Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 20:53, курсовая работа
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады.
Мысалы: «Ойнай білмеген
ойлай да білмейді»- деген мақал-
мәтелден- ақ баланың ойынға аса
құмар келетіндігі, ойын арқылы
баланың ойынға аса құмар
Ойындарды қолдану
сабақтың әсерлілігін арттырып,
балалардың логикалық ойлауын, математикалық
қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші
ойындарды шығармашылықпен
Бала ойынды ойнау үстінде
өз денесінің кеңістіктегі
Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек ар- ұяты мол үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талй ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет- ғұрпына, салт- дәстүріне арқа сүйейді.
Кейінгі кезде оқу іс- әрекеттерінде қазақтың ұлттық «Бес тас», «Асық ату», «Санамақ» т.б ойындарын тиімді пайдалану ұсынылады. Ойын арқылы өтілетін оқу іс- әрекеттерінде балалар, өзіміздің ұлттық ойындарды білумен қатар, ойын арқылы санауға, түр- түсті, алыс- жақынды, көп- азды ажырата білуге үйренеді.
Қазақ халқының халық ауыз әдебиет үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген- білген, көңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен өткізген ақыл- ойдың жиынтығын, балалар бойына жеткізу арқылы олардың ой- өрісін дамытуға болады.
Халқымыздың ауыз
әдебиетін, ертегілер мен аңыздарды
балалар сүйіп, қызығып тыңдайды.
Халықтық шығармалармен мектеп
жасына дейінгі балалар ата- аналарының
айтуы, оқып беруі бойынша от
басында әуелден ақ таныса
бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар
айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік
өлеңдер, бәрі де балаларды қызықтырып,
оларды мәз- мейрам қуанышқа кенелтеді.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің
балаларға қалдырған әдеби
Мәселен «Бір
қазан сүт» деген өлеңді
Тәрбиеші асықпай
«төгілген де жоқ, ешкім де
ішкен жоқ!» деп балаларға
Көбелек келіп күмп етіп,
Көбігін ішіп ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті,
Қарға келіп қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп саңқ етіп,
Сарқып ішіп ол кетті.
Қырғауыл келіп қиқу сап.
Сарқып ішіп ол кетті.
Қазан түбін қаспағын
Қырналап жеп ол кетті,- деп термелей жөнелді. Балалар осы өлеңнен кейін бірталай құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді және қанша құс сүт ішіп кеткенін анықтай отырып математикалық ұғымдары қалыптасады, сөздік қоры толыға түседі.
Балалар
осы өлеңнен кейін бірталай
құстардың аттарын біліп және
дыбыстарын дұрыс айтуға
Көңіл көтеретін ойындар арифметикалық доминолар , лотолар, арқылы балалардың ақыл- ой белсенділігін арттыру, бастаған ойынның қорытындысын алдын- ала болжай білу балалар білімін қалыптастырып, олардың жан- жақты дамуын одан әрі толықтыра түседі.
2-Сызба
Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.
Баланың ойында не
бар, ол не істей алады, жасы
өскен сайын ол қалай өзгеріп,
нені үйреніп келеді дегенді
анықтау, оған әсер ететін себептері
іздестіру балалар
Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен жылдың басында және аяғында театрландырылған жұмыстар арқылы «Құпия» сынақ (эксперименталдық) ойындар өткізіп отыруы. Бұл ойындардың өн бойында музыканың тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайтын, ал ұялшақ, ұяң балаларға жәй ролдер беріледі. Бұдан кейін өздерін тиісті ролдерде ойнай алатын қабілетті балаларды театрландырылған жұмысқа кіргізіп отыру. Осындай 5-6 баламен жекелей жұмыс жүргізу. Оларға қуыршақты қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән беру. Бұл- негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйрету. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Бибабо саусақтары, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтіреді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынады. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балапандап жүретінін көрсету. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналады. Мысалы: қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізіледі. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолданамыз:
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектепке дейінгі мекеме ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Балалардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Балалардың өзіндік
жұмысы – педагогтың қажетті нұсқаулары
бойынша баланың оқу жұмысының жеке дара
және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды
орындау барысында балалар дан белсенді
ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде
балалар өздігінен бақылауды үйренеді,
олар да тапсырылған істі орындаудағы
жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік,
табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімендеген
жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік
жұмыстың негізгі мақсаты балалардың
танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттері мен қызығушылығынжетілдіру,
білімге қүштарлығын ояту. Педагог оқу
іс-әрекетіндеәдіс - тісілдердіпайдаланаотырып,
балалардыңұсыныс – пікірлерін еркін
айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне
деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып
отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген
әрбір оқу іс-әрекетінде балалардың ойлануына
және қиялына негізделіп келеді, баланың
тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге
үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер
пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,
онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды
ойлап, балалардың шығармашылық деңгейін
бақылап отыру әрбір педагогтың міндеті.
Балалармен жұмыс істеу
– ерекше маңызды педагогикалық проблема.
Осыған байланысты дарынды балалармен
жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін
анықтауға болады:
Яғни осындай жұмыс істеу
бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке
жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті
дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс
пайда болады. Дарынды баланың бойындағы
дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі,
тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан
алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы
және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады
және дамиды.Осындай жұмыстарды үнемі
жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт
бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға,
қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.
“Дарындылық — адамның өз бейімділігі
арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы
қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында
табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы
болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей,
осындай баланың бойындағы дарындылық
қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің
кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі
айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту
парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың
бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап,
дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі
керек.
Дарындылық пен қабілеттіліктің
не екенін, бала дарындылығын анықтайтын
психодиагностикалық әдістемелердің
тиімділігін, нәтижелілігін білетін педагог
ғана дарынды баламен нәтижелі жұмыс істей
алады.
Дарынды баламен жұмыстың негізгі мақсаты
— олардың шығармашылық жұмыста өзінің
қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.
Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп
оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін
дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын
анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге
асырылуы керек? Ол үшін баланың дарындылығын
анықтап,дамыту үшін әр пән педагогі өзінің
алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді
қоюы керек.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда педагог мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.
Информация о работе Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері