Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 10:00, реферат
Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады.
Студенттердің оқу
процесіне бейімделуінің
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008
Автор: Байтемирова
К.Б.
Жоғарғы оқу орнында білім
алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен
немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу
күрделілігімен ажыратылатын зерделік
шақтың бірінші кезеңімен сәйкес
келеді. Осы зерделік шақтың бірінші
кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С.
Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және
т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі
адамгершіліктік дамудың
Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезім-дердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен «экономикалық белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолын бастауы және өз жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтар-дың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттерінің қалыптасуының шапшаң-дығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді.
Студенттік шақ сондай-ақ бұл кезеңдегі интеллектуалдық және физикалық күш дамуының оптимумының көпшілігіне қол жеткізілуімен де ерекше-ленеді. Бірақ та, осы мүмкіндіктерімен олардың жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар кезедсіп жататыны да рас.
Эриксон бойынша жастық шақ әлеуметтік және индивидуалды жеке бастық таңдаулар, идентификациялар және өзіндік анықталулардың сериясынан тұратын бірегейлік дағдарысының аумағында құрылады. Егер жас адам осы міндеттерді шеше алмаса онда адекватты емес бірегейлік қалыптасады. Ол негізгі 4 бағытта жүруі мүмкін:
1) психологиялық интимдіктен кету, өте тығыз тұлға аралық қатынастардан қашу;
2) уақыт сезімін шаюы,
өмірлік жоспарларды құруға
3) өнімділік, шығармашылық қабілет-терді шаюы, өзінің ішкі ресурстарын жұмылдыру қандай да бір негізгі іс-әрекетке тұрақтала алмау;
4) «негативті бірегейліктің»
қалып-тасуы өзіндік
Жоғарғы оқу орнына түсу жас адамда өз қабілет, мүмкіндіктеріне сенімін нығайтады, толыққанды және қызықты өмірге үмітін жалғайды. Сонымен қатар екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орнын, мамандықты, кәсіпті таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақтың кездесуі де жиі байқалады
Б.Г. Ананьевтің тұжырымы бойынша
студенттік жас кезеңі адамның негізгі
социогенездік потенцияларының
дамуы үшін сензитивті кезең болып
табылады. Жоғарғы білім адам психикасына,
оның жеке басының дамуына үлкен
әсер береді. Оқу орнында білім
алу кезінде жағымды жағдайлар
болғанда студенттерде психиканың барлық
деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар
адам саналылығының бағыттылығын анықтайды,
яғни, жеке адамның кәсіби бағыттылығын
сипаттайтын ойлау қоймасы
Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды.
Студенттің табысты іс-
И.П. Павловтың ашқан психо-
Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағым-сыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.
Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.
Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі Стокаренко бойынша келесідей жіктеледі:
а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы;
б) әлеуметтік – психологиялық
бейімделу – индивидтің топқа, онымен
өзара қарым-қатынасқа
Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [4].
Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін көрсетеді:
1) формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
3) Дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу.
Студенттердің үлгерімді оқуы көптеген факторларға тәуелді. Олардың ішінде ең бір маңыздысы болып табылатын – ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші ретіндегі интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет атқаратын – зейін.
Көпшілік бірінші курс
студенттері алғашқы кездері
өзіндік оқу жұмысындағы
Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру болып табылады.
Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.
Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін үлкен резервтері студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайындалмауы кездейсоқ емес [2].
Уақыт бюджетін социологиялық
зерттеуі студенттің жұмыс күні жеткілікті
тығыз және аудиториялық сабақтармен
қосылғанда 8-9 сағатқа көбейеді. Бірақ
та будан оқуға деген түрлі
қатынаспен анықталынатын жұмыс
уақытында өте үлкен
Студенттің оқу орнына
оптималды бейімділігін қамтамасыз
ететін тактика мен жоспарларды
жасау үшін бірінші курс дәрістенушісінің
өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын,
басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық
деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын
саналы реттеу қабілетін және т.б. білу
маңызды. Осы мәселені сәтті шешу
жоғарғы оқу орнының
Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында диском-фортты сезінеді. Оларды жоғарғы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері – ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады.
Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі оқушылар – академиялық жұмысқа жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті – жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.
Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Сту-денттерге арнау», «Мамандыққа кіріспе» курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс студенттерінің сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады».
Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.
Бірінші курс ұжымдық өмірдің
студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті
үйрету міндетін шешеді. Студенттердің
мінез-құлқы конформизмнің
Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.
Үшінші курс – мамандандырудың
басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың
күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының
тереңдеуі мен ары қарай
Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.
Үшінші және төртінші, кей
жағдайда екінші курстарда өмірлік
серігін іздеу маңызды рөл
атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық
іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді.
Қарама-қарсы жыныс өкіліне
Информация о работе Студенттердің оқу процесіне бейімделуінің теориялық негізі