Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 10:31, реферат
Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол
дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.
Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы
жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс- әрекетінің бір жағы ретінде көріну» деп тұжырымдайды.
1. Зейін туралы ұғым
2. Зейіннің түрлері
3. Зейіннің қасиеттері
Жоспар:
1. Зейін туралы ұғым
2. Зейіннің түрлері
3. Зейіннің қасиеттері
1.Зейін туралы ұғым.
Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол
дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.
Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы
жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс- әрекетінің бір жағы ретінде көріну» деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз процес, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес.
Зейін деп - адам санасының белгілі
бір затқа бағыттала
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай ете алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».
Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,
бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте
түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды
сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ
тыңдап отырған баланың
зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - нерв
жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми
қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп
аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық
формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді
сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады.
Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстер
жоғарыдан (ми қабығынан)
(ми бағанасы т.б.) келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл - төмендеуші
ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун,
Италия ғалымы Моруций импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына
жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны - өрлеуші
ретикулярлық формация дейді.
Зейіннің физиологиялық
негіздерін И.П.Павлов ашқан
өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.И. П. Павлов, егер ми
қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу прцестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәсерлер туралы ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Физиолог, ғалым А.А.Ухтомский ми қызметінің заңдылықтарын зерттей
отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.
Доминанта - латынның доминанс деген сөзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір
алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп
жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне
бағындырып, нерв жұмысын күшейте түседі. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған нерв орталықтарының жұмыс
принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының
үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың
мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы,
яғни таңбалы процесті бейнелейтін
жүйенің тарихының жоқтығы. Ағзаның
жұмыс қабілетін нақ сол
А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың
"Қозудың оптимальдық алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.П.Павловтың оптимальдық көзу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. А.А.Ухтомский доминантаның психологиясы мен физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалдық
доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені
онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай»
жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының
творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде
И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды
байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда
болатын жері жаркылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамньгң ми
сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз
жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың баска бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған
объектілерді байқамайтын
жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми
қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп
отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта
болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін
аудару адамның сыртқы
көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы көрінеді.
Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Ӛйткені, осы айтылғанға
біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне карап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.
2. Зейіннің түрлері.
Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ
біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген
тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай,
ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, көңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның өздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сөз екпінін өзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады. Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі кернекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де
ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды
әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып,
сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер
туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып,
танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің
тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына
байланысты. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды
т. б.Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Ӛйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс- әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады.
Қызығу - ырықсыз зейінді туғызады. Ӛйткені қызықты іске көңіліміз тез
ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз
кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);
ә)адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы
орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те
атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір
объектіге бағытталуын - ырықты зейін
дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық
мазмұны адамның іс-
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін
қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу әрекетін
балалардың шама-шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті.
Талпынысының нәтижелі болуы - баланың өзіне деген сенімін арттырады.
Сабақты оқушылардың жас