Гептилдің адам ағзасына тигізетін зияны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2015 в 22:32, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқынды дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда

Содержание работы

1.Байқоңыр ғарыш айлағы, құрылымы.
2.Радиактивті гептил.
3.Гептилдің адам ағзасына тигізетін зияны.

Файлы: 1 файл

Байқоңыр ғарыш айлағы.docx

— 637.82 Кб (Скачать файл)

          Жоспар:

     Кіріспе

1.Байқоңыр ғарыш айлағы, құрылымы.

2.Радиактивті гептил.

3.Гептилдің адам ағзасына  тигізетін зияны.

     Қорытынды

          Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқынды дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.Мұндай химиялық қосылыстардың көбі токсиндік және канцерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, айылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығы нашарлауына әсерін тигізеді.Токсиндік және канцерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттілігін төмендетеді.Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына шамамен 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі.Осындай табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы. Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі –     Байқоңыр.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы - Республикамыздың оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, факторлары ескерілді.Аймақтың рельефі – тұзды топырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың 300 күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымы:

- Байқоңыр қаласы.

- Ғарыш айлағы:

- құрамында 52 ұшыру қондырғысы  бар кешен (85 х 125 км);

- көмекші объектілер (заводтар, аэродромдар, жылу-электр орталығы).

- Зымырантасығышының бөлініп  қалатын бөлшектері құлайтын  аудандар (жалпы көлемі 4,8 млн га  болатын 22 алаң).

Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, факторлары ескерілді.Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс-Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейнгі аралықтың ауа ағынының өзгертуі, ал жылдың жылы уақытында «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Еуропалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атомосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

«Байқоңыр» пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған. Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 93 %-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны – гептилмен ластанған. Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат. «Протон» зымыран тасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады. Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада – 0,001 мг, ал 1 кг топырақта 0,1 мг болғанда ғана зиянсыз. «Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен. Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы Қызылорда облысының үстінде.

 Апаттар:

1996 ж. 14 мамыр – «Союз»  зымыран тасығышы құлады.

1997 ж. 20 мамыр – «Зенит»  зымыран тасығышы құлады.

1999 ж. 5 шілде – «Протон»  зымыран тасығышы құлады.

1999 ж. – «Протон» зымыран тасығышы құлады.

(Негізінен осындай 37-38 апат  болған, бірақ нақты дерек жоқ).

 

Тарихи анықтамалар:

1955 ж. 12 ақпан – «Байқоңыр»  ғарыш айлағын салу жөнінде  шешім қабылданды.

1955 ж. 12 мамыр – кешеннің  құрылысы басталды.

1957 ж. – «Р-Э» зымыраны  ұшырылды.

1991 ж. 2 қазан – Қазақтың  тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров  ұшты.

1957-95 жж. – Айналадағы  ортаға және халық денсаулығына  кері ықпал туралы деректер  шектеліп келді.

1997 ж. 4 қазан – Ресей  Федерациясы «Байқоңыр» кешенін  жалға (аренда) алған жағдайда оның  аймағындағы экология және табиғатты  пайдалану мәселесі жөніндегі  келісімге қол қойылды.

1998 ж. 21 қазан – табиғатты  қорғау заңының бұзылуын болдырмау  жөніндегі Қызылорда облыстық  қоршаған ортаны қорғау басқармасы  ұйғарым шығарды.

1998 ж. қараша – 1999 ж. мамыр  ұйғарымды орындау туралы Ресей  жағымен хат алмасылды. Ресей  жағы ұйғарымның барлық тармақтарын  орындайтындығы туралы хабардар  етті.

1999 ж. 29 наурыз – Ресей-Қазақстан  комиссиясы кездесіп, бірлескен  хаттамаға қол қойды.

1999 ж. 2 шілде – Қызылорда  облыстық қоршаған ортаны қорғау  басқармасы ғарыш айлағынан зымырантасығыштардың  ұшуына тыйым салынатыны туралы  Ресей жағына ескерту хат жолдады.

1999 ж. 5 шілде – Ақаумен  ұшырылған «Протон» зымырантасығышы  Қарқаралы ауданының жеріне құлады.

1999 ж. 27 қазан – «Протон»  зымырантасығышының апаты. Оның  сынықтары Атасу поселкесінің  жанына құлады.

1999 ж. 18 қараша – келісімдерге  қол қойылды. Келген шығынның  орнын толтыру Ресейден талап  етілді.

Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көп­теген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бай­қалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

Айта кететін бір жәйт, 1999 жылы жүргізілген арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мынаны көрсетті: Байқоңыр космодромынан ұшырылған космостық аппараттар қазақ жерінің ауа райына, климатына оншама өзгеріс енгізе қоймағаны белгіленеді. Өйткені, бұрынғы 50 жылғы ауа құрамы ешбір өзгеріссіз сол күйінде сақталып тұрғанын көрсетті. Мұның өзі дәтке қуат қағидасы ғой. Зымырандар ауа-райына ерекше әсер ететінін РН “Протон” зымыранының бірінші бөлігі жұмыстан шыққаннан кейін жерге түскен кезде, ондағы жанбай қалған радиоактивті отын мен тотықтырғыштардың мөлшері 2-3,5 тоннаға дейін жетеді. Егер зымыранның отыны құйылған ыдыстары оқыс жарылатын болса, онда ауада көптеген қауіпті радиоактивті бұлттар кенеттен пайда болып, аспанда біраз жүзіп жүргеннен кейін жауын-шашынмен жерге түседі. Бұлттар аса үлкен аймақты қамтып, сондай аймаққа зиян келтіреді. Әсіресе, ауыз су қатты уланады. Радиоактивті улы қосылыстар неше түрлі метаболиттер туғызуы мүмкін. Ол метаболиттер жинала-жинала келе улылығын күшейте түсетін жағдайлары да байқалады. Бұл радиоактивті метаболиттер биосферадағы барлық тіршілік иелеріне үлкен қауіп тендіреді. Улы қосылыстардың ішіндегі ең қауіптісі — гептил және оның туындылары болып есептелінеді.

Радиоактивті гептил — суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажан қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогеңді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасында неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымыравдар апатқа ұшырағаңца ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып, улылық қасиетін жоймай жата береді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барып айтпасқа болмайды.           Арал теңізінің қазіргі көрінісі

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналас­қан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің тө­мен­деуі және жердің тұзданып құрғақ­шылыққа айналу процессі. Сондықтан, ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.Ғарыш ұшу аппараттарының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында.Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармаймен жұмыс істейтін зымыран двигательдері қалдықтарының қоршаған ортаға ттигізетін зиянды әсерлерін зерттеуде. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижесі, зымыран двигателінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтылығын дәлелдесе 40-жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштерінің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:

Азоттетраоксиді және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин.

Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртеті жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектіңм жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай композитіне кіретін «гептил» азотты органикалық қоысылыс, гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әр түрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен, нитрозодиметилаламин, диметилметиленгидрозин, диметиеналин, формальдегид, су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала алады.Симметриясыз диметилгидрозин және оның алклгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екендігін ескеруіміз қажет.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:

—      үшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;

—      атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;

—      атмосфераның озон қабатын бұзады;

—      территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;

—      қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

—      ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.

                           Зымыранның апатқа ұшыраған көрінісі

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.

Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайды микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағытты зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.

Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктіге зымыран «Спейс-Шаттл» 150 тоннадан астам хлор және хлорлы сутегі, 7 тонна азот оксидін, 380 тонна көміроксидін, 500 тонна су және сутегін бөледі, осындай биіктіктегі «Энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 кв.км қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда орта есеппен екі тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді.Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шаралардың орындалуы қажет:

—      қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

—      егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

Информация о работе Гептилдің адам ағзасына тигізетін зияны