Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 15:32, реферат
Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы сезімдік заттардан көрді (Фалестің – суы, Гераклиттің – оты т.с.с). мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы – Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар, әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әр түрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомдарды қабылдаймыз. Сонымен, рух дегеніміз – қозғалыстағы жеңіл атомдар.
Негізінен алғанда, сана мен материяның ара – қатынасын анықтауда 3 бағыт бар. Оның бірі – материализм, екінші – идеализм, үшінші – реализм. Материализм бағытының негізгі категориясы – материя ұғымы (material – латынша зат).
Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы сезімдік заттардан көрді (Фалестің – суы, Гераклиттің – оты т.с.с). мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы – Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар, әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әр түрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомдарды қабылдаймыз. Сонымен, рух дегеніміз – қозғалыстағы жеңіл атомдар.
«Ештеңеден ештеңе пайда болмайды», сондықтан, атомдар мәңгілік өмір сүреді, олар ешқайда жоғалмайды. Дүниедегінің бәрі қажетті де себепті. Демокрит Құдайды мойындағанмен, ол жер мен көктің екі ортасында өмір сүреді, оның бұл дүниеге қатысы жоқ, - деген батыл көзқараста болды.
Жаңа дәуірдегі
ғылым мен техниканың дамуына
байланысты ғалымдар материяны
табиғаттың заты, оның қасиеттерімен
теңеді. Бұлардың ойынша, рухани
өмір – материалдық
ХХғ. Басында материя
жөнінде жаңа гнесеологиялық (танымдық)
тұжырым пайда болды. Ол негізінен
алғанда, ғылыми – техникалық
прогресспен, ескі атомистиканың
күйзелісімен байланысты
Соңғы кездегі
көзқарастарға келсек, олар біржақты
гносеологизмге қарсы, - материяны
субстанциялық – аксиологиялық
(құндылық) тұрғысынан сипаттағысы
келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда,
материя – тек қана физикалық
реалдық емес, сонымен қатар, рух
та – мәңгілік материяның көп
қасиеттерінің бірі болып
Эйдос әлемі Құдайдың ойына айналып, адамдардың санасындағы ойлар Құдайдың ойлары жөніндегі адамдардың толғауынан пайда болады.Құдай Дүниені жоқтан жаратқаннан кейін оның зат әлемінің алдында келеді, ал адамның танымында зат алда жүреді. Орта ғасырда жан-дүние ұғымымен қатар рух пайда болады.
Бұл идеяларды дамытуға
жаңа дәуірде Р.Декарт өз
В.Г.Лейбниц идеалистік
философияның жаңа түрін
Неміс классикалық
философиясында идеалистік
Алайда, Канттың
бұл идеалары оның
Қорыта келе, атайын
дегеніміз, материализм мен идеализмнің
екеуі де өз дамыған
Фиолософия тарихында алғашқы реалистік жүйе жасаған «бірінші мұғалім» - Аристотель болған-ды. Ол грек философиясының натурфилософиясындағы негізгі жетістіктерді Платонның идеалсттік идеаларымен ұштастырып «материя» мен «форманың» екеуінін де тең құндылықтығын айтады. Оның формуласы: «материясыз – форма, формасыз – материя жоқ». Бұл формуланы нақтылай келе, материяны «мүмкіндік» (dynamis), форманы «шындық» (energeia), іске асушылық ретінде түсінеді. Форма мақсатқа лайықтылық арқылы өмірге енеді. Оны ол энтелехия, яғни, рухани күш ретінде қарайды, бұл жағынан ол Платонның «эйдостарына» жақын. Бірақ, Платонның идеялары ерекше Әлемді құрайтын болса, Аристотельдің рухани күштері материямен бірге берілген. Өйткені, Шындық – материя мен форманың бірлігінен туады, соның негізінде жеке заттар мен құбылыстар өмір сүреді.
Жоғарыдағы көзқарас «жан-дүние» категориясын таңдауға да үлкен жаңалық енгізеді. Ол Платонның философиясына сәйкес «сезімдік» өтпелі Дүние мен «Эйдос әлемі» екі ортасындағы дәнекер емес, ол – белсенді рухани өмірлік күш-қуат.
Реализм өзінің жалғасын Орта ғасырлардағы схоластика ағымында тапты. Бірақ, олар рухани күштің басымдылығын Құдай идечсын іздеді.
Жаңа дәуірдегі Декарттың философиясында реализм бағыты ашық дуализмге айналады. Өйткен себебі, Декарт екі бір-біріне тәуелсіз субстанцияны – дене мен жанды мойындады. Мұндай қайшылықты шешу жолында ол оларды бір-бірімен біріктіретін Құдайды мойындауға мәжбүр болды. Құдай – мәңгілік Абсолютті субстанция, ал дене мен жан субстанцияларына келсек, оларды жаратқан сол Құдайдың өзі.
Декарттың философиясына қанағат тұтпай, голландия ойшылы Б.Спиноза монистік реализм бағытын тудырады. Оның ойынша, бір ғана тсубстанция бар ол – Құдай немесе Табиғат, - шексіз субстанция. Ал, дене мен жанға келер болсақ, олар осы субстанцияның негізгі атрибуттары, яғни, қасиеттері. Сонымен, тағы да Аристотельге қайтып оралғандай болдық. Бірақ, «материя» мен «форманың» орнына «созылу» мен «ойлау» принциптері келеді. Осындай көзқарасқа сәйкес, енді материя мен формадан тұратын жеке зат – субстанция емес, ол жоғарыдағы шексіз қасиеттердің шектелген көрінісі – модустары ғана. Өйткені, созылған заттың шегі бар, ол кеңістіктің шектелуі деген сөз, қабылдау болғаннан кейін ойлаудың да шектелуіне әкеледі.
Сонымен, реализм бағытында пайда болған «материя мен форма» категориялары, «дене мен жанға», соңында «созылу мен ойлауға» ауысты.
ХХ ғ. ұлы философы П.Т. де Шарденді де реалистік бағыттың үлкен тұлғасы ретінде қарауға болады. Оның ойынша, жаратылған Дүниенің екі күш-қуаты бар: бір жағынан, ол тангенциалдық, яғни физикалық энергия болатын болса, екінші – осы Дүниені біріктіріп даму жолына итеретін радиалдық, яғни, психикалық, рухани күш. Адамзат тарихының Дүниеге келген сатысынан бастап радиалдық рухани күш толығынан ашылып, адамның саналы іс-әрекеті арқылы Жаратылған Дүниені әрі қарай жетілдіріп болашақта Жер бетінде ноосфераның қалыптасуына әкеледі, - дейді ұлы ойшыл. (қараңыз: П.Т. де Шарден. Феномен человека. М.,Прогресс., 1988).
Сана болмысы
Болмыстың материядан кейінгі ғажайып түрі – ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана – Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы.
Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана – адамның әшкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанымен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі мағызы зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай «нағыз адам» толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзеді.
Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар, өз ішкі жан-дүниесіне сараптау жасайды – міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал «кеңес тоталитаризмі» соңғыға қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. Негізінен алғанда, рухқа ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары жатқызылады. Тек бүгінгі таңда ғана бұл категорияның маңызы өсуде.
Жалпы алғанда, рух дегеніміз – адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне «сырттай қарап» баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін жағалай ортадан бөлек алып, оған қарсы қойып қарай алмайды. Оған қабілетті – адам ғана.
Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. Оны әдебиетте «объективті рух» деген категория арқылы береді.
Сонымен қатар, рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі мүмкін. Оны «объективизацияланған рух» дейміз. Мысалы, қайсыбір ұлы суретшінің туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз тебіреністе болып, сан алуан сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінің рухани болмысына байланысты «Венера» мүсініне әр түрлі қарайды. Біреуі оны «құдіретті теңдесі жоқ әсемдік» ретінде қабылдаса, тайыз надан адам оған «нәпсілік» тұрғыдан қарауы мүмкін. Симфония, я болмаса, басқа саз формаларын қабылдағанда да осыған ұқсас тебіреністе боламыз, т.с.с.
Дегенмен де, рухтың «негізгі үйі» - нақтылы өмір сүріп жатқан тірі адамның ішінде. Оған ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан мен ұяттық аяныш, адалдық, махаббат пен сүйіспеншілік, ізгілік пен ақиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еріктік пен әділеттілік, т.с.с. жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н.А.Бердяевтың айтуына қарағанда, «рух дегеніміз ақиқат, ізгілік, әсемдік, еріктік пен мән-мағына... Рух дегеніміз – адам ішіндегі оның құдайлығы». Расында да, «Сенің осы Құдайың бар ма?», - деп ашына айтқанымызда – адам руханиятының тайыздығын көрсетпейміз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегі неде? – деген сұрақ пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебіренткен сұрақ болатын.
Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достаевский «Дүниені сақтап қалатын Әсемдік қана», - дейді. Әрине көбісінде әсемдікке ұмтылған адам зұлымдыққа бармайтыны хақ. Сонымен қатар біз өмірде «салқын лебі» бар – адамды адамнан алшақтатын – әсемдікті көріп жүрген жоқпыз ба?
Рухты білім, ғылыммен де теңеуге болмайды. Ядролық физиканың жетістіктерін пайдалану жолында адамзат атомдық электр станцияларынан басқа неше түрлі жан түршігерлік қару-жарақ жасаған жоқ па? Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімнің ХХ ғ. басында-ақ ар-ұжданның бақылауынан шыққан ғылымның адам түршігерлік салдарларға әкелуі жөніндегі идеяларын еске алсақ та болғаны.
Сондықтан Шәкәрім рухтың өзегін ар-ұжданна көрген болатын. Бұл пікірді ұстаған философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк сияқты ойшылдарды келтіруге болады. ХХ ғ. экзистенциализмнің көрнекті өкілі В.Франкл «ар-ұждан – адамның ішкі Құдайы», - деге болатын.
Біршама зиялылар рухтың өзегін махаббат, сүйіспеншіліктен көреді. Орта ғасырдағы Августиннің айтқанындай «сүй, содан кейін не істесең де болады». Тек қана сүю арқылы басқа адамның жан-дүниесін ақтара ашуға мүмкіндік аламыз. Нағыз махаббат сүйген адамның әлі де болса ашылмаған жақтарын сыртқа шығарып, оны гүлдетіп, шығармашылық жолға итереді. Дүниені тану – тек қана табиғаттың заңдылықтарын ашу ғана емес, сонымен бірге оны шын жүрегіңмен сүюге тең. Бұл – танымның онтологиялық терең іргетасы. Тек қана сүю арқылы өзіңді осы Дүние деген мұхиттың құрамдас тамшысы ретінде сезінгенде ғана зерттелетін заттың ішкі сырын ашуға мүмкіндік аласыз.