Денсаулық бұзатын факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Денсаулыққа зиян келтіретін ішкі және сыртқы факторлар
Ішімдік
Есірткі
Дұрыс тамақтанбау салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

денсаулык бузатын факторлар АСЕМА.doc

— 120.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

 

«Гигиена - 1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Денсаулық бұзатын факторлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қүдайберген Ә.

                                                          Тобы: 103 «А»  МІК

                                                            Қабылдаған:  Аюпов Е

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2013ж.

Жоспар

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1. Денсаулыққа зиян келтіретін ішкі және сыртқы факторлар
    2. Ішімдік
    3. Есірткі
    4. Дұрыс тамақтанбау салдары
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.

Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.

Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу тәрбие үрдісі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі».

Денсаулық — зор байлық. Денсаулық адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулық берген мүмкіндікте ғана адам өз мақсатын жүзеге асыра алады. Дегенмен, әрбір адам өмірінде әдеттегі тіршілікпен өз денсаулығына атүсті қарап, профилактикалық тексеруді кейінге қалдырып, күнделікті маңызды мәселелермен айналысу орын алады. Осы тұрғыда Құран аяттарының денсаулыққа тигізер әсері ерекше. Белгілі бір аяттарды күніне екі мезгіл тыңдаудан адамның көңіл күйі жоғарылайды, есте сақтау кабілеті артып, жаңадан басталып келе жатқан ауруларға қарсы тұру иммунитеті күшейеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулыққа зиян келтіретін ішкі және сыртқы факторлар

 

Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:

  • Мәдениеттің төмендігі
  • Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.
  • адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.
  • Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).
  • Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.
  • айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.
  • Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы.
  • Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.
  • ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.
  • қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.

Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады. Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.

Валеология ғылымының әдістері. Осы уақытка дейін толық іске аспай келеді. Валеологиялық әдістер адамның денсаулығына және жеке бастың өзіндік ерекшелігіне қарай жүргізілуі оңай шаруа еместігі айқындалады.

Қазақстан Республикасы тұрғындарының кейінгі кезде денсаулықтарының күрт төмендеп кетуі, валеология ғылымының пән ретінде барлық оқу орындарында бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарында жүргізіле басталуына себепші болды.

 

Ішімдік

 

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер. пайда болады. Адам неше түрлі оға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.

Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмайды.

Денсаулық және залалды дағдылар.

Сырада орта есеппен алғанда — 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10-17%, шарапта — 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады.

Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.

Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресс айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.

Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.

1) Невростеникалық. Ағзалар  мен нерв жүйелері қызметіне  орасан зор басылмайтын физиологиялық  өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.

2) Наркоманиялық алкогольдік  психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік кезге көріне бастайды.

3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып  ішетін адамдар әбден маскүнемдік  фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам куш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақым-дайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.

Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттщ у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды

Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдсрдің (Вь РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді.

Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.

Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді. Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.

Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұ-ның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны «популяциялық деградация» деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф.Т.Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір іішмдік денсаулыққа залалын тигізеді.

 

Есірткі

 

Есірткі зат гашишті Қытайда сауығу үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химиялық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).

Бұл тараудың негізгі мақсаты оқушыларға және студенттерге адам ағзасына ішімділіктің, темекінің, есірткінің әсерлеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыптасқан ережелерден тартымды етіп түсінік беру. Оқушылардың, студенттердің және халық арасына кең тараған темекі шегу, арақ-шарап ішу, есірткелік заттармен әурелену, улы қосылыстарды иіскеп, денесіне жағу мен әуестенудің алдын алу тақырыптарына әңгіме, лекциялар оқып, лабораториялық практикалық сабақтар өткізу. Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосылыстарының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру. Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын ашып түсіндіру. Адам ағзасына әсіресе жас жеткіншектер ағзасына есірткінің (наркотикалық заттардың) тигізетін әсерін түсіндіру.

Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезендері, темекі есірткісі-темекі түтінінің адам ағзасына өсері. Зиянды дағдыларды боддырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек екенін жан-жақты түрде айтып беру. Жасыратыны жоқ жер шарының көптеген мемлекеттерінде залалды дағдылар қисапсыз көбейіп кеткені туралы газет журналдар күн демей, түн демей жазып жатыр. Қояға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып, ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға қарамастан, есірткі сатушылар азаймай-ақ тұр. Олар жылдан-жылға көбейе түсуде. Мұның кең етек алып, кең таралуын бір қатар ғалымдар және педагогтар, психологтар, медиктер алдыңғы катарлы саналы және сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Ол негізінен дұрыс. Құдай сақтасын есірткімен айналысатын адамдарды естігенде жаныңыз шошиды. Бұл адамдардың басына келген нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу медиктердің алдында тұрған үлкен шешуі табылмай келе жатқан проблема.

Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шегу, арак-шарап ішумен шұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен (токсикоманиямен) айланысу. Айта кететін бір жәй барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден (апыйыннан, қалақайдан, коноплядан) өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясында 500 мың гектар жерде конопля өседі.

Ш.Айтматов өзінің кітаптарында жазды ғой. Конопля гүлдеген кезде оның тозандарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға даярлайды. Бұл үлкен қылмыс. Одан анаша ендіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі -тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұшлданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-26 жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дом ешқандай нәтиже бермейді.

Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтагы «автоматтандырылған элемент». Адам-ның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шартты рефлскстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен қүтылуға әбден болады. Егер, таң ертсң гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.

 

Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар

 

Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі — дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.

Ол неге әкеп соғады, адамды неше түрлі ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмір мен қоштасуға себепші болады. Мезгілсіз өліп қалады. Әркім өз бақытсыздығына өзі кінәлі. Біреуден көрудің қажеті жоқ.

Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ.

Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүрудің салты тек табиғат қана емес, ол адамзат баласын асыраушы ана. Табиғаттың келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, мыңды берсең миллионды аласың, міне табиғат заңы осындай.

Дегенмен, салауатты өмір сүру салтын көптеген адамдар сақтамайды. Бір кезде мен бір қарт адамға неге темекі шегесіз дегенімде, ол маған бір Алла-Тағаланың жазуы бар ғой, көп жасаймын ба, жоқ па, аз жасаймын ба, әйтеуір бір жазу бар ғой деді. Жоқ олай емес дедім мен. Темекі шегу өмірді қысқартады. Салауатты өмір сүру салтын әрқашанда бірінші орынға қою керек. Әсіресе, жас жеткіншектерге салауатты өмір сүру керек демекпіз! Сондықтан да қазақ елі өздерінің ұрпақтарына салауатты өмір сүру салтын үнемі қалыптастырып отырған. Егде адамдар, мал бағып, күн-түн демей таза ауада жүрген. Сондықтан да олар, ұзақ уақыт өмір сүрген. Ішімдік дегеннің не екенін олар білмеген, темекі тартпаған. Наркотикалық заттар туралы қазақ елінде ешқандай түсінік болмаған. Ал токсикалық қосылыстар қазақ халқының үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Қазақ елі әрқашанда табиғатпен санасып отырған. Салауатты өмір сүру салтын жоғары сынып оқушылары қатаң түрде ұстауы тиіс. Жоғары сынып оқушылары салауатты өмір сүрудің салты тек көп қимыл жасап, нерв жүйелерін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, ішімділік ішпеу, темекі шекпеу ғана деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Салауатты өмір сүру салтын сақтау үшін; ерік болу керек. Күшті ерік әркімдс бола бермейді. Сондықтан да кейбіреулер салауатты өмір сүру салтын сақтамай көп азап шегеді. Оны күнделікті өмірден үнемі көріп жүрміз.

Информация о работе Денсаулық бұзатын факторлар