Жеткіншектердің агрессиялық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2012 в 07:51, курс лекций

Описание работы

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі таңда біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі, себебі біз онымен күнде көшеде, транспортта, мектепте кездесеміз. Қоғамда болып жатқан террор, жәбірлеу, суицидтің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия мәселесі зерттеудің негізгі обьектісі болып отыр. Соңғы уақытта адамдағы агрессивті мінез-құлық проблемасын зерттеу бүкіл әлем психологтарының өзекті зерттеу бағытына айналып отыр. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары жеткіншектерді агрессивті әрекеттерге еліктіріп, үйретуде. Батыс мәдениетінің біздің қоғамымызға енуі жастар мен жеткіншектерде девиантты мінез – құлықтың пайда болуына, нашақорлыққа, сексуалды құмарлыққа және т.б. жайсыз жағдайлардың өсуіне әкелді.