Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 20:03, реферат
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь).
1)Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар .Жауын-шашын түрлері,қауыпсіздік шаралары.
2)Жанартаудың атқылауымен туындайтын төтенше жағдайлар.Жанартаудың түрлері, қауыпсіздік шаралары.
3)Көшкіндермен,опырмалармен,сырғымалармен,селдермен туындайтын төтенше жағдайлар.Қауіпті аймақтардағы тұрғындардың әректі.
4)Табиғи өрттермен туындайтын төтенше жағдайлар.Табиғи өрттердің негізгі туындау себептері,алдын алу шаралары.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Л.Н. Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті»
Факультеті:Жаратылыстану ғылымдары
Кафедрасы: Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжинеринг
СӨЖ
Астана 2015 ж
Жоспары:
1)Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар .Жауын-шашын түрлері,қауыпсіздік шаралары.
2)Жанартаудың атқылауымен туындайтын төтенше жағдайлар.Жанартаудың түрлері, қауыпсіздік шаралары.
3)Көшкіндермен,опырмалармен,
4)Табиғи өрттермен туындайтын төтенше жағдайлар.Табиғи өрттердің негізгі туындау себептері,алдын алу шаралары.
Атмосфералық жауын-шашын
Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.
Қар көшкіні, опырылып құлау
Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы – сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.
Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
•Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;
•Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
•Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
•Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда;
•тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;
•Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;
•Сейсмикалық ауытқушылық.
Қар көшкінінің екпіні ұрса!
•Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;
•Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;
•Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек;
•Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;
•Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;
•Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек;
•Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;
•Қар «карниздеріне» шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;
•Егер қар үйіліп жатса:
•Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.
•Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;
•Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;
•Тау баурайын ізбе-із кесіп өту
•Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек
Қар көшкіні болған жағдайда:
•Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді
•Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек
•Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.
•Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
•Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.
•Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.
•Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.
Жанартау
Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі. Жанартаулар атқылау. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы, өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шарушылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады.жанартаулар атқылау кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін.Аталған төтенше жағдайлардан басқа адамның тікелей іс-әрекетінен болатын апаттар да бар.
Опырмалар
Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.
Опырылманың құралымы
Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет
Сырғыма
Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.
Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сырғымаға қалай дайындалу керек
Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың есіктері мен терезелерінің ашылмай қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы — бұл келе жатқан сырғыманың белгілері болып табылады. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.
Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек
Сырғыманың пайда болу қаупі туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың ығысу жылдамдығына байланысты, қауіпті есепке ала отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды тасыңыз және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз. Көшу кезінде өзіңізбен бірге құжаттарды, құндылықтарды, ахуалға байланысты және әкімшіліктің нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге көшіңіз, және қажет болса құтқарушыларға қазуға, опырылымдардың астынан зардап шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.
Сырғыманың ығысуынан кейінгі әрекет
Сырғыманың ығысуынан кейін сақталып қалған құрылымдар қабырғаларының, жабындарының жағдайы тексеріледі, электр-, газ-, сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы анықталады. Егер де Сіз зардап шекпесеңіз, онда құтқарушылармен бірге зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.
Сел
Сел –– тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық толғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.
Табиғи өрттер
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
Информация о работе Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар