Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 18:09, курсовая работа

Описание работы

Сонымен қатар табиғат қорғау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбей келгені облыстың экологиялық жәйінің күрделі жағдайға ұшырауына соқтырып отыр. Бұған облысымызда мұнай өнеркәсібі мен барлау, бұрғылау жұмыстарының кең жургізілуі, Каспий теңізі деңгейіннің көтерілуі, мұнай құбырлары және бірнеше заводтардың, автокөлік орындарының жылу жүйелерінен шаң, улы түтін, улы газдардың шамадан тыс бөлінуі үлкен әсер етуде. Осыдан ауаға бірнеше мың тонна зиянды заттар, әсіресе күкіртті сутегі, сернистый ангидрид, қосылып зияндандыруда. Тек, 1992 ж. қортындысында тұрақты зияндылық көздері есебінен облыстың ауасына бірнеше жүз тонна адам денсаулығына және айналаны қоршаған табиғатқа зиянды заттар бөлінді. Сондай-ақ Жайық өзені бассейні суының құрамы күрделі бола түсуде.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Атырау олысының жағырапиялық жағдайы.
1.2. Жер бедері.
II Негізгі бөлім.
2.1 Атыраудың экологиялық жағдайы.
2.2 Мұнай және газ өңдірудің экологиялық проблемалары.
2.3 Атырау облысының экологиясына автокөліктердің әсері.
2.4 Атырау ауа бассейінің жағдайы.
2.5 Табиғи орта және адам денсаулығы.
2.6 Қолайсыз қоршаған орта мен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру.
III Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Айдана.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

Атырау – аграрлы техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамандығы: 1703002 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану».

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.

 

 

 

 

 

Пәні:  «Табиғатты пайдалану экономика негіздері».

Тақырыбы: «Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы».

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған: 4эко2 оқу тобы студенті

Нысанғалиева Айнұр                                                                       

  Тексерген:  арнайы пән оқытушысы

Қазмағамбетова. А. С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау - 2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Жоспар

     

 

 

 Кіріспе

    1. Атырау олысының  жағырапиялық  жағдайы.
    2. Жер  бедері.

 

   II Негізгі бөлім.

 

    1. Атыраудың  экологиялық жағдайы.
    2. Мұнай және газ өңдірудің экологиялық проблемалары.

   2.3     Атырау облысының  экологиясына автокөліктердің әсері.

   2.4     Атырау ауа  бассейінің жағдайы.

   2.5      Табиғи орта  және адам денсаулығы.

   2.6      Қолайсыз  қоршаған орта мен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру.                                                                                                      

       III Қорытынды

     Пайдалынылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. КІРІСПЕ

 

      Атырау Облысының табиғи байлығы оның ауылшаруашылығымен өнеркәсібінің өркендеуіне  үлкен жағдай туғызуда.

Облыс территориясы 11 млн. 863,1 мың. гектар оның ішінде ауылшаруашылық жері 9 млн. га.

     Сонымен қатар табиғат қорғау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбей келгені облыстың экологиялық жәйінің күрделі жағдайға ұшырауына соқтырып отыр. Бұған облысымызда мұнай өнеркәсібі мен барлау, бұрғылау жұмыстарының кең жургізілуі, Каспий теңізі деңгейіннің көтерілуі, мұнай құбырлары және бірнеше заводтардың, автокөлік орындарының жылу жүйелерінен шаң, улы түтін, улы газдардың  шамадан тыс бөлінуі үлкен әсер етуде. Осыдан ауаға бірнеше мың тонна зиянды заттар, әсіресе күкіртті сутегі, сернистый ангидрид, қосылып зияндандыруда. Тек, 1992 ж. қортындысында тұрақты зияндылық көздері есебінен облыстың ауасына бірнеше жүз тонна адам денсаулығына және айналаны қоршаған табиғатқа зиянды заттар бөлінді. Сондай-ақ Жайық өзені бассейні суының құрамы күрделі бола түсуде. Ауылшаруашылығында жерді, топырақты ғылыми агротехникалық тұрғыдан игеру, шаруашылықтарда минералдық және улы химиялық тыңайтқыштар талпқа сай сақталмай жүйесіз пайдалану картофель, көкөніс, бақша өнімдері құрамында пестицид зиянды заттардың нормадан тыс көбеюіне соқтырып отырғаны даусыз.

      Бұл зиянды заттар  жаңбырмен еріген қар суларымен араласып су қоймаларына құйылып ластауда. Сөйтіп жерді, орман, жасыл желек алқаптарын қалыпқа келтіру, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тағы басқа табиғат қорғау жұмыстарын пайдалану негізінен қайта құруды талап етеді

.     Шөл және жартылай шөл аймағында орналасқан Атырау табиғаты адамдар қызметіне экологиялық жағдайда жеңіл сезімтал болып келеді. Бұған облысымызда мұнай өндіру, барлау, бұрғылау кәсіпшіліктерінің жылу жүйелерінен бөлініп шығатын шаң улы түтін, газдардың шамадан тыс бөлінуі және соңғы кезге дейін жүргізілген атом қаруын сынаудың зиянын қоссақ Атырау табиғатын қорғаудың маңыздылығына тиісті баға беруге болады. Осы тұрғыдан бұрын 31 жыл бұрын құрылған облыстық табиғат қорғау қоғамы өзінің мүмкіндіктеріне ора жұртшылықты табиғат қорғау ісіне жұмылдыруда жыл сайын бірқатар шараларды іске асырып келеді.Қоғам облыстың жер, су көздерімен өсімдік және жануарлар дүниесін зияндаудан сақтауда табиғат қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Әуелгі кездегі «табиғат сүюшілер»  тобын біріктіруден жұмыс бастаған қоғам бұл күнде 8 қалалық, аудандық бөлімшелер, бірнеше ондаған бастауыш ұйымды, бірнеше ондаған мың мүшелермен 50 ұжымды біріктіріп отырған көлемді қоғамдық ұйымға айналды.Оның құрамында 85 сайланған штаттан тыс қоғоғамдық инспекторлар, 71 «жасыл жеекшелер» және «көгілдір қорғаушылар» отрядары бар, 25 адамнан тұратын штаттан тыс лекторлар бар. Олардың бәрі тікелей бір бағытқа – табиғат қорғау, оған бүкіл жұртшылықты әсіресе жастарды тартуға жұмыс жасап келеді. Тек 1992 жылдың өзінде олардың күшімен 10 мыңнан астам гүлдер, ағаштар, отырғызылып күтілуде. Экологиялық білім мен үгіт насихат жұмыс өрістетуде. Қоғам жұмысына облыстың белгілі адамдары, ғылым докторлары мен кандидаттары М. Дияров, С.Дризо, белгілі сала мамандары Келъдиев Л. Т. Сисенғалиев, Борсенко А, Жүніскалиев Ж, т.б. белсене қатысуда. Ал, қоғамдық инспекторы Ю. А. Пастухов жыл сайын Каспий теңізі, Орал өзені табиғаты мен оны қорғау ісіндегі көріністер жөнінде қысқа тиражды фильмдер түсірді. 1993 ж. өзінде «көгілдір қорғаушылар» күшімен 55 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, суға жіберілді.

     Атырау облыстық табиғат  қорғау қоғамы табиғатты аялау, қорғау да біршама жұмыстар тындыруға және болашақта да тиісті шараларды жүргізе бермекші. Бірақ табиғат қорғау ісінде шешуін таппай отырған мәселе көп. Әсіресе, Каспий теңізінің деңгейінің өрескел көтерілуі қосымша қиындықтар туғызуда. Ол мұнай алаңдарын, теңіз жағасы жайылымдарын басып кетіп келеді. Өзендердің су сапасын төмендетуде. Сондай- ақ бұрынғысынша ірі «Теңізмұнайгаз» кеніші, заводтар, автокөлік  кәсіпшіліктері қоршаған табиғат ортаны ластау зияндаудың көзі болып қалуда. Каспий теңізі мен Жайықтың өзенінен балық аулау, оны өсіру мәз емес. Тиісті балық қорғау шараларының қажетті дәрежеде жүргізілмеуінен, тиісті бағалы бекіре тұқымдас балықтар, шоқыр аулау жыл сайын азаюда, өсіп жетуіне жағдай туғызылмай келеді. Бекіре тұқымдас балықты өсіру бағытындағы тұрғызылуға тиісті завод құрлысы басталмай отыр. Сондай – ақ  Атыраудың жануарлар мен өсімдіктер дүниесін байыту, қорғау ісінде де күрделі шаралар қажеттілігі басты мәселе болып қалуда. Сонымен қатар табиғат қорғау қоғамының жергілікті бөлімшелері бұл бағытта пәрменді жұмыс жүргізе алмай келеді. Жүргізілген шаралар қалың бұқараны қамтымайды. Табиғатты аялау, қорғаудың негізгі буындарына көңіл бөлмейді, табиғат қорғау заңының сақталуына тиісті бақылау, тексеру нақтылы емес. Осыдан, әсіресе қала, селоны көгалдандыру, барларын күту,өсіру жөні қанағаттанарлықсыз. Соңғы жылдары аудандағы бөлімшелер тарап кетіп, оны қалпына келтіру үлкен ұйымдастыру жұмыстарын керек етті. Болашақта халықаралық маңыз алып отырған экология мәселесі,  айналаны қоршаған табиғат ортаны қорғау ісін жергілікті әкімдер мен шаруашылық орындарының күнбе –күнгі жұмыстарындағы жауапкершілікпен қарайтын саласы болуға тиіс. Сөйтіп, Атырау табиғатын аялап, қорғау облыс жұртшылығының төл ісі, баршамызға ортақ іс болып табылады.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

1. Атырау табиғатының қысқаша сипаттамасы.

 

1.1 Жағырапиялық жағдайы

 

       Әкімшілк орталығы Атырау қаласы. Облысымыз Қазақстан Республикасының батысында Атырау облысы  15 қаңтарда 1938 жылы құрылып, бір қала, 8 ауданды біріктірді. Каспий теңізінің солтүстігі мен шығысында орналасқан. Облыс батысында Ресейдін Астраханъ, оңтүстігінде Түркмен, солтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан Ақтөбе облыстары мен шектеседі. Облыс жер Республика территориясының 4,4 процентін алып жатыр. Облыс халқы соңғы санақ бойынша 650мың нан астам адам. Облыста 11 ұлт өкілдері тұрады. Облыс солтүстігі теңіз деңгейінен 20 метр төмен Каспий ойпатының шығыс бөлігін,Шығыста Үстірттің батыс шегін, батысында Маңғыстау түбегімен шектесіп жатыр. Сөйтіп облыс халық шаруашылығын өркендетуде қолайлы жағырапиялық жағдайда орналасқан. Облыстың басты сулы өзендері Жайық,Жем,Ойыл,Сағыз көлдері – Индер,Қамыскөл. Өзен аралықтарындағы көтеріңкі бедерлердін биіктігі 100-150 метр деңгейге дейін барады. Облыс жері саз бен құмдардан, құмақты саз құрылымдардан тұрады және негізінен шөл мен шөлейтті аймаққа жатады.

        Атыраудың  ауа райы жоғары континенталъдығымен  ерекшеленеді. Қыссы суық, жазы ыссы. Салқындық пен жылылық жиі  ауысып тұрады. Облысымыздың топырақ  қабатында ылғалдылық мол болғанымен, ашық күндердің көптілігіне байланысты  ауа райы құрғақ келеді. Облыс территориясында ауаның температурасы орта есеппен 20-30градус. Кей жылдарда суықтық ерте түсіп,қазан, қараша айларында күн суытып кетсе,қаңтар айларында жылылық байқалады. Қар қалыңдығы көбіне 20-25 см. болады. Оның орташа су қоры 35- 50 мм аспайды. Нағыз суық күндер қаңтар,ақпан айларында 15 – 25 градус болады. Желдердің шапшаңдығы қыс айларында 4,5-5 м/сек шамасында. Қаңтар, ақпан айларында жаяу борасын соғады.

         Ал, қазан, қараша айларында жаңбыр аралас  қар суық жел соғып, Каспий деңгейінің көтерілуіне, тасуына әсер етеді. Наурыз, Сәуір айларында ауа жылынып, су сеңдерін бұзады. Еріген су көздері көбейіп, су тасиды. Ауыл шаруашылығында өсімдік, табиғи шөптер көгеріп өсе бастайды. Бірақ, жыл амалдары кей күндері ауа құбылып әртүрлі күйде болады. Жел аралас жаңбыр, бұрқасын болады. Нағыз ыссы күндер шілде, тамыз айлары. Бұл кездерде ауаның температурасы 35 -40 градусқа дейін көтеріледі. Жаз күндері ыссы, аңызақ қолайсыз. Топырақтар мен өсімдіктердің ылғалды алу көздері жаңбыр суы және су тасқынынан жайылған сулары. Жаңбыр жауу мөлшері орта есеппен 200 – 250 мм. аралағында және көп жылдық мөлшерден ауытқып отырады.

          Олыс  бойынша әр айдағы орташа ауа  температурасы мен ылғал көрсткішінің схемасы жалғанды.

 

 

1.2 Жер бедері.

 

      Айталық,Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі және Орал-Жайық өзеніне жазғы тұрғы судың құйылуының азаюы жағадағы шабындық көлемінің қысқаруына соқтыруда.Осындай шабындық көлемі тек Индер ауданының өзінде 1983 жылғыдан 19,5 мың гектардан 1,0 мың.га дейін ,ал жалпы обылыс бойынша 1977 жылғыдан 1992 ж. аяғында 317,3 мың гектардан 170 мың гектарға дейін қысқарды.Оның үстіне Атырау облысының  жер бедері  оның негізінен  Каспий ойпатында

орналасыуымен сыйпатталады. Каспий теңізінің суларының соңғы 460 мың жылда төрт рет тасып облыс территориясын басуы және топырақ эрозиясының орын алуы үлкен әсер еткен. Осы құбылыстың әсерінен облыста толқын үйірімді, ой-шұңқырлар шағыл-құмды құрлықтар мен сорлар, жайылмалы, салалы жерлер және су жүйелері қалыптасқан. Өзен жағалауларында терістік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылған биіктігі 10-15 м, ені 300-500 м, ұзындығы 1,5-2 м, шақырымдық төбелер кездеседі.

      Облыстың абсольюдтік терістік биіктігі ноль белгіден бірден – екі төмендеп оңтүстікке ауысып 1992 ж. Каспий 27,4 метр белгісіне дейін төмендеді. Орал қыратының белгісі 100-200 метр. Жоғарыдағы табиғи әсерден басқа облыс жер бедері адамдардың да қызмет әсерінен де өзгеріп қалыптасуда. Топырақ жер бедерінің осындай қалыптасуы мен құрғақ континентальдық ауа райының және өсімдіктердің сирек жүйелігі күшті жел ықпалы облыс топырағының да әртүрлі құрылымда болуын сыйпаттайды. Облыс топырағы жерді пайдалану және оны жақсарту шараларына қарай алты агроөндірістік және агромелиративтік топқа біріктеледі.

   1.Топ – дұрыс суару негізінде егіншіліке қолайлы жер. Оның көлемі 362 мың гектар. Бұл жерлер бозғылт түсті және шалғынды топырақты. Оларға жақсартуға көп мелиоративті шаралар талап етпейтін жерлер жатады.

    2.Топ – Жайылымдық  жерлер, шынара дұрыс суландыру  арқылы егістікке жарамды жерлер. Оның көлемі 2736,5 мың гектар, пайдалану коэффициенті КВЗ -0,4. Бұнда қоңыр түсті, сұрғылт – қоңыр түсті, топырақ жүйелері, тақыр ащы ашқыл және шалғынды жер топырақтары мен біріктірілген.

    3.Топ – Шабындық және жайылымдық  ішнара жайылмалы суландыру арқылы  егіншіліке пайдалаылатын жерлер. Оның көлемі 1032,6 мың.га. пайдалану коэффициенті КВЗ 0,4-тен 0,7. Бұл топқа негізінде шалғынды топырақтар пар жатады.  Бұл жерді пайдалану үшін жерді екінші рет тұздануына қарсы шаралар алуды керек етеді.

    4.Топ -     Егіншілікке  жарамсыз, шабындық пен жайылымды  жерлер.  Жалпы көлемі 498,1мың. га.  Бұл топқа теңіз жағалауының  батпақты ашқылтым топырақтары  жатады. Бұл жерледі егіншілікке  пайдалануға керек жағдай да  топырақты негізінен жақсарту, ащы жер асты суларының деңгейін төмендетпеуіне басқа жаққа бұру шаралары іске асырылуы тиіс.

     5. Топ – Егіншілікке  жарамсыз, бірақ жайылымға пайдалы  жерлер. Оның  көлемі 63,1 мың. гектар. Бұл топқа қоңыр және сұрғылт-қоңыр  түсті, тас-құм, ащы топырақты жерлер жатады.

      6.Топ – Ауыл  шаруашылығына пайдалануға жарамсыз  жерлер. Жалпы көлемі – 872.мың. га. Бұған сор, тақыр және су басқан  сортаң топырақты жерлер жатады. Жоғарыдағы топырақ топтары шартты  түрде келтіріліп отыр. Оның ауысуы  топырақтарды өзгеру сапасы мен материальды – техникалық өңдеу, жақсартушыларына байланысты. Облыста нағыз құнарлы жер бозғылт түсті топырақты  Қызылқоға ауданының терістік – шығысындағы  жерлер. Мұнда топырақтан  жоғарғы қабатында, қара шіріктік қоректі заттары оның механикалық құрамына байланысты.

       Обылыста көбірек  орын алатын қоңыр түсті топырақ.Олар  обылыстың барлық аудандарында  кездеседі. Олардың құнарлылығы  бозғылт каштандық топырақтан  төмен.Жоғарғы қабаттарындағы қара  шірік заттар 0,3-1,7 процентке дейін,горизонт қуаты 30-35см.Бұл жерлер шығымы төмен.Көбіне жайылысқа пайдаланылады.Өнімнің төмен болуы бұл жерлердегі су көздері маңында малдардың жиі шоғырлануынан жайылымдардың тозуы.Осының салдарынан жүргізілген геоботаникалық зерттеу  қортындысы бойынша обылыс территориясында жайылымды суландырғанның өзінде жыл сайын орташа есеппен 1992 жылғы 2,8 млн.бас малға қажетті 7,5млн.мал азықтық өлшем орнына 5-7млн.өлшем алынып келеді.Сөйтіп обылыс мал басының азықтық қорымен қамтылуы 76процент.Қалған жетпес мал азығы транспортпен су тасу жолымен жайылымдарды кеңейту көрші  Батыс Қазақстан,Ақтөбе обылыстарының территорясына мал апарып жою есебінен толықтырылып келеді. 

Жайылмалы су жағалауларының шалғынды және шалғынды-батпақты топырақ болады.Олардың аймақтық топырақтан құнарлылығы жоғары,көбіне Орал,Қиғаш,Ойыл,Сағыз,Жем өзендері және басқада уақ өзен көлдер алқаптарында кездеседі.Бұл жерлер шабындық және жер суландыруға пайдаланылады.Олардың көлемі өзен-көлдердің суасқынынан,ауа ылғалдылығына байлшабындықтың құрамында ащы шөптер көбеюде. Өзен алқаптарында обылыстың барлық саусрмалы егіншілік жерлері орналасқан.    Олардың ішінде 28,1мың гектар егістік жердің 15 проценті ғана коллекторлық дренаждық жүйе алдымен жердің екінші рет тұздауынан сақтайтын шара.Бұған көп қаржы керек және ащы суды екінші рет пайдалануға алдын ала тазартуды қажет етеді.Бұларда үлкен шығынға байланысты .Әрі шаруашылық әдіспен жүргізілуге тиіс.Мұндай жерлер 2-3жыл пайдаланғаннан кейін бос қалады.Бұл жағдай дренаж болмағандықтан егінді суарған судың жер асты суларына қосылып жердің екінші рет тұздануына апарады. Тек бірнеше жылдан кейін атмосфералық ылғалдық, әсері мен беткі қабатындағы тұздардан арылып, қайта егістікке, жайылымға, шабындыққа немесе қырлықта көп жылдық шөптер егіп тастау арқылы пайдалануга болады.   

Информация о работе Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы