Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 10:04, реферат
Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі – өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.