Зейін туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 10:31, реферат

Описание работы

Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол
дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.
Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы
жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс- әрекетінің бір жағы ретінде көріну» деп тұжырымдайды.

Содержание работы

1. Зейін туралы ұғым
2. Зейіннің түрлері
3. Зейіннің қасиеттері

Файлы: 1 файл

Зейін.docx

— 32.64 Кб (Скачать файл)

керек.Мысалы, сабақ үстіндегі артық  сөз, қимыл белсенді жұмыс істеп отырған оқушының көңілін бөледі.

     Жұмыс орнының қолайлы  болуы - ырықты зейіннің тұрақты  болу

шартының бірі. Жұмыс орнында  кісінің көңілін бөгде тітіркендіргіштер

алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстінде  айтылған артық сөз баланың

белсенді жұмыс істеп отырған  көңілін бөледі. Ырықты зейінді дұрыс

ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психикалық күйі. Шаршап-

шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан

қинайтын бөгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты

зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты

тұрақтандыруға болады. Әр қилы жағдайларда  жұмыс істей білу мен адамның  әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты  болуына ықпал етеді.

Ырықты зейінде белгілі бір  мақсат қойып, объектіге ерекше зер  салып

отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа

жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін  мынандай ерекшеліктермен сипатталады;

1) Қандай болмасын бір әрекеттің  талабына сай зейінді бағындыра  алу

үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

2)Үйреншікті жұмыс жағдайын  жасап алып, алаңдататын нәрселерден

бойды аулақтатқан жөн.

3)Орындалатын істің мәнісін,  маңызын түсіну үшін білімге  шын

ықыласпен берілген дұрыс.

4)Түрлі қолайсыз жағдайларда  да жұмыс істеуге машықтану.  Мәселен,

көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-

гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді

шынықтырудың, оны мықты және шыдамды  етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып  табылады.

5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,

ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен  ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты

зейін ырықсызға, ырықсыз зейін  ырықтыға қарай жиі алмасады.  

Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына  қарай тікелей қызық емес басқа  материалдарға да зейін қояды. Алғашқы  уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

     Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға

табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш  жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс- әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан, адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет. Зейіннің мұндай түрін де еріксіз, бірақ «екінші» зейін деп атайды (Э. Титченер, С. Л. Рубинштейн) Бұл орайда кейбір авторлар Н. Ф. Добрыниннің ұсынысы бойынша, үйреншікті зейінге «еріктіден кейінгі» зейін деген терминді пайдаланады. Бұл атауды енгізуге негіз болған жағдайлар адам өзін жұмылдыру үшін әуелі күш салып, кейін келе өз қызметіне беріле кірісетін, енді бастапқыдағыдай ерік күшін жұмылдырусыз-ақ жұмыс істейтін жағдайлар Алайда мұның өзі бір жағдай ғана. Өйткені адам әдетте қызықты әнгімеге, оқылатын кітапқа, көретін суретке бірден ден қояды, бұл үшін оған алдын ала ешқандай «әзірліктің» қажеті болмайды. Жоғарыда қарастырылған зейіннің үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.

     3. Зейіннің  қасиеттері.

     Зейін мынадай қасиетімен  сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы,

тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін көлемі күрт тарылады.

     Баланың зейінінің  көлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа

әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі  ұқсас суретпен немесе мағьнасы жағынан  мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9,1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті түрде  айкын көрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу өте-мөте орынды болады.

     Зейіннің  бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше

объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал өмірде іс-әрекет зейінді үнемі әр

нәрсеге бөлуді талап етеді. Зейінді бөле білуге дағдылану керек. Бәрімізге

мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды, кейде сабақ

айтып тұрып қателеседі, оқушылардың  жауабындағы қателерді де байқамай

қалады. Кейін мұғалім бірнеше  обьектіге зейінін бөле білуге дағдыланады.

     Зейіннің  шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа

тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны  өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат

құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сөйлескені де,

інілерінің ойын-шуы да, теледидар  да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің

жұмылу күшінің шоғырлануы көп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл

сирек болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші көбіне аз болады.

     Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан көрінеді. Зейіннің

шоғырлануы оның аумағы мен бөлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын

нәрсе неғұрлым аз болса, зейін көбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал

зейін түсетін нәрсе соғұрлым көп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа

шашырап кетеді.

     Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан

айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті

көптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс-

әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан  әдеттерге т. б. байланысты болады.

Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп отырумен

байланысты қасиет. Егер адамның  зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған

жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас  еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады.Алаң болушылық - зейіннің толқуынан көрінеді. Зейінде толқу болып

отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3

секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі  сәл ауытқуы күрделі, қызықты

істі атқару кезіндегі зейін  тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.

     Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды

әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың  ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір

нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық

тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың  ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.

     Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті

тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет. Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері.  А., 2005,204-216б.

2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.

3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б

4. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.

5. Джакупов С.М. Психология познавательной  деятельности. А: Изд. КазГУ,

1992г., -195 б.

6. Зинченко П.И. Непроизвольное  запоминание. – М. Изд-во АИН  РСФСР,

1961г.,132с.

7. Леонтьев А.Н. Избранные психологические  произведения: в 2-х т./под

ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г.321с.

8. Лурия А.Р. Внимание и память. – М. Изд-во МГУ, 1975г., 180с.


Информация о работе Зейін туралы ұғым