Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 20:53, курсовая работа

Описание работы

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады.

Файлы: 1 файл

курсовой психология.docx

— 104.57 Кб (Скачать файл)

   Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда педагогтар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:

  1. Пән оқу іс-әрекеттерінде шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
  2. Дарынды балалардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
  3. Оқу іс-әрекетінен тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік конкурстар, ғылыми жоба, интеллектуалдық ойындар мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
  4. Мектепке дейінгі мекемелерінде дарынды балалар үшін арнайы топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға.

     Қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде педагог жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қажет, олардың ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы шәкірт тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім алушы бала – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы бала:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;
  • Дарынды, өнерпаз;
  • Іздемпаз, талапты:
  • Өз алдына мақсат қоя білу керек;

    Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық  қабілеттерін дамытудағы  негізгі мәселелер мен оның туындау себептері. Қазіргі күні Қазақстандағы қабілетті балалардың жағдайларын жоғары деңгейде қалыптастыру мен дамытуда  кедергі болатын проблемалар келесідей:

  1. Инновациялық  сипаттағы жобалардың аздығы және материалдық  субсидиялауы әркімнің қолынан келмеуі .

      Ондай жобаларды ойлап табушылар аз. Осы бағытта жобаларды жасаушылардың қызығушылық деңгейі төмен және өз жобасын жоғары деңгейге көтеруде көптеген кедергілер болу мүмкін. Отандық жобалар кейде нарықтық талаптарға, инновациялық сипатқа сәйкес келе бермейді.

  1. Біздің педагог -ғалымдарымыз жасақтаған жобаларың шет елге   

кетіп жатқандығы. .  
1.  Өз елінде балалардың қабілеттілігін көтеру мәселесі жоғары деңгейде аз қарастырылған, көбнесе әр ата-анаға ғана соған көңіл бөлуде, соның өзінде қаражаты және уақыты  жетсе ғана. Сондықтан да көптеген Қазақстандық педагогтар өз  жобаларын қаражат бөлетін ғана шетелдiң пайдасына еншiлеп жiбередi.

2.Көп жағдайда дарынды балалардың жағдайларында кездесетін қиыншылықтар тек мемлекет шешуде, ал жеке инвистициялау жолдары аз қамтылған.

      3. Қазақстанда қабілетті балаларды  алға жылжыту жөніндегі сервистің                  әлсіз дамығандығы. Дарынды балалармен  жұмыс істей алатын кәсіби мамандар аздығы.

ІҮ. Проблеманы шешу жолдары және оның болашақтағы нәтижесі.

  1. Әр оқу орындарында педагог-ғалымдарға, сонымен бірге болашақ мамандарға осы тақырыпта жоба жасауды ұсыну және сол жобаны жүзеге асыруға көмек көрсету.
  2. Инновациялық сипаттағы жобаларды көпшілікке жариялау және субсидия жасайтын мекемелерге оның маңыздылығын нақты көрсету.
  3. Жасақтаған, сыннан өткен инновациялық жобаларды патент жасауға жағдай жасап, шет елдерге жібермеуді  қарастыру.
  4. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» саласындағы кездескен қабілетті балаларды көпшілікке жариялап, олардың мемлекет үшін маңыздылығын көрсету және жеке инвистициялау жолдарын қарастыру.
  5. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандардың санын көбейту, бұл бағытта педагогтардың жұмыс жасауға қызығушылығын көтеру жұмыстарын қарастыру.

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

            Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес. 
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – педагог, ата-ана және қоғам қауымының міндеті. 
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi. 
Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша, құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды. Олардың негізінде жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі жүреді, оның тәлім-тәрбиесі, өмірдегі орны, мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді.

           Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы бес білім сала бойынша дамыту қажет. Ол: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

 Нәтижесінде: баланың ойлау, шығармашылық қабілеттері дамытылады.  
Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттілігін дамытуда оның танымдық қасиеттерін дамыту қажет, сіздің назарларыңызға «Мектеп жасына дейінгі баланы ойнатып дамыту» ойындар мен жаттығулар жинағын ұсынамын.  
Ойындар мен жаттығулар жинағының мақсаты: 
Бағдарлама межесіне сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру. Ойындардың мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының интелектуалдық және барлық психологиялық үрдістерге қатысты сапаларын дамыта түсу. Мектепке оқуға меңгерген білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру. 
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

       Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.   Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді.

         Мектепке дейінгі ұйымдардың оқыту іс- әрекетендегі негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту. Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен  бірегейлігімен ерекшеленеді.

    Шығармашылық  қабілет әр баланың табиғатында  болуы мүмкін. Менің міндетім  – оқушы бойында жасырынып  жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда  осы тақырыпты таңдап алдым. Баланың  шығармашылық қабілетін дамытуда  оқушыны жеке тұлға ретінде  қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Бала қабілеті мен әрекетін  дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге  үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе  отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін  жетілдіру. шығармашылыққа арналған  тапсырмалар арқылы балалардың  қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық  әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын  дамытып, баланы өз бетімен жұмыс  істеуге икемдеу. Сондай- ақ балабақшада балабақшада балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың және дамытудың дидактикалық әдістерін пайдалануды ұсынар едім.

      1.Стрела әдісі:Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.

      2.Бумеранг әдісі: Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.

       3.Лоскутная: Тәрбиешілердің  әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыруы.

      4.Ынталандыру және әсерлендіру әдісі: Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.

     5.Оқытудағы  белсенділік және интенсивтік  әдістер: Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру.

    Шығармашылық- зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы- зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті. Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

     Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген.

    Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған». Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.

     Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:

    -жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

    -іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен.

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007ж.
    2. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Балбөбек» бағдарламасы, Астана, 2007
    3. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана, 2010ж.
    4. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана, 2010ж.
    5. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Астана.2010
    6. С.Д.Андабекова « Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, «Адам және қоғам», 2012
    7. Меңжанова А.К «Мектепке дейінгі педагогика», Алматы, 1992ж.
    8. Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика». Астана «Фоллиант» баспасы,2008ж.
    9. Ядэшко В.И.,Сохина Ф.А. «Мектепке дейінгі педагогика» А.Мектеп,1982ж.
    10. Қоянбаев Ж. «Педагогика». Астана.1998ж.
    11. Сағындықов Е. «Педагогика». Астана, 1998ж.
    12. Мухина В.С. «Алты жастағылар мектепте». Алматы.Мектеп.1982ж.
    13. З.Н.Нурдавлетова «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы»

Информация о работе Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері