Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:22, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты: Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1)Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын анықтау;
2)Алматы ауасының ластануын зерттеу;
3)Алматы қаласының атмосфералық ауасын ластанудан қорғау;
КІРІСПЕ
1. АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Алматы қаласының физикалық-географиялық сипаттамасы
1.2 Алматы қаласының экологиялық жағдайы
2. АЛМАТЫ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУ
2.1 Алматы қаласының атмосфералық ластану көздері
2.2 Алматы қаласының атмосферлық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы
2.3 Алматы қаласының ауасын таза ұстаудың шаралары
3. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫН ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Атмосфералық ауаның тазартуының әдiстерi
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
СЭС – Санитарлы эпидимиологиялық станциясы
АЛИ – Атмосфераның ластану индексі
ШРК – Шектеулі рауал концентрациясы
ХСҰ – Халықаралық стандарт ұйымы
ЖЭС – Жылу электро станциясы
ӘКК – Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы
ЕҚҚБ – Еуропалық қайта құру банкі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі танда Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы айтарлықтай мәз емес. Бүгінгі күнге дейін адамзат өзінің өмір сүру қажеттілігіне табиғатты пайдалану барысында, оған зияң тигізуде. Бүгінгі күні еліміздің атмосфералық ауасына антропогенді әсері жағымсыз жағдайлар туғызуда [1]. Соңғы жылдары Қазақстан жерінің экологиялық жағдайы нашарлай түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі себептері өнеркәсіп орындарын салу, жаңа технологияларды дамыту болып келеді. Жалпыға белгілісі, оның адамның тұрмыстық қажеттіліктері үшін, өсімдіктер мен жануарлар үшін де қажетті екендігі, барлық тірі организмдер үшін ол өмір сүру ортасы болып табылмақ. Соның әсеріне тек қана қоршаған ортаға зияның тигізіп қана қоймай, адамның, жануарлардың өміріне маңызды болып келетін ол – ауа. Барлығымызға мәлімдей Қазақстанның ең дамыған қаласы ол – Алматы қаласы. Алматы қаласының атмосфералық ауасын айта кететін болсақ, оның ауасына ең көп зияң әкелетін – автокөліктер болып табылады. Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның және Алматы қаласының даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Алматыда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді. Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Қаланың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Алматы қаласының климаты негізінен континенттік. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Бұл қала арман қала, жап-жасыл орман қала» - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасымен де танымал бола бастағандай. Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Атмосфераның негізгі ластаушысы автокөліктер екені белгілі, сондықтан өткен жылы автокөліктер шығаратын газдың зияндылығын бақылауға ерекше көңіл бөлінді. Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Алматының экологиялық проблемасы күрделі. Оның негізгісі- ластанған ауа, ал бұл қала тұрғындарының денсаулығына, топырақтың қыртыстарына, флора мен фаунаға, жер үсті және жер асты суларына кері әсерін тигізуде. Еліміздің аса ірі мегаполисі - Алматының ауа бассейнінде қалыптасып отырған төзгісіз жағдай қоғамдық тыңдаудың басты тақырыбына айналды. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Алматыда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды.
Жұмыстың мақсаты: Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1)Алматы қалалық экожүйесінің
экологиялық жағдайын анықтау;
2)Алматы ауасының ластануын зерттеу;
3)Алматы қаласының атмосфералық ауасын ластанудан қорғау;
Ғылыми жаңалығы: Алматы қаласының атмосфералық ауасын тазартудың тәсілі ретінде сүзгілер пайдалану алғашқы рет ұсынылды.
Теориялық маңыздылығы: Алматы қаласының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайын зерттеу қорытындыларын алдағы уақытта студенттердің, оқушылардың және педагогтардың оқу барысында оқу құралы және қосымша ақпарат ретінде қолдану.
Жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: Осы берілген зерттеу жұмыстарының мәліметтерін Алматы қаласының атмосфералқ ауасын тазарту іс-әрекеттерінде, өнеркәсіп орындарында және табиғатты қорғау мекемелерінде пайдалануға болады.
Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін
ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде
орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс
бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік
беткей баурайында теңіз деңгейінен
700-900м жоғары үлкен және Кіші Алматы
өзендері аңғарларында орналасқан.
Алматы қаласы өзінің рекреациялық және
экскурсиялық объектілерге молдығымен
де ерекшеленеді [2]. Табиғаты. Қаланың табиғаты
мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге
ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды
жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің
аллювийлік және эолдық шөгінділерінен
түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың,
Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның
қырқалы және төбешікті құмды алқаптары
алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары
өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен
тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу
Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар)
қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу
Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар
тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар
арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының
ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан.
Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық
бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге
жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері
(Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау,
Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық
өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың
оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей,
Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара)
жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің
т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы
мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен
таулары аралығында Іле ойысы (аңғары)
жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын
және батысын Шу, Іле таулы үстірттері
мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой,
Қараой үстірттері).
Геологиясы. Қаладағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен
бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды
тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан
түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар,
туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой
жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі
және облыстың биіктігі орташа өңірлері
плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден
түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы
қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен
тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде
бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы
жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен
кезеңінің басында, альпілік орогенез
кезінде пенепленге айналған өңір тектоник.
процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды
түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық
процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын
жер сілкінулер — соның айқын дәлелі.
Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл
(Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары
(Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл
аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және
қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз
кен орындары және минералды жерасты сулары
бар.
Климаты. Алматы қаласының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде — 10-160С, оңтүстікте — 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы — 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см.
Гидрографиясы. Өзендері Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл. Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі. Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б балықтар бар. Өнеркәсібі. 2005 ж. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 ж. алдыңғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты. 2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4 % құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге- 113,4 %. Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн. теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау — кен өнеркәсібінің үлесі-0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%. Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар: Азық-түлік өнеркәсібі-38,0%; Көлік жасау-15,4%; Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі-10,3%; Кен өнеркәсібі-10,3%; Құрылыс заттарын өндіру-7,6% . Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді. 2004 ж. өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады. 2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына, негізінен, жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд. теңге инвестиция салынды. 2004 жылы полиграфилық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44 жаңа өндірісі енгізілді. 35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ХСҰ 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді. Сауда. 2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті. Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4% (130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Жекеменшік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды.Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн. теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%. Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5 %. 2005 ж. 01 қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар: Өнеркәсіп және азық-түлік тобы-2922; Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-1119; Тұрмыстық қызмет көрсету-1021; Базарлар-76. Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді [3].
Алматының экологиялық проблемасы күрделі. Оның негізгісі- ластанған ауа, ал бұл қала тұрғындарының денсаулығына, топырақтың қыртыстарына, флора мен фаунаға, жер үсті және жер асты суларына кері әсерін тигізуде. Соңғы жылдары қала шекарасы тек солтүстік және оңтүстік бағытқа ғана емес, Іле Алатауының отүстігіне қарай созыла бастады. Қала арқылы өтетін су арналары таудан бастау алады, ал мұндағы қарлы - мұзды зонада атмосфералық қалдықтардың мөлешрі тым жоғары ( 1 м .және жыл ішінде бұдан да асады), көптеген су көздері осы жерден басталады. Соның салдарынан жылдар бойына қордаланып қалған техногендік қалдықтар қоршаған ортаға, Алматының агломерациясына кері ықпал етіп, болашақта су сапасының төменденуіне әкеліп соғуы әбден мүмкін. Қала атмосферасын ластайтын 14700 орын анықталды, олардың 13560-ы (92 пайызы) ауаға зиянды заттарды шығарады. Ауаны ластайтын 1707 орынға газ тазартатын қондырғылар қажет, 2006 жылы мұндай қондырғылармен 1385 орын, ластау көздерінің 81 пайызы жарақтандырылды. Ауаны ластайтын 132,5 мың т. заттың 117,4 мың т.сыртқа шыққан бойында залалсыздандырылды, қала бойынша газ тазартатын қондырғының тиімділігі 88,6 %ЗВ, қатқыл заттармен ластанудан сақтаудың тиімділігі 96,9 %. Қала ауасының ластануына Жетісу ауданының стационарлық көздерінен түскен -68,5 % , Түрксіб ауданынан түскен -15,8,Алмалы ауданынан түскен 3,1 % , Бостандық ауданының -2,7 % , Медеу аудынының-2,3 % , Әуезов ауданының -7,7 пайыз қалдықтары да әсер етуде. Еліміздің аса ірі мегаполисі - Алматының ауа бассейнінде қалыптасып отырған төзгісіз жағдай қоғамдық тыңдаудың басты тақырыбына айналды. Қалада көлік тасқынының жыл сайын өсуі экологиялық жағдайға, тұрғындардың денсаулығы мен қала экологиясына кері ықпалын тигізуде. Өкінішке орай, автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтар утилизацияланбайды, себебі оларды қайта өңдейтін өнідіріс жоқ. Көлікке пайдаланылатын улы сұйық заттардың қалдықтары жерге төгіліп, олар топыраққа сіңіп, зиян келтіруде. Алматы қаласының ауасының ластануының көрінісі 1-ші суретте көрсетілген. [4].
Сурет 1 - Алматы қаласының ауасының ластануының
көрінісі.
Ескерту: [4] әдебиет көзінен алынған.
Қазіргі кезде Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Департаментінің бастамасы бойынша қалада ауаның қаншалықты ластанғанын көрсететін жоба жасалу үстінде. Алматы қаласына жақын орналасқан елді мекендердің ауа бассейнінің ластануын зерттегенде SO2, NO2 қоспаларының жоғарғы екендігі, яғни орташа тәулік көрсеткіші1,4-4,7 есеге, бір мезеттегісі 1,6-13,0 есеге жоғары екендігі анықталды. Бір мезеттік шаңмен ластануы орташа көрсеткіштен (25,3 %) және азот қышқылымен ластануы (31,7 %) жоғары екендігі байқалды. Талғар және Есік қалаларында формальдегид пен азот қышқылының деңгейі орта тәуліктік көрсеткіштен едәуір жоғары, SO2, NO2 концентраттары 0,2-1,1 деңгейінде болды. Атмосфералық ауаның ластануынан тыныс алу мүшелері ауруларының 2005-2010 жылдардағы 2-ші суретте көрсетілген. [5].
Сурет 2 - Атмосфералық ауаның ластануынан тыныс
алу мүшелері ауруларының сызбасы.
Ескерту: [5] әдебиет көзінен алынған.
Ауаның ластану деңгейінің жоғары болуына байланысты қатерлі ісік ауруына шалдыққандардың саны арта түсуде. Мәселен, 2010 жылы алғаш рет қатерлі ісік ауруымен тіркелгендердің ішінде 100 мың адамға шаққанда қатерлі ісік 181,2 адамда тіркеліп, 2008 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға өскен. Мұндай науқастардың ең көп саны Алматы қаласында 241 адам тіркелген.
2.1 Алматы қаласының атмосфералық
ластану көздері
Алматы қаласының ауа құрамына
сұйық және газ тәрiздi заттардың таралу
мөлшерi көп таралатыны белгiлi. Қалада
қазiргi таңда 800 мың жеңiл көлiк тiркеуге
алынған. Алайда күнделiктi сырттан келетiнi
бар, уакытша жүргенi бар көлiк кептелiсiн
тудыратын мәшинелер миллионнан асып
жығылады. Жалпы, қала аумағы 500 мың көлiктiң
жүрiсiне орайластырылған. Ендi салыстырып
көрiңiз! Алматы қаласының жалпы халық
саны – 1391095 . 3-ші суретте Алматы қаласының
сұйық және газ тәрізді заттардың таралуынан
ауаның ластану көрінісі. Алматы қаласының
сұйық және газ тәрізді заттардың таралуынан
ауаның ластану көрінісі 3-ші суретте көрсетілген. [6].
Сурет 3- Алматы қаласының
сұйық және газ тәрізді заттардың таралуынан
ауаның ластану көрінісі.
Ескерту: [6] әдебиет көзінен алынған
Бұл қала арман қала, жап-жасыл орман қала» - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасымен де танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың брендіне айналды десек артық айтқандық емес. Әрине бұған көп қөп үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған жарты милионға жуық көлік екені кім-кімгеде түсінікті. Алматы қаласы орналасқан тау беткейінің климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде, бұнымен қатар атмосфераны ластаушы стационарлы, жылжымалы нысандардың артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр. Қоршаған орта ауасының тазалығы бойынша үнемі мониторинг жүргізу арқылы, антропогенді әсерден болатын ластаушылардың күйін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады. Алматы қаласы 2011 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себепкер автокөліктер. Қалалық Жол полициясының деректері бойынша дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп-кетіп жатады. Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп. Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады. Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, отынның толық жанбаған көптеген өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттардың қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары бензапирен, альдегидтер) бар. Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен, күйе, күкіртті түтін т.б. Бұл физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды. Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды. Машина тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді. Ауада ұзақ уақыт сақталып, оттегі арқылы адам ағзасына түсетіндігі белгілі. Автокөлік түтіні жасыл желекке де зиянды әсер етуде лас ауадан өсімдіктерде түрлі аурулар пайда болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды. Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына тікелей байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген тексерулер бойынша автокөліктің 80%-ның түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары болған. Автокөліктер ауаны көбінесе көшелер қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды. Себебі, ондай жерлерде автокөлік көбірек шоғырланады және олардың моторы аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газ көп бөлінеді. 2 миллион халқы бар Алматының ауасы бұлайша ластанып жатқанда, 20 миллион халқы бар ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндер де табылады арамыздан. Ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико , 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай , 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк , Лос-Анжелес , Лондон , Ыстамбұл , Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят. Бірақ осы бағытта істеп жатқан жүмыстарымыз да шамалы. Әлемдегі ірі қалалардың тәжірибесін өзімізге үлгі етуімізге болады. Мәселен , 90-жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені «өлі» өзенге айналып, шанхайлықтар өзенді «Шанхайдың соры» деп атаған болатын. Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа көмсе , 700-ге тарта өндірістік кәсіпорынның қалдықтары Шанхайдың экологиясын нашарлатып-ақ жіберген. Шанхайлықтар қаланы әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналдыруды мақсат етіп , дереу көгалдандыруға кіріскен. Жасыл желек қала аумағының 35 пайызын құраған. Демек , 17 миллион қала тұрғынының әрбіріне 9,2 шаршы метрлік көгалдандырылған алаңқай тиеді деген сөз. Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатындағы шараларға бірнеше миллиард доллар бөлінген. Такси мен автобустарды жанармайдан газға көшірген. Қоршаған ортаға зиянын тигізген кәсіпорын болсын, адам болсын, оларға қала басшылығының үкімі ауыр. Қомақты айып салады , тіптен қала көшесінде түкіруге тиым салған. Міне осы іс-шарадан соң Шанхай Қытайдың ең таза қаласы деп танылып, Қытай үкіметі қаланы «Экологиялық жасыл бақша» деп бағалап, арнайы марапаттаған. Міне, осыдан неге үлгі алмасқа? Үкімет тарапынан арнайы қолдау көрсетіліп, экологиялық таза қалаларымызды дәріптеп, мадақтап отырса, әрине қалаларымздың экологиясын тазартуға ұмтылып, араларында бәсекелестік туатын еді. Автокөліктер шығаратын улы газдармен күрес жүргізу өте қиын. Себебі мына шараларды да іске асыру қажет: ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруіне тыйым салу, бір маршутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермей, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет. Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және оны қолдану өте арзанға түседі. Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвайды кеңінен пайдаланған тиімді. Қалада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсаратыны белгілі. Соңғы кезде, Алматы шаһарында кемтар балалардың дүниеге келуі жиілеп барады. Тыныс алу, өкпе дерттерінің көбеюі тікелей ауаның ластануынан болып отыр. Сондықтан ауаны тазартуды қазірден бастап қолға алмасақ ертең кеш болады. «Таза ауа жанға дауа», ендеше туған қаламыз тек қана экологиялық таза тұғырдан көрінуі керек [7].
Информация о работе Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайы