Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 18:00, доклад
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.
Ақиқат
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.[1]
Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.
Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.
Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психол. ахуалы деп талқылайды.
Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[2]
Адам ақиқатты қалай таниды?
Share This
Tags
1
ақихат
Мұсылманбек Жұманбай
Дүниедегі әрненің өзіне ғана тән сипаты, мәні, бұлжымас хақ заңдылығы бар дедік. Демек осы хақты анық білу білім де, қалғанының барлығы – жалғанды ақиқат деп тану, яғни білу емес – білмеу, ақиқатты білмеу. Жалғанды ақиқат деп тану – өзінің адасқанын білмеу. Бұндай «білім», яғни адасу, неге апаратынын қоғамның бүгінгі ахуалынан пайымдай беріңіз. Тастай қараңғы жердегі қаптаған заттардың әрқайсысын жыға тану мүмкін еместігі сияқты, менің ойымша деумен дүниенің ақиқаты ешқашанда табылмайды.
Самаладай жарық жерде көзі бар адам менің ойымша мынау пәлен нәрсе-ау деймін деуші ме еді. Көпшілік білетін бір шығыс мысалында бір шаһарға піл әкелмеуші ме еді. Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе пілді көрем деушілерден ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен-саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ, олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап Пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам оған сенбеңдер, қайдағы бөрене, тура жалпақ тақта дерсің дейді. Үшіншісі алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді.
Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді. Долбарларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді. Иә, өтірікке сенейін деп сенбейді, қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз. Ақиқат жалғыз, бірнешеу болмайды, әрбір тұжырым не – ақиқат, не – жалған. Ақиқат бірнешеу болса жаңағы үшеудікі де дұрыс болар еді, екі жерде екіміз төрт, бес, тағы басқа кез келген сан болар еді, су нөл градуста да, жүз градуста да қайнайды десек ақиқат болар еді. Онда тіпті кез келген адамның өз ойына сүйеніп айтқан кез келген топшылауы, долбары дұрыс болар еді, әсіресе қоғамтанудың әр саласындағы «ғалымдардың», қаптаған «сәуегей сарапшылардың», сезімтал жазғыштардың, ойсоқты пәлсапашылардың.
Иә, ақиқат біреу-ақ, яғни ақиқатқа апаратын жол да біреу-ақ, қалған жолдардың барлығы одан алыстатады. Жарықсыз көру де жоқ, яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол, ал қалған жолдардың барлығы керісінше түнектегі жолдар. Ал, қараңғыда көзің мың жерден өткір болса да жол табу, ақиқатты тану жоқ. Мейлің тіріл, мейлің өл, ақиқат деген осы!
Ғалымдар дәлелдеген 10 «күмәнді» ғылыми ақиқат
Көптеген адамдар ғылымда
ештеңені абсолютті нақтылықпен
дәлелдеу мүмкін емес деп санайды. Бұл
пікір скептик-дилетанттарға
Эволюция теориясы шынайы
Эволюция теориясы — жер
бетіндегі тірі ағзалардың айырмашылықтары
мен ұқсастықтарын бірдей түсіндіретін
біртұтас маңызды тұжырымдама. ДНҚ
реттілігі жайлы соңғы жылдары
жинақталған ақпарат бұл
Өнімді жануарлардан тестілеу ақталған
Америкада өнімді жануарлар арқылы сынау жүргізуді 93% ғалым мен тек 52% қарапайым азамат қолдайды екен. Көп адамдар бұндай тестілеу жүргізусіз биомедициналық зерттеулерді жүзеге асыру мүмкін болмайтындығын түсінбейді.
Ұрықтың өзек жасушасын зерттеу аса маңызды
Ұрықтардың өзек жасушалары плюрипотентті — ересектердің өзек жасушаларымен салыстырғанда, олар кез келген жасуша типіне айнала алады. Биологтар үшін бұл регенеративті медицина дамуында негізгі мәселе болып табылады.
Вакцина егу аутизмнің себепшісі емес
Вакцина егуден кейін балалар аутизмі белгілерінің пайда болуы туралы қысқа ғылыми зерттеу 1998 жылы жарияланғаннан бері бірнеше рет жоққа шығарылды. Алайда екпенің қауіптілігі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында әлі күнге дейін таралуда.
«Альтернативті» медицина жоқ
Акупунктура, хиропрактика, гомеопатия — аталмыш әдістемелердің нәтижелілігі ғылыми түрде дәлелденбеген. Демек, мүлдем дәлелденбеген. Бірақ, аталған жолмен емделу кезінде науқастың жағдайы жақсарады — өздігінен немесе плацебо әсерінен, ол өз кезегінде «маған көмегін тигізді» сияқты дәйектерді көбейтеді.
Үлкен адрондық коллайдер Жерді жоя алмайды
Үлкен адрондық коллайдерді біздің планетамызды жұтып жіберетін қара тесіктің пайда болуына себепкер деп атайтын пікір бар. Алайда, біреу қара тесіктер бөлшектердің қақтығысуынан пайда бола алады деген тұрыжымды дәлелдей алса, бұл революциялық жаңалық Нобель сыйлығына ие болар еді.
Суық ядролық синтез мүмкін емес
Ядролық синтездің жүруі кезінде орасан зор жылу энергиясы пайда болады, бірақ бұл көп жағдай Күннің бетінде ғана жүреді. Өкінішке орай, Жер бетінде қауіпсіз әрі арзан ядролық синтез жүргізудің жолдары ойлап табылған жоқ.
Көмір жағу - атом энергиясынан қауіпті
Қоршаған ортаның ластануынан жылына 2 000 000 адам мерт болады. Бұл адамзаттың әлі күнге дейін энергия алу мақсатында көмірді жағуынан. Ядролық энергетиканың қауіп-қатері бұның жанында әлдеқайда аз болып көрінеді.
Климаттың өзгеруі — адам қолынан болған нәрсе
2010 жылы Гэллап Институты
өткізген сауалнама
Гендік модификацияланған өнімдер қауіпсіз
Гендік модификацияланған
өнімдердің қауіпсіздігінде алдыңғы
қатарлы америкалық дәрігерлер мен
ғалымдар ассоциациялары күмәнданбайды.
ГМӨ тәжірибе өткізілген тышқандарда
ісік тудырмады, бұл тақырыпта жеке
ғылыми зерттеу жүргізілген. Алайда,
медиа, анти-ғылыми бірлестіктер гендік
модификацияланған өнімдер