Студенттердің оқу процесіне бейімделуінің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 10:00, реферат

Описание работы

Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады.

Файлы: 1 файл

психолог.docx

— 30.06 Кб (Скачать файл)

Студенттің жеке басының  психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртқының  ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық  үрдісі.

Бұл типологияда жалпы  студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу үлгеріміндегі, мамандығына  қатына-сының айырмашылықтарына, негізгі  қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос  уақытын өткізу ерекшеліктеріне  баса назар қойылған.

Оқытудың сәттілігі оқытылу  сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін  адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы  мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.

Студенттердің үлгерімі тек  арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект  дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез  қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық  және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын  күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың  себебінен студент белсенділік  танытуға мәжбүр болады.

Жеке адамның потенциалды  мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды  шарты оның қандай да бір іс - әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді  нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде  орын алады.

Студенттің жеке басындағы  негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста  студенттер өзгелерді ғана емес өзін де танып-біледі, әлеуметтік өмірдің  тәжірибесін меңгереді.

Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы – қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын  ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, студенттердің іс-әрекеттерінде  олардың мінезі де көрініс береді. Мінез – адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс – тұрысына әсер ететін қырлар жиыны.

Сонымен студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:

- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы  зерделілік (ересектік);

- наным-сенім, дүниеге  көзқарасы;

- өзбеттілік - турашылдық;

- сыншылдық және өзіне  сыншылдық;

- ішкі сенімсіздікті тудыратын  өзіндік бағасының қайшылығы;

- максимализм, үлкендердің  ойына жағымсыз қатынас;

- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік,  айқаймен әсер етуге талпыныс;

- интеллектуалдық танымдық  дамудың жоғарғы шегі.

Студенттік кезең кәсіби ойлау мен кәсіби компотенттілігінің қалыптасу-ындағы ең қолайлы кезең.

Біздің ойымызша, студент  жеке адам ретінде өз қызығушылықтары  мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар  келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Студент оқу уақытынан бөлек  махаббат, эстетикалық таным, басқалармен  қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын  өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініспеушілікке, қызғаныш пен жек көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Столяренко Л.Д. Основы  психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е  изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.

2. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г. Стефаненко. – М.: Академический  проект, 1999. – 320 с.

3. Яковленко Л.Н. Адаптация  первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.

4. Воронский В.А. Исследования  студентов к условием в вузы / В.А. Воронский // Соционика. –  2001. - №6. – С. 29-33.

5. Любимова Г.Ю. От первокурсника  до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник  Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52 с.

6. Свиридова Н.А Адаптационные  процессы в среде молодежи /Н.А  Свиридова // соц. ис. № 1. 2002.

7. Дудник Е.А. Адаптация  учащихся младщих классов к  условиям обучения в среднем  звене. Дипломная работа. - У-Ка, 2000.

Бейімделу (лат. adaptare — бейімделу)— ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі — гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальтпсихология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Нәрселердің бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық жәнепсихологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктсріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік


Информация о работе Студенттердің оқу процесіне бейімделуінің теориялық негізі