Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 19:57, контрольная работа
Студенттерді оқыту – олардың іс-әрекеті мен психикасына білім беру, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатымен, әсер ету. Т.В.Габайдың анықтауы бойынша, өзіне 2 жүйелікті, немесе іс-әрекетті қамтитын оқу іс-әрекетінің құрамдас бөлігі. Біріншісі – оның негізгі функционалдық компоненті–іс-әрекет-оқу. Оқу іс-әрекетінің функционалдық дайындық компонентіне – оқыту іс-әрекеті кіреді. Оқыту іс-әрекеті – оқушылардың алғашқы тәжрибе меңгерулерімен іске асатын, «таза» таным актісі. Оқыту іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің сәтті болуына бағытталған. Оқу іс-әрекетінде тек іс-әрекеттің танымдық қызметі ғана қамтылмай, оның қажеттілік, түрткі, эмоция ерікке де бағыталуымен анықталады.Іс-әрекеттің негізгі сипаты оның заттылығында. Заттығы оның табиғи объектілігінде ғана емес, ондағы қоғамдық қозғалыс тәсілінде.Іс-әрекеттің екінші бір сипаты- оның әлеуметтік, қоғамдық-тарихи табиғатында.