Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 18:00, доклад
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.