Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:58, лекция
Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған.
Лекция 9. Темперамент пен мінез
ТЕМПЕРАМЕНТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.
Қазiргi уақытта темпераменттi зерттеуге байланысты көптеген бағыттар бар. Бiрақ, зерттеу бағыттары әр түрлi болса да, көптеген зерттеушiлер темпераменттi биологиялық негiз деп атайды.
Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'' (Теплов Б.М., 1985). Сонымен темпераменттiң екi компонентi бар-белсендiлiк және эмоционалдылық. Мiнез-құлық белсендiлiгi жiгерлiлiк, екпiндiлiк, шапшаңдық немесе, керiсiнше, баяулылық және инерттiлiкпен сипатталады. Ал, эмоционалдылық белгi (жағымды немесе жағымсыз) және модалдылықты (қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу және т.б.) анықтай келе, эмоционалды процестердiң жүруiн сипаттайды.
Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын, күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ әлсiз сезiм, меланхолик типiне ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, әлсiз сезiмдер тән.
Бiрақта барлық адамдарды темпераменттiң негiзгi төрт түрi бойынша бөлемiз деп ойлау қате болды. Тек кейбiр адамдар ғана темперамент түрлерiнiң таза өкiлдерi бола алады; ал көптеген адамдарда бiр темперамент қырлары басқа темперамент қырларымен қоса жүретiнiн байқауымызға болады. Бiр адамның бойынан әр түрлi жағдайларда, iс-әрекеттiң әр түрлi аймағына деген қатынаста темпераменттiң әр түрiн байқауымызға болады.
Ерекше мән берiп айта кететiн жайт, темперамент адам қабiлетi мен дарындылығын анықтамайды. Барлық темперамент кезiнде де үлкен қабiлеттiлiктi кездестiруiмiзге болады.
Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының да жағымды және жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.
Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.
Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға болмайды.
Темперамент туралы теорияларға қысқаша шолу
Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.
Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:
1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;
2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.
Темпераменттердiң осы бөлiнiстерiне қысқаша тоқтала кетейiк:
Сангвиник сезiм темпераментi- олардың сезiмдерi сырттай күштi көрiнгенiмен,терең және тұрақты емес.
Меланхолик сезiм темпераментi- сырттай күйзелiстерi онша күштi емес, бiрақ iштей терең, әрi ұзақ болып келедi.
Сангвиник iс-әрекет темпераментi – оптимист, сенiмi мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып тез қайтады, көп уәде бередi, бiрақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа таныс емес адамдармен тез тiл табыса алады, жақсы пiкiр-таласқа түседi, ол үшiн барлық адамдар дос болып келедi. Оның негiзгi ерекшелiгi көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңiлдiлiгi. Оны ақыл-ой және дене жұмыстары тез шаршатады.
Меланхолик iс-әрекет темперамент – себебi ол сангвиникке қарама-қарсы, көңiл-күйi төмен адам. Мұндай адамдардың iшкi өмiрi күрделi, олар өзiне қатысты барлық нәрселерге үлкен мән бередi, сезiмтал жанды, әрi уайымшыл болып келедi. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады, орындай алмаса уәде бермейдi. Берген уәдесiн орындай алмағанда көп қиналады.
Холерик iс-әрекет темпераментi- себебi ашуланшақ адам. Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз. Егер де онымен бәтуаға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бiрақ ұзақ емес.
Флегматик iс-әрекет темпераментi-себебi суық адам. Ол күрделi белсендi жұмыстан гөрi, қол бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.
И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен психикасының динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты болады. Себебi ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз. Сонымен қатар, темперамент қасиеттерi әлеуметтiк ортадағы адамдардың әрекеттерiмен тығыз байланысты. Темперамент түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi, жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. Меланхоликтер керiсiнше, жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн сақтайды. Олардың жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының сапасы бiрдей, айырмашылықтары әр кезеңдегi жұмыс динамикасында.
Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ және мақсатына жеткенше белсендi бола алады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:
Немiс анатомы Гейне
Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң
физиологиялық ерекшелiктермен
В.Д.Небылицин темпераменттiң
Бұл компоненттер құрылысы және психологиялық көрiну формалары жағынан әр түрлi. Бұл жерде үлкен орынды индивидтiң белсендiлiгi алады. Оған шаршау, инерттiлiк, енжарлық т.б. жатады. Ал, моторикаға қозғалыс тездiгi мен күштiлiгi, эмоционалдылық көңiл-күй, аффект,сезiм т.б.жатады.
Темперамент қасиеттерi:
Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
Кеңес психофизиологы Русалов жүйке жүйесi қасиеттерiнiң жаңа тұжырымдамасына сүйене отырып, темперамент қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн ұсынды. Темпераменттiң компоненттерi: төзiмдiлiк, жылдамдық, сезiмталдық, икемдiлiк. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық шарттастықта. Темперамент- психофизиологиялық категория, себебi ол толық туа бiткен де емес, ортамен байланысты да емес. Темперамент қасиеттерi заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлi, сондықтан да оларды жеке-жеке қарастыруымыз қажет. Айта кететiн бiр жайт, темперамент тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мiнез-құлық пен психикалық процесстердiң өту ерекшелiктерiне де байланысты болады. Танымдық процестер, заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынасқа сәйкес темперамент қасиеттерiн қарастырайық.
Танымдық процестер бойынша:
Олар: 1) белсендiлiк (ойлау, қабылдау, қиял, зейiн қою, есте сақтау): адам белгiлi бiр обьектiнi қаншалықты тез есте сақтай алады, қабылдай алады, оған зейiнiн қоя алады. Ондағы қарқын психикалық процестер жұмысына байланысты.
2) өнiмдiлiк: белгiлi бiр уақыт
iшiнде танымдық процестер
3) қозу мен тежелудiң ауысуы:
танымдық процестердiң бiр
Заттылық iс-әрекет бойынша:
Қарым-қатынас бойынша:
Жалпы психикалық белсендiлiк темперамент
сипаттамасында орталық орын алады.
Бұл жерде сөз белсендiлiктiң
мазмұны, оның бағытталуы туралы емес,
оның динамикалық ерекшелiктерi мен
iс-әрекеттiң энергетикалық
Белсендiлiктiң динамикалық
Эмоционалдық бойынша
Темпераменттiң физиологиялық негiзi.
И.П.Павлов иттердегi шартты рефлекстердiң
ерекшелiктерiн зерттей келе, олардың
жүрiс-тұрысындағы жеке-дара ерекшелiктерге
және шартты-рефлекторлы iс-әрекет өтуiне
зейiн қойды. Бұл ерекшелiктер жүрiс-тұрыстың
аспектiсi шартты рефлекстердiң тууының
жылдамдығы мен нақтылығында, сонымен
қатар олардың тынышталу