Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:56, реферат

Описание работы

Адамның шаруашылық әрекеті – табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екеніні ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған.

Содержание работы

Кіріспе
І. Қоршаған ортаның ластануы.
1.1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
1.2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
1.3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
ІІ. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
2.1. Қазақстан полигондары.
2.2. Байқоңыр аймағы және озон мәселесі.
2.3. Арал теңізі және Балқаш көлінің экологиясы.
2.4. Каспий теңізінің экологиясы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Ekologia.doc

— 90.00 Кб (Скачать файл)

         Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шақырым, солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа  қарай 90 шақырым қашықтықта созылып жатыр. Байқоңырды салуға байланысты 2000 га жер шаруашылық аймақтан шығып қалды. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай қалды. Бұрыңғы кезде малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін. Зымырандар дауысы малдар мен адамдар зәресін алады. Шу -экологиялық фактордың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айырықша әсер етеді.

Космос зымырандары космос кеңістігіне  ұшып кеткен соң жаз айларында 5-8 күн боран, күшті жел соғады, ал қыс айларында 2-3 күн қарлы боран соғады. Бұл аймақта 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Космодром болмағанда, мұндай жағдай болмаған.

Ұшырылған корабльдер ауа режимін  төтенше түрде бұзады, пайдаланатын отындар радиактивті, ол қоршаған ортаның  тыс улануына әкеп соғады, мутациялық өзгеріс туады, жұмыстан шыққан зымыран түскен жер ештеңкеге жарамайды. Олардың отын құрамында радиактивті «самин» және «меланж» болады. Бұлар жануарлар әлемін айырықша уландырады.  1957 жылдың 1 қазаннан 1990 жылдың  21 қаңтарына дейін 1129 зымыран,  1115 космос кеңістігін зерттейтін аппарат ұшырылған.

Бір ғана РН-«Протон» зымыраны космосқа ұшқанда ауаға 200т радиактивті  көміртектің қос тотығын таратса, 1955 жылы ұшқан өте радиактивті  зымыранның біреуі 2965т радиактивті  зат ауаға таратты. Ал 42 жылдың ішінде РН- «Союз» ауаға 130 т радиоактивті көміртектің қос тотығын таратты. Қорыта келгенде,  Қазақстан елінен ұшқан зымырандар 221478 тонна радиактивті зат ауаға қосқан.

 Озон қабаты тез  арада бұзып жіберетін улы  қосылыс – хлор. Хлор зымыран  отының бас компоненті.  Олар  космосқа ұшқанда 180т хлор және хлорлы сутек атмосфераға бөліп шығарады. Радиактивті зат – гептил. Суда ерімейтін, жер бетіне көп жиналып улығын жоғалтпай, ұзақ уақыт сақталады. Ол адам ағзасына қауіпті ісіктер туғызып рак дертін  дамытады.

1973 жылдан бастап байқаулар нәтижесінде Республиканың озон қабаты 7-8% азайды. 1999 жылы 5 шілдесі, 27 қазан күндері ғарышқа 2 Протон зымырандары ұшып, біреуі Қарағандыға құлады. Одан 420 литр гептил майы ашық аспанға төгілді. 1996 жылы 14 мамырда «Союз-5» Жезқазған, Торғай облыстарына құлап адам денсаулығына зиян 120 литр гептил, 420 литр тетрациді және біраз керосин төгілді, 25 гектарды өрт шалды. Зымыран жарықшақтары 60 шаршы шақырым жерге шашылды.  Бұл сирек кездесетін радиациямен уланған металдар. 1 г гептил 2 текше шақырым ауаны уландырады. Одан онкологиялық, жүрек және тамыр ауруына шалдығыады. Мысалы, Сыр өңірінде қатерлі ісік ауруымен ауыратындар саны 100000 шаққанда 1980 жыл 127, 2000 жылы 149, 2002 жылы 195,1-ге жетті. Жыл сайын облыста осы аурудан 600-630 адам дүниеден өтеді. Гептил 300-400 жыл радиактивтігін сақтайды.

Соңғы жылдары ғана (2000-2003) «Байқоңыр» ғарыш аймағынан 1200 ғарыштық аппараттар, 1186 континет аралық балистикалық ракеталар ұшырылды. 1999 жылы «Протон» ғарыш кемесі құлап Ұлытау, Жаңарқа, Қарқаралы жеріне улы гептил жанармайы төгілді. Осыдан болар 2001 жылы Ұлытау ауданында ғана 49 сәби әртүрлі кемістікпен дүниеге келді. Осы аймақта жүйке ауруына шалдығып жатқандарың саны да өте көп. Ақыл-есі кем 1,1 мыңнан аса бала есепте тұрса, бұған қоса 21 мыңнан астам мүгедек бар екенін анықтаған. 2003-2004 жылдары 237 адам өзіне-өзі қол жұмсап бақилыққа аттанған. 

Атмосфераның озон мәселесінің  адам қызметіне қатысты өзара  байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы.

Озон қабаты полбстерде 9-30 км, экваторда 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0,01-0,06 мг/м3. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3∞ мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0,3-0,5) немесе Допсон бірлігімен (100 есе үлкейтілген миллиметр – 300-500 бірлік) есептеледі.

 Атмосфераның жоғарғы  қабатындағы озон оттегі молекулаларының  (О2)ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап, оттегіне айналу процесі жүреді. Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.

Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 нм сәулелер биологиялық белсенді үльтракүлгін сәулелерін сәулелер категориясына жатады.

Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кемуі 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.

Озонның ең көп мөлшері  Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4% артып отыр. Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100 мың км2.

«Озон тесіктерінің»  пайда болу себептері әлі де болса  толық анықталмаған. Олар алғаш рет  осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор – көміртектер бөлме  температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларында, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы-газ ретінде, т.б. қолданылады.

Тасымалдаушы-газ (пропилленттер) ретінде феондарды кеңінен пайдалану  олардың өте тұрақты (инертті) газ  болуына байланысты. Осы жоғары дәрежеде тұрақты (100 жылдан астам өмір сүреді) ьолуына байланысты феондар озон қабатына жете алады және белсенді ортада одан хлор бөлініп шығады. Хлордың әрбір атомын бұзуға қабілетті.

Қазіргі кезде фреондардың  мөлшерін кеміту және болашақта өндіруді тоқтатуға бағытталған іс-шаралар  жүргізілуде.

Көптеген мемлекеттер феондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылданды. Бірақ, жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты феондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) феондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидкофторкөміртекпен алмастырылуда. Бұлардың өмір сүру мерзімі қысқа (2-25жыл).

Сонымен қатар, озон қабатының  тұрақтылығын арттырудың басқа да жолдары  қарастырылуда. Озон қабатына этан мен  пропанды жіберу хлорды пассивті хлоры сутегіне айналдырады. Сонымен қатар озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Олар оттегінің диссоциациялануын арттырып, озонның түзілуі мен жиналуына жағдай жасайды.

Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла байтайды. Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырды.

Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымен түсіндіреді.

Соңғы жылдары ғалымдар «озон тесіктерінің» пайда болуы  адам қызметіне байланысты емес деген  пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас тек табиғи процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің 11 жылдық циклімен, екені туралы жорамал айтады.

Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға  оттегін бөліп шығаратын негізгі  фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Сонымен қатар, Антарктиданың үстінде озонның таралуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда. 

Қолда бар мәліметтерге қарағанда ауаның жер бетіне жақын  қабатындағы озонның концентрациясы өндірістік дәуірдің басынан бері 2 есе артқан және жыл сайын 1,0-1,6% жоғарылап келеді. Бұл құбылыстың негізгі себебі фотохимиялық смогтар болып табылады.

 

 

 

2.3. Арал теңізі  және  Балқаш көлінің экологиясы.

Арал теңізі –Қазақстанның  інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12  болған. Арал кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың т балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген.

1960 жылдардан бастап  Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер  көлемі бұрынғыдан Өзбекстан  мен Тәжікстанда-1,5, Түрікменстанда-2,4, Қазақстанда-1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 202 есеге артты. Халық санының өсуіне қарай суға деген қажеттілік те артты. 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді.

Арал өңірінде туындап  отырған қазіргі экологиялық  апаттар нышаны жыл өткен сайын  теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы  мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы  тоқтатылып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-23 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандырып отыр. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ол әлемдік климаттың өзгеруін, шөлге айналуды, атмосферадағы ауытқушылықтарды, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.

Балқаш көлі – Қазақстандағы  ең ірі экожүйелердің бірі. Көл  Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі-501 мың км2, ұзындығы-605 км, ені-9-74 км аралығында. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.

Балқаш көлінің экологиялық  жағдайының нашарлау себебі: Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлануына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары: Іле тоғайының, шұрайлы жайылымдардың жойылуы, көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаңның ауаға көтерілуі, фауна мен флораның зардап шегуі.

Балқаш көлі деңгейі  соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары  батпақтанып, сорланып, тақырлар мен  шөлдерге айналуда.

Балқаш көлін құтқару  мәселелері:

1. іле өзені бойындағы  өндіріс орындарында суды тиімді  пайдалануды реттеу.

2. қапшағай суқоймасынан  Балқашқа жіберілетін судың үлесін  тұрақтандыру.

3. ақдала және Шарын  массивтеріндегі күріш алқаптарын  азайту.

4. жер асты суларын пайдалану.

5. суармалы жерлердің  көлемін шектеу.

 

 

2.4. Каспий теңізінің  экологиясы.

Каспий теңізі – жер  шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км2. каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы - өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізінің экологиялық  жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің  деңгейінің бірде көтеріліп, бірде  тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Оның себептерін ауа райының  құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайтын. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды.

Каспий теңізінің көтерілуі  оның маңындағы мемлекеттерде көптеген проблема туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар.

1. су деңгейінің көтерілуі  теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың  көлемін тарылтып, құстар мен  жануарлардың мекенін басып қалды. 

2. теңіз деңгейінің  көтерілуі судың, ауа мен топырақтың  ластануна, одан әрі экологиялық апатқа апарды. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы мен құстарды жаппай ауруға ұшыратып, қырылып қалу фактілерін жиілетті.

3. су деңгейінің көтерілуінен теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғымаларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын, келтіре бастады.

4. мұнай игеруге шетелдік  инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр.

Каспий мәселесі бүгінгі  таңда күрделі аймақтық экологиялық  проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран Республикалаларына да ортақ. Ең бастысы – каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әртүрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде.

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары