Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:56, реферат
Адамның шаруашылық әрекеті – табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған.
Кіріспе
І. Қоршаған ортаның ластануы.
1.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
1.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
1.3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
2.1. Қазақстан полигондары.
2.2. Байқоңыр аймағы және озон мәселесі.
2.3. Арал теңізі және Балқаш көлінің экологиясы.
2.4. Каспий теңізінің экологиясы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Адамның шаруашылық әрекеті – табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдылығын ескерместен, топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызады. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, айналадағы ортаның жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда территорияның табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырақ қасиетінің, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеліп соғады.
Жоспар
Кіріспе
І. Қоршаған ортаның ластануы.
1.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
1.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
1.3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
2.1. Қазақстан полигондары.
2.2. Байқоңыр аймағы және озон мәселесі.
2.3. Арал теңізі және Балқаш көлінің экологиясы.
2.4. Каспий теңізінің экологиясы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Қоршаған ортаның ластануы.
1.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
Адамдардың шаруашылық
әрекеті қазіргі кезде
Бізді қоршаған ортаның ластануы мынадай топтарға бөлінеді:
1. Химиялық ластану
(көміртек және күкірт
2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, жарық).
3. Биологиялық ластану
(ауру қоздырғыш бактериялар
4. Антропогендік ластану
(табиғаттың қайталанбас сұлу
ландшафтыларының өзгеруі,
Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.
Бүкіл жер шарында
химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін
жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті
өнеркәсіп орындарын былай қойғ
Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірт диоксиді (SO2) кокс-химия зауыттары мен тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және ол өсімдіктерге де көп зиян келтіреді.
Ауадағы фторлы сутек өте улы зат. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары. Фторлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алған адамның тыныс жолдарының сілемейлі қабығы қабынып, өкпесі ісінеді.
Цемент зауыттарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді. Ал фосфор зауытына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінің көбеюі заңды құбылыс. Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия зауыттарының маңайындағы топырақты, жан-жануарды, өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық экологиялық проблемаларды тудырып отыр. Олар: жер шарындағы жиі байқалып отырған жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, фотохимиялық у түтіндер.
1.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Радиациялық ластануды қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөлетін радиоактивті нуклидтер құрайды. Міне, осы бөлшектер мен таралған сәулелер адам организміне түскенде клеткалардың құрылымын бұзып, соның салдарынан түрлі ауралар пайда болады.
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, бэта және гамма сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адамдар мен жануарлар клеткаларындағы нәруыз, фермент және басқа құрылымдардың өзгеруіне, яғни сәулелік аурулардың тууына апарып соғады.
Сәулелік аурудың пайда болуы қабылдаған сәуленің мөлшеріне байланысты. Адамға 50 рентген мөлшеріндегі сәуле әсер ете бермейді. Ал 100 рентген сәуле қабылдаған адамнан сәулелік аурудың белгілері байқала бастайды.
Сәулелік ауру қабылдаған сәуленің мөлшеріне қарай: ауыр және созылмалы болып бөлінеді.
Адамның іс-әрекеті салдарынан биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоактивті заттардың кең түрде қолданылуы, оны тасымалдау кезіндегі немқұрайдылық радиациялық ластанудың көзі болуда. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына апарып соғады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап атом электр станциялары, мұзжарғыш кемелер, ядролық қондырғылар, сүңгуір қайықтар кеңінен пайдаланыла бастады. Атом энергиясы қолданылатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде ғана қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластану мүмкіндігі болмайды. Мұндай мекемелерде апат болған жағдйда радиациялық ластану дәрежесі мыңдаған километрге дейігі тіршілікті жояды. Қазіргі кезде радиоактивті қалдықтарды көму технологиясын сақтау қоршаған орта үшін ауадай қажет болып отыр.
Біздің республикамызда Семей ядролық сынақ аймағында 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ге жуық жер асты және жер беті жарылыстары болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 26-сы жер бетінде, 354-і жер астында жүргізілген.
Атмосфераның озон қабатының жұқаруы Күн радиациясының жер бетіне тікелей өту қаупін туғызуда. Мұның алдын алу адамзаттан болашақта көптеген мәселені шешуді талап етеді.
1.3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі шамамен 1500000 жануардың 50000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке бастың тазалығын сақтамаудың салдарынан, жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы ауру қоздырғыштары адам организміне түседі.
Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан артезиан суларын пайдаланар алдында қайнату керек. өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері – тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия ауруларының таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.
Безгек ауруын безгек масасы таратады. Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң, бауырға қарай жылжиды. Бауырда өсіп, дамып, ұлпаға, одан қанға өтеді. Қайтадан қанға түскен микробтары адамдардың бойын дендеп алып, ауырта бастайды.
Жұқпалы оба ауруын егеуқұйрық бүргесі таратады. Ал ұйқы ауруының қоздырғышы – трипаносомалар цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады.
Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек. Көктемде және күзде орманды алқапта жұмыс істейтін адамдарды энцефалит тырыспасына қарсы егеді. Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, сүзек, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.
ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
2.1. Қазақстан полигондары.
Республикамыздың аумағында
кездесетін мол табиғат ресурстары
тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп
келеді.әсіресе қазба
Полигондардың ішіндеСемей өңір
Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалды. Ал 1953 жылы тұңғыш термоядролық қондырғы сынақтан өтсе, 1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймақта жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық, 26 жер үсті, 91-і ауада , 8-і биіктікте жарылыс болса, 343-і жерасты, 215 көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы сынақтар. Ядролық сынақтардың үштен екі бөлігі қазақ даласында жарылған.
Ядролық сынақтардың зардап шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған. Алайда, зардап шегуші адам құқығын растайтын куәліктер 1 млн. 57 мың адамда болып тұр.
1996-2000 жылдар
аралығында 180-ге тарта ұңғыма
шполдар бекітілген. Көлемі футбол
алаңындай жерді алатын
1995 жылы
Шығыс Қазақстан облысының
Стронций 90 ең көп мөлшері
Сарыөзек жалғасы мен Мұржық
тауының етегінде «Мұржық»
2.2. Байқоңыр аймағы және озон мәселесі.
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада 60 мың адам тұрады. Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан, ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей, аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз, құрғақшылық жиі- жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастары жоқ. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман тоғай бұл аймақта өспейді. Шөбі шөйгін, жұғымды келеді. Мал жайылымдары аймақта көп, бірақ космодром салынуымен түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптер қурап, уланып біткен.
Информация о работе Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары