Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 20:03, реферат

Описание работы

Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь).

Содержание работы

1)Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар .Жауын-шашын түрлері,қауыпсіздік шаралары.
2)Жанартаудың атқылауымен туындайтын төтенше жағдайлар.Жанартаудың түрлері, қауыпсіздік шаралары.
3)Көшкіндермен,опырмалармен,сырғымалармен,селдермен туындайтын төтенше жағдайлар.Қауіпті аймақтардағы тұрғындардың әректі.
4)Табиғи өрттермен туындайтын төтенше жағдайлар.Табиғи өрттердің негізгі туындау себептері,алдын алу шаралары.

Файлы: 1 файл

doc.1.docx

— 35.55 Кб (Скачать файл)

    Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім киіп, керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен қорғайтын маска) пайдалану керек, әр топта сол аймақты жақсы білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, ода оған кіруге болмайды.Өрттен адамдарды құтқару кезінде өте жылдам әрі тиімді қимылдау қажет, себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы, тез жанатын және улы газ бөлетін заттардың болуы сияқты қауіптер кез-келген жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса, балконды, апаттық люк пен балкондағы баспалдықты, көрші подъезд арқылы, құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуге тиіс

    Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.

Кесте.Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы.

Орман өртінің классы.Отпен қамтылған ауданы,Га

  • Тұтанып жайлап жана бастауы 0,1-0,2
  • Кіші өрт  0,2-2,0
  • Үлкен емес өрт 2,1-2,0
  • Орташа өрт 21-200
  • Ірі өрт 201-2000
  • Катастрофалық өрт   2000 жоғары 

. Халықтың өрт кезіндегі  іс-әрекеті

   Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі. Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық  патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ  шөбі бар және астық  өсетін ашық  алқапта пайда болады. Ол маусымдық  сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

Өртті  жайылтпаудың негізгі әдістері:

   Ормандағы және даладағы өртпен  күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру

    Өрт адамдарға психологиялық  тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды. Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

     Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек. Көбіне табиғи өрттер адамдардың салақтығынан пайда болады: өшірілмей қалған оттан, темекі қалдығын өшірмей қалдыру, қоқысты, шөпті және т.б. жағу. Өрттердің 90% адамдардың кесірінен болады, 7-8 % найзағайдың ұруынан, 1-2 % шыны қалдықтарын тастаудан, күн көзінен шыны қалдығы қызып, жандырғыш линза әсерін береді.Орман және дала өрттері көктемнің ортасында, аяғында, жаз мезгілдерінде ықтимал, өткен жылдың жер бетінде кепкен жапырақ, шөптің салдарынан пайда болады. Әсіресе дала өрттері қауіпті, кепкен жапырақ, шөпке жай ғана ұшқын тисе тез жанып кетіп, үлкен дала өртіне айналады. Сондықтан орманда және далада оты қолдануда аса қауіпсіздікпен қолдану қажет. Отпен қолданудағы манызды ережелер:

     - от жағатын  жерді кепкен шөптен, жапырақтан  және де басқа да орман қалдықтарынан  тазалау қажет;

     - далада от  жағатын жер таза болған жөн;

     - ағаш бұтақтарының, қылқан өсімдердің, қураған қамыс  арасында отты жағуға болмайды;

     - кішігірім  өрт ошағын дереу сіңдірген  жөн, сумен, топырақ, жер төгіп, брезент  тілімімен жауып, аяқ-киімнің табанымен  басып, бір байлам тал бұтақтарымен, қолайсыз жағдайда үстіндегі  киіміңізбен сіңдіру қажет.

     Есіңізде сақтаңыз! Өртті сөндіру қиын, оттың өрістеуің  өшіру оңай.

     ӨРТ КЕЗІҢДЕ  БАСТЫСЫ:

     - үрейленбеңіз  және оттан қашпаңыз;

     - жылдам биік  жерді тауып немесе ағаш басына  мініп жан-жақты қарап, қоныс аудару  жолын табу қажет;

     - өрттен кетерде, жел жаққа бару қажет;

     - егер де  өрттен кете алмай қалсаңыз, өрт  жақындағанда суға жатып немесе  үстіңіздегі киімді сулау қажет. Бетіңізге бірнеше қабат мата  орап, оны сумен сулап тұру  қажет;

     - егер өрт  болған жерде су болмаған жағдайда, ашық алаңға шығып, үстіңіздегі  тез жанғыш киімді шешіп, жан-жақты  шөптен, жапырақтан, бұтақтан тазалап, мүмкіндігінше жерді тереңірек  қазып, соңын ішіне жатып үстіңізді  топырақпен жауып тастап, тыныс  алу жолдарын суланған матамен  қорғау керек.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-2
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-212б.
  4. Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.
  5. Сұрақ және жауап. Энциклопедия

 


Информация о работе Атмосфералық жауындармен туыгдайтын төтенше жағдайлар