Жеткіншектердің агрессиялық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 07:51, курс лекций

Описание работы

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі таңда біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі, себебі біз онымен күнде көшеде, транспортта, мектепте кездесеміз. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия мәселесі зерттеудің негізгі обьектісі болып отыр. Соңғы уақытта адамдағы агрессивті мінез-құлық проблемасын зерттеу бүкіл әлем психологтарының өзекті зерттеу бағытына айналып отыр. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары жеткіншектерді агрессивті әрекеттерге еліктіріп, үйретуде. Батыс мәдениетінің біздің қоғамымызға енуі жастар мен жеткіншектерде девиантты мінез – құлықтың пайда болуына, нашақорлыққа, сексуалды құмарлыққа және т.б. жайсыз жағдайлардың өсуіне әкелді.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 16.67 Кб (Скачать файл)

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі таңда біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі, себебі біз онымен күнде көшеде, транспортта, мектепте кездесеміз. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия мәселесі зерттеудің негізгі обьектісі болып отыр. Соңғы уақытта адамдағы агрессивті мінез-құлық проблемасын зерттеу бүкіл әлем психологтарының өзекті зерттеу бағытына айналып отыр. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары жеткіншектерді агрессивті әрекеттерге еліктіріп, үйретуде. Батыс мәдениетінің біздің қоғамымызға енуі жастар мен жеткіншектерде девиантты мінез – құлықтың пайда болуына, нашақорлыққа, сексуалды құмарлыққа және т.б. жайсыз жағдайлардың өсуіне әкелді.

 Қазіргі таңда көптеген  психологтар агрессия – бұл өзіне мұндай қатынасты қаламайтын тірі жанға басқа біреудің зиян келтіруі немесе мақсатты түрде жәбірлеуді білдіретін мінез – құлықтың кез келген формасы деген анықтаманы қолданады. Сонымен қатар өз - өзіне бағытталған агрессивті мінез – құлық әрекеттерін білдіретін - аутоагрессия деген бар дейді.

 Барлық қасиеттер сияқты  агрессия да индивидтерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады, біреулерінде мүлдем жоқ болса, басқаларында шексіз болады. Агрессияның болмауы енжарлық пен конформдылыққа, ал оның шектен тыс дамуы қақтығысқа, қоршағандармен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессия адамда белгілі бір мөлшерде болуы керек, себебі адамда ол болмаса, адам дамымайды, енжар болады. Жеткіншектер үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ерекше орын алады, себебі ол айналадағы ортасымен қарым – қатынасқа түсу арқылы дағдыларды игереді, дамиды.

 Сонымен қатар жеткіншектердегі агрессивтілік мәселесі аз зерттелінген. Көптеген ғалымдар ресейде және шетелде зерттеген ғалымдардың назарына мәселенің мынандай аспектілері: агрессияның биологиялық, және әлеуметтік детерминанттары, оны игеру мен оның орнығу механизмдері, агрессияның көрінуін анықтайтын агрессиялық мінез – құлықтың индивидуалды және жыныстық ерекшеліктер, агрессияның алдын алу тәсілдері зерттеу назарына алынды.

 Осының барлығы біздің  тақырыбымыздың өзекті екенін көрсетеді.

 Зерттеуіміздің обьектісі болып жеткіншектердің агрессивтілігі табылады.

 Зерттеу пәні: Жеткіншектердің агрессивті мінез – құлқындағы психологиялық ерекшеліктер

 Зерттеу мақсаты: Жеткіншектердің агрессивті мінез – құлқының ерекшелітерін анықтау

 Зерттеу болжамы: Жеткіншектердегі агрессивті мінез – құлықтың ерекше көрініс беруі сыртқы факторларға, яғни қарым – қатынас жасайтын ортасы, мектеп, және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.

 Зерттеу мақсатымыз іске асу үшін алдымызға келесі міндеттерді алға қойып отырмыз:

1. Психология ғылымында  агрессия мәселесін зерттеген ықпалдарды қарастрып, талдау жасау;

2. Жеткіншектердің тұлғалық  ерекшеліктерін талдау

3. Жеткіншектерде агрессивті мінез – құлықтың көріну ерекшеліктерінің алғы шарттарын қарастырту;

4. Зерттеу әдістемелерін және зерттеу орнын анықтау;

5. Жеткіншектердегі агрессивті мінез – құлық ерекшеліктерін эмперикалық зерттеу нәтижелерін анықтау;

 Зерттеудің теориялық  негізі болып ресейлік, қазақстандық және шетелдік концепциялар табылады, олар агрессия мен жеткіншектердегі агрессивтіліктің ғылыми негіздерін ( Р.Беорн, Д. Ричердсон, Л. Берковиц, З. Фрейд, К. Лоренц, К.Г. Юнг, А. Адлер, Э. Фромм, К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз К. Хорни, Д. Уотсон, А. Бандура, Д. Долард, С. Розенцвейг, Э. Шпрангер, Ш. Бюлер, М. Мид, А.А Реан, Румянцева, О.Ю. Михаилова, И.А Фурманов, Т.Н. Курбатов, В.И Гарбузов, А.А. Бодалев, Т.В. Роял, Е.Е. Копчанова, Г.П. Бочкарева, П.П. Бельский, С.Я. Белячева, Е.В. Ольшинская, Н.А. Невский, С.Л. Соловева, Ю.М. Антонян) қалыптастырған. Осы зерттеушілердің ішінде (Э. Фромм, К. Изард, А. Р. Ратинов, Т. Д. Марцинковская, А. А. Роял, С. А. Соловьева және тағы басқалар) “агрессия” және “агрессивтілік” түсініктерінің синоним емес екендігін атап көрсетті:

 Агрессивтілік – бұл агрессияға дайындықты көрсететін, өз кезегінде агрессивті мінез – құлыққа жататын белгілі тұлға қырларымен сипаттауға болатын тұлға қасиеті, агрессия деп - әдетте деструктивті тұлғааралық өзара әрекеттесуді түсінеді.

 Зерттеу әдістері:

1. Тұлғаның психологиялық ерекшелітерін анықтауға арналған

 көпфакторлы FPI тұлғалық  сұрақнамасы;

2. Агрессивтіліктің көрінуін анықтауға бағытталған Басс – Дарки

 сұрақнамасы;

3. М. З. Дукаревичтің  «Дүниеде жоқ жануар» проективті әдістемесі;

4. Екі әдістеменің арасындағы корреляциялық байланысты Стюдент

 крийтериі арқылы көрсету;

 Зерттеу базасы болып, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының

 жалпыға білім беретін кәсіптік № 45 мектебі табылады.

 Зерттеу экспериментіне екі 8 сынып оқушылары, барлығы 55 оқушы қатысты.

 Жеткіншектердің агрессивті мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу практикалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырды.


Информация о работе Жеткіншектердің агрессиялық дамуы