Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 20:25, реферат
Орман - жер бетінің көркі. Ағаштар, бұталар, шөптер, гүлдер түрге, түске және бецнеге өте бай болғандықтан жағалай әсем көрік беріп, көз тартып тұрады. Сондықтан да ағаштарды қалаларды, елді-мекендерді көріктендіруге, демалыс орындарын ұйымдастыруға көп пайдаланады. Орман-құстар мен аңдардың мекені. Азық-түлікке (жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ т.б.) және дәрі-дәрмекке жарамды өсімдіктер өсетін жер.
Орман - су қорлары көп жиналатын жер. Қар қалың болғандықтан жер қыртысы терең қатпайды да, жазғытұры тез жібиді. Сондықтан еріген қар суы сай-салаға ағып кетпей, топыраққа жақсы сіңеді. Өсімдік қалдықтарынан құралған жамылғы нөсер жауын мен қар сулары топырақтың жуылып кетуіне кедергі болады.
1.Кіріспе...............................................................................................................2
2.Орман ресурсы......................................................................................................4
3.Орман ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау.....................................7
4. Орман ресурстарын пайдалану мәселелері.....................................................14
5. Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы.............................................15
6. Орман алқаптарының азаюы............................................................................17
7.Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................22
Жоспар
1.Кіріспе.....................
2.Орман ресурсы...............
3.Орман ресурстарын экономикалық
тұрғыдан бағалау.......................
4. Орман ресурстарын пайдалану
мәселелері....................
5. Қазақстандағы орман
ресурстарының жағдайы.........
6. Орман алқаптарының азаюы.........................
7.Пайдаланылған әдебиеттер....
Кіріспе
Орман - жер бетінің көркі. Ағаштар, бұталар, шөптер, гүлдер түрге, түске және бецнеге өте бай болғандықтан жағалай әсем көрік беріп, көз тартып тұрады. Сондықтан да ағаштарды қалаларды, елді-мекендерді көріктендіруге, демалыс орындарын ұйымдастыруға көп пайдаланады. Орман-құстар мен аңдардың мекені. Азық-түлікке (жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ т.б.) және дәрі-дәрмекке жарамды өсімдіктер өсетін жер.
Орман - су қорлары көп жиналатын жер. Қар қалың болғандықтан жер қыртысы терең қатпайды да, жазғытұры тез жібиді. Сондықтан еріген қар суы сай-салаға ағып кетпей, топыраққа жақсы сіңеді. Өсімдік қалдықтарынан құралған жамылғы нөсер жауын мен қар сулары топырақтың жуылып кетуіне кедергі болады.
Ормандар-ауыл шаруашылығында да пайдалы. Топырақты жел және су эрозиясынан сақтап, жердің құнарлылығын арттырады. Аңызақ жерден сақтайды. Қысты және жазғытұры әрбір гектар жерге 540 тоннадай су жиналып, әсіресе өсімдіктердің жаңа өсе бастаған кезінде оларды ылғалмен қамтамасыз етеді.
Орманды-жердің өкпесі деуге де болады. 1 гектар орман тәулігіне ауадан 220-280 кг. көмір қышқыл газды алып, орнына 180-200 кг. оттек береді. Ағаштың жапырақтары, бұталары, қабықтары қурап, жерге түсіп, топырақты органикалық заттармен байытады. Оларды топырақтағы бактериялар біртіндеп шірітіп органикалық тыңайтқышқа(азотқа) айналдырады. Атмосферадағы үш газдың(оттек, көмірқышқыл газ және азот) қалыптасқан теңдестігін сақтауға көмектеседі.
Ормандар, әсіресе қылқанды ағаштар, фитонцид деп аталатын жеңіл химиялық заттарды бөліп ауру тарататын микробтарды(бактерия, саңырауқұлақ, жабайы микроб т.б.) өлтіреді, ауаны тазалайды.
Ормандар-ауаны ластаушы химиялық заттарды, әсіресе газдарды, тотықтырып өзгертіп, олардың зиянды әсерлерін азайтады. Мұндай тотықтыру қасиеті әсіресе қылқыанды ағаштарға, жөкеге, қайыңға, қызыл талдың бірнеше түріне тән.
Ормандар-ауаны шаң-тозаңнан тазалайды. Ағаш жапырақтарына жиналған шаң-тозаң жауын жауғанда жер бетіне жуылып түседі. Қала ауасымен салыстырғанда ормандарда бактериялар 300 есе кем болады.
Орман күн сәулесінің әсерін кемітіп, адамға зиянын азайтады. Топырақ бетіндегі органикалық жапқыштар радиоактивті сәулені сіңіріп, ортаны бейтарап жасайды.
Орман-шуды азайтып, оның әсерінен адамдарды қорғайды. Орманға жеткен дыбыстың 26% жоғалып, 74% жан-жаққа шашырап кетеді.
Орман ресурсы – биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады. Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.
Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.
Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т.б.) да әртүрлі болады.
Орманның даму мүмкіншілігі
ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық
тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық
тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске жарамды
ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін,
ал химиялық өңдеуге келетін ағаштың жылдам
өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді.
Ал бұл орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда
ұзақ. Міне сондықтан да орман ресурстарын
іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін
оның ондаған жылғы қорын әрқашан сақтап
отыру қажет. Бұл жағынан алып қарағанда,
ағаш ресурстарын экономикалық тұрғыдан
бағалау мен минералды ресурстарды бағалауда
көп ұқсастық бар, әсіресе, қолдағы қордың
қаншалықты құнды екенін айыру тұрғысынан
R=Z-S, мұндағы Z – жылдық дайын ағаш қорының
құндылығы, нарықтық бағасымен, мың тг;
S – ағаш қорын дайындауға кеткен шығын
мөлшері, мың тг.
Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.
Орман алқаптары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін пайдаланылатынын ескерсек, орман ресурстарын бағалағанда егісті, шабындық, жайылым жерлерді де қоса бағалау қажеттілігі туындайды .
Ал су ресурсын алатын болсақ, басқа табиғат ресурстарына ұқсамайтын өзіндік экономикалық тұрғыдан бағалау ерекшелігі бар. Бұл ресурсты бағалағанда әр ауданда, аймақтарда су ресурстары үшін қолданылатын шектеулі шығын мөлшерін ескеру қажет. Өйткені су ресурстары тасымалданбайтын, орналасқан жерінде пайдаланылатын көп салалы ресурсқа жатады.
Жоғарыда келтірілген табиғат ресурстарын бағалағанда жалпы ұқсастығы олардың орналасу ерекшеліктерін, яғни географиялық тұрғыдан табиғи қалыптасу орны мен экономикалық тұрғыдан пайдалану деңгейі ескеріледі. Әсіресе, экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі.
Орман ресурстарының басты ерекшелігі, яғни көп салалылығы мынаған келіп саяды: а) ағаш қоры; б) ылғал сақтайды; в) топырақ жамылғысын сақтайды; г) микроклимат жағдайын қалыптастырады; д) демалыс орындары; е) жеміс-жидек қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық т.б.). Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа қалыптастыру сияқты әрекеттерін тек жанамалай ғана бағалауға болады, әлеуметтік құндылығын айырумен шектеледі.
Орман ресурстарын бағалағанда мына көрсеткіштерді ескерген жөн:
1.Орман ресурсы алып жатқан ауданның мөлшерін және ағаш қорының көлемін.
2.Табиғи ерекшелігін (ағаштың түрлері, жасы, тауарлық топтары т.б.).
3.Табиғи және экономикалық тұрғыдан игеру мүмкіндігін.
Бұл әрине орман ресустарын өндірістік тұрғыдан пайдаланғанда, іске жарамды ағаш дайындағанда қажетті көрсеткіштер және орман ресурсын оның табиғи қалпында бағалаумен бірдей емес, мақсаттары да басқа.
Егер табиғат ресустарын сапасын анықтайтын нақтылы көрсеткіштер арқылы және құндылығын анықтайтын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағаланылатынын ескерсек, онда орман ресурстарын бағалаудың қиындығы алып жатқан жердің, ондағы жеміс-жидектің ылғал сақтау, қоршаған ортаны таза ауамен қамтамасыз ету сияқты қасиеттерін бағалау ерекшеленеді. Ағаштарға инвентаризация жүргізгенде оның алып жатқан орнын, сапасына қарай түрлерін, болашақта орман ресурстарының қорын қалпына келтіру үшін және дамыту үшін олардың жерсінуін т.б. қасиеттерін зерттейді. Орман қорын дамыту үшін алдымен аэро және жерде зерттеу арқылы картографиялық жұмыс барысында саны және сапасы жағынан анықталып оны ұйымдастырудың және орман шаруашылығын жүргізудің кешенді жоспарлары жасалады.
Орман ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау
Жалпы орман ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау теориялық жағынан басқа табиғи ресурстарға, әсіресе, минерал және жер ресурстарына қарағанда баспа беттерінде айтарлықтай көп орын алмаған. Бұл бір жағынан әрбір тұтынушы өз ауданындағы орманды пайдаланумен байланысты болса, екінші жағынан пайдалану шығынын табудың қиындығымен байланысты. Темір жолға және тұтынушыларға жақын орналасқан ағаш қоры алдымен игерілетіні содан.
Егер ертеректегі жұмыстарға көз жүгіртсек орман шаруашылығындағы экономика мәселесін түбегейлі зерттеген ғалым П.В. Васильев орман ресурстарын бағалағанда халық шаруашылығы тұрғысынан тиімділігіне үлкен мән берген. Әр ауданнан, ағаштың әрбір түрінен алынатын орман таксасы (түбірақы) ең алдымен нақты кеткен шығынмен байланысты және оның рентамен байланысы жоқ деп есептейді. Біздің ойымызша бұл қағида алғашқы кезден дұрыс қалыптаспаған, өйткені табиғат ресурстарын шығындық концепциямен бағалауға болмайтындығын біз алғашқы тарауда дәлелдеп өткенбіз және К. Маркс айтқандай “рентаның пайда болуына қоғамдық формацияның ешқандай қатысы жоқ, ол ресурстардың табиғи ерекшелігінен қалыптасады’’.
Орман ресурстарына баға қою дискуссиясында оны шығын арқылы емес табиғи ерекшелігін, оларды пайдаланғанда түсетін әртүрлі деңгейдегі тиімділікті ескере отырып, рентаны ескеретін бірден бір көрсеткіш түбір ақы екенін В.К. Шкатов ең алғашқы ғалымдардың бірі болып дәлелдеп шықты. Ал ағаш дайындау мен ағаш өсіру шығынында да айырмашылық болатынын ескертеді. Бұл пікір таласта В.К. Шкатов та Н.П. Анучин , Т.Л. Басюк және басқалары сияқты ағаштың құны сатқанда ғана оның құндылығына, яғни түбір ақыға келіп саятынын ескерген. Түбірақы ағаш дайындауға кеткен шығыннан басқа қосымша дифференциалды пайда келтіретінін, автор ашық айтып, нақты мысалдармен дәлелдейді. Ал бұл тұрғыдан келсек кадастрлық бағалудың қажеттілігі туындайды, яғни барлық орман ресурстарының табиғи ерекшеліктерін ескеретін, олардың сапасын нақтылайтын ортақ жиынтық көрсеткіштер шоғыры.
Сонымен, орман ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау, В.К. Шкатовтың көзқарасы бойынша оларды пайдаланғанда түсетін әртүрлі тиімділікті ескеру қажеттілігі және дифференциалдық рентаның ең басты көрсеткіш екендігі. Бұл тұрғыдан біздің де көзқарасымыз осыған келіп саяды.
Орман ресурстарын бағалауда екі ірі бағыт бар: біріншісі – орман орналасқан жерді бағалау; екіншісі – орман қорын бағалау. Бұдан туындайтын мәселе орман ресурстарын бағалау жер кадастрының бөлігі екендігі, яғни әр жердің құнарлылығы мен ағаштың саны мен сапасы арасында байланыс барлығы. Бұл идея Л.И. Ильевтің орман шаруашылығында жер ресурсын экономикалық тұрғыдан бағалау әдістемесінде келтірілген. Ол бойынша жердің қаншалықты құнарлылығына байланысты, ағаштың қандай түрлерін және сапасын аз шығынмен алуға болады. Бұл, әрине, шығындық концепциядан аспай тұр.
Қазақстандық ғалымдар табиғат ресустарын экономикалық тұрғыдан бағалауда З.Қ. Қарғажанов, С.Б. Байзақов , Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий, С.М. Мұқаев т.б. бұл салада белгілі үлестерін қосқаны анық. С.Б. Байзақов орман ресурстарын бағалаумен айналысса, З.Қ. Қарғажанов және Е.М. Үпішев табиғат ресурстарының үйлесімін, яғни белгілі бір территорияда шоғырланған табиғат ресурстарының бір-бірімен байланыста қарастырған. Бұл идеяны Одақтағы География қоғамының мүшесі А.А. Минц бірінші рет ұсынғанмен, әрі қарай жалғасын таппай қалған. Міне енді осы мәселені біздің ғалымдар әрі қарай дамытуда.
Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да, оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты орманды өсіруге, қорғауға көп еңбек жұмсауға тура келеді. Сондықтан орман шаруашылығына жұмсалатын барлық шығындар, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану оны өсіру құнын, қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді. Орман шаруашылығы өндірістің жеке саласы ретінде өзін-өзі қаржыландыра алады және экономикалық тұрғыдан бағалауды қажет етеді.
Соңғы уақыттарға дейін орман қорын экономикалық бағалауға мән берілмей келді. Бұған себеп, бір жағынан орман рентасын мойындамау, екінші жағынан табиғатта өздігінен өскен ағашқа еңбек жұмсалмағанда оның құны жоқ деп есептеліп келді. Соның нәтижесінде өсіп тұрған ағаштың, орманның бағасы жоқ, бірақ жеке ағаш кесуге берілгенде бағасы (таксасы) болды.
Орманды экономикалық бағалау, оған такса белгілеу басқа табиғат байлықтарын бағалаудан, бұрын басталды. Орманды экономикалық тұрғыдан бағалағанда әрқашан орман жері, ондағы ағаш қоры бөлек бағаланады. Кез-келген бағалау, оның ішінде экономикалық бағалау шығындар мен нәтижелерді салыстыру арқылы жүргізіледі.
Орман қорын экономикалық тұрғыдан бағалағанда оның бірнеше ерекшеліктерін ескеру керек.
Орманның негізгі ресурсы ағаштарды өсіруге, қорғауға шығындар жұмсалатын мезгіл мен оның нәтижесін алатын уақыт бір-бірінен алшақ, яғни шығын бірден қайтарылмайды, бірнеше жылдан кейін ағаш өсіп жетілгенде қайтады. Ауыл шаруашылығында өнімді жылда алуға болады, ал орман шаруашылығында жеке ағаштың өсіп жетілуін көп жыл тосуға тура келеді.
Орман жер бетінде бір қалыпты орналаспаған. Орманды жердің өзінде ағаш өнімділігі әртүрлі, оған қоса ағаштың тұтынуға қажетті сапасы да әр түрлі болады. Орман алқаптары тұтынушылардан, негізгі жол магистралдарынан әртүрлі қашықтықта орналасқан. Сондықтан ағаш дайындау шығындары да біркелкі емес және ол орман орналасқан жер жағдайына байланысты едәуір өзгеріп отырады.
Орман қорын экономикалық бағалау оның потенциалды өнімділігіне сүйенуі тиіс. Сонымен қатар, орман өсіру кезінде аралық кесімдерден алынатын тиімдер ескерілуі тиіс. Кейде мұндай кесімдер ағаш қорының 30 %-на жетеді. Орманның потенциалды өнімділігін нақты орман шаруашылық аудандары бойынша ондағы ағаш түрінің өсіп жетілу жасына сәйкес анықтайды. Есептелетін уақыт ұзақтығы орманның ұдайы өсуіне қажетті жыл болып табылады және ағаштың кадастрлық жасына сәйкес келмеуі мүмкін.
Информация о работе Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы