Термодинамиканың 2-ші заңы (жалғасы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 11:55, реферат

Описание работы

Қайтымды жұмыс жасайтын жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті жұмысшы дененің табиғатына тәуелсіз, тек жұмыс жасалатын температуралар айырыммен анықталады. Осы машинаның пайдалы әсер коэффициенті мынаған тең:

h = (Q1 – Q2)/Q1= (T1-T2)/T1, (1)

Файлы: 1 файл

Энтропия.docx

— 61.61 Кб (Скачать файл)

 

dW’ < -dUS,V, dW’ < -dHS,P, dW’< -dAV,T, dW’< -dGP,T.   (25)

 

Пайдалы жұмыс үнемі оң таңбалы, онда термодинамикалық потенциалдардың таңбасы жабық жүйеде өздігінен жүретін процессте тұрақты табиғи айнымалы кезінде үнемі теріс болады, яғни жабық жүйеде өздігінен жүретін поцестің термодинамикалық потенциалы төмендейді. Пайдалы жұмыстың жасалмағанда (W’= 0), келесі қатынастар орындалады:

 

dUS,V < 0, dHS,P < 0, dAV,T < 0, dGP,T < 0.   (26)

Сонымен, жабық жүйеде өздігінен жүретін процестің тұрақты айнымалыларда термодинамикалық потенциалдары үнемі төмендейді.

Процестің бағытының және тепе теңдіктің  критериі ретінде Гиббс энергиясын немесе Гельмгольц энергиясын  қолданады, себебі жабық жүйеде реалды процестер тұрақты температура мен тұрақты қысым немесе тұрақты көлемде жүреді.

Практикада көптеген процестер  жабық жүйеде тұрақты температура  мен қысымда жүретіндіктен, процестің  өздігінен жүру мүмкіндігін Гиббс  энергиясы негізінде анықталады.

d Wмакс’ = - (dG)T, P, (Wмакс’)T, P = -(DG)T, P.  (27)

 

Яғни жабық жүйеде өздігінен  жүретін процесс Гиббс энергиясының төмендеуімен жүреді. Өздігінен жүретін процестің критериі

(DG)T, P <  0.   (28)

 

Егер Гиббс энергия өзгерісі оң болса (DG)T, P >  0, онда өздігінен қайтымды процесс жүреді.

Жүйеде тепе-теңдік орнағанда табиғи айнымалығы байланысты трмодинамикалық  потенциал мәні минимал болады. Тұрақты  температура мен қысымда жүйеде тепе-теңдік критериі болады:

(DG)T, P = 0.   (29)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Термодинамиканың 2-ші заңы (жалғасы)