Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2015 в 22:32, реферат
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқынды дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда
1.Байқоңыр ғарыш айлағы, құрылымы.
2.Радиактивті гептил.
3.Гептилдің адам ағзасына тигізетін зияны.
— токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
— аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
— зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.
Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, факторлары ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі. Бұл процесстің суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.
Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.
Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан, осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.
Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан – 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.
«Байқоңыр» пайдалануға берілген у 1300 ақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған.
Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 39%-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны – гептилмен ластанған.
Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы біздің облыстың үстінде.
Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар жіпке тізгендей етіп айтып береді.
1957 жылғы 1 қазан айынан 1999
жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл
ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129
зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін
зерттейтін аппараттар
Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды, Осы жоғарыдағы айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.
1999 жыл апатқа ұшыраған зымыран тасығыш РН "Протонның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Қаншама жуыпшайғанмен апаттың аты апат қой. Апатқа ұшыраған зымырандар қоршаған ортаға зиянын тигізбей қоймайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
1996 жылы 14-ші мамыр күні РН "Союз” атты зымырантасымалдайтын зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені байқалған. 1997 жылы 20-шы мамыр күні РН "Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кеткен. Бақытқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да, адамдар шығыны болмаған, улы отынның негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен. Дегенмен, 80 тонна керосин, 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен. 1999 жылы 5-ші шілде күні және 27-ші қазан күні Қарағанды облысына қарайтын Қарқаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН "Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен. Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, судан, топырақтан, өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген. Зымыранның құлап түскен жері — "Карбышевка” (Көктас аулы) деп аталатын елді мекен. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар жұмыс істеп, зымыранның келтірген зиянын анықтады. Ол үшін жерден 195 үлгі, судан — 61, өсімдіктерден 101 — барлығы 357 үлгі алынып, Қарағанды қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің кафедрасында, Ресей Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтады. Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3 үлгісінен гептил табылған, оның концентрациясы ете аз болған. Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді.
1999 жылы 27-ші қазан күні ұшырылған РН «Протон» зымыраны екінші рет апатқа ұшырап, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу елді мекенінің шығыс-солтүстіктігінің 25 шақырым келетін жеріне құлап түсті. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының басшылары арнаулы комиссия құрып зерттегенде, комиссия мүшелері жерден зымыранның 129 бөлшектерін тауып алды. Оларды арнаулы өңдеуден өткізіп, ұшақпен Мәскеу қаласына зерттеу жүргізу мақсаты үшін алып кетті. Апатқа ұшыраған зымыранның тигізген әсерін білу үшін жерден, судан, өсімдіктерден, азық-түліктен, кейбір биологиялық материалдардан 562 үлгі алынып, зерттеуден өткізілді.
Зерттеу қорытындысы мынаны көрсетті: Гептил судан алынған үлгінің біреуінен, топырақтың бір үлгісінен табылған. Ондағы гептилдің мөлшері өте аз болғанын көрсетті. Айналаны қоршаған ортаға онша зиян келтірмейтіні анықталды.
Зымыранның апат болған жерінде тұратын 22605 халықтың 20011 адамына арнаулы түрде медициналық бақылаулар өткізгенде, өте жоғары улану адамдар арасынан кездеспеген, зымыранның бірінші және екінші апаты болған жерлерде тұратын адамдардың ескі дерттері қозғаны ғана байқалды. Зымыран отындары мен радиационды сәулеленудің әсері адамдар денесіне ешқандай әсер етпегені анықталды. Адамдардың көп ойлағандықтан, психоэмоциялық сезімдерді артқан.
Экологиялық зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді. Зымыранның улы жанармайларынан айналаны қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына келтіретін зиян байқалмады деген қорытындыны арнаулы түрде тағайындалған комиссия жасады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың қозған жүйке жүйелерін басуға мүмкіншілік туғызды. Мезгіл-мезгіл бойы, яғни 3, 6, 12 айлар арасында, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының территориясы, ондағы тұрғындар арнаулы бақылаудан өткізіліп отырады.
Гептил адам ағзасына, қоршаған ортаға аса зиянды. Ресей ғалымдарының өзі оның зияндық қуаты химиялық қарудікінен кем емес екенін жоққа шығармайды. Ол ауаға тез араласады, әсіресе, жел жақтан таралғанда аса қауіпті, көп аумақтың ауасын залалдауы мүмкін. Гептил топыраққа да, суға да, тіпті металл бетіне де сіңе береді. Болмайтын аз мөлшерінің өзі ауа, су, топырақ арқылы адам ағзасына әсер етеді. Оның ағзаны «мүжуі» білінбейді, ұзақ жылдарға созылады. Яғни гептилмен залалданған ағза арада бірнеше жылдар өткен соң да ауруға ұшырауы мүмкін. Ең қауіптісі – гептил ауада, суда, топырақта ыдырап, одан аса улы заттар бөлініп, таралып, сіңеді. Ағзада жинақталып, жасушалық деңгейге дейін ене алады. Сондықтан да, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аса қауіпті химиялық қосылысқа жатқызады. Міне, біздің елді басқадан бұрын осы гептил мәселесі алаңдатып отыр.
«Протон» құлауының зардабы зор. Төгілген гептилдің зияны басқа жанармайдікінен кемінде 10 есе көп. Оның адам жүйкесіне, ағзасына зияны мол. Ол бірден сейіліп кетпейді, өзі төгілген жерде ұзақ тұрады, ауаны ластайды. 1 миллиграмының өзі 1 шақырым жердің ауасын залалдайды. Оның төгілген жері өлі аумаққа айналады, ол жерге ешнәрсе өспейді, өсе қалған күнде де оны жеген мал қырылады, пайдаланған адам да аман қалмайды. Жалпы, оның зардабы қай уақыттарға дейін созылатынын ғалымдар да айта алмайды. Жерге қоқыс тастаса, ол уақыт өте келе шіріп, «Байқоңыр» ғарыш алаңы Ресей қатысатын мемлекеттік бағдарламаларда пайдаланылады. Халықаралық ғарыш станциясын құру және пайдалану бойынша Әлемдік қауымдастықпен ынтымақтасу жоспарлары осы «Байқоңыр» ғарыш алаңына арналып жасалған.
КСРО ыдырағаннан кейін «Байқоңыр» ғарыш алаңы қазақстан Республикасының меншігіне өтті және оны Ресей Федерациясы жалға алды. 1990 жылы «Байқоңыр» полигоны атауы «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді. Полигонның дамуымен бірге 1955 жылы мамырда іргесі қаланған, әр жылдарда бірнеше атауларға өзгертілген тқрғын үй кешені 1995 жылы Байқоңыр қаласы болып өзгертілді. Байқоңыр қаласының инфрақұрылымына 300 астам тұрғын үй, 6 қалалық қонақүй, госпиталь, қалалық аурухана және т.б. жатады. Қалада бірқатар білім мекемелері бар: 10 астам жалпы білім беретін мектеп, ХЗА филиалы, байланыс техникумы, медучилище және басқа әлеуметтік-тұрмыстық нысандар.
Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану мақсатында 1957 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде 4000 астам ракета-тасушыларды (РТ) ұшырылғаны белгілі. Олардың ішінде 2500 астам ұшыру Ресей ғарыш алаңдарында өткізілді. Дегенмен жүк, ағындары бойынша бірінші орында «Байқоңыр» ғарыш алаңы тұр. Жыл сайын ғарышқа Ресейдің барлық ғарыш алаңдарын пайдаланумен шығарылатын пайдалы жүктердің жалпы санының 80% жуығы осы ғарыш алаңынан жүзеге асырылған. 1995 жылдан бастап РТ ұшырулар саны бойынша Ресей ғарыш алаңдарының ішінде «Байқоңыр» ғарыш алаңы алдыңғы қатарда болып отыр. Осы кезеңде оның ұшыру кешендерінен Ресейде жүргізілген жалпы ұшырулар санынан 60% астам РҒТ ұшыру жүзеге асырылған.топыраққа айналады, яғни, жер өзін-өзі қалпына келтіреді. Ал, гептил өмір бойы қалады. 1997 жылы 20-ші мамыр күні РН “Зенит” атты зымыран 49 секундтан кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кетксн. Бақьтгқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да адамдар шығыны болмаған, улы отының негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен Дегенмен, 80 тонна кәресін, 200 тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300 шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1 гектар жерге шашылып кеткен.
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:
– қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
– егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
– токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
– аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.