Темперамент пен мінез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:58, лекция

Описание работы

Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған.

Файлы: 1 файл

9 семинар психология.docx

— 49.29 Кб (Скачать файл)

И.П.Павлов қозу және тежелу күшiн қарастыра  келе, оларды жүйке жүйесiнiң тәуелсiз  қасиетi ретiнде қарастырды. Қозу күшi жүйке клеткаларының жұмысқа  қабiлеттiлiгiн бейнелейдi. Ол жүйке  жүйесiнiң ұзақ уақытты қозуларына деген шыдамдылық кезiнде көрiнедi. Ал тежелу әр түрлi тежелу реакциялары  кезiнде көрiнедi.

Орыс физиологы И.П.Павлов ағзаны бiртұтас механизм деп қарастырып, ондағы ми қызметiне үлкен мән берген. Оның ойынша ми келесi қызметтердi атқарады:

  1. Ми адам ағзасын сыртқы ортамен байланыстырып, оларды бейнелеп отырады.
  2. Ми адам ағзасындағы әр түрлi мүшелерден белгiлi-бiр әсер ала отырып, сол әсерге байланысты өз қызметiн қажеттi түрде бағыттайды.
  3. Ми адам ағзасындағы әр түрлi мүшелердiң қызметiн үйлестiрiп, бiрiктiрiп отырады.
  4. Ми адам ағзасындағы мүшелер жұмысын реттейдi.

Бұған  қоса И.П.Павлов жоғары жүйке  жүйесi қызметiнiң мынадай негiзгi қасиеттерiн ашып көрсеткен:

  1. Жүйке жүйесiнiң күшi.
  2. Жүйке жүйесiнiң тепе-теңдiгi.
  3. Жүйке жүйесiнiң қозғалғыштығы.

Жүйке жүйесiнiң күшi дегенiмiз- жүйке  жүйесi мен жүйке клеткаларының  жұмыс қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiшi. Ол көрсеткiш не күштi болуы , не әлсiз  болуы мүмкiн.

Күштi жүйке жүйесi тiтiркендiргiштерге төзiмдi болса, әлсiз керiсiнше болады.

Жүйке жүйе процессiнiң тепе-теңдiгi- қозу мен тежелудiң өзара тең  екендiгiн көрсетедi.

Жүйке жүйе процессiнiң қозғалғыштығы  дегенiмiз- бiр процесстiң екiншi процесске  алмасу шапшаңдығы.

Жоғары жүйке қасиеттерiнiң келесi дегiдей типтерi бар. Олар: күштi және әлсiз. Күштiнiң өзi екiге бөлiнедi: тепе-тең және тепе-тең емес. Тепе-теңнiң өзi өз алдына ширақ(лабильдi) және тыныш(инерттi) болып бөлiнедi. Сонымен:

Күштi, тең емес, ұстамсыз-холерик.

Күштi, тепе-тең,қозғалғыш-сангвиник.

Күштi, тепе-тең, инерттi-флегматик.

Әлсiз тип-меланхолик.

Сонымен, И.П.Павлов жүйке  жүйесiнiң типi деп туа берiлген және қоршаған орта , тәрбиенiң әсерiнен  өзгеретiн жүйке жүйесiнiң қасиетi деп түсiндi. Бұл жүйке жүйесiнiң  қасиеттерi темпераменттiң физиологиялық  негiзiн құрайды.

И.П.Павловтың қазiргi ғылымның дамуына  қосқан үлесi орасан зор. Оның жасаған  жүйке жүйесiнiң типологиясы физиология тұрғысынан түсiндiруге болады, бiрақта  ол шындық болып табылмайды. Себебi, адам мiнез-құлқы өте күрделi, ол туа  берiлген сипаттамалармен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайлар  талаптарымен, тәрбие ерекшелiктерiмен  де анықталады.

 

Темперамент және жеке адам

Темперамент пен жеке адам өзара  тығыз байланысты. Темперамент жеке адам қасиеттерiнде, әсiресе мiнез ролiнде анықталады. Темпераментпен әсерленгiштiк, импульсивтiлiк, уайымшылдық қасиеттерi байланысты.

  1. Әсерленгiштiк- әр түрлi стимулдардың адамға әсер етуi, оларға жауап беру мен оларды есте сақтау мерзiмi. Бiрдей стимулдар жоғары әсерленгiш адамдарға әсер еткенде, олар сол әсерлердi өте ұзақ сақтайды және оған күштi жауап қайтарады.
  2. Эмоционалдылық- әр түрлi оқиғаларға байланысты адамның эмоциялық реакцияларының жылдамдығы мен тереңдiгi. Кей адамдар онымен болып жатқан барлық нәрселерге тым үлкен мағына бередi, ешқашан да тыныштық қалпында болмайды, үнемi әр түрлi эмоцияларда болады.
  3. Импульсивтiлiк- импульсивтiлiгi жоғары адамдар ойланбай бiр нәрсе iстеп қояды да, кейiн соған өкiнедi. Ол реакциялардың ұстамсыз, кенет пайда болуы мен iске асырылуына байланысты.
  4. Уайымшылдық- уайымшылдығы жоғары адамдар уайымдау, үрейлену салдарынан әр түрлi эмоционалды күйге түседi: қорқыныш, қауiптiлiк, үрей. Уайымшыл адамдар бейтаныс адамдардан, телефон шылдырынан, емтихан тапсырудан, көпшiлiк алдында сөйлеуден т.б. қорқады. Оның ойынша, дүниедегi барлық нәрсе оған қауiп төндiредi.

Адамның мiнез-құлқы туа пайда  болған белгiлi бiр тип өзгешелiктерiне ғана байланысты емес, жүйке жүйесi қызметiнiң өмiр сүру барысында  қалыптасатын түрiмен де байланысты болады.

Кейде тыныш отырған флегматик  холерикше буырқанып, күйiп-пiсуi мүмкiн  де, ал  холерик өз күш-жiгерiне сенбей меланхолик жағдайына  түсуi де мүмкiн. Бұл жерден бiз аралық темпераменттердiң болатындығын байқаймыз. Темпераменттiң табиғи, қарапайым көрiнiстерi балалық шақта жақсы көрiнедi. Бала өскен сайын сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түсiп, одан алған әсерi де молая бередi.

 

Темпераменттiң  психологиялық сипаттамалары

Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi  болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi,қызба келедi.Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.

Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр  тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез  атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.

Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа  жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн  жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi.адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық  пен селқостық оның осал жағы. өзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста  ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.

Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. өсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.

 

 

Темпераменттiң жастық ерекшелiктерi

    Темперамент қасиеттерi жүйке жүйесiнiң, олардың ең жақын физиологиялық негiзiн құрайтын қасиеттерi сияқты тумасынан пайда болады, мұрагерлiк анықталған болады.

Жүйке жүйесiнiң кей қатынастарының мұрагерлiк анықталғандығы ''егiздер әдiсiнiң'' қолданылуынан кейiн анықталды. Егiздерде психофизиологиялық қасиеттердiң  ұқсастығы бұл қасиеттердiң мұрагерлiк  арқылы пайда болғандығының дәлелi бола алмайды, себебi егiздер арасындағы ұқсастық даму жағдайларының бiрдейлiгiмен  түсiндiрiлуi мүмкiн. Бiрақ егiздердiң  екi типi болады: Бiр жұмыртқалы (мұрагерлiгi толығымен бiрдей) және әр түрлi жұмыртқалы (мұрагерлiгi ағайындарыныкi секiлдi әр түрлi). Бiржұмыртқалы егiздердi мұрагерлiк анықталған қасиеттерi бойынша ұқсастықтар көбiрек табылғандығы түсiнiктi. Егiздердiң жүйке жүйесi типтерiнiң қасиеттерiнiң ұқсастықтарын арнайы салыстыру мұрагерлiктiң маңызды ролiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Балаларды жүйке жүйесiнiң әлсiз  типiнiң белгiлерi ерекшелейдi. Ол тек  аз төзiмдiлiктi ғана емес, жоғарырақ  сезiмдiлiктi бiлдiредi. Жүйке жүйесiнiң  жастық әлсiздiгi балалық шақтарда әсер ету жарқындығына, балалық әсерленгiштiң, қозуға оңай өтудiң, импульсивтiлiктiң негiзi болады.

Балалық шаққа эмоционалдық уайымдардың  импульсивтiлiгi және олардың тұрақсыздығы тән. Мысалы: жылаудан күлкiге жылдам өту әдеттегi жағдай болады.

Темпераменттiң жастық ерекшелiгi болатынын ескермеуге болмайды. Балалық шақтың әр кезiндегi белсендiлiктiң, эмоционалдылықтың, моториканың өзiндiк сфецификасы бар. Бастауыш мектептiк жастағы белсендiлiктiң сипаттарына қызығушылықтың оңай тууы және оның тұрақсыздығы тән. Жыл сайын жүйке жүйелерiнiң мүмкiндiктерiнiң артуы және оның құнды балалық қасиеттерiнiң шектелуi, жоғалуы болады.

    Жастық ерекшелiктер фонында балалық шақтың алғашқы жылдарында-ақ баланың темпераменттiнiң қай типiне жататындығын көрсететiн динамикалық қасиеттерi бiлiнедi. Бұған байланысты айырмашылықтар бала сөйлей бастағаннан – ақ байқалады. Егер бала қатты, анық, тез сөйлесе, айқын жесттер мимикасы болса, ол сангвиникалық темпераменттiң белгiлерiн бiлдiредi. Егер ол баяуырақ, сабырлы, тепе-тең, кейде тоқтаулармен сөйлеп, жест, мимикасы айқын болмаса бұл флегматикалық темпераменттiң белгiлерiн көрсетедi. Холерикалық темпераменттi асығыс,секiрмелi сөйлеу көрсетедi. Ал, меланхоликалық темпераменттiң белгiлерi тежелген, тыныш, сыбырға дейiн түсетiн сөйлеу. Әрине, темперамент типтерiн анығырақ көрсететiн жағдай қозғалмалылықтың және баланың жалпы белсендiлiгiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi. Бала психикасының динамикалық қасиеттерiнде темперамент типтерiнiң белгiлерiмен қоса темпераменттiң жастық ерекшелiктерi де көрiнедi.,

     Динамикалық қасиеттер  әрекеттердiң сыртқы үлгiсi (манерасы), қозғалысында ғана емес, ойлау сферасында, жалпы жұмыс қабiлеттiлiгiнде бiлiнедi. Әрине, темперамент ерекшелiктерi оқу сабақтарында және еңбекте де көрiнедi.

Педагогтар, тәрбиешiлер көрсетулерiнше балалар арасындағы жалпы белсендiлiк, сезiмдiлiктiң бiлiнуi бойынша айырмашылықтар жиi кездеседi. Мұндай ерекшелiктердi түсiндiру үшiн ұзақ және көп жақты байқау-бақылаулар қажет.

Баланы темпераменттiң белгiлi бiр типiне жатқызу үшiн мынадай қасиеттердiң көрiнуiне ерекше көңiл бөлу керек:

  1. белсендiлiк-жаңаға талпыну, қоршаған нәрселерге әсер ету, қиыншылықтарды жеңу деңгейi бойынша анықталады;
  2. Эмоционалдылық-эмоционалды әсерлерге сезiмдiлiк, эмоционалды реакцияға себептердi табу деңгейi бойынша анықталады;
  3. Моторика-бұлшық еттiң тездiгi, ритмi, амплитудасы т.б. белгiлерiнен көрiнедi.

    Темпераменттiң әрбiр типi өзiн оң және терiс психикалық қасиеттерде көрсете алады. Холериктiң энергиясы, құмарлылығы жақсы мақсаттарға бағытталса,құнды қасиеттер бола алады,бiрақ жеткiлiктi ұстамдылық,дұрыс тәрбиелеу болмаса, жиi жарылыстарға апаруы мүмкiн. Сангвиниктердiң етi тiрiлiгi, әсерленгiштiгi – жақсы қасиеттер, бiрақ тәрбие жоқтығы оларды тұрақсыздық, шашылуға апарады. Флегматиктердiң сабырлылығы, төзiмдiлiгi, байсалдылығы жағымсыз жағдайларда адамның көп әсерлерге сезгiшсiздiгiн тудыруы әбден мүмкiн. Меланхолик сезiмдерiнiң тұрақтылығы, тереңдiгi тәрбиелiк әсердiң жоқтығынан өзiнiң уайымына батушылық, аса ұялшақтыққа әкеледi. Сонымен, темпераменттiң бастапқы қасиеттерi жақсы, не жаман дамитындықты анықтамайды. Өсiп келе жатқан адам өзiнiң әрекетi мен iс-әрекетiн бiртiндеп реттеп үйренуi қажет. Әр түрлi темперамент әр түрлi өзiндiк ерекшелiктер мен айырмашылықтарға ие. Сондықтан да оған әсер ететiн тәрбиелiк әсерлер өте маңызды орын алады. Темперамент қасиеттерi,немесе психикалық динамикалық жақтарының ерекшелiгi адамды қалыптастыратын психикалық қасиеттердiң негiзгiсiнiң бiрi.

 

 

 МІНЕЗ  ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

    Мiнез туралы жалпы түсiнiк. Мiнез анықтамалары. Мiнез қалыптасуының заңдылықтары. Мiнез қырлары туралы түсiнiк. Мiнез қырларын топтастыру.

Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар. Эксперименталды зерттеулер мәселесiнiң негiзi ретiнде мiнез. К.Леонгард және А.Е.Личко тұжырымдамалары. Темперамент пен мiнез арақатынасы.

Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуының ерекшелiктерi. Мiнез қалыптасуындағы сензитивтi кезең. Мiнез қалыптасуындағы үлкендер мен бала өзараәрекетiнiң рөлi. Мiнездiң мектеп жасында қалыптасуы. Өзiндiк тәрбие. Мiнез қалыптасуындағы еңбектiң рөлi.

Нақты адамды сипаттау немесе бағалау  кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.

Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер  мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң  қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде  әр қилы жағдайда байқалып, адамның  сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi бiрдей. Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл ойына да байланысты болады. Соның нәтижесiнде адамның әр алуан психикалық процесстерi, оның iс-әрекет түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие.

Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы  т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде көбiнесе екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез  қырларын психикалық процестермен байланыстырады және ерiктi, эмоционалды және интеллектуалды қырларды бөлiп қарастырған. Мiнездiң  ерiктi қырларына жататындар: табандылық, батылдылық, қайсарлылық, өжеттiк, сабырлылық, байсалдылық, дербестiлiк, белсендiлiк, ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына  екпiндiлiк, әсерленгiштiк, қызбалық, инерттiлiк, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал, интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық, зеректiк, құмарлық, әуестiк жатады.

Информация о работе Темперамент пен мінез