Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:22, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1)Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын анықтау;
2)Алматы ауасының ластануын зерттеу;
3)Алматы қаласының атмосфералық ауасын ластанудан қорғау;

Содержание работы

КІРІСПЕ
1. АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Алматы қаласының физикалық-географиялық сипаттамасы
1.2 Алматы қаласының экологиялық жағдайы
2. АЛМАТЫ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУ
2.1 Алматы қаласының атмосфералық ластану көздері
2.2 Алматы қаласының атмосферлық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы
2.3 Алматы қаласының ауасын таза ұстаудың шаралары
3. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫН ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Атмосфералық ауаның тазартуының әдiстерi
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

курсты__ ж__мыс Мажидова Алмагуль.docx

— 1.52 Мб (Скачать файл)

 

2.2 Алматы қаласының   атмосферлық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы            

 

2011 жылы Алматы атмосферасының ластану деңгейі біршама төмендеді. Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтеріне сілтеме жасап, қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады. Мәселен, 2010 жылы ауаның ластану индексі (АЛИ5) 11,7 бірлікті құраса, 2011 жылы 9,2 бірлікке азайды. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 12,9 бірлік болды. Яғни, қазіргі таңда Алматыда ауа ластануының төмендеу үдерісі байқалуда. Бүгінгі күні Алматы әкімшілігі қала ауасының ластануын төмендету үшін бірқатар кешенді шараларды қолға алуда. Қазақстан бойынша тiркелген сырқат адамдар саны жөнiнен де Алматы қаласы бiрiншi орында. 2009-2010 жылдары 85-90 мың адам ауырып, тiркеуге алынған. Тiркелмегенi мұнан да көп екенiн ескерсек, Алматының ахуалы алаңдатарлық. Алматы қаласындағы автокөліктің көрінісі 4-ші суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 4 -Алматы қаласындағы автокөліктің көрінісі.    
Ескерту: [23] әдебиет көзінен алынған.

 

Атмосфераның негізгі ластаушысы автокөліктер екені белгілі, сондықтан  өткен жылы автокөліктер шығаратын  газдың зияндылығын бақылауға ерекше көңіл бөлінді. 2011 жылы Жол полициясы  басқармасы көліктер шығаратын түтін  мен газдың улылығы жоғары  18 117 көлікті анықтап,  57 979 538 теңгеге айыппұл салды, оның  40 607 770 теңгесі өндіріп алынды. Сондай-ақ, автокөліктердің дер кезінде техникалық бақылаудан өтуіне қадағалау күшейтілді. 2011 жылдың 11 айы ішінде 272 311 автокөлік техникалық тексеруден өткізіліп, оның 5 680-і техтексеруден жіберілмей, пайдалануға жарамсыз деп табылды. Бұнымен қатар, арнайы мекемелер бекеттердегі жанармайлардың сапасына мониторинг жасап келеді. Наурыз-желтоқсан айлары аралығында 178 жанармай бекеттері тексеріліп, оның 41-інде сапасыз жанармай сатылғандығы анықталды. Арнайы органдар тарапынан 1,7 млн. теңгеге айыппұл салынып, құны  81,3 млн. теңге болатын мұнай өнімдерінің 20 партиясын сатуға тыйым салынды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Алматыда жеке тұрғын үй секторларына табиғи газды тарту жұмыстары жалғасуда. 2011 жылы қала бойынша 83 шақырымнан асатын газ құбыры тартылды. Оған қоса, көліктерді  биоотынға, газға көшіру бағдарламасы іске асуда.  Мәселен, бүгінде газбен жұмыс істейтін муниципалды парктің 200 автобусы тоғыз бағыт бойынша жұмыс жасайды. Көлік стратегиясы аясында Алматы метрополитенінің 1-інші кезегі қолданысқа берілді, шығыс айналма жолының бірінші және екінші учаске жолдары ашылды. Сондай-ақ, 210 шақырым көшеге орташа жөндеу, 6,86 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 жерасты төлелері салынды. Бұнымен қатар, қала атмосферасы экологиясын сауықтыру мақсатында көп жұмыстар атқарылуда. Өткен бір жылдың ішінде Алматы қаласы аумағында  36 мың түрлі ағаштар отырғызылды.Алматы қаласында 2011 жылдың 3 тоқсанында 2010 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда атмосфераның ластану деңгейі төмендеген және ағымдағы жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда өзгерген. Егер өткен жылдың үшінші тоқсанында атмосфераның ластану индексі (АЛИ5) 11,6-ға тең болса, ағымдағы жылдың 3 тоқсанында – 9,1-ге дейін төмендеген. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында көрсеткіш 8,8-ге жеткен. Ауадағы асылған заттар (шаң), күкірт диоксиді, көміртек оксиді, фенол және металлдар құрамы ұйғарынды деңгейде. Диоксид азотының бір жолдық максималды концентрациясы 2,6 шекті рауалды концентрацияға (ШРК), көміртек оксиді – 1,8 ШРК, асылған заттар – 1,4 ШРК, формальдегид – 1,6 ШРК-ға тең. Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексі ең жоғарғы қала, ол – Алматы қаласы. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексі (АЛИ) 5-ші суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 5 - Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексінің сызбасы (АЛИ).

Ескерту: [10] әдебиет көзінен алынды.

 

Алматы қаласы атмосферасының ластану деңгейі қаланың әр-түрлі  әкімшілік аудандарында орналасқан 5 стационарлы бекет арқылы өлшенеді. Ластану деңгейін анықтау ауадағы  зиянды заттарды тұрғылықты жерлердегі шекті рауалды концентрациясын (ШРК) өлшеу арқылы іске асады. Ал атмосфераның ластану деңгейі атмосфераның ластануы кешенді индексі (ИЗА5) арқылы есептеледі [8].  

 

2.3 Алматы қаласының ауасын таза ұстаудың  шаралары

  

Адамға табиғат берген байлықтың  бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Алматыда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Алматыда  ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады. Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Алматыда 600 кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ЖЭС пен 65 пеш газға көшті. Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды. Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды. Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде. 
Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың қос оксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр [9].  

 Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатылды. Алматы қаласының ауасындағы өмірге зиянды көміртегі, қорғасын, тағы басқа қалдықтарды азайту үшін біріншіден, автокөліктердің көшедегі қозғалыс бағыттарын жетілдіру, қаладағы кептелісті азайтатын, көше қиылыстарындағы түйіндерді шешетін құрылыстарды салуды жалғастыру керек. Автокөлік тоқтап, қайта қозғалған кезде бірыңғай жүріспен салыстырғанда зиянды қалдықтарды бірнеше есе көп бөледі. Екіншіден, дизельді отынмен жүретін автокөлік иелерін ынталандыру қажет. Мамандардың пікірінше, дизельді автокөлікте қуаты онымен шамалас бензинмен жүретін автокөлікке қарағанда жанармайдың түгелдей жану мүмкіншілігі жоғары, лас заттар қалдығын ауаға аз таратады. Әрі дизель отынының құрамында октан саны жоғары бензинде кездесетін қорғасынның қосындылары болмайды. Әрине, ең оңтайлы шешім – автокөліктерді бензиннен газға ауыстыру. Жоғары октанды, құрамы тұрақты газ ауамен жақсы араласады, сөйтіп, жанармай қосындысының қалдықсыз жанып кетуіне жағдай жасайды. Оның көрінісі: газбен жүретін қорапты жүк автокөліктері бензин жылу қозғалтқышы бар автокөліктермен салыстырғанда зиянды заттарды төрт есе аз шығарады. Бірақ бұл шешімнің әзірге қолдау табуы қиындау, себебі онда автокөліктің техникалық жасалу құрылымы бұзылады, пайдалану қауіпсіздігі төмендейді. Алматының әуе бассейніне жылына 237 мың тонна улы заттар бөлінеді.  Мегаполис атмосферасын бәрінен көп автокөліктер ластайды. Көлiктерден ғана жылына ауаға 189 мың тонна улы заттар тарайды екен. Мамандар қала экологиясын жақсарту үшін  автокөліктерді экологиялық таза отын түрі – сығымдалған табиғи газға ауыстыру керек дейді. Кеше «Intercontinental» қонақ үйінде АҚШ Энергетика министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Экологиялық таза қалалардың көлік жүйелері» атты тақырыпта екі күндік  семинар өз жұмысын бастады. Семинарда табиғи газбен жүретін автокөліктерді  енгізудің артықшылықтары және оның қала экологиясына тигізетін әсері туралы айтылды. Алматы алдағы 1-2 жылда бүкіл қоғамдық көлікті экологиялық таза отын түріне ауыстырмақ. Бұл бағытта бүгінде алғашқы қадам жасалған. Былтыр қала әкімдігі мен Еуропа қайта құру банкі арасында жасалған келісім-шарттың негізінде шаһарымыз 200 газбен жүретін жаңа  автобус сатып алып, муниципалды парк құрған болатын. Қазір муниципалды парктің 50 автобусы қала жолдарына шықты.  Қалған 150 автобус  жыл соңына дейін өз жұмысын бастауы керек. Қоғамдық көліктермен қатар, жеке автокөліктер де біртіндеп газға ауыстырылатын болады. Бұл жөнінде қала Әкімі Ахметжан Есімов өз баяндамасында  айтып өтті. Әкімнің сөзіне қарағанда, «Алматы» аймақтық даму әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы  алдағы бірер жылда 100 мың жеңіл автокөлікті табиғи газға көшіру жөнінде жоба әзірлеген екен. Бұл мақсатта  әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорацияның  жанында арнайы шағын несиелендіру ұйымы құрылған болатын. Бұл мекеме өз автокөліктерін газға ауыстыруға ниет білдірген  жүргізушілерді несиелендіретін болады.  Несие мөлшерлемесі 8 пайыздан аспайды деп жоспарланып отыр. «Алматы» аймақтық даму әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жұмысының келесі маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік-жеке серіктестік принциптерінің негізінде  газ құю стансаларының құрылысын  жүзеге асыру болып келеді. Қазір қалада муниципалды парктің ішінде алғашқы газ құю стансасы ашылған. Енді мұндай стансалар жүйесін қала бойынша ашу міндеті тұр. Бұл үшін қала Әкімі бизнесмендерге үндеу тастап, газ құю стансалар салу үшін ӘКК-мен жұмыс істеуге шақырды. Бүгінде экологиялық таза көлік түрлерінің бірі – троллейбус, трамвайларға да ерекше назар бөлінуде. Биыл қала әкімдігі ЕҚҚБ бөлген 36 миллион теңгеге 200 жаңа троллейбус сатып алған болатын.  Бұдан басқа, Алматы қаласы жеңіл электр көлік жүйесін  дамыту жөнінде үлкен жобаны жүзеге асыра бастады.  Жобаға сәйкес, қалада шағын пойыз тәрізді 6-7 метрлі трамвайлар жүретін болады. Сондай-ақ, жыл соңында Алматы метрополитенінің бірінші кезегі іске қосылуы керек. Бұл да қала экологиясының жақсаруына өз әсерін тигізетін болады. Себебі, метро – әлемдегі ең тиімді  әрі  экологиялық таза көлік түрлерінің бірі болып келеді. 100 мың жеңіл автокөлік табиғи газға ауыстырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫН ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

3.1Атмосфералық  ауаның тазартуының әдiстерi

 

Алматы қаласында соңғы  жылдары атмосфера ластануының  басты түйткілдерінің бірі автокөліктерден  шығатын лас заттар деңгейінің күрт өсуі болып отыр. Газ шығаратын тотық газдардан ауаны тазарту проблемасын шешу оңай болған жоқ, өйткені бұл газдардың негiзгi массаның молекуласы – 40-тан кем атом бірліктерін құрайды [10]. Шаң – тозаң сүзгілері оларды байқамай қалады екен, олар тек 0,3 микрондарды ғана бөгелтеді екен. Ал электрофильтрлерге мүлдем жабыспайды, өйткені одан да жаңадан азоттың шала тотықтары және альдегидтер құрастырады, ал олар автокөліктердің тотық газдарынан да зияңды болып келеді. Бұл мәселенің шешімін табиғаттың арқасында ойлап тапты. Көміртек, азот оксидтері және альдегидтер табиғи жағдайда өздері шіриді, бірақ өте ұзақ уақытта. Осыған байланысты олардың өздерінен шіруіне әкеліп соғатын факторлар табу керек еді. Мұндай факторлармен ультракүлгін шығару мен температура көрсетті. Ультракүлгін сәулелердің шығаруынан немесе жоғары температураның болуынан оксидтер көмірқышқыл газға (табиғи ауаны құрайтын), азотқа және суға айналады. Осылай автокөліктер үшін каталитикалық сүзгілер пайда болды. Жоғары температура кезінде және платина катализаторының қатысуынан өнімнің жағылулары қозғағыштан жанады және автокөліктен шығатын техногенді газдардың саны едәуір азаяды. Каталитикалық сүзгі көрінісі 6-ші суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 6 - Каталитикалық сүзгі көрінісі. 
Ескерту: [18] әдебиет көзінен алынған.

 

Қазіргі кезде  атмосфералық ауаны тазарту үшін көптеген жобалар, құрылғылар, және фильтрлер жасалды. Автокөліктің күйе сүзгі құрылғысының көрінісі 7-ші суретте көрсетілген.

Сурет 7 -Автокөліктің күйе сүзгі құрылғысының көрінісі.

1- күйеге қарсы сүзгісі; 2 - тотықтырғыш нейтрализатор; 3 – SCR нейтрализатор; 4 – мөлшерлеуіш AdBlue (дозатор)    
Ескерту: [29] әдебиет көзінен алынған.

 

 

 

Сурет 8 -Автокөлікті тотық газдардан тазарту сүзгісінің (фильтр) көрінісі.                                        Ескерту: [25] әдебиет көзінен алынған

 

Осы құрылғыларды автокөліктен атмосфераға шығатын улы заттардан, тотық газдардан  тазарту үшін жасайды. Автокөлікті тотық газдардан тазарту көрінісі 8 - 9 суретте көрсетілген.

 

Сурет 9 -Автокөлікті тотық газдардан тазарту көрінісі.  
Ескерту: [27] әдебиет көзінен алынған.

 

Автокөліктерден шығатын тотық  газдардан тазарту үшін арнайы сүзгілерді жақсарту үшін жұмыстар жалғасуда. Осы  мәселемен күресу әдістері жалғасуда  және іздестіруліде. Сондай – ақ осы сүзгілерді жасағанда оның тиімділігі тек тотық газдардан тазарту ғана емес, соның ішінде экономика жағынан өте тиімді болып келеді. Оның тиімділігі жарықты қолдану 60% төмендеді, сосын қоршаған ортаның тазалығы қызметкерлерге 10-20% өндірушілікті жоғарлатады. Нәтижесінде қызметкерлерге деген жұмыс орнын тазартуға аз шығын кетеді және қызметкерлердің денсаулық нашарлауы төмендейді. Ауа тазалайтын сүзгі көрінісі 10-ші суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 10 -Ауа тазалайтын сүзгі көрінісі.                Ескерту: [15] әдебиет көзінен алынған.

 

Автокөліктерді тотық газдардан  тазарту үшін арнайы сүзгілер жасалды. Осы сүзгілер  әрбір автокөлік  жөндейтін орындарда орналастырылған. (5 - сурет) Қазіргі кезде тек автокөліктен шығатын тотық газдар ғана емес, сондай – ақ көмірқышқыл газдан (СО2) атмосфераны тазартуға арналған құрылғылар жасалды. Осы құралдың атауы эко – гаджет. Көмірқышқыл газынан тазартатын білезік көрінісі 11-ші суретте көрсетілген. 

 

 

Сурет 11 - Көмірқышқыл газынан тазартатын білезік көрінісі. 
Ескерту: [23] әдебиет көзінен алынған.

 

Бұл құрал Колумбия штатының университетінің американдық ғалымдарымен игерілген болатын. Осы құрал сағат түрінде қолға тағу ретінде өте ыңғайлы етіп жасады. Әр адам таңғы жүгірісте, спортпен шұғылданғанда киюге ұсынылды. Біріншіден, білезіктің аккумуляторы автоподзаводы бар сағат механикалық қағидасына сәйкес оқталады. Екіншіден, адам сол ауқытта ауаға максималды түрде көмірқышқыл газын шығарады. Осы өндеушілердің мәліметі бойынша эко – гаджет күніне бір тоннаға дейін көмірқышқыл газдың зияңды әсерін бейтараптайды екен. Шамамен бір адамның дем шығаратын саны [11].  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден, планетамызда организмдердің тіршіліктері үшін, оның ішінде адамның өмірі  және денсаулығы үшін, атмосфералық ауаның қаншалықты  манызды екендігін  түсіну қиын емес. Адам қоғамы дамыған сайын, оның цивилизациясы мен техникасы өскен сайын қоршаған орта мен ондағы атмосфералық ауаға біршама зияң келеді.        Атмосфералық ауаны  қорғау бүгінгі таңда ортақ қоғамдық мәселеге айналып отыр, қоршаған ортаны қорғауға осы заман жағдайында қарау тіпті табиғи құбылыс болып отыр. Курстық жұмысымды қорыта кететін болсам:   1) Қазіргі кезде Қазақтан дамып келе жатқан ел. Оның экономикасын дамыту кезінде көптеген өндіріс орындарын, жаңа технологияларды салу болып келеді. Соған орай қоршаған ортаны адамдар өз пайдасына қолданып, қаншалықты экологиялық жағдайына кері әсерін тигізгенің байқамайды.  Атмосфералық ауаны зерттеу барысында Алматы қаласының экологиялық жағдайын бағаладық. Алматының экологиялық проблемасы күрделі. Оның негізгісі - ластанған ауа, ал бұл қала тұрғындарының денсаулығына, топырақтың қыртыстарына, флора мен фаунаға, жер үсті және жер асты суларына кері әсерін тигізуде.          2) Қазіргі кезде тазарту қондырғылары аумағын кеңейту мақсатында  құрылыс жүргізіліп жатыр, тіпті ол толық салынып бітіп, пайдаланғанның өзінде атмосфералық ауаның тұтас тазаруы мүмкін емес. Демек, болашақта ауаны тазарту арқылы қоршаған ортаға зиянын тигізетін қондырғыларды өндірістен алып тастау және сол арқылы қазіргі ауа көздерінің ластануын болдырмау басты міндет болып тұр. Ол үшін қаржыландыруды тиісті дәрежеде қамтамасыз ету арқылы осындай жүйелі іс-әрекеттерді жүргізу қажет.  

3) Қазақстан халқының денсаулығын бағалау; Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес ауаға 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр.     

Алматы қаласының атмосфералық ауасын жақсарту бойынша ұсыныстар  ұсынылады:            1) Алматы қаласының ауасындағы өмірге зиянды көміртегі, қорғасын, тағы басқа қалдықтарды азайту үшін автокөліктердің көшедегі қозғалыс бағыттарын жетілдіру, қаладағы кептелісті азайтатын, көше қиылыстарындағы түйіндерді шешетін құрылыстарды салуды жалғастыру керек.    2) Дизельді отынмен жүретін автокөлік иелерін ынталандыру қажет. Мамандардың пікірінше, дизельді автокөлікте қуаты онымен шамалас бензинмен жүретін автокөлікке қарағанда жанармайдың түгелдей жану мүмкіншілігі жоғары, лас заттар қалдығын ауаға аз таратады. Әрі дизель отынының құрамында октан саны жоғары бензинде кездесетін қорғасынның қосындылары болмайды.           3) Автокөліктерді бензиннен газға ауыстыру. Жоғары октанды, құрамы тұрақты газ ауамен жақсы араласады, сөйтіп, жанармай қосындысының қалдықсыз жанып кетуіне жағдай жасайды.       Біздің ең басты мәселе осы жобада ұсынылған шаралар Алматы қаласының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша тиісті органдарға, басшылар назарына ұсынылады деп сенемін. Сол арқылы осы шаралар бүгінгі күннің басты мәселесінің өзектілігін шешуге қол жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

[1] Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология» 101 бет,оқу құралы, Алматы:Экономика,1999ж;          
[2] «Экологиялық жаршы» газеті- 4сәуір 2010ж 2бет;     
[3]  Экология энциклопедиясы – 262 бет;       
[4] Коробкин В.И. « Экология.Учебное пособие для вузов» - Алматы, 187стр,1996г;           
[5] «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 1,3томдар 46 – 52 бет;   
[6]  Жатқамбаев Ж.Ж. «Экология негіздері»1998ж 136 – 145 бет;   
[7] Саданов А.К. «Экология» оқулық1999ж 28-39 бет ;      
[8] Федорова А.Е «Практикум по экологии и охран окружающей среды»,105стр,1998г;           
[9] Сағынбаев «Экология негіздері» оқу құралы, Алматы:Экономика,1999ж 149-169бет; 
[10] Бейсенова Ә.С. «Экология оқу құралы» оқулық,1996ж 256 бет;   
[11] Воронков В.А. « Экология общая, социальная, прикладная»;   
[12] Акимова Т.А. Хаскин В.В «Экология» 296 бет;     
[13]  Одум Ю. «Экология»-1986г. 69-78 стр;       
[14] Сағымбаев Г.К. «Экология және экономика»- Алматы,1997ж 256 бет;  
[15] Фурсов В.И. «Экологические проблемы окружающей среды»- Алматы,1991г. 196 стр ;           
[16]  Экологиялық сөздік- 2008жыл 145 бет;      
[17] Мамедов Н.М. «Экология»-1996жыл;       
[18] Баешов  А., Дәрібаев Ж.Е.,  Шакиров Б.С. «Экология негіздері» 189 бет;  
[19] Бродский «Жалпы экология» 226 бет;        
[20] Частик «Экология» Учебник-пособие 139 стр;     
[21] Акимов Т.А мен Хаскин В.В « Экология» оқулық құрал,1998ж 302 бет;  
[22] Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» 289 бет ;  
[23] Қазақ тілінде терминдер түсіндірме сөздігі. 1999ж. 321 бет;    
[24] Қалыбеков Т. «Экология және ашық кен» - Алматы: Қазақстан,1998.-96 б. [25] Реймерс М. Ревелль Ч. среда нашего обитания 4-х томах, М.: Мир,1994 г. 132 бет;

Информация о работе Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайы