Қазіргі кездегі экологияның орны мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 14:27, реферат

Описание работы

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр..
2002 жылы Иоханнесбургте өткен Тұрақты даму жөнінідегі әлемдік саммиттесөз сөйлеген Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға ұшырағаннан кейін, Қазақстанның түрлі экологиялық, саяси, экологиялық проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.

Файлы: 1 файл

Қазіргі кездегі экологияның орны мен рөлі.docx

— 48.01 Кб (Скачать файл)

                  

                   Қазіргі кездегі экологияның орны мен рөлі

 Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс   қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр..

2002 жылы Иоханнесбургте өткен Тұрақты  даму жөнінідегі әлемдік саммиттесөз  сөйлеген Елбасымыз Кеңес Одағы  тоқырауға ұшырағаннан кейін,  Қазақстанның түрлі экологиялық,  саяси, экологиялық проблемалар  ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын  айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.

БҰҰ мемлекеттік хатшысы Кофи Аннен  Қазақстанға келген кезінде Президент  Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық  қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы экологиялық проблемалардың біршама бөлігін шешу мәселелері бүгінгі Арал жөніндегі халықаралық ұйымның араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастырады.

Арал  экологиялық апат аймағында тұратын  халықтық денсаулығы өте нашар. Жекелеген  аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды құрайды, ана мен  бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын аштық.

Ал  Семей ядролық сынақ айлағына қатысты айтар болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан  облысы Күршім ауданындағы радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталады.

Біз үшін экологиялық проблемалардың жаңа нүктесіне айналып отырған Каспий теңізіндегі техногендік апаттар  мен ластанулар көмірсулы ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен байланысты. Мұнай өндіру мен оны тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді. Осы және бұдан басқа да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуы үшін біз Президент бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Каспий экологиясы бойынша бірінші халықаралық конференция өткізілді. Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі шектеулі конференцияның жобасы жасалып, оны барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында аталған коференцияға қол қойды. Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың міндеттіліктері, Каспий теңізі ресурстарын пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу, оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға қойылады деген сенімдеміз.

Еліміздегі  экологиялық ахуалға әскери сынақ айлақтары да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын Қазақстан аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ айлағы жұмыс істесе, қазір соның төртеуі қалды. Сынақ жүргізу кезінде, ракета ұшырылған уақытта, сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады, сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар қалаларда ауа атмосферасының ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты» , «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан тиісті шаралар қолданылуда.

Еліміздегі  экологиялық нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған су көздері. Бірінші кезекте Ертіс өзені мен Ертіс бассейнінің басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар көп-ақ.

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы  экологияландыруда экономиканың барлық саласындағы экологиялық фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде міндетті түрде олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын аңғартады.

Қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі нақты шаралар  қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан  Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын. Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың құқықы мен міндеті.

Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық  жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі — жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.

Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — биосфераның ластануы. Ластану — жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартау атқылауы, жер сілкіну, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі, куаңшылык, өрт сиякты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты озгертуге байланысты іс-әрекеттері ғалам-шардагы тіршілік үшін кауіл тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жакындады.

Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтыкты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның жіберген кателіктеріне жауап ретінде экологиялык апаттарды «сыйға» тартады. Мысалы, коршаған ортаның химиялык ластануынан жер шарында «жылу эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары жиі болып отырған куаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді.   Кейіннен, 25—30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялык даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлык геологиялық айналымға сәйкес әр 60—80жыл сайын теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі табиғат заңы болатын. Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға жыл сайын 120—140 млн т натрий сульфатының тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Монголия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіруде. Соның салдарынан егіннің түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта көтеріліп, жағалауды су баса бастады. Кейін топырақ қамал алынып, теңіз суы шығанаққа жіберілді.

Бұл мәселелер Арал теңізіне де тән. Адамның  іс-әрекетінен Арал теңізі жарты ғасырдан бері тартылып бара жатыр. Арал апаты  ғаламшарлық сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер  сезінуде. Сондықтан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т.б. елдердің араласуы тегін емес.

Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы  ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде. Аталған су алаптарының өңірінде мыңдаған гектар орман-тоғай, жануарлар  дүниесі мен өсімдіктер әлемі  азайып, бұрыңғы тамаша табиғи жайылымдар мен шалғындыктардың орнына тіршілігі  бұзылған немесе жойылуға жақын құмдар мен шөлейтті, сортаң тақырлар пайда  болды. Арал теңізінің тартылуына байланысты көптеген мәселелер туындады.

Балқаш  өңірі де күрделі өзгерістерге ұшырады. 1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле — Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат кешені бұзылды. Қапшағай суқоймасы өзінін ауқымын кеңейте түсіп, мындаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында қалды. Ол аз болғандай, Іле өзенінің орта және төменгі ағысы тұстарынан Шарын, Шеңгелді, Ақдала сілемдері игеріле бастады. Бұл суармалы жерлерде суды көп қажет ететін күріш, бау-бақша дакылдарын өсіру жоспарланып, Іле суыньщ Балкашқа күю мүмкіндігі азая түсті. Оның үстіне, Шарын езенінің бойында Бестебе бөгенінің, Үлкен Алматы тоғанының салынуы ол жерлерде табиғаттың тепе-теңдік калпын бүзып, соның нәтижесінде Іле өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты, «Қызыл кітапқа» енген тораңғы, үйеңкі ағаштарынан тұратын жиделі қу-тоғайлары жойыла бастады. Іле өзенінің тоғайындағы елік, доңыз, мәлін, қамыс мысығы, қырғауыл, т.б. көптеген андар мен әнші құстардың саны азайып кетті. «Әнші құм», «Таңбалы тастар», «Шарын саябағы» сияқты белгілі табиғат ескерткіштеріне толы Іле бойы экологиялық апатты аймаққа айналды.

Қазақстандағы басқа да өзен-көлдердің экологиялық  жағдайы жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу  өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі.

Елімізде су айдындары мәселелерімен қатар топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтыларының өзгеруі табиғи ортаға кері ықпалын тигізуде.

Қазақстанның  экологиялық жағдайы табиғатты  тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру  жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

Экология (грек oikos – үй, мекен және лигия) – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. «Экология» терминін 1866 жылы биолог Э.Гекель ұсынған. Экологияның негізі организм мен ортаның процесінде өзгеруі деген ұғымнан құрылады.

Қазіргі экология ортаның жеке әсерлерінің  және олардың жиынтығының өсімдік  пен жануарлар организміне тигізетін  әсерін, популяцияның ортаға тигізетін  әсерін, популяция санын сақтау жолын, оның құрылымын, биогеоценоз және экосистема әрекеттері заңдылықтарын, биогеоценоз  құрылымының биогсоценоздық процестөрдегі  маңызын т. б. зерттейді. Экология орман  өсіру, балық аулау, аңшылық шаруашылықтарының теориялық, практикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Экологиялық зерттеулер құрлық пен судағы табиғи қорды тиімді пайдаланудың негізі және табиғат қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, биосераны сақтауда үлкен маңызы бар. Экологияның бірнеше ғылми бағыты бар. Жеке организмдердің тіршілік ара-қатынасын — аутоэкология, тіршілік ортасы жағдайлары әсерінен организмдер тобы не бірлестігі құрылуын — синэкология (бұл терминді швейцариялық ботаник К. Шрётер ұсынған және 1910 ж. Бүкіл дүнижүзі ботаникалық 3-конгресте қабылданған), популяциялардың құрылу және даму заңдылықтарын, саны динамикасын, құрылымы мен қоршаған орта арақатынасына т. б. популяциялық экология зерттейді. Экология зерттеу объектілеріне қарай өсімдік экологиясы және жануарлар экологиясы деп бөлінеді. СССР-да өсімдік экологиясы мәселелерін аутоэкология қарастырады, ал синякологияны жеке ғылыми пән— фитоценологияға (геоботаникаға) жатқызады. Өсімдіктөр бірлестігін шетел, әсіресе ағылшын және американ ботаниктері көбінесе экологияның бір бөлігі (синэкология) деп қарайды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы экологиясы, медицияна экологиясы т.б. деп те бөледі. Экологияның жеке бір бөлімі— палооэкология — қазба өсімдіктер және қазба жануарлардың тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейді.

Экологиялық нақты зерттеулер 18 ғасырдың 2-жартысынан басталды. Неміс табиғат зерттеушісі А. Гумбольдт 19 ғасырдың бас кезінде өсімдіктердің жер жүзінде ауа райына байланысты таралу заңдылықтарын анықтады. Экологияның негізгі принциптері мен міндетін 19 ғасырдың 2-жартысында орыс ғалымдары К. Ф. Рулъе, Н. А. Северцов, А. Н. Бекетов, неміс зерттеушілері А. Гризебах, И. Лоренн құрды. Экологияның дамуына Ч. Дарвиннің Эволюдиялық ілімінің үлкен маңызы болды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында экология саласынан көптеген жаңа деректер анықталды. 1868 ж. орыс ғалымы Н. Ф. Леваковский өсімдіктің дамуына, пішіні мен құрылысына сыртқы орта жағдайы әсер ететінін алғаш рет эксперимент арқылы дәлелдеді. Орыс топырақ зерттеушілері В. В. Докучаев, П. А. Костычев, А. А. Измаильский жұмыстарында топырақ пен өсімдік арасындағы өзара байланыс туралы экологиялық деректер болды. Жануарлар экологиясы туралы алғашқы жинақты америкап Ч. Адамс (1913) жариялады. Бұдан кейін американ экологтары Р. Чопмен, В. Шелфорд, ағылшын ғалымы Ч. Элтон, неміс зоологы Гессе, совет зоологы Д.Н. Кашкаров маңызды қорытынды енбектер жариялады. Орыс ғалымы Г. Ф. Морозов орман туралы ілім құрып (1920), орманның дамуын, организм мен орта арасындағы байланысты, орманның географиялық ландшафтың бір бөлігі ретіндегі маңызын көрсетті. Өсімдіктердің тіршілік формасы және жануарлар адаптапиясы ілімі дами бастады.

Информация о работе Қазіргі кездегі экологияның орны мен рөлі