Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 18:09, курсовая работа

Описание работы

Сонымен қатар табиғат қорғау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбей келгені облыстың экологиялық жәйінің күрделі жағдайға ұшырауына соқтырып отыр. Бұған облысымызда мұнай өнеркәсібі мен барлау, бұрғылау жұмыстарының кең жургізілуі, Каспий теңізі деңгейіннің көтерілуі, мұнай құбырлары және бірнеше заводтардың, автокөлік орындарының жылу жүйелерінен шаң, улы түтін, улы газдардың шамадан тыс бөлінуі үлкен әсер етуде. Осыдан ауаға бірнеше мың тонна зиянды заттар, әсіресе күкіртті сутегі, сернистый ангидрид, қосылып зияндандыруда. Тек, 1992 ж. қортындысында тұрақты зияндылық көздері есебінен облыстың ауасына бірнеше жүз тонна адам денсаулығына және айналаны қоршаған табиғатқа зиянды заттар бөлінді. Сондай-ақ Жайық өзені бассейні суының құрамы күрделі бола түсуде.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Атырау олысының жағырапиялық жағдайы.
1.2. Жер бедері.
II Негізгі бөлім.
2.1 Атыраудың экологиялық жағдайы.
2.2 Мұнай және газ өңдірудің экологиялық проблемалары.
2.3 Атырау облысының экологиясына автокөліктердің әсері.
2.4 Атырау ауа бассейінің жағдайы.
2.5 Табиғи орта және адам денсаулығы.
2.6 Қолайсыз қоршаған орта мен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру.
III Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Айдана.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

       Аталған факторлардың әсерінен Қазақстан Республиқасында қолайсыз қоршаған ортамен келтірілген зиянның орнын толтыру үшін көзделетін компенсацияларды төлеу әлі күнге дейін қалыпты дәрежеде жүзеге аспай отыр.  
Тек қана қоршаған ортанын қалыпты дамуын құқықтық деңгейде қамтамасыз ету арқылы адамдарға лайықты қоршаған орта тудыра аламыз. Елімізде қоршаған орта саласында заңдардың жетілмегендігі халықтың денсаулығы мен өмірінде теріс көрініс табуда. Адамдар қорғаусыз қалғандықтан мемлекетке ешқандай сенім білдірмейді, яғни болашақтан үміт үзеді. Сондықтан да осы мәселелерді шешу мақсатында денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толық көлемде толтыру үшін арнайы заңдар қабылдау қажет, моральдық зиянның орнын толтырудың құкықтық механизмі ретке келтірілуі тиіс. Ал, экология саласында жасалған қылмыстар міндетті түрде қатаң жазалануы керек және онын нәтижесінде зардап шеккен адамдарға компенсация төленетін болса, жағдайдың өзгеретіні сөзсіз. Демек, қоршаған ортаға құкықтың сақталуы, халықтың, ұлттың, жалпы мемлекеттің өркендеуіне шексіз мүмкіндік ашады.

 

 

III.   Қорытынды.

 

      Атыраудың кең байлығын игеру, бірнеше кәсіп орындардың салуына байланысты көлемді жұмыстардың атқарылуы обылыстың табиғатына қолайсыз экологиялық әсер етуде.Ол әсіресе,соңғы кезде көбіне Теңіз мұнай газ өндіру кенішінің ашылуы теңіз деңгейінің көтерілуі тарапынан болып отыр.Облыс территориясында мұнай,газ өндіру ірі кәсіп орындарын пайдалануда соңғы кезге дейін таьиғат қорғау талабына сай емес жағдайда жүргізіліп келеді. Ауыл шаруашылық жерін бүлдіру,өсімдіктердің өсіп,жануарлар дүниесінің дамуда зиянды зардаптарын тигізуде су мен ауа бассейіндеріне бірнеше мыңдаған тонна зиянды заттардың,оның ішінде күкіртті суттегі мен күкіртті ангидридтердің таралуына жол берілуде. Сондай-ақ теңіз суының жайылуы теңіз жағасының ластануына соқтырса.Жайық өзені әртүрлі химиялық улы заттар мен ластануда,әр жыл сайын оның сулану мөлшері азая түсуде. Осының әсерінен бағалы балықтар өсетін 1800 гектар алаң соңғы 24 жылда істен шықты. Сондай-ақ Жайық өзенінен судың бақылаусыз,әрі мөлшерден тыс алынуы,каналдар мен су қоймаларында  судың көп буланып ұшуыда,экологиялық жағдайды нашарлатуда,ауыл шаруашылығында,улы химиялық тыңайтқыштарды сақтау,пайдаланудағы талаптардың орындалуындағы кемшіліктерден де экологиялық жағдай күрделене түсуде.Сонымен қатар істен шыққан және қуатты соғыс қаруын сынақтан өтгізген жерлерді қайтадан қалпына келтіру,сынау зардаптарын жоюдағы оралымсыздықтар экологиялық жағдайды шиеленістіре түсуде.Бұнымен қатар жұртшылықтың экология мен табиғатты қорғау мәселелеріндегі сауаттылықтардың жеткіліксіздігі оның күрделілігіне мән беріп,оны шешудің жолдарын жете меңгермегені бұл салада көптеген үгіт-насихат жұмысын жүргізуді талап етуде.Атырау табиғатын таныстырып,оны қорғау жолын көрсету қажеттілігі туды да бұл кітапшаны шығару қолға алынды.

     Шын мәнісінде табиғат  қорғау мәселесі тек шағын адамдардың ісі емес.Бұл бүкіл бұхара жұртшылықтың төл ісіне айналдыруды және оны басқару механизімін жетілдіруді қажет етеді.Осы мақсатта қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны жақсарту көптеген бірлестіктер мен қоғамдық орындар белсенді топтар мен табиғатқа жаны ашушылар қатарын көбейту керек етеді. Сөйтіп табиғат қорғау бүкіл халықтық міндет болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Байзақов С.Б. Экономическая оценка лесных ресурсов. – А-Ата, Қайнар,1981.
  2. Волков С.Н. Основы землевладения и землепользованя. – М,1992.
  3. Временная типовая методика определеня экономической эффективности осуществления природоохранных мероприятй и оценки экономического ущерба, приченяемого народному хозяйствузагрязненем окружающей среды – М, 1986
  4. Комплексная программа научно – технического прогресса Казахской ССР на 1991 – 2010 годы. Социально-экономические проблемы и развитие ресурсного потенциала. Т.1. – А-Ата, Наука, 1987.
  5. Үпішев Е.М, Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану экономикасы. – Алматы,1999.
  6. Үпішев Е.М. Экономика природопользованя и охраны окружающей среды. – Алматы: Экономика,1999.-328с.
  7. Указы президента Республики Казахстан,имеющие силу закона, «О земле», «О недрах недропользовании». – Алматы, 1996.
  8. «Атамекен-Ақпарат» республикалық қоғамдық  -  экологиялық газет
  9. «Экология және ашық кең» авторы: Т.Қалыбеков. Алматы «Қазақстан» 1988ж.
  10. «Жалпы Экологиялық қысқаша курсы» авторы: А.К.Бродскй. Алмты «Ғылыми» 1998ж.
  11. «Саяси экономия негіздері» авторы Т.Қожамқұлов. Алматы «Қайнао» 1991ж.
  12. Экологическое образование в Казахстане выпуск №2 март-апрель 2005г.
  13. Экологическое образоване в Казахстане выпуск №2 март-апрель 2005г.
  14. Экологическое образование в Казахстане выпуск №3 май-июнь 2005г.
  15. Экология және таза су проблемалары. Авторы: Баешов А. «Дәнекер» 2003 ж.
  16. Табиғатты пайдалану және қорғау авторы: Е.М. Үпішев, С.Мұқаұлы. Алматы.2006 ж
  17. Табиғатты қорғағаның – Отаныңды қорғағаның. Көкшетау – 2006 ж. Авторы: Айтқажы Қазбеков.
  18. Экология және қ.о.қ. авторы Асқаров Ұ.Б.Алматы . 2007ж.
  19. Табиғатты пайдаланудың экономикасы Н.Қ. Мамыров, М.С. Тонкорий, Е:М. Үпішев.

Алматы-2005 жыл

      20. Экология  -Г.Г. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева Алматы  Экономика-2002ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 


Информация о работе Атырау облысындағы қоршаған ортаның жағдайы