Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:01, реферат
Кез келген әрекеттің түрі, оның ішінде қылмыстық әрекет, көбінесе, қыл-мыскердің психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Қыл¬мыстық іс жүргізу заңы заттай дәлелді, айып¬талу¬шының жауапкершілігінің мәні мен дәрежесін айқындауды та¬лап етеді. Дегенмен, осы күнге дейін тәжірибеде айыпталушы тұлғасын сипаттайтын жағдайлар жетерліктей толық дәрежеде анықталмаған. Сон¬¬дықтан қылмыскер тұлғасының айрықша белгілерін айқындау заң психологиясының маңызды міндеті болып табылады.
Кіріспе 2
Қылмыскер тұлғасының психологиясы 3
Қолданылған әдебиеттер 15
Қылмыскер тұлғасының психологиялық құрылымына мыналар жатады: қажеттілік-себептік факторлардың ерекшеліктері (қажеттіліктер, мүдделер, тұрақты ниеттер және т.б.), мәндік-нормативтік жағдай (көзқарас, сенім, құндылық бағдар, талаптар және т.б.); ақыл-ой ерекшеліктері (ақылының даму деңгейі, ойлауының ерекшеліктері және т.б.); тәжірибесі (білімі, қабілеті, дағды-әдеттері және т.б.); эмоционалдық қасиеттер, ерік, темперамент.
Тұлғаның бірігулік қасиеті – оның әлеуметтік бейімділігі. Осы қасиет бойынша қылмыскерлер екі үлкен топқа бөлінеді: әлеуметтік-бейімді және әлеуметтік-бейімсіз. Бұл психологиялық факторлар бойынша тұлғаның әлеуметтік бейімделу дәрежесін анықтауға болады, сонымен қатар бұл сапалық сипаттаманы қалайша бағалау керек? Әлеуметтік бейімделу процесін бағалау үшін мынадай факторларды анықтау қажет:
– тұлғаның жүйке–психикалық, эмоционалдық-жігерлік тұрақтылығы;
– субъектінің ақыл-ой дамуының деңгейі;
– тұлғаның мотивтік өрісі (құндылық бағдары, көзқарасы). Осы факторлардың қандай екенін анықтап, қылмыскер тұлғасының түрін белгілейміз.
І. Әлеуметтік-бейімді топтағы адам эмоционалды, жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейі жоғары, оның бұл қасиеттері стрестерді жеңуінен, жүйке жүйесінің бейімдік қабілетінен көрініс табады. Бұл қасиеттерді ақыл-ой ары қарай дамытады, ол субъектінің қылмыс жасау жолдарын жақсы меңгеруінде, ойының ұшқырлығы мен тапқырлығында, оқиғаның дамуына болжау жасай алатындығында және құқық қорғау қызметінің органдарына қарсы әрекет көрсетуінде көрініс табады. Мұндай адамдардың есте сақтау қабілеті, зейін қою мен қиял процестері жақсы дамыған.
ІІ. Екінші тип – әлеуметтік-бейімсіз. Мұндай адамның эмоционалдық-жігерлік тұрақтылығы мен стресті жеңу қабілеттілігі төмен, психиканың бұзылуы тұлғаның психоаналитикалық ерекшелігінде көрініс табады. Ойлау қабілеті, ақыл-ойы жеткілікті дамымаған. Бұл адамдардың қажеттіліктері анайы (уақытты үнемі көңіл көтерумен өткізеді, алкоголь, есірткі қабылдайды). Олар рухани дүниесі жұтаң, алдына қойған жоғары мұраттары мен мақсаттары жоқ адамдар.
Қылмыскер тұлғасын жақсы білу, оның істеген қылмысын ашу, қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін қылмыскерлерді өзара топтастырған жөн.
Криминология қылмыскерлерді жіктеп бөледі. Озбырлық жасау объектісі бойынша қылмыскерлер үш топқа бөлінеді:
1) пайдакүнемдік: 2) зорлық; 3) зорлық-пайдакүнемдік;
Қылмыскердің қоғамға қауіптілік дәрежесін, әлеуметке қарсы бағыт-бағдарының қаншалықты терең қалыптасқандығын ескеріп бес топ бойынша типология жүргізуге болады:
а) кездейсоқ түрі: тұлғаның әлеуметтік–жағымды бағыты болғанымен, кездейсоқ жағдайларға байланысты адам қылмыс жасауы мүмкін;
б) жағдайға байланысты түрі – адам келеңсіз жағдайлардың ықпалымен қалыптасады, бірақ, жалпы, мұндай тұлғада жағымды жақтар басым болады;
в) алғашқы рет қылмыс жасаған тұрақсыз тип, бірақ бұрын әр-түрлі тәртіп бұзушылық қылықтарымен көзге түскен;
г) кәнігі тип – бірнеше рет қылмыс жасаған, сондай-ақ осы іс үшін сотталған;
д) ерекше қауіпті қылмыскер тұлғасының түрі – рецидивистер.
Әрбір үшінші рецидивист өзінің қылмыстық өмірбаянын кәме-летке жасы толмаған кезде бас бостандығынан айырудан бастаған. Жеткіншектер мен жастардың қылмысқа баруының себептері мен жағдайларын, әсіресе қазіргі нарықтық жағдайды – жұмыссыздықты, бай-кедейге бөлінуді, қылмыспен байюды жастар ұғымына жуытпау керек.
Адамның қоғамдағы
өмірі көптеген заңдарға
Психологтардың айтуынша, көптеген жеке кемістіктердің басы, соның ішінде мейірімсіздік, катігездік баланың үлкендермен қарым-қатынасында жатыр, ең алдымен ата-анасымен.
Отбасындағы теріс жағымсыз жағдайлар көп ретте “қиын” жасөспірімнің жеке тұлғасының қалыптасуының маңызды шарты болып табылады: отбасында қалыпты өнегелі ортаның болмауы жиі эгоцентризм мен басқа да теріс қасиеттерді тәрбиелеп шығады. Өнегелі атмосфераның мұндай бұрмаланушылығы көп жағдайларда ата-ананың не туысқандардың маскүнемдігімен, олардың адамгершілікке жат қылықтарымен және т.б. байланысты болады. Ер жетпеген баланың айналасындағы бұрмаланған өнегелі атмосфераны оны жақсы көретін және оған жақсылық тілейтін, бірақ жеткілікті педагогикалық мәдениеті жоқ ата-аналар жасайтын жағдайлар да аз емес. Әрине, ата-аналардың көбі өз балаларын жақсы көреді, әсіресе кішкентай кезінде. Бірақ бұл жақсы көруде балаға деген құрмет жетіспейді. Кішкене балалардың бостандығы ең басында-ақ шектеледі, олардың танымдық белсенділігі мұқалады.
Өте көп жағдайларда
жасөспірім – заң бұзушылардың қатарына
өзіне деген нашар қарым-
Жасөспірім психикасының
сапалы жаңа қасиеттерінің бірқалыпсыз
пайда болуы, өз кезегінде үлкендерден,
ата-аналар мен ұстаздардан баламен
қарым-қатынасты қайта қарастыр
Ең алдымен жасөспірімнің жыныстық жетілу процесімен қосақтала жүретін организмнің қарқынды және бірқалыпсыз дамуы әкелетін қиындықтарды атап көрсету керек. Бұл бірқалыпсыздық жасөспірімнің сүйек пен бұлшық ет жүйесі және соматикалық дене бітімінің дамуында да, жүрек пен қан тамырлар және ішкі құрылыстардың дамуында да байқалуы мүмкін. Бір жағдайда бұл, жасөспірім көңіліне қаяу түсіретін, жанына бататын, құрдастарының ортасында оның жәбірленуіне негіз болатын әртүрлі сома-тикалық үйлеспеушілікке (басы кішкентай, кеудесі тар бола тұра бойының ұзындығы, аяқ-қолының ұзындығы және т.б.) әкеледі. Басқа бір жағдайда, жүрек пен қан тамырларының бірқалыпты дамымауы күрт науқас қалыпқа, жоғары қан қысымына, галюцинацияларға, бастың ауыруына әкелуі мүмкін. Және қарқынды жыныстық жетілудің нәтижесі болып табылатын, “гормональді толқын” деп аталатын, эндокринді жүйенің өте жоғары бел-сенділігі жасөспірімнің мінез-құлқына айтарлықтай әсер етеді және көңіл-күйдің тұрақсыздығы, өте тез әсерленгіштік, қызбалық, жасөспірімнің айнала қоршаған адамдармен қарым қатынасын қиындататын ақтауға келмейтін дөрекілік және дау-жанжалға деген бейімділік соның салдары болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңде, өмірдегі өз орнын белгілеу процесінде шешуші орын алатын сана-сезім, өзін-өзі бағалау, жеке тұлғаның негізі мен іргесі қаланады. Өзін-өзі бағалау мен сана-сезімнің қалыптасуы, ең алдымен, өзі сияқтылармен қарым-қатынас жасауда, белсенді араласу процесінде жүреді.
Жасөспірімнің қатынаста
болуға және өзінің мүмкіндігін жұмсауға
деген қажеттілігі қолайлы
Осы жаста өтетін жыныстық жетілу, жасөспірімнің ер адамдар мен әйел затының өзара қарым-қатынасы мәселелеріне, адамның жыныстық өміріне, басқа жыныс өкіліне деген қызығушылығын шиеленістіре түседі, атақты ұстаз А.С. Макаренконың айтуынша, жасөспірімге “жыныстық әуестіктің табиғи жарылысы” тән.
Арнайы түзету шараларынсыз, ер жетпеген балалардың қылықтарында әртүрлі қоғамға жат ауытқуларға себепші бола алатын, жасөспірімдердің ерекшеліктерінің келесідей, салыстырмалы түрде тәуелсіз топтарын бөліп көрсетуге болады.
Ең алдымен, бұл тәрізді қолайсыз ерекшеліктерге жасөспірімнің белгілі тәрбиеге қиын берілуіне себепші болатын, жасөспірімдік кезеңде психофизикалық дамуымен сипатталатын, бірқатар дағдарыстық құбылыстарды жатқызу керек. Жасөспірімдік кезеңнің бұл дағдарыстық құбылыстарын, егер оқу-тәрбие процесі және үлкендердің, ұстаздардың, ата-аналардың, тәрбиешілердің жасөспіріммен қатынастары осы кезеңнің ерекше өзгешеліктерін есепке ала отырып қалыптасатын болса, жалпы оқу-тәрбие мекемелер жүйесінде жеңуге болады. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін әртүрлі жүйке-психикалық аурулар, ауытқулар, мінездік бітіс асқынуы қиындатуы мүмкін. Соңғысы тұлғаның психикасының “әлсіз жерлері” нысанында көрініс табады. Мінездік бітісінің асқынуына тап болған жасөспірімдердің мінез-құлқын педагогикалық түзету, негізінде осы асқынудың өзгеше ерекшеліктері жатқан, қатаң дербес тіл табуды талап етеді. Осылайша, гипертимді, тоқтаусыз жасөспірім энергияның көп жұмсалуын талап ететін спорт жаттығуларына, әрекеттердің белсенді түрлеріне тарту арқылы арынды жігердің, тынышсыздықтың, шамдағайлықтың әлеуметтік ұйымдастырылған шығысына ең көп көңіл бөлінетін педагогикалық түзетудің ерекше шараларын талап етеді. Керісінше терең интеллектуалды істерге бейім, маңайындағы адамдармен өзара қатынасын күрделендіретін, қарым-қатынаста қиыншылықтары бар шизоидті тип өзінің сүйікті істері негізінде, құрбыларымен өзара қарым-қатынас жүйесін кеңейтуге мұқтаж. Егер тәрбиелік жұмыста мінез бітісінің асқынуына тап болған балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мән бермей, дербес тіл табу орнына авторитарлы тәсілдер пайдаланылса, жүйке дерттері мен асоциалды көріністер мін-детті түрде орын алады. Бұл жағдайда педагогикалық түзету шаралары жеткіліксіз екені және психиатрлар, невропатологтар, психотерапевтердің араласуы мен көмегі, тәрбиелік сипаттағы шаралармен қатар дәрігерлік емді жүзеге асыратын шаралар, сондай-ақ педагогтар мен ата-аналарға арнайы кеңес беру қажет екені айқын.
Ассоциалдық мінез-құлықтардың психофизиологиялық алғы шарттарын құрайтын қолайсыз сипаттамалардың ішінде, іштен туған, тұқым қуалаушылық сипаттағы табиғи кемістік немесе екі-үш жасқа дейін болған бас сүйек пен ми зақымдары және орталық жүйке жүйесінің аурулары себепші болған, ақыл-естің дамуының артта қалуы, олигофрения ерекше орын алады. Ақыл-есінің дамуы артта қалған балалардың әлеуметтік бейімделуі, осы балалардың ассоциалдық ауытқуларының алдын алу сияқты, көмекші оқу-тәрбие мекемелерінде ерекше бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуы керек.
Жекеленген жағдайларда, ассоциалдық қылықтардың алғы шарттары дене мүшелерінің әртүрлі кемшіліктерімен байланысты. Балалардың келеңсіз қатынасына себепші болатын тілдің кемшілігі, сырт келбетінің көріксіздігі, конституциялық-соматикалық кемшіліктер балалар ұжымындағы сыртқа тебу мен бөліп тастауға әкеледі.
Жастардың арасындағы нашақорлықтың пайда болуы мен дамуының психологиялық алғы шарттарын терең және жан-жақты зерттеу осы құбылыстың негізгі заңдылықтарын анықтауға, есірткіні пайдалану саласындағы қылмыспен күресуге бағытталған қажетті ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді.
Есірткіні пайдалану аномия жағдайында тұрған қоғам топтарына тән, яғни бұл топтардағы индивидтер әлеуметтік салмақты мұраттар мен мақсаттардан жұрдай, ал бұл жастардың арасында ерекше сипат алады. Аномия құбылысы, көптеген жастар үшін жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуының жеткілікті анық өмірлік сценарииін көрмейтін, қоғамдағы нормалы құрылысы бұзылған құбылыстардың ауқымында дамиды. Суреттелген жағдайда кейбір жастар өмірлік қажеттіліктердің жетекші біреуін – орнын табу мен өзін-өзі нығайту қажеттілігін жүзеге асыруға қабілетсіз болып шығады. Бұл құбылыс жайсыз көңіл-күймен, “көңіл-күйдің келіспеушілігімен” қатар жүреді және соңғы жағдай жас адамның дағдарысқа төтеп беруіне көмектесетін құралдар іздеуіне әкеледі. Бұл ретте есірткі жас адамға уақытша тыныштық пен көңіл-күйдің жайлығының сағымын беретін дәл сол құрал болып табылады. Есірткіні әрі қарай пайдалана түсуге болашақ нашақордың жекелеген биологиялық алғы шарттары айтарлықтай ықпал жасайды.
Жасөспірімнің асоциалдық мінез-құлқы, ең алдымен, сыртқы әлеуметтік орта факторларының ықпалымен (әсіресе микроортаның), сонымен қатар жасөспірімнің әр түрлі “өмір сәтсіздіктеріне” деген жекеленген қарым-қатынасына себепші болатын, оның жеке тұлғасының дербес ерекшеліктерімен қалыптасады.
Жасөспірімдердің (14-17 жас) және жастардың (18-29 жас) девианттық мінез-құлықтарында барлық девианттық көріністерге ортақ себептер жатыр. Бәрінен бұрын, ол – салыстырмалы түрде біркелкі таралып жатқан және өсіп отырған қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырудың айтарлықтай әркелкі мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық немесе Р. Мертонның терминологиясымен айтатын болсақ, әлеуметтік құндылықтар, мақсаттар мен оларды қанағаттандырудың әлеуметтік ұйымдастырылған құралдар арасындағы үйлеспеушілік.
Адамның мүмкіншілігі, негізінен, оның әлеуметтік мәртебесімен, әлеуметтік құрылымда алатын орнымен анықталады. Басқаша айтсақ, әлеуметтік теңсіздік, әр түрлі әлеуметтік топтарға (страттарға) жататын адамдардың қолынан келетін мүмкіндіктердің бірдей еместігі девиантты қылықтың қайнар көзі болып табылады.