Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 16:05, реферат
Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.
Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.