Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 14:27, реферат
Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр..
2002 жылы Иоханнесбургте өткен Тұрақты даму жөнінідегі әлемдік саммиттесөз сөйлеген Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға ұшырағаннан кейін, Қазақстанның түрлі экологиялық, саяси, экологиялық проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.
20
ғасырдың 20 жылдары экологияның
ерекше бағыты — популяциялық
экология дамыды. Ауа райы жағдайы
мен биоценоздық қатынастың
Экологиялық сараптама –
шаруашылық және өзге де қызметтің
қоршаған орта сапасының нормативттері
мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің,
осы қызметтің табиғи ортаға жасуы
ықтимал теріс әсерлерінің және
соларға байланысты әлеуметтік, экономикалық
және өзге де зардаптардың алдын алу
мақсатында сараптама объектісін іске
асыруға қол
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс зардаптарын болдырмау;
2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатысында, соңдай-ақ оларды салу мен іске асыру процесіңде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау;
3) өндіргіш күштерді орналастыру
мен дамыту нәтижесінде
экологиялық жай-күйдің болжамдалып отырған
өзгерістеріне сараптамалық бағалауды
қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық сараптама комиссиясының қарайтын нысанасы ие болып табылады?
«Экологиялықсараптама туралы»
Заңының 6-бабында сараптама
1. Табиғат пайдалану
2. Қазақстан Республикасында
қабылданбақ болып белгіленіп
отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына
ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтік
құқықтық актілердің жобалары.
3. Шаруашылық қызметті
жүзеге асыру кезінде табиғат
пайдаланушылардың қоршаған
жөніндегі талаптарды (экологиялық аудитті)
сақтауын бағалау
материалары.
4. Табиғи ресурстарды
пайдалану және қоршаған
саласында лицензиялар мен сертификаттарды
алу кезінде экологиялық негіздеме үшін
табыс етілетін құжаттама.
5. Кейіннен ерекше құқықтық
мәртебе (табиғи-қорық қорының объектілері,
экологиялық жағынан қолайсыз аймақтар
және
тағы басқалары) беру мақсатында аймақтардың
учаскелерін кешенді
зерттеу материалдары да экологиялық
сараптама объектілері болып табылады.
Экологиялық сараптаманы жүргізуге субъектілердің кең тобы қатысады. Сараптаманы жүргізу міндеті жүктелетін негізгі мемлекеттік орган – Қоршаған ортаны корғау министрлігінің Мемлекеттік экологиялық сараптама және радиациялық экология Бас басқармасы мен оның жергілікті жерлердегі органдары. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніңдегі қатынастарға қатысатын министрліктерді, ведомстволарды, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарды тартуы мүмкін. Бұл процеске сондай-ақ ғылыми мекемелер мен олар құратын экологиялық сараптама органдары тартылады. Экологиялық сараптаманы жүргізуге қоғамдық экологиялық бірлестіктер мсн жекелеген азаматтар да қатысуы мүмкін. Ақыр соңында, экологиялық сараптама субъектілері болып экологиялық сараптамаға жататын құжаттаманың тапсырысшылары қатысады. Белгілі бір жағдайларда, біздің ойымызша, экологиялық сараптаманың субъектілері болып Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысады. Мысалы, бұл осы мемлекеттердің аумағында болатын және Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін объектілер мен кешендердің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу қажеттілігі жағдайында шетелдік мемлекеттермен өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге катысты болады.
«Экологиялық сараптама
туралы» Заңында Қазақстан
1. Мемлекеттік экологиялық
сараптаманы жүргізуге айрықша
құқығы болады.
2.Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасында
экологиялық сараптама
үйлестіреді, бағыныстылығына және меншік
нысанына қарамастан, экологиялық сараптаманы
жүргізу мәселелері жөнінде мемлекетте
әдістемелік басшылықты үйлестіруді жүзеге
асырады.
4. Қоршаған ортаға әсерді
бағалауды және мемлекеттік
нұсқама-әдістемелік құжаттарды белгіленген
тәртіппен әзірлейді
және бекітеді;
5. Шаруашылық және өзге
де қызметті реттейтін
ондағы экологиялық талаптарды барынша
толық есепке алу бөлігінде, үйлестіріп
отырады және бекітеді;
6. Экологиялық сараптама
саласында қоршаған ортаға
етуді бағалау проблемалары жөніндегі
ғылыми зерттеулерді
үлестіріп отырады;
7. Жоспарлау алдындағы,
жобалау алдындағы және
құжаттамасын әзірлеу кезінде табиғат
қорғау нормалары мен
ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз
ету бөлігінде министрліктердің, ведомстволар
мен ұйымдардың тиісті қызметтерін бақылауды
және үйлестіруді жүзеге асырады;
8. Консультациялар, бірлескен
экологиялық сараптамалар
жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар
алмасу, осындай
жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту
мақсатында белгіленген
тәртіппен басқа мемлекеттердің экологиялық-сараптама
органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
9. Табиғат қорғауды жобалауға,
нормалауға және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстарға белгіленген
тәртіппен лицензиялар беруді жүзеге
асырады;
10. Сараптама комиссияларының
адам құрамын белгілейді, оларда
штаттан тыс сарапшылар ретінде жұмыс
істеуге барынша
құзыретті отандық және шетелдік ғалымдар
мен мамандарды,
минисірліктердің, мемлекеттік комитеттердің,
өзгеде орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық
бірлестіктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының
өкілдерін тартады;
11. Заңға сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.
Сараптама бөлімшелері орталық аткарушы органның мемлекеттік экологиялық сараптама органының және оның жергілікті жерлердегі органдары жанында болады. Сараптама бөлімшелерінің басшылары экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде тәуелсіз болады және өзінің қызметінде ҚР-ның қолданыстағы заңын басшылыққа алады. ҚР-ның «Экологиялық сараптама туралы» Заңы мынадай:
Мемлекеттік экологиялық сарапшыға белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, сондай-ақ олар орындаған сараптама үшін жауап береді. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сарапшының сараптама үшін қажетті құжаттар мен материалдарды талап етуге, қосымша мамандар тартуға, жүргізілген сараптама жөнінде ерекше пікір қалыптастыруға және т.б. құқығы бар.
Экологиялық сараптамаға
жататын құжаттамаға
— сарапталатын объектілерге
қатысты немесе сараптама
объектілерінің жекелеген талдамалары
мен негіздемелері бойынша жазбаша немесе
ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен
ұсыныстар беру;
— экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкілікті қорытындыларымен танысу;
— қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргізудің орындылығы туралы мәлімдеу;
— егжей-тегжейлі зерттеулер
мен есептеулерді талап етпейтіп
түзетулерді, өзгерістерді дер кезінде
енгізу;
— Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдары,
шарт ережелері не өздерінің құқықтары
бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама
қызметін көрсету кезінде шартты бұзу;
— экологиялық сараптама
жүргізу кезінде Қазақстан
2. және мынадай міндететрге:
— экологиялық сараптамаға
қажетті материалдардың сапалы
дайындалуы мен берілуін қамтамасыз етуге;
— экологиялық сараптама субъектілеріне сарапталатын объектілер жөнінде қажетті материалдар мен консультациялар, мәліметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге;
— қоғамдық пікірді ескере
отырып, сараптама объектісін одан
әрі іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға;
— белгіленген тәртіппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге;
— сараптама қорытындысында баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемішіліктер мен жаңсақтықтарды дер кезіндс жоюға;
— сараптама органдары белгілеген мерзімде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткізуге табыс етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
«Экологилық сараптама туралы»
Заңында экологиялық
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама — Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.
2. Қоғамдық экологиялық сараптама — кез келген мемлекеттік қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын түрі. Ол сол объектілерге жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қоғамдық экологиялық сараптамадан өзгешелігі неде?
Субъектілер бойынша:
• Мемлекеттік экологиялық
сараптаманы Қазақстан
а) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық аткарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің штаттағы қызметтің қызметкерлері;
б) Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы органы мен оның
жергілікті жерлердегі
бөлімшелері штаттан тыс сарапшыларды
тарта отырып құратын сараптама комиссиялары;
в) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы құратын салааралық сараптама комиссиясы жүзеге асырады;
• Қоғамдық экологиялық сараптаманы халықтың жекелеген топтары, қоғамдық бірлестіктер және ғылыми ұйымдар бастамашылығымен құрылатын ерікті негізде сараптама комиссиялары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктер басқармасының органдары экологиялық сараптама саласында экологиялық сараптаманы жүргізуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес олар туралы жарғыларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Міндеттілік сипаты бойынша:
• Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану және қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдер қабылдаудың алдында жасалуға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша жобаны іске асыруға тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қабылдағаннан кейін барлық занды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Информация о работе Қазіргі кездегі экологияның орны мен рөлі