Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:01, реферат
Кез келген әрекеттің түрі, оның ішінде қылмыстық әрекет, көбінесе, қыл-мыскердің психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Қыл¬мыстық іс жүргізу заңы заттай дәлелді, айып¬талу¬шының жауапкершілігінің мәні мен дәрежесін айқындауды та¬лап етеді. Дегенмен, осы күнге дейін тәжірибеде айыпталушы тұлғасын сипаттайтын жағдайлар жетерліктей толық дәрежеде анықталмаған. Сон¬¬дықтан қылмыскер тұлғасының айрықша белгілерін айқындау заң психологиясының маңызды міндеті болып табылады.
Кіріспе 2
Қылмыскер тұлғасының психологиясы 3
Қолданылған әдебиеттер 15
Егер осылай болса, онда әлеуметтік теңсіздік, қажеттіліктер (құн-дылықтар, мақсаттар) мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық қалай жасөспірімдер мен жастарға тән көрініс табатынын қарастыру керек.
Біріншіден, барлық қоғамдарда “үлкен” және “кіші” деген ұғымдар жас арасындағы ғана емес, сонымен қатар мәртебелік айырмашылықтарды да қамтиды. “Үлкен” түсінігінің тек бейнелік қана емес, сонымен қатар құндылық, әлеуметтік мәртебелік мағынасы да бар, әрі бірқатар теңсіздіктерді немесе, тым болмағанда, құқықтар мен міндеттемелердің ассиметриясын белгілейді. Барлық тілдерде “кіші” түсінігі тек қана жасты көрсетіп қоймай, сондай-ақ тәуелділік, бағыныштылық мәртебесін де көрсетеді. Сондықтан жас арасын-дағы айырмашылық әлеуметтік теңсіздікке айналады.
Екіншіден, жастардың жоғары энергетикалық потенциалы, олардың физикалық, интеллектуалды, эмоционалды күштерінің қарқынды дамуы, үлкендер әлемінде өз-өзінің орнын табу мақсаты мен әлеуметтік жетілу болымсыздығы, кәсіпкерлік және өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде туатын салыстырмалы түрде төмен (белгісіз, маргинальды) әлеуметтік статусы бар арасындағы қарама-қайшылыққа байланысты адамдардың әрдайым өсіп жатқан қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың салыстырмалы түрде тең емес мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар жастарға қатысты ерекше өткір сипат алады.
Үшіншіден, энергияны, әлеуметтік
белсенділікті қоғам мақұлдайты
Жастардың ортасында девианттық қылықтың жалпы себептері мен олардың әрекетінен басқа, қайсыбір ауытқулардың жүзеге асуының жоғары мүмкіндіктерін анықтайтын бірқатар факторларды да атап көрсетуге болады. Осылайша, өзін-өзі танытуға деген қанағаттандырылмаған қажеттілік, салыстырмалы түрде жиі күш көрсету қылмыстарына әкеледі. Жастардың алкогольге деген ұмтылысын күшейтетін және девианттық қылықтың дәл осы нысанын таңдауды түсіндіретін факторлар да бар. Егер алкоголь адамдардың қатынасын жалпы жеңілдететін болса, онда жасөспірімдер мен жастар үшін оның бұл қасиеті тіпті ерекше маңызға ие болады: әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігіне, жасқаншақтыққа, әр түрлі жыныс өкілдері арасындағы өзіне деген сенімді табуға, өзін кем санайтын сезімнен (негізі бар немесе негізсіз) арылуға және т.б. талпыныс жасайды. Алкогольді ішу арқылы жасөспірімдер өзінің “ересектігін”, ересектер әлеміне жататынын көрсетеді (аталмыш алкогольді “мәртебелік” ішу).
Сондықтан ер жетпеген балалардың арасында заң бұзушылықтарды тиімді алдын алу ортаны сауықтыруға, емдеуге және кәмелетке жетпеген заң бұзушылардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық та, дәрігерлік-педагогикалық та сипаттағы шаралардың жиынтығын қарастырады. Адам әлеуметтік пайдалы, мақсатқа бағытталған, оған табыс әкелетін басты қызметті атқару барысында тек көрініп қоймай, сонымен қатар қалыптасады, дамиды деген психологияның іргелі ережесі жасөспірім арасындағы қылмыстардың алдын алу қызметінің негізі болуы тиіс. Яғни, қоғамға пайдалы қызметтің түрлеріне енгізу арқылы, соның ішінде мектеп қабырғасынан тыс, кәмелетке толмағандардың қажет-тілектерінің, мүдделерінің құрылымын өзгерту.
Тәрбиелеу-алдын алу шараларының кешенді сипатын, алдын алу органдарының қызметтерін әрі қарай педагогикаландыру мен психологияландыру қажеттілігін, дәрігерлік көмекті уақтылы көр-сетуді, әртүрлі жүйке-психикалық ауытқулары мен патологиялары бар балаларға есептелген арнайы оқу-тәрбие мекемелерінің тармақтарын кеңейтуді көрсете отырып, заң бұзушылықтардың алдын алуда жетекші роль жалпы әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы шараларға; өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жетілдіруге, балалар мен жасөспірімдерге жақын ортаны сауықтыруға және, ең алдымен, олардың отбасындағы тәрбиелік жағдайларға берілетінін ерекше атап өту керек.
Қылмыскерлер арасында психопаттардың (есалаңдардың) едәуір екенін ескермей қылмыскерлік мәселесін дұрыс шеше алмаймыз.
Психикалық аурулардың ішінде заң психологиясын қызықтыратын психопатия - психикалық ауытқулардың бір түрі болып табылады. Ол, негізінен, үш түрге бөлінеді: қозатын, интероидтік және тежегіш.
Бірінші түрі – қозбалы, ызақор, ашуланшақ, импульсивті, болмайтын себеппен жан күйзелісіне түсетін, мінезі құбылмалы, ренжігіш, қатыгез адам. Мұндай адамдар болып жатқан оқиғаларға жеңіл, үстіртін қарайды, ұйымшылдық көрсетпейді, тәртіп талаптарымен есептеспейді, сынға төзімсіз, кездейсоқ жағдайларға ықпал етуге бейім тұрады.
Психопатияның екінші түрі: оның мінезінде эгоцентристік сипат болады, яғни ол өзінің “менінен” басқа ешкіммен санаспайды, өзін қадірлеуді ұнатады. Егер оны басқа адамдар қадірлемесе, ол эмоционалды тұрақсыздық, ренжігіштік, қызбалық көрсетеді. Ортамен қатынаста ондай адамдар өтірік айтып, қиялға беріліп кетеді. Алдыңғыларға қарағанда, үшінші түрдің криминалды белсенділігі төмендеу. Тежемді түр адамы сезімталдығы жоғары, тез шаршағыш, ұялшақ келеді, оған өз-өзіне сенбеушілік, өзінің кемістіктерін сезінушілік тән. Кейбір белгісіз жағдайда ондай адамдар өзі жасаған жұмысқа немесе қабылдаған шешімге күмән келтіреді, жасқаншақтық көрсетеді. Мұндай адамдар қоғамға қарсы бағытталған қылықтар жасауы, қашқындық жасауы және өзін-өзі өлтіруі де мүмкін. Тұлғаға, меншікке қарсы қылмыстарды да, жыныстық қылмыстарды да жасаудан тайынбайды.
Психикалық ауытқулар психикалық аурулар асқынуы мен тұлғаның бітіс арасындағы психикалық құбылыстарды біріктіреді. Бұған алкоголь, есірткіге байланысты психиканың бұзылуы да кіреді. Белгілі бір жағдайда психикалық ауытқулар тұлғаның сыртқы жағдайлардың әсеріне қарсы тұруына, әлеуметтік пайдалы қасиеттерінің дамуына кедергі жасайды, сыртқы ортаға бейімделу қабілетін және ішкі бақылау тетігін әлсіретеді, іс-әрекетке сай шешім қабылдау мүмкіндіктерін шектейді, импульсивті, кездейсоқ, ойланбай істейтін, заңға қайшы қылықтарды жасауды жеңілдетеді. Осының барлығы тұлғаның дамуына жағымсыз әсер етеді және қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуына себеп болады. Психикасында ауытқу бар адамдар көбінесе қоғамнан, әлеуметтік топтардан шет жүретіндер болып табылады.
1 Ерінбетова Л. Қылмыскер тұлғасы. “Заң” журналы. 2002 ж., № 5, 71 б.
1 Прикладная юридическая психология: Учеб. пособие для вузов / Под ред. проф. А.М. Столяренко- М.: ЮНИТИ – ДАНА, - 105 б.