір нәрсені ойлап табады. Екіншілерінде мұндай мүмкіндік жоқ деген сұрақ көптеген ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психолог Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процеске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылықта қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты.

Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды.

1. Дайындык ( идеянын тууы )

2. Пісіп-жетілуі ( концентрация )

3. Оянушы (кенеттен шешім табуы)

4. Тексеру

Г.С.Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдін міндеттері қажетті эффектіні алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады.

Үшінші денгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілер мен құбылыстар арасынан іздеуге тура келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.

Альтилуллердің пікірі бойынша, шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі – олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі. Мысалы, егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Мұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.

Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне, еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінін заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процесі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуімен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен, яғни аналитикалық-синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
  2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
  4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
  5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
  6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
  7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
  8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
  9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
  10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.

Информация о работе Шығармашылық психология