Тұлға және топ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 15:32, реферат

Описание работы

Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы сезімдік заттардан көрді (Фалестің – суы, Гераклиттің – оты т.с.с). мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы – Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар, әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әр түрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомдарды қабылдаймыз. Сонымен, рух дегеніміз – қозғалыстағы жеңіл атомдар.

Файлы: 1 файл

псих умида қашындар.docx

— 23.39 Кб (Скачать файл)

Сана мен ми

Сана қаншылқты идеалдық құбылыс болғанымен белгілі бір материалдық негізсіз өмір сүре алмайды. Осы арада психо-физиологиялық мәселе пайда болады.

Бүгінгі деректерге сүйенсек, сананың физиологиялық негізі адамның миында жатыр. Ол негізінен алғанда екі жарты шарды құрайды. Оның үсті өте нәзік қабаттан – нейрон клеткаларынан тұрады. Орташа есеппен алғанда олардың саны 14,5 млрд. !!! Әрбір нейрон клеткасы адам саусақтары сияқты 4-5 өсіндіден тұрып, солар арқылы бір-бірімен байланысады. Сонда орташа есеппен алғанда 65-70 млрд. жуық байланыс нүктелері пайда болады.

Адам өз түйсіктері арқылы сыртқы Дүниедегі құбылыстарды қабылдап алынған ақпаратты жүйке жүйелерімен арнаулы ми бөлімдеріне жеткізеді – міне осы сәтте оларда сараптау басталады. Қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер» негізінде жүреді.

Ал, мидың ішкі құрылымдарына келер болсақ, олар әлі дұрыс танылмаған, өте күрделі де көне болып табылады. Олар бүкіл физиологиялық үрдістерді бейсаналық жолмен ретке келтіріп отырады деп болжауға болады. Мысалы, сіздің жүрегіңіз минутына 60 рет соқса, оны басқаратын мидың бөлігі сіздің жүрегіңізге 60 рет электроимпульс жіберіп оны соқтыртады.

Миды зерттеудегі басты қиындық – адамның ең биік құндылық екендігі, олай болса, оған ешқандай эксперименттер жасауға болмайтындығы. Сондықтан адамның миы тек жанама түрде ғана зерттеледі. Мұндағы зерттелмеген мәселелер шаттан да көп.

Сана және оның әлеуметтік табиғаты

Ми – сананың өмір сүруінің физиологиялық негізін құрағанына қарамастан, ол – тек құрал ғана. Сондықтан да тарихта өмір сүрген ұлы адамдардың миының ерекшелігі зерттелген кезде, онда 1100 г. болса, И.С.Тургеневтікі – 2200 г. болған. Лениннің миынан да ешқандай ерекшелік табылмаған. Адам ми арқылы ойланғанмен, оның негізгі органоны – қоғамның өзі болып табылады. Адам басқа адамдар, жалпы қоғаммен, кітаптар арқылы өткен ұрпақтармен сан қилы шым-шытырық байланысқа түсудің негізінде өз ойын дамыта алады. Сана – адамдар жасаған әр затта, жағалай оны қоршаған «жасанды табиғатта» сөнген. Өзінің өмірінің барысында сол заттарды пайдаланып, адам ондағы сөнген рухты қайта тірілтіп өз санасының құрамына айналдырады.

«Ұлы мәртебелі Табиғаттың» жасаған «аянышты тәжрибелеріне» тоқталсақ,жоғарыда айтылған ойдың ақиқаттығына көзіміз жетеді. 1920 ж. Үнді еліндегі орманда қасқырдың соңында төртаяқтап жүгіріп бара жатқан екі егіз қыз ұсталды. Олар қасқыр алып кетіп өсірген Амала мен Камала болып шығады. Оларды адами өмірге қайтару мақсатында Дели университетінің психология факультетінде зерттейді. Ақырында, адами қатынастарға шыдай алмай Амала өледі. Камала 16 жасқа шейін өмір сүріп, небәрі 30-ға тарта сөздің мән-мағынасын ұғады. Бірақ, ол сөздерді сөйлем ретінде бір-бірімен ұштастырып айта алмайды. Олар күндіз енжар болып, қалғу үстінде болса, түнге қарай көздері жарқырап, қасқырша ұлып, белсенділік көрсетеді.

Екінші ғылыми экспериментті Кеңес Одағының көрнекті ғалымдары В.Мещеряков пен Э.Ильенков 60-шы жылдарда жасайды. Олар көзі көрмей, құлағы естімей туған 4 баланы тәрбиелеп, адами өмірге әкеледі. Ең алдымен оларды кеңістікті сезінуге үйрету керек болды. Ол үшін балаларға емізікпен тамақ берген кезде, оны бірте-бірте аузынан алшақтатады, - бала болса оны қолымен ұстап жібремеуге тырысады, яғни, ол кеңістікті сезіне бастайды. Жүре келе олардың қолына қасық ұстатып, тәрелкеден тамақ алып, аузына жақындатып салуға үйретеді, т.с.с. Сонымен, адами заттарды игерудің арқасында олардың сана-сезімі оянып, олар адамдардың қатарына қосылып, тіпті сөйлеу дәрежесіне дейін көтеріледі.

Келесі экспериментті АҚШ-тағы ғалымдар жасады. Олар шимпанзенің жаңа туған баласын қолдарына алып, әлди-әлди өлеңдерін айтып, адами жолмен тәрбиелеп өсірді. Бірақ, ол сөзді ұғу дәрежесіне көтерілмеді. Сонымен қатар, 240-қа жуық «ымдау тілімен» (язык жестов) айтылған мән-мағынаны түсінетін дәрежеге көтерілді. Қаншалықты тәрбиелесе де, жалпы алғанда, ол адами өмірге жат болып шықты.

Бұл айтылған деректердің бәрі де сананың әлеуметтік адами құбылыс, ал мидың өзі – ойлау құралы екенін көрсетеді.

Сана және тіл

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету – өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың «материясы» ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз – дыбыс толқындары – материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жайт. Тіл дегеніміз ойды, адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл – ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір-біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар, адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген – тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана – күміс ақшаның оңы мен астары сияқты – бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Тарихи қоғамның Дүниеге келуі – тіл мен сананың да болуымен тең. Тілдің Дүниеге келуінің биологиялық алғышарттары ретінде жоғарғы жануарлардың неше түрлі дене қозғалыстары мен дыбыс сигналдарын айтуға болады. Алғашқы тобырда бірігіп аң аулау барысында ең алдымен «ымдасу тілі», дене қозғалыстары арқылы адамдар әр түрлі хабарларды бір-біріне жеткізеді, сонымен қатар, неше түрлі сезім толқындары (қуаныш не болмаса қайғы, ауыру, т.с.с.) олардың аузынан неше түрлі дыбыстарды шығарады. Соңында, еңбек құралдарын жасауға көшкен кезде, ой мен тіл шынайы тез қарқынмен дами бастайды.

Бүгінгі таңда Жер бетінде 2000-ға жуық ұлттық тілдер бар, бірақ, адамзат ой-өрісі бірегей, сондықтан да халықтар арасында түсіністік пайда болады. Оның негізгі себебі – ой арқылы Дүниенің заңдылықтарының бейнеленуі. Адамзатты жағалай қоршаған орта бір болғаннан кейін, ойлау формалары да бір.

Өзіміздің ұлы бабымыз А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады». Осы мыңдаған жылдар шеңберіндегі қалыптасқан ана тіліміздегі інжу-маржанды аса ұқыптылықпен зерттеу, оның талай-талай ашылмаған сырларын халыққа жеткізу, сонымен қатар, оны жаңа өмір талаптарымен ұштастыру – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелерге жатады.

Бір дәуір екіншіге ауысқан жағдайда жаңа мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзқарасты, құндылықтарды сынға алған жаңа саяси, моральдық, эстетикалық т.с.с. идеялар пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала бермек. Ол – тіл және оны күрт өзгерту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдегі қалыптасқан мәдениет үлгілері ұрпақтан ұрпаққа өтіп, олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне өз ықпалын тигізіп, адамдардың өзара қарым-қатынасына үлкен әсер етеді.


Информация о работе Тұлға және топ