Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 14:28, реферат
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан.
“Астана Медицина Университеті”АҚ
Кафедра: Жалпы гигиена және экология
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі. Биоресурстардың экологиялық міндеттері.
АСТАНА-2012 жыл
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Жазық алқап топырағы. Ауд.
235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында
солт-тен оңт-ке қарай мынадай
топырақ белдемдерi кездеседi: 1) республиканың
қиыр солт-н орманды дала белдемi
алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер
Батыс Сiбiр ойпатында
3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi
шөлдi белдемге дейiнгi орт. аймақты
құрғақ-далалы және шөлдi-
4) Шөл дала белдемiнiң аум. 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га.
Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 — 1,5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 — 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал ш. дамыған, егiншiлiк суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Биiк таулы аймақтың топырағы
республиканың оңт.-шығысын
Өсiмдiктерi. Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi
флорасы эоцендiк субтропиктiк (36
— 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi
орманды далалық, дала, шөлейт және
шөл белдемдерiне(аймақтарға) ажыратылады.
Орманды далалық аймақ —
Далалық аймақ елiмiздiң
жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум.
110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi
аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай
тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр.
Далалық флораның құрамында 2000-нан
астам түр бар деп шамаланады.
Оның 175-i — эндемиктер. Негiзгi басым
түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге,
тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық
аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ
және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара
топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды
белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ
белдем—күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр
топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3)
шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем
— ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды
дала. Шөлдi аймақ — жалпы аум. 124,6 млн.
га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi,
2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi
— эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады:
1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық
шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң
жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы
астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз,
еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы
(жүзгiн-раң-шағыржусан-
Қазақстанның таулы
Жануарлары. Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады.
Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.
Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.
Сазды және қиыршық тасты
шөл дала жануарларынан Қазақстаннан
басқа жерде кездеспейтiн
Зайсан қазаншұңқырынан
оңт-ке қарай созылып жатқан тауларда
[Сауыр, Тарбағатай, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы]
марал, елiк, арқар, сiбiр таутекесi, қоңыр
аю, сiлеусiн, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ
мекендейдi. Жетiсу (Жоңғар), Iле Алатауы
мен Талас Алатауында көкшiл суырдың
орнына қызыл суыр және өте сирек
кездесетiн Мензбир суыры
Кең байтақ Қазақстан жерiн мекендеген жабайы жануарлардың тәжiрибелiк маңызы бар: олардың кейбiреулерi (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екiншi бiреулерi — өсiмдiк пен жануар зиянкестерi (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемiрушiлер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрiздi, кемiрушiлер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бiрқатар қан-паразиттiк аурулар жұқтырады.
Жануарлар түрлерiнiң қазiргi
сипаты бiрқатар жағдайларға байланысты,
олардың аралығында, ең алдымен, жердiң
аса кең аумақта игерiлуi, осыған
орай жер суару, не керiсiнше, көптеген
жайма су аңғарларын құрғатып, тех.
дақылдар егу нәтижесiнде жер
бедерiнiң өзгеруi сияқты жағдайларды
атап көрсету керек. Мұның нәтижесiнде
соңғы 150 — 200 жыл iшiнде республика бойынша
керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан,
тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты
түрлерi жойылып кеттi. Көптеген аса
бағалы аң түрлерiнiң азайғандығы
соншалық, тiптi оларға жойылу қаупi төнген.
Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстiрт
арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия
өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың
iшiнде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ,
қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегiш
қыран, бүркiт, балықшы, кезқұйрықты
субүркiт саны тым азайып кеттi. Олардың
бәрi Қазақстанның “Қызыл кiтабына”
енгiзiлдi. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл
кiтабының” 3-басылымына қорғауға алынған
аңдардың 40 түрi, құстың 56 түрi, бауырымен
жорғалаушылардың 10 түрi, қосмекендiлердiң
3 түрi, балықтың 16 түрi енгiзiлдi. Қорықтарда
көптеген сирек кездесетiн жануар
түрлерi мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы
қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын
қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы,
Үстiрт қорығы). Республикамыздың қазiргi
жануарлар дүниесi алуан түрлi, ал
оның кең байтақ жерiнде бұрын
да көптеген жануарлар мекендеген.
Мұнда бiр кезде құрып кеткен
омыртқалылардың 200-ден астам түрi,
көне дәуiрдегi теңiз жайылмасында тiршiлiк
еткен бауырымен