Қазақстан фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі. Биоресурстардың экологиялық міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 14:28, реферат

Описание работы

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан.

Файлы: 1 файл

экологиядан срс.docx

— 2.19 Мб (Скачать файл)

  Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.     

  Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары мен жазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.з.д. 323 жылы Александр Македонский теңізде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің «География» кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.     

  Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады,  соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады.    

  Герадот, Гомер, Аристотель, Марко Поло сияқты антикалық кезең мен ежелгі және орта ғасырлардың тағы басқа ғалымдары өзінің жұмыстарын Каспий теңізіне арнады.  

Каспий теңізінің мыңдаған жылдардағы тарихында 70 түрлі атауы  болды. Мысалы, арабтар Каспий теңізін  жағалаудағы Гиркания елінің атауы  бойынша (Қасқырлар елі) – Гиркан теңізі, солтүстік-батыс жағалауда  тұратын хазар халықтарының құрметіне - Хазар теңізі деп атады. Қытайлықтар оны Сихай (яғни Батыс теңізі), түріктер – Кучук-Дениз, татарлар –Аг-Дениз деп атады. Орыстар Волганың сағасында тұратын халықтардың атауы бойынша Хвалын деп атады. Маңайындағы елдер мен қалалардың атаулары бойынша Каспий теңізі Мазандаран, Парсы, Орыс, Астрахань, Сарий, Баку, Дербент және басқа деп аталды. Каспийдің шығуы ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тағдырымен байланысты. Ол қазіргі Жерорта, Қара, Азов, Каспий теңіздерінің қазіргі жер телімдерін алып жатты және   батысында Атлант мұхитымен, ал шығысында – Тынық мұхитымен жалғасты. Күрделі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде Тетис теңізі алдымен Тынық мұхитынан, содан соң Атлант мұхитынан бөлінді. Бұл жасты Каспий теңізінің пайда болу кезеңімен есептеуге болады. Қазіргі Каспий атауын б.э.д. І ғасырларда Кураның оң жағалауында өмір сүрген ежелгі Каспий тайпаларының атауымен аталды.     

 

Сол ерте замандарда теңіздің өзінде және айналасында өмір сүретін  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі  қалыптаса бастады.Каспий теңізінің  қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым  кіші организмдерден бастап қалыптасқан  өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Волга-Дон каналы ашылған соң мұнда Азов және Қара теңіздерді мекендейтін балдарлардың басқа түрлері пайда болды. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізінің табиғаиы ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар, саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің назарын аударған. Осы айдынның табиғи ресурстарын игерудің каспий маңы елдері мен қоршап жатқан елдердің халық шаруашылығында маңызды экономикалық мәні бар.

   Каспий теңізі –флора мен фауна, соның ішінде бұрын дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы.Каспийді мекендеушілердің біреуіне ерекше тоқталғымыз келеді. Ол – каспий итбалығы. Ғалымдар солтүстікті мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық – сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл «итбалық» деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар. Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Мұнай кен орындары тағы да Каспий итбалықтарына қауіп төндіруде.

 

                                              Жануарлар әлемі

      Экономикалық реформалардың басталуымен және Қазақстанға шекараның ашылуымен шет ел туристерінің, олжаға қызығушылардың, ағылып келуі байқалды. Олжалық іс жануар әлемін тиімді қолдану және оның қорғау органынан пайдаланушыға айналған аңшылардың қоғамдық бірлестіктерін де қызықтырды. Элиталы жануарларды олжалау құштарлығы күшті, көбінесе орта жастағы, ең бағалы өндірушілердің элиминациялануына әкеледі. Аңшылық шаруашылықта жақсы генофонд құрып барады, өсудің құрылымы тұрақсыздануда, ол аңдардың санының азаюына әкеледі.

Маралдың көбеюі жойылу қаупінде тұр, олардың саны тек қана олжалық  жолмен ғана емес, сонымен қатар  брокеньерлік аңшылықтың әсерінен төмендеп барады, өйткені оның мүйізі ҚХР  өте үлкен сұранысқа ие болып  отыр. Жануарлардың негізгі түрлерін тіркеу мәліметтері бойынша мекен  етуге қолайлы жердегі көптеген аңдар мен құстардың саны мүмкін мөлшерінен төмен болып отыр.Шығыс Қазақстан облысындағы жабайы жануарлардың және құстардың санының динамикасы(ШҚО аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының

                                           Өсімдіктер әлемі

Республика алаңының 4% ғана құрайтын, Қазақстандағы орман қорының  шекті мөлшеріне қарамастан Шығыс  Қазақстан облысы орман және аңшылық  ресурстарының қоры бойынша ерекше орын алады. Мұнда республикадағы орманның 70% орналасқан.Табиғатты қорғау шараларының  жеткіліксіз қаржыландырылуы өсімдіктер мен жануарлар әлемін керекті  деңгейде қорғауға кедергі келтіреді.

Облыстағы орманның ауданы өрттің әсерінен, аяусыз шексіз мөлшерде өз бетімен ағаш кесу және Ертіс  маңайының бірегей ормандарының көп ауданының зиянкестермен  бүліну нәтижесінде азайып барады. Кенді Алтайдағы қылқанжапырақты  ормандарындағы бақылаусыз өндірістік кесу өз бетімен кесу кезіндегідей өсімдік әлеміне көптеген шығын  әкеледі.

Ірі ағаш дайындау өнеркәсіптерінің жабылуымен шығынға ұшырау кезінде, ағаш таситын жолдардың құрылысымен  айналыспайтын және елді-мекендерге жақын орналасқан көбіне жетілген көшеттерді таңдайтын, ағаш дайындау ұсақ шаруашылықтардың үлесіне тиді.

Ормандағы өрт орманның биологиялық  әр алуандылығына қауіп төндіреді, оның нәтижесінде орман көшеттері  мен жануарлар әлемі өледі, аумақтың экологиялық жағдайы нашарлайды, жер асты сулардың деңгейі төмендейді, шөлденудің қайтымсыз процесі жүреді. 2000 жылдан бастап 2010 жыл бойынша  соңғы он жылда облыстың орман  қоры аумағының 3745 мың гектарынан аспалы кезінде жойылды. Қазіргі кездегі  орман отырғызу көлемінде, өрттен зардап шеккен орман жерлерін қайта қалпына  келтіру үшін жүз жылдан артық  уақыт керек.

Қазақстан Республикасының  Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды

(ШҚО аумақтық орман  және аңшылық шаруашылығы басқармасының  мәліметтері)

-Балық шаруашылығы.

(Ғылыми-өндірістік балық  шаруашылығы Орталығының Алтай  филиалының мәліметтері)

-Балықтың бағалы сирек түрі.

Жоғарғы Ертіс бассейні континентальды суайдындарын бар зоогеографиялық  бөлу бойынша батыс сібір учаскесінің  сібір округі мұзды-теңізді провинциясына  жатады. Қазіргі кезде ихтиофауналық  кешен 22 тұқым және 18 тұқымдасқа жататын  балықтың 26 түрімен берілген. Оның ішінде бағалы сирек түріне, генофондын жойылып  кету қауіпінен сақтауды қажет ететін стрелядь, сібір бекіре балығы, кәдімгі  таймень мен ақбалық-нельма жатады. Бассейн шегінде осы балықтардың түрінің таралу кеңістігі суретте көрсетілген.

Стерлядь, бекіре балық және нельманың ертістегі популяциясы  қазіргі уақытта тек Ертіс  өзеніндегі СЭС-ның каскадынан төмен  жерінде мекен етеді.1940 жылға  дейін сібір бекіре балығы өндірістік статистикада Зайсан өзеніндегі кәсіпшілік нысан ретінде танылған.1930 жылдары  орташа есеппен жылына 0,7 тонна бекіре ауланған.1940 ж-дан кейінгі мәліметтер өндірістік статистикада жазылмаған, ал 80 ж. бекіре балығы Бұқтырма суқоймасының ихтиофаунасынан мүлдем жоғалып  кетті. Қазір Ертіс өзенінде мүлде  сирек кездеседі, брокеньерлермен  толық жетілмегендері ауланады. Ал Сібір стерляды керісінше жоғарғы  Ертісте кәдімгі түр ретінде  кездеседі, бірақ кәсіптікке тыйым  салынады. 2001 ж. өзен арнасында бақылау  аулау кезінде стрелядь барлық түсімнің 3-тен 6%-ға дейінін құрады. Ақбалық-нельма өзенде Шүлбі СЭС плотинасынан төмен  жерде ғана өте сирек кездеседі.

Жоғарғы Ертіс экожүйесіне  антропогенді әсер, бір қатар жасанды  су тоғандарын құру, балықтардың миграциялық  жолдарын платинамен бөгеу, судың өндірістік ағындырмен ластану, ихтиофа және т.б. бағалы сирек балықтар түрлері суқоймалар ихтиоценоздарынан және Ертіс өзенінен гидротораптар арасынан ығыстырылды. Ақ балық «бұқтырма-зайсан» популяциясы (дұрысы – «зайсан-қараертістік») 1956 жылдан бері өндірістік сатистикадан тіркелмеген (30-ыншы жылдардағы аулаудың орташа көлемі – 26 тонна, 40-ыншы жылдарда – 4 тонна). 80-інші жылдардың аяғында  ақ балықты бірлі-жарым Зайсанда Қара Ертіс сағасында аулаған, кейіңгі  жылдары бір балық болса да ауланды деген мәліметтер жоқ. Таймень өндірістік статистикада ешқашан тіркелмеген. Кәдімгі таймень қазіргі уақытта Ертіс өзенінің оң жақ салалары – Оба, Үлбі, Күршім, Бұқтырма өзендерінде кездеседі.

Суқоймалардың ихтиофаунасы 

 Биоөнімнің басым көлемі  суқоймаларда қалыптасады, ал  өзендер балық қорын қайта  өндіруде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Жоғарғы Ертіс бассейіні  толық бір макроэкожүйені құрайды.  Сондықтан бассейннің жеке бөліктерінің  биоценоздарының байланыстылығы, генофондтардың  ауысу жолдары және мүмкіндіктері  туралы сұрақ өте маңызды болып  табылады. Кестеде бірқатар су  қоймаларындағы ихтиофаунаның құрамы  берілген және өзендерде биоәралуандылық  көп екендігі білінеді. Өзендердегі  ихтиоценоздың құрамы сыртқы  әсерлерге төзімді болып келеді, ал су қоймаларына қарағанда  жерсіндірілгендер мұнда жергіліктілерден  аз басымдыққа ие.

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Қорытынды.

     Жануарлар дүниесінің  адам өміріндегі ролі үлкен.Жануарлар-қорек,бағалы тері,көптеген шикізат көзі болып табылады,сонымен қатар,адам мен жануардың түрлі ауруларын,ауыл шаруашылық зиянкестерін тасымалдаушы болып табылады.Барлық жануарлар популяция құрып,белгілі тіршілік ортасында мекендейді.Табиғи жерлерге (гидротехникалық құрылыс,урбанизация,ормандарды кесу,тың даланы жырту,ауыл шаруашылығын химияландыру) адам факторы әсерінің үздіксіз өсу жағдайында жануарлардың кейбір түрлерінің саны азайып,не жойылып кету қаупін туғызып отыр.Кейбір деректер бойынша соңғы 370 жылда құстар мен сүтқоректілердің  180 түрі жойылып кетті,ал Қызыл кітапқа бар болғаны 10 шақты особьтан тұратын популяция құрайтын түрлер енгізіп,олар да жойылу алдында тұр деуге болады.Кейбір түрлер (мысалы,зубр) тек құрлықта ғана сақталған.Адамдар жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жеке мақсаттары үшін аулап,жойып жіберсе,кейбіреулерін адам өміріне ауыл шаруашылығы үшін қауіпті болуына байланысты жойып жіберіп отыр.Мысалы,Оңтүстік Азияда жолбарыс,Африкада кейбір тұяқтылар  үй жануарлары  үшін ауру туғызушы болғаны үшін қырылып кеткен.

      Жануарлар  дүниесінің ресурстарына сол  сияқты үй жануарлары да,бағалы  терілерді көбейтудің арнаулы  түрлері де жатады.

      Жануарлар  түрлерін сақтап қалу үшін  қорықтар мен заказниктер ашып,бағалы  және пайдалы түрлерді көбейтудің  арнаулы іс-шаралары,оларды аулауға  шек қойылады.

       Сонымен,кез  келген биологиялық түрдің жоғалуы  бүкіл биосфера үшін аса маңызды  құбылыс.Өйткені,әрбір түрдің өзіне  ғана тән қасиеттері болса,бұл  қасиеттердің адамзат қоғамы  үшін келешекте қандай пайдасы  болуы мүмкін екендігін естен  шығаруға болмайды.Сондықтан жануарлар  дүниесін қорғау биосфераны қорғаудың  аса маңызды мәселелерінің бірі  болып саналады.

                     

                                 

 

 


 

 

 

 

 

                                                                   

ТЫРНА                                                                 КЕКІЛІК


 

 

 

 

 

 

 САРЫШҰНАҚ                                                   ЖЫЛАН


 

 

 

 

 

 

 

Дала есегі                                                      келес

Информация о работе Қазақстан фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі. Биоресурстардың экологиялық міндеттері