Қазіргі экологиялық порблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 09:40, курсовая работа

Описание работы

Бүгін талқылауға ұсынылып отырған тақырып кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Қазіргі таңда экологиялық проблемалар бар. Олар ғасырлап қалыптасып, он жылдап жиналған немесе бізге, бір сөзбен айтқанда «мұра ретінде» қалып отыр. Бірақ, бүгінде олар тек денсаулық пен қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар, жалпы еліміздің орнықты дамуына кері әсерін тигізуде.
Жалпы алғанда қолданылатын шаралар кешені есебінен Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай тұрақтылығын сақтауда. Эмиссияларды азайту, тиімдірек экологиялық таза технологияларға көшу үшін алғышарттар жасалған.
Алайда, тиісті шаралар қабылдауды және оларды шешу жолдарын іздеуді талап ететін қазіргі экологиялық проблемаларға тоқталғым келіп отыр.
Олар туралы біз алдағы Үкімет сағатында толығырақ айтатын боламыз, ал бүгін солардың кейбіреулеріне тоқталғым келеді.

Файлы: 1 файл

экология.docx

— 24.16 Кб (Скачать файл)

23/06/2010. Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі депутаттарының  қатысуымен өткен «Қазіргі экологиялық  проблемалар және оны шешу  жолдары» атты дөңгелек үстелдегі  Қоршаған ортаны қорғау министрі  Н.Әшімнің баяндамасы

Астана қаласы. 2010 жылғы 23 маусым.

 

 

Құрметті дөңгелек үстелге  қатысушылар!

Бүгін талқылауға ұсынылып отырған  тақырып кездейсоқ таңдап алынған  жоқ. Қазіргі таңда экологиялық  проблемалар бар. Олар ғасырлап қалыптасып, он жылдап жиналған немесе бізге, бір  сөзбен айтқанда «мұра ретінде» қалып  отыр. Бірақ, бүгінде олар тек денсаулық  пен қоршаған ортаға ғана емес, сонымен  қатар, жалпы еліміздің орнықты  дамуына кері әсерін тигізуде.

Жалпы алғанда қолданылатын шаралар кешені есебінен Қазақстан  Республикасындағы экологиялық  жағдай тұрақтылығын сақтауда. Эмиссияларды азайту, тиімдірек экологиялық таза технологияларға көшу үшін алғышарттар  жасалған.

Алайда, тиісті шаралар қабылдауды және оларды шешу жолдарын іздеуді  талап ететін қазіргі экологиялық  проблемаларға тоқталғым келіп  отыр.

Олар туралы біз алдағы Үкімет сағатында толығырақ айтатын  боламыз, ал бүгін солардың кейбіреулеріне тоқталғым келеді.

Ең маңыздыларының бірі –  қалдықтар проблемасы. Елімізде барлығы 30 млрд. тоннадан астам қалдықтар  жиналған, оның 100 млн. тоннадан астамы тұрмыстық қатты қалдықтар. Жыл  сайын 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар  түзіледі, оның ішінде 250 млн. тоннаға  жуығы улы қалдықтар.

Қазақстандағы тұрмыстық  қатты қалдықтардың негізгі көлемі іріктелмей шығарылып, ашық қоқыстарда қоймаланады, оның 97 пайызы экологиялық  және санитарлық заңнама талаптарына  сәйкес келмейді. Тұрмыстық қатты  қалдықтардың шамамен 5 пайызы кәдеге жаратылуға немесе өртенуге жатады.

Қандай шара қолданылды?- деген сұраққа жауап берейік. Түрлі салалардағы қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері жөніндегі  ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді және қалдықтармен жұмыс істеу бөлігінде  қолданыстағы заңнамаға түзетулер  енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Қалдықтар паспорттарының кадастры мен тізілімі құрылды. (30 мың паспорт, 7,5 мың кәсіпорын қамтылды).

Шетелдің инвесторлар  кеңесінің 18-ші отырысында Президент  Өндіріс және тұтыну қалдықтарын  басқарудың ұлттық орталығын құруды тапсырды.

Аталған тапсырманы орындау  мақсатында Министрлік «2010-2014 жылдарға арналған Жасыл Даму» мемлекеттік  бағдарламасының жобасын әзірледі. Бағдарлама көптеген экологиялық проблемаларды  шешуді көздейді. Ол туралы кейінірек  кеңінен тоқталамын.

«Дарьял-У» нысанының жағдайы  туралы

Өткен отырыстардың қорытындысы  бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің «Дарьял-У» нысанын күзетуді қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы  және химиялық-аналитикалық зерттеуді  жүргізу және қалған конденсаторларды кәдеге жарату жөнінде тапсырмалар  берілді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  мен «Ювента» (Германия) компаниясы арасындағы шартқа сәйкес кәдеге жаратуға шығарылған құрамында полихлордефинил  бар конденсаторлардың жалпы  саны 2007 жылғы желтоқсан – 2009 жылғы  наурыз аралығында 10 052 дананы құрайды.

Қалған 5 946 дана конденсаторды (182 контейнер) жақын уақытта шығару жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі  санитарлық-эпидемиологиялық және химиялық-аналитикалық зерттеу бойынша жұмысты бастады.

Алайда нысанды күзету мәселесі әлі күнге шешімін таппай отыр.

Одан әрі өткізу мақсатында бөгде тұлғалармен аталған нысан  аумағындағы ғимараттарды және металл құрылыстарды тоқтаусыз заңсыз бөлшектеу  туралы ақпарат күн сайын келіп  түсуде.

Мысалы, Нұра-Сарысу экология департаментінің ақпараты бойынша 2010 жылғы 27 мамырда таңертең «Мыс-Орда»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  күзетшілерімен ғимараттарды заңсыз бөлшектеуді  іске асырушы бөгде адамдар тарапынан  конденсаторлар орамасы сақталған  қойма есігіндегі пломба мен құлыптардың  жұлынғандығы анықталды. Яғни, қоймада  құрамында ПХД бар конденсаторлар сақталатын дайын өнімдерді сақтау кепілдігі жоқ.

Біз «Дарьял-У» нысанын күзетуді Ішкі істер министрлігіне тапсыру  бағытында жұмыс жасаудамыз.

Каспий теңізінің проблемасы

Каспий теңізінің деңгейі  көтерілуімен су жағасындағы аумақтардың  көбісі су астында қалды. Оның ішінде өткен ғасырдың 60-80 жылдарында бұрғыланған  мұнай ұңғымалары орналасқан учаскелер  де бар.

Мемлекеттік бюджет есебінен Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігімен Каспий теңізінің су басқан аймағындағы мұнай ұңғымаларын  зерттеу жұмыстары жүргізілді. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің  зерттеу нәтижесі бойынша, Атырау және Маңғыстау облыстары алаңдары мен  кен орындарында 1383 су басқан және су алған мұнай ұңғымаларының кадастры құрылды.

2003-2010 жылдарға арналған  мемлекеттің минералдық-шикізат  кешенінің ресурстық базасын  дамыту бағдарламасын іске асыру  шеңберінде 99 мұнай ұңғымасы жойылды.  Оның ішінде құрлықта су жағасындағы  – 52 ұңғыма, Каспий теңізінің  су басқан аймағындағы – 47 ұңғыма жойылды.

Бүгінгі күні қалған 1284 ұңғыманы консервациялау бойынша анық перспективалық бағдарлама жоқ. Сонымен бірге, аталған  ұңғымалар қоршаған ортаға әлеуетті қауіп төндіретіндігін атап өту  қажет.

Өздігінен ағып төгілетін  ұңғымаларға байланысты төтенше  жағдайлардың туу қаупін назарға  ала отырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Мұнай және газ  министрлігі оларды жою бойынша жұмысты Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсыруды орынды деп санайды.

 

Семей ядролық сынақ полигоны мен іргелес аумақтардағы радиациялық  жағдай туралы

Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы қызметке таралатын  заң нормасын және арнайы әзірленген ережені сақтау Семей ядролық  сынақ полигонында шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде радиациялық  қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен  қатар, радиоэкологиялық жағдай тұрақты  болмағандықтан, радиоактивті заттардың  көшу үдерістері анықталғандықтан, Семей  ядролық сынақ полигонының радиациялық  жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу  қажеттілігі туындауда.

Үш облыс бойынша жер  қорларын басқару, жергілікті бюджетке салық төлеу, Ішкі істер департаментінің  бөлімшелері тарапынан шұғыл  және алдын алу шараларын қамтамасыз ету, заңнаманың орындалуын бақылау, шаруашылық қызметтерін тіркеу және тағы басқа  мемлекеттік бақылау функцияларының шоғырлануы Семей ядролық сынақ  полигонындағы жұмысқа үлкен  қиындықтар тудыруда.

Көбінесе бұл шешілмейтін  келіспеушіліктерге әкеледі. Осыған орай, бұрынғы Семей ядролық сынақ  полигонының бүкіл аумағын Курчатов қаласын орталығы жасап, жеке аудан  құру арқылы бір облысқа әкімшілік  бағынысты ету орынды деп есептейміз.

Семей ядролық сынақ полигонының  аумағы радиоэкология, радиоактивті элементтер геохимиясы, радиобиология және тағы басқа салаларда сынақ ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі тұрғысынан қарағанда бірегей аймақ екендігін  қосымша атап өту қажет.

Жоғарыда баяндалғанның  негізінде, Семей ядролық сынақ  полигонының негізгі нысандарын Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық  орталығының теңгеріміне тапсыру  орынды. Аталған шара радиациялық  және ядролық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, таратпау тәртібін қолдау бойынша Қазақстан  Республикасының халықаралық міндеттемелерін  орындауға мүмкіндік береді.

«Азғыр» және «Капустин Яр»  полигондарындағы экологиялық жағдай туралы

«Азғыр» және «Капустин Яр»  полигондары ауданындағы халық  денсаулығының айтарлықтай нашарлауы  аса алаңдаушылықты туғызуда.

Министрлік «Капустин  Яр» және «Азғыр» полигондары  аумақтарында, сондай-ақ, жалпы көлемі 120 мың шаршы шақырымды құрайтын Батыс Қазақстан облысының 6 ауданында  және Атырау облысының 2 ауданында зерттеулер жүргізді.

Дегенмен, жүргізілген зерттеулердің  нәтижелері сынақтар салдарының халық  денсаулығына әсері туралы бір жақты  жауап бермейді.

Сондықтан, олардың пайда  болу себептерін анықтау үшін қосымша  кешенді зерттеулерді жүргізу қажет.

Басты назарды табиғат  қорғау іс-шараларын қаржыландыру мәселесіне аудару қажет деп санаймын.

Қоршаған ортаға эмиссия  үшін төлемдер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджеттеріне түседі. Қолданыстағы бюджеттік заңнамаға  сәйкес бюджетке түскен төлемдердің  нысаналы мақсаты жоқ.

Соңғы үш жыл бойы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған қаржы Қоршаған ортаға эмиссия үшін жалпы төлемдердің 27 %-ын ғана құрағандығын ескеру қажет.

Сонымен қатар, түскен төлемдер көлемі жыл сайын артуда. 2008 жылы – 66,5; 2009 жылы – 85,2; 2010 жылдың І жартыжылдығында  – 47,9 млрд. төлем қабылданды. Жергілікті бюджеттен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын  қаржыландыруға 2008 жылы – 22,3; 2009 жылы – 23,8; 2010 жылдың І жартыжылдығында  – 6,7 млрд теңге жұмсалған.

Жергілікті бюджетке төлемдердің  түсуі мен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыруға жұмсалуын  талдайтын болсақ, төлемдер түсуінің әлдеқайда артқанымен, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған қаржы көлемі мүлдем өзгермеген.

 

2009 жылдың қорытындысы  бойынша қабылданған төлемдер  көлемінен ең төменгі қоршаған  ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыру  келесі облыстарда тіркелді: Батыс  Қазақстан облысы – 1,5 %, Павлодар  облысы 4,8 %, Қарағанды облысы –  5,1 %, Ақтөбе облысы – 7,8 %, Солтүстік  Қазақстан облысы – 7,8 %.

Қолданыстағы табиғат  пайдаланудың экономикалық тетіктері  қоршаған ортаны ластауды төмендетуге  айтарлықтай әсер ете алмайды, сондай-ақ, инвестиция тартуды ынталандырмайды.

Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, экологиялық салықтардың (және ұқсас құралдардың) негізгі функциясы  тек экологиялық мақсаттарға  қаржы жинау, оларды ынталандыру  екендігін ескеру қажет.

Біздің алдымызда тұрған кейбір мәселелер – осылар.

2002 жылы Йоханнесбурге  өткен Орнықты даму жөніндегі  Дүниежүзілік Саммитте Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға:  «Орнықты даму – бұл жай  ғана сөз тіркесі емес. Бұл  адамзат өмір сүруінің формуласы»  екендігі жайлы атап өтті.

Біз Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының дайындық кезеңін  ойдағыдай іске асырдық. Орнықты  дамудың нысаналы көрсеткіштері  өткен жылдан бастап министрліктің  және республика аймақтарының стратегиялық жоспарларына ендірілді, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының 2020 жылға дейінгі  Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу  кезінде ескерілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «табиғи  ресурстарды үнемдеу мен ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын  енгізуді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды оңтайлы  ұштастыру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырған абзал» деп атап өтілді.

Осы жағдайлар негізінде  Министрліктің қызметі келесі басым  бағыттар бойынша жүргізілуде:

1. Қоршаған ортаның сапасын  тұрақтандыру және жақсарту.

2. Қазақстан Республикасының  орнықты дамуға көшу тетіктерін  құру.

3. Гидрометеорологиялық және  экологиялық мониторингті жаңғырту  және жүргізу.

Бізбен әзірленген жаңа нормативтік  құжаттарды қабылдау арқасында рұқсаттар  беру кезінде талаптарды қатаңдатуға, өндірістік экологиялық бақылауды  күшейтуге және сот тәжірибесін  кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жекелей алғанда, жиналған экологиялық  төлемдер мен айыппұлдар сомасы 2009 жылы 97 млрд. теңгеге дейін өсіп, 2008 жылмен салыстырғанда 30 пайызға  артты. Шаруашылық қызметтерін тоқтата  тұру туралы 210 материалдар сотқа  жіберілді. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға 1077 кәсіпорынның 223-не бас  тартылды.

Ағымдағы жылдың 4 айында азаматтарға жалпы сомасы 726 мың  теңгеге 110 әкімшілік айыппұлдар, лауазымды  тұлғаларға жалпы сомасы 13 млн. теңгеге 622 айыппұлдар салынды.

Қатаң шаралар қабылдау атмосфераға 6 пайыз шығарындыларын, 1,7 пайыз  ластанған сулар төгінділерін төмендетуге  мүмкіндік берді.

Осылайша, Елбасының ластаушы заттар эмиссияларын азайту жөніндегі  тапсырмасы орындалуда.

Дегенмен, экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін экологиялық  жағдайдың төмендеуіне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын  қабылдау қажет.

Осы орайда Министрлікпен  келесі шаралар қолданылуда.

1. Елбасының тапсырмасына  сәйкес «2010-2014 жылдарға арналған  Жасыл даму» бағдарламасының  жобасы әзірленді.

«2010-2014 жылдарға арналған Жасыл  даму» бағдарламасының негізгі  бағыттары:

«жасыл экономиканы» дамыту;

қоршаған ортаның компоненттеріне  және тұрғындардың денсаулығына антропогендік  әсерді азайту;

табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру;

қоршаған орта сапасын  басқару жүйесін дамыту және жетілдіру  болып табылады.

Ағымдағы жылғы шілдеде  бағдарлама жобасы Үкіметке енгізіледі.

Құрметті депутаттардан  әзірленген бағдарламамызды қолдауларын  сұраймыз.

2. Қазіргі уақытта Жаһандық  Экологиялық Қор Қазақстанда  Тұрақты органикалық ластағыштарды  жою зауыты құрылысының техникалық-экономикалық  негіздемесін әзірлеуге 300 мың  доллар көлеміндегі грантты растады.  жобаның әкімшісі ретінде Дүниежүзілік  банк Қазақстан Республикасының  Үкіметі ортақтаса қаржыландырған  жағдайда (50 пайызға дейін) зауыттың  құрылысын қаржыландыруға қаржы  бөлу туралы ниетін растады.

3. Облыстық бюджеттерге  нысаналы трансферттер бойынша  бюджеттік бағдарламасы шеңберінде  Ақтөбе, Орал (1-кезек) және Маңғыстау  облысындағы Жаңаөзен (1-кезек), Құрық,  Ақтау (КТҚ-2, 1-кезек) және Атырау қалаларындағы кәріздік тазарту құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Информация о работе Қазіргі экологиялық порблемалар